Экспорт дамуына әсер етуші кәсіпорындардың мәселелерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 01:51, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде экспортты дамыту және алға бастыру Корпорациясының құрылуына байланысты, мемлекеттік демеумен қоса, экспортты сүйемелдеуге бағытталған шаралардың кешенді жүйесін құру мен жүзеге асыру бойынша (қаражаттық, ақпараттық — кеңестік және т.б.), сонымен қатар кәсіпорындар мен олардың экспортының дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жеңуге бағытталған шаралар бойынша мақсатты жұмыс басталып отыр.

Работа содержит 1 файл

Экспорт дамуына әсер етуші кәсіпорындардың мәселелерін талдау.docx

— 64.78 Кб (Скачать)

Экспорт дамуына  әсер етуші кәсіпорындардың мәселелерін талдау

Қазіргі кезде экспортты  дамыту және алға бастыру Корпорациясының құрылуына байланысты, мемлекеттік демеумен қоса, экспортты сүйемелдеуге бағытталған шаралардың кешенді жүйесін құру мен жүзеге асыру бойынша (қаражаттық, ақпараттық — кеңестік және т.б.), сонымен қатар кәсіпорындар мен олардың экспортының дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жеңуге бағытталған шаралар бойынша мақсатты жұмыс басталып отыр.

Алғашқы адымның біріне 2008 жылдың ақпанында жүргізілген кәсіпорындарды диагностикалау шаралары жатады. Диагностиканың бір мақсаты — кәсіпорындардың экспорттық потенциалын дамытуға кедергі келтіретін негізгі тосқауылдар мен проблемаларды табу және олардың экспорттық қабілетін дамыту үшін кәсіпорындарға қолдау көрсетуге арналған шаралар кешенін анықтау.

Диагностикаға арналған шаралар  аясында тамақ , химия және машина жасау қнеркәсіптерінің салалары бойынша 200 қазақстандық кәсіпорын сұралды. Диагностиканың аралық нәтижелері экспорттық — реттеуші ортаның және жалпы шектеулер мен кәсіпорындар кезедестіріп отырған мәселелердің кәсіпорындардың жұмысын қиныдатып отырғанын және экспорттық потенциалды дамытуға кедергі келтіріп отырғанын көрсетті.

Кәсіпорындар кәсіпкерлік  өкілдерімен, сонымен қатар басшылармен өткізілген жалпы кездесулердің және өндірістерді аралаудың нәтижесі ретінде өндіріс қызметіне және өнім экспортын жылжытуға жағымсыз әсер етуші тосқауылдар мен проблемаларды атап отыр:

1. Кеден процедураларын  жүзеге асырудағы қиындықтар.

Барлық кәсіпорындар дерлік қазіргі кезде жүргізіліп отырған кеден процедураларының (көптеген, қымбат тұратын және уақыт бойынша ұзаққа созылған) ауыртпалығының саудаға тосқауыл жасап отырғанын атап көрсетті. Оларға мыналар жатады: кедендік бағалау процедурасының кемелсізідігі; УСҚ қызметтерінің құнының жоғарылығы; кедендік рәсімдеуді кешіктіріп отырған немесе оларды пайымдау| өз бетімен қолданудың кейбір жағдайларында қолданатын кедендік таптастыру жүйесі; кедендік декларацияны рәсімдеу мен қарастыруға байланысты кеден делдалдарының кінәсінен контейнерлердің тұрып қалуы, кедендік органдардағы «бір терезе» үлгісіндегі (ТАИС -1 және ТАИС -2 және Web — declarant) электрондық құжат айналымының болмауы жатады. Бұған кедендік тазалау процедураларын жылдамдатуға арналған қосымша төлемдерді алу маұсатында кедендік рәсімдеуге арналған қажетті құжаттарды дайындауға қойылатын аса көтеріңкі талаптарды жатқызуға болады.

Экспортты жылжытудағы тосқауылдарға  шығыс бағыттағы жүк артуды жүргізу  үшін Астана қаласындағы «ҚазТрансСервис» АҚ беретін темір жол, теңіздік контейнерлер арқылы тауарларды экспортттаудағы тиеуге арналған кодтарды мемлекет аралық растаудың міндетті процедурасы жатады, егер жүк арту шығыс бағытында болса, онда оны Астана қаласындағы «ҚазТрансСервис» АҚ береді, ал егер жүк арту батыс бағытында болса, онда оны Мәскеу қаласындағы «ТИС» ЖШҚ береді. Процедура 2 күннен 10 күнге созылады. Сонымен қатар, өнімді автокөлікпен арту үшін транспорттық компаниялардың міндетті түрде TIR-корнеті болуы керек, ал қымбат өнімді арту үшін компанияның қызыл жолақты TIR-корнеті болуы тиіс, ол тапсырыс берушіні қосымша шығындар шығаруға мәжбүр етеді. Тауарларды порттарда теңіз контейнерлерімен тиеу 1,5 айға созылады. Сонша ұзақ күту процесі алыс шетел елдердің сатып алушыларын алаңдатады, сондықтан олар ынтымақтастыққа соншалықты ынталы емес.

Қазіргі кездегі кедендік процедуралар мен рәсімдеулер шетелдік мемлекеттерде қабылданған нормалардан асып түсіп жатыр және олар саудаға тосқауыл жасауда, осы жағдай ДБ «Doing Business " соңғы есебінің мәліметтерімен расталып отыр, ол бойынша 89 күндегі Қазақстанның экспорттық шығындары (3005, АҚШ долларын құрайды), ал экспорттық операция өткізуге арналған құжаттардың саны 11 болып отыр. Қазақстан бұл рейтинг бойынша зерттеліп отырған елдердің тізімінде соңғы 180 орынды иеленіп отыр. ДБ жасаған Транспорттық Логистиканың т.н. Көрсеткішіне сәйкес (LPI), 150 ел тізімі арасында Қазақстан 133 орынға ие болып отыр.

2. Кедендік- тарифтік реттеу.

Экспорттық жылжу саясаты  импорт саласындағы сауда саясатына  байланысты болып отыр. Кәсіпорындар соңғы өнім өндіруге арналған шикізатты, материалдарды және қосалқы бөлшектерді  және сонымен қатар Қазақстанда  өнідірілмейтін негізгі өндірістік қорларды жаңартуға қажетті жабдықтарды импорттаудағы кедендік баж салықтарының жоғарылығын кезедстіріп отырғандығы экспортқа шығарылатын тауарлардың сапасы мен бағасына тікелей әсер етіп отыр.

3. Отандық шикізатты  сатып алу мәселесі.

Жекеленген кәсіпорындардың  пікірі бойынша, соңғы өнімді өндірушілері үшін шикізатты арзан бағамен сатып алудың құрылымын жасау қажет болып отыр, себебі әрбір тауар өндіруші үшін шикізатты аз көлемде стаып алу " біраз есе» қымбатқа түсіп отыр. Бір өнімге деген бағалардың әркелкілігі кімнің қалаай келісе алу мүмкіндігіне байланысты болып отыр.

4. Салық салу.

ҚҚС қайтару мәселесі. Экспортты  қолдаудың маңызды бағыттарының біріне, әсіресе биік дәрежелі өңдеуден өткен тауарлардың біріне, экспорттық қызметтің қайсыбір аспектілеріне қатысты салық салуды реттеу саласындағы процедуралық мәселелерді шешу жатады.

Кез келген тауардың бәсекеге қабілеттілігінің негізін бағаның  төмендігі мен сапаның жоғарылылығын  үйлестіру құрастырып отырғандығы  белгілі. Қазақстандық өңдеуші кәсіпорындардың  өнімдеріне деген бағаның жоғары болуына банкілік несиелердің қымбатшылығы мен коммуналдық және транспорттық қызметтерден басқа, салық салудың қазіргі жүйесі, әсіресе ҚҚС-де әсер етіп отыр. Салық салудың қазіргі ҚҚС жүйесі өңдеуші кәсіпорындардың дамуын тежеп отыр, өңдеуші кәсіпорындардың көлеңкелі экономикадағы ресми мәлімделетіндермен салыстыруға болатын маңызды айналымдарын кетіруге ынталандырып отыруы, өндіріс жаңартуға және өнімнің сапалы жаңа түрлерін өндіруді қамтамасыз етуге арналған айналымдық қорлардың маңызды бөлігін бұрып әкетуге жетелеп отыр.

Кәсіпорындардың өндіріс қорларының физикалық және моральдық қартаюына байланысты үдей түсетін т. н. қосымша құнның жағымсыз әсері бар болып отыр. физикалық және моарльдық тозған жабдықтау жағдайында өнім өңдеуге арналған әрбір операция көп шығынды талап етеді, ол өнімді қымбаттата түседі және оның экспортқа шығу мүмкіндігін пайдасыз етеді.

Тауарларды ҚҚС тазалау барлық шетелдік мемлекеттерде олардың бағалық сипат бойынша бәсекелік қабілетін арттыру мақсатында қолданылып отыр. Қазақстанда экспорттық операция жүргізудегі ҚҚС қайтаруда кездесетін барлық қиыншылықтар салдарынан әлемдік нарықтардағы тауарлардың бәсекелік қабілеті төмендейді.

ҚҚС қайтаруды тежеу экспортты  дамытудағы негізгі кедергінің бірі болып табылады, ол кәсіпорындардың айналымдық қаражатын заңнамада белгіленген кезеңнен асып кететін бір кезеңге дейін тоқтатып қоюға мәжбүр етіп отыр, ол кәсіпорындар үшін жағымсыз болып отыр, олар үшін айналымдық қаражаттың болмауы экспортты тежеп отырған факторлардың бірі болып табылады. Сондай, ақ салықтық әкімшілік ету сыртқы нарыққа ұсынылып отырған өнім бағасына, сонымен қоса оның бағалық сипат бойынша төмен болып саналатын бәсекелік қабілетіне-де әсер етіп отыр.

Импортталған тауарларға ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру  механизмінің кемелсіздігі, ең алдымен, шағын және орта кәсіпкерліктің салық  төлеушілері үшін биік импорттық  кедендік баж салықтармен қоса отандық  кәсіпорындардың бәсекелік қабілетін  төмендетіп отыр. Мысалы, дәрігерлік жабдықтар импорты ҚҚС төлеуден босатылады, ал олардың қосалқы бөлшектерінің импортына ҚҚС салынады және импорттық кедендік баж салықтарын төлеу қажет. Ақырында, елде өнім өндіргенше импорттық өнім сатып алу әлдеқайда пайдалы болып табылатын мынандай жағдай болып отыр. Импортталған тауарларға ҚҚС төлемеу мәселесі тек қана салық төлеушінің жабдықтарды сатып алуын ғана емес, оған қоса қосалқы бөлшектерді-де сатып алуды да ескеру керек, ол дегеніміз позициялар бойынша салық төлеушінің дебеттік сальдосын құрастырара алатын ҚҚС төлеуді ескереді, себебі ол аквтивтерді капитализациялау мен сатып алу шығындарына жатады. Салықтық және бухгалтерлік есеп ара қатынасында МСФО және НСФО ұғымдарын нақтылап анықтау мен қолдануда кәсіпорындар мәселелерді кезедестіріп отыр. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері НСФО форматында жұмыс істеп отырса, ірі кәсіпкерлік субъектілері — МСФО форматында жұмыс жасауда. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Егер ірі кәсіпорынның орта кәсіпкерлікке жататын «туындысы» МСФО бойынша консолидациялық баланс құрайтын бас кәсіпкерліктің алдында есеп беретін болса?

Сонымен қатар, алдыңғы жылдың табысына жататын корпоративтік  кіріс салығы бойынша аванстық төлемдер мәселе болып отыр және кәсіпорындардың пікірі бойынша ол төленбеу керек, кәсіпорынның ақша құралдарын жоспарлауға байланысты ерікті сипатта болуы керек. Сонымен қатар құжаттар негізінде негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығындарды толық шегеріп тастау тәртібін өзгерту қажет — тауар өндірушілердің шығындарын кәсіпорынның есептік саясатымен және ішкі технологиялық есеп-қисаптармен белгіленген нормалар шегінде шегеруіне рұқсат енгізу керек.

5. Қымбатшылық  және несиеге тәуелділік.

Қазақстан кәсіпорындарының маңызды проблемаларының біріне кәсіпорындардың қаражаттық қорларының шектеулілігіне байланысты болып отырған қымбатшылық пен несиеге тәуелділік жатады.

Сыйлық беру ұтысы және екінші-деңгейлі банктердің (ЕДБ) жалпы несие бойынша Қазақстандағы қаражаттық шарттары негізсіз түрде жоғары болып отыр. Барлық банктер практикалық түрде қолданып отырған аннуитеттік қайтару есебінің схемасы бойынша есеп айыру кезеңінің соңында төленетін қайтарым сомасы несие сомасынан асып түседі.

Шағын және орта кәсіпорындардың  көпшілігінің өтеу активтері мен  сенімді кепіл нысанының болмауы  және анық несие тарихының жеткіліксіздігі  банктердің несие берудегі тәуекелдерін арттырып отыр, ол өз кезегінде —  олар үшін нарықтағы орташа есепке қарағанда несие қорларын қымбаттатып  отыр.

Қазақстанда практикалық  тұрғыда старттық кәсіпкерлікті қаржыландыруға бағытталған қандай да болмасын схемалар немесе қаражаттық институттар жоқ. Ал қаражаттық ұйымдардың клиенттерге қызмет көрсету сапасы маңызды дәрежеде кәсіпорындардың бизнес- процестеріне жағымсыз әсер етіп отыр. Осы жағдайда күрделі шығындарды қаржыландыру үшін банктерден несие алу қымбат болып отыр. Сонымен ірі кәсіпорындар үшін қорларының айналымдылығының төмендігіне байланысты осындай несие есебінен, ағымдағы эксплуатациялық шығындарын қаржыландыру қиын болып отыр.

ҚР АШМның ауылшаруашылық өнім өндірушілерін қаржыландыруға арналған бағдарламасы, кәсіпорындардың өкілдерінің сөздері бойынша, қағазбастылыққа салынып кеткен және кәсіпкерлердің көпшілігінің қолы жетпейді. Қаржыландырудың ар жағында қымбат несиелер артынан БРКта жиі бұрылып жатыр, қаржыландыру сұрақтарының шешімі сонымен қатар тартып жатыр, нақтылы жауапты пайдалануына бермей.

Несие қорларын алу процедураларының күрделілігі және қымбатшылығы өндіріс барысында несие пайдалануда (өндірісті үлкейтуде, жабдықтар мен технологияларды табуда және т.б.), дәл осылайша кәсіпорын қызметінің әлеуметтік аспектілеріне (қызметкерлерді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуде: дәрігерлік сақтандыруда, қоректену, көлік, заттық және шипалы жәрдемақыларды төлеуде және т.б.) жағымсыз әсер етіп отыр, бұл өз кезегінде шағын кәсіпорындарда кадрлардың кетіп қалуына әкеліп жатыр.

Ауылшаруашылығы өнімдерін  өндірушілерді қаржыландыру бойынша  ҚР АШМ бағдарламасы кәсіпорын өкілдерінің сөздері бойынша көптеген кәсіпкерлер үшін қол жеткізбейтін қиындық туғызып және тым бюрократтандырылған.

Қаржыландыру мәселесінің  шешімін созып, нақты жауап бермейтін  Қазақстан Даму Банкіне кәсіпорындар Екінші-Деңгейдегі Банктердегі қымбат несиелерге орай, қаржыландыруды сұрап жиі өтінеді.

Несиелік қаражатты алудың күрделі рәсімдері мен несие  бойынша қызмет алудың қымбаттылығы өндірушілік үдеріске-де (өндірісті  кеңейту, технологиялар мен құрал-жабдықтарды  алу және т.б.), кәсіпорын қызметінің әлеуметтік көріністеріне-де әсер етіп, (қызметкерлерді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету тұрғысында іс-шараларды тиісті-деңгейде жүргізу; медициналық сақтандыру, тамақтандыру, көлік, сауықтандыру жәрдемақысы мен материалдық төлем және т.б.), өз кезегінде үлкен емес кәсіпорындардағы кадрлардың орасан тұрақсыздығына әкелуде.

Бүгінде орта және кіші кәсіпорындардың  қазіргі талап-тілектеріне сәйкес келетін қаржы нарығында ірі емес кәсіпорындар үшін ірі емес «ұзын» және тиімді қымбат емес несиелік бағдарламалардың өткір тапшылығы байқалады. Әсіресе бұл сұрақ банктік жүйедегі төлемпаздық дағдарысы сақталып тұрған кезде өте маңызды болып тұр.

6. Білікті жұмыс  кадрларының өткір тапшылығы.

Көпшілік қазақстандық компаниялар  басқарушылық, инженерлік және білікті  жұмыс кадрларына деген өткір қажеттілікті сезінуде. Кадрларды дайындау және олардың жетіспеушілігіне алаңдаушылықтың туындауы жекелеген өндірістерде, әсіресе, аймақтарда кадрлардың қартаю мәселесінің маңыздылығымен, сол себепті, көпшілік жоғарыбілікті қызметкерлердің зейнеткерлік жастың алдында болуымен байланысты.

Кәсіпорындардағы кадрлардың тұрақсыздығы мен жұмыстың орындалу сапасы төменгі-деңгейдегі еңбекақыға, басқа да ынталандырушы ықпалдардың  және қажетті әлеуметтік көмектің жоқтығына қатысты мәселе болып табылады. Көптеген кәсіпорындардың басшылары артық және пайда әкелмейтін шығын деп санап, өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді қажет деп есептемейді. Әлбетте, кәсіпорындар мұндай қарым-қатынаспен әлемдік жоғары стандарттарға жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруде және халықаралық нарықта бәсекелесе алмайтын болады. Демек, кәсіпорындардың кадр саясатындағы ең маңызды басымдықтарының бірі неғұрлым сапалы қызметкелер құрамын дайындау, олардың біліктілігін көтеру, сондай-ақ, Қазақстанның кәсіпорындарындағы қызметкерлердің материалды және материалды емес еңбек мотивациясы жүйесін жақсарту мен ендіру болып табылуы керек.

7. Маркетингтік және консалтингтік қызметтердің баяу дамуы, нарық туралы, ақпараттың болмауы.

Экспорттың кеңеюі мен  дамуы үшін ерекше ең басты мәселе — ол жаңа нарыққа өтуді іздеу үшін кәсіпорындардағы, ақпарат пен білімнің жоқтығы болып отыр: Қазақстанда — қызметтер мен тауарларға шет елдерде бар сұранымдар туралы, ақпарат, басқа елдің экспортталатын өнімдеріне қойылатын талаптар туралы (кедендік және кедендік емес реттеудің өлшемдері), шет елдерде — Қазақстанның экспорттау мүмкіндігі бары турасында. Елімізде іскер, ақпараттар нарығында құрастырып және айналып жүргізуді қамтамасыз ететін жүйе жоқ, сондай-ақ нарық, технология, өндірушілер, құрал-жабдық, бәсекелесушілер, статистика, Үкіметтің заңнамалық және жиі шешімдері бойынша және т.б.

Информация о работе Экспорт дамуына әсер етуші кәсіпорындардың мәселелерін талдау