Контролингтің даму тарихы
Лекция, 23 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Ресейлік экономист-ғалымдар Л.В Попова, Р.Е Исакова “контролинг – экономикалық талдау, жоспарлау, басқарушылық еесеп және менеджменттің ұштасуы кезінде пайда болғанқазіргі заманғы басқарудың теориясы мен тәжірибесіндегі жаңа құбылыс”, -деп көрсетеді.
Контролинг сөзі ағылшын сөзінен пайда болған, ең алдымен “реестр, тексерілетін тізім” дегенді сипаттайтын француз сөзінен шыққан “бақылау, басқару” деген мағынаны білдіреді.
Работа содержит 1 файл
контролинг тапсырмалары 123.docx
— 23.82 Кб (Скачать)ДО Рахатова А.Н Экономика 3-курс қазақ тобы
Пән атауы: Контроллинг
Контролингтің даму тарихы.
Ресейлік экономист-ғалымдар Л.В Попова, Р.Е Исакова “контролинг – экономикалық талдау, жоспарлау, басқарушылық еесеп және менеджменттің ұштасуы кезінде пайда болғанқазіргі заманғы басқарудың теориясы мен тәжірибесіндегі жаңа құбылыс”, -деп көрсетеді.
Контролинг сөзі ағылшын сөзінен пайда болған, ең алдымен “реестр, тексерілетін тізім” дегенді сипаттайтын француз сөзінен шыққан “бақылау, басқару” деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде контролинг
15 ғ. АҚШ-та “Comptroller”. “Auditor” ведомствосы заңды түрде құрылған. Бұл ведомствоның міндеті ретінде мемлекеттік шаруашылықты басқару және қорлардың ұтымды пайдалануына бақылау жасау қызметі болған. 1778 ж. Ұлыбританияда “Comptroller” қызметі енгізіліп, контролинг идеясы негізінде мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері шешімін тапқан.
Ең алғаш контроллерлер
Контролингті аудит сөзінің
Еуропа мен Американың дамыған
елдеріне қарағанда, Ресейде
Контролингтің бағыттары мен әдістері.
Контролингтің 2 негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға болады:
- Стратегиялық - дұрыс іс жасау,
- Оперативті - істі дұрыс жасау.
Стратегиялық контролинг – кәсіпорынның артықшылықтарын ұтымды пайдалануға және келешекте табысты қызмет ету үшін жаңа әлеуеттерді қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді. Ол стратегиялық жоспарлау, бақылау және стратегиялық ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің үйлесімділігіне бағытталған.
Стратегиялық контролингтің
Стратегиялық контролингте
- стратегиялық баланс
- сценарийлер техникасы
- қызмет ету өрісін қарастыру.
Стратегиялық баланс қолда бар еңбек ресурстары, техникалық және ұйымдық сфераға байланысты келешекте әлсіз жерлерді анықтауды білдіреді.
Сценарийлер техникасы кәсіпорынның алға қойған мақсаттарының дұрыстығын және оған жету мүмкіндіктерін анықтауды қарастырады. Бұл әдіс келешекте мүмкін болатын нақты жағдайға байланысты баламалы нұсқаларды құруды ұсынады.
Іс - әрекет өрісі бәсекелестер арасында кәсіпорынның тартымдылығы мен жағдайы тұрғысынан қарастырады.
Оперативті контролинг- қазіргі заманғы ақпараттар жүйесін қолдау негізінде оперативті жоспарлау, бақылау, кәсіпорындағы есепке алу және есеп беру үдерісін үйлестіру.
Оперативті контролинг
- Қысқа
мерзімді кезеңде жоспарлы
- Келесі күнтізбелік жылға жоспар құру және ағымдық тексерулер жүргізу.
Оперативті контролингте кең
таралған әдістер мен
Стратегиялық және оперативті контролинг арасында негізгі айырмашылық: алғашқысы келешектегі тенденцияға негізделсе, соңғысы керісінше, осы шаққа бағытталған. Төменде олардың сипаттық ерекшеліктері келтірілген:
-Стратегиялық - әлеуетке, оперативті контролинг - соңғы нәтижеге бағытталған.
-Оперативті контролингте
-Оперативті контролингте
Маркетингтегі Контроллинг.
Маркетингтегі контроллингтің негізгі міндеті- клиенттердің мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге бағытталған менеджментті ақпараттық қолдау. Маркетинг саласындағы контроллер кәсіпорынның нарықтық белсенділігімен байланысты жоспарлау, үйлестіру және бақылау үдерісіне қатысады.
Маркетинг саясаты мен қызметінің 4 негізгі саласын бөліп қарастыруға болады. Көптеген әдебиеттерде бұны маркетинг-микс деп атайды.
- Өнімге қатысты саясат.
- Өткізу саясаты.
- Баға саясаты.
- Ақпарат алмасу саясаты.
Маркетингтің классикалық теориясының негізі маркетинг-микс тұжырымдамасы болып табылады, оның алғаш рет американ ғалымы Н. Борден ұсынған, кейінен Дж.Хорвард, Б.Фрей,Е. Марккарти, Ф. Котлер дамытқан. Оның негізінде қазіргі маркетинг тұжырымдамалары қалыптасқан, сондықтан ол классикалық деп аталады.
Маркетингтегі
стратегиялық контроллинг стратегиялық
жоспарлау мен бақылауды
- Стратегиялық портфлио-талдау («өнім-нарық» матрицасы);
- Жаңа өнім идеясын таңдау мен оны негіздеуде менеджментті әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан талдау.
- Стратегиялық жоспарды үйлестіру;
Маркетингтегі стратегиялық контроллингтің негізгі әдістері:
- GAP-талдау. Бұл- стратегиялық маркетингте қолданылатын, кең таралған тәсіл. Стратегиялық «люк» талдау – ұзақ мерзімді жоспарлаудың дәстүрлі құралы болып табылады. Бұл әдістің мәні - кәсіпорынның қолайлы дамуынан күтілетін жағдайдың ауытқуын анықтау.
- Портфолио-талдау. «Поритфолио» термині қаржы саласында пайда болған. «Тәуекел және табыстылықтың үйлесуі» көзқарасы тұрғысынан алғанда тиімді инвестициялардың жиынтығы. Кәсіпорындарға қатысты портфолио-талдау дегеніміз –бұл кәсіпорын қызметін өнім және нарықтың жеке стратегиялары бойынша бөлу.
Қаржылық контроллинг
Кәсіпорынды қаржылыөқ басқарудың негізгі міндеті – оның табыстылығы мен өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өзінің сервистік қызметіне байланысты кәсіпорынның қаржы саласында контроллинг төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- Кәсіпорын үшін қаржыландыру көздерін, қаржы стратегиясын қалыптастыруға қатысу;
- Баланс және пайда мен шығындар туралы есептілікті құру,
- Жоспардың орындалуына ағымдық бақылау және маңызды қаржылық көрсеткіштерді бақылау;
- Ауытқуларды талдау бойынша мәлімдеме жасау және басқарушылық іс-шаралар бағытында ұсыныстар беру.
Қаржылық контроллингтің міндеттері:
- Кәсіпорынның өтімділігін қамтамасыз ету;
- Қаржылық есепке алу және ішкі өндірістік есепті сәйкестендіру (үйлестіру);
- Қаржылық-эконмикалық көрсеткіштерді тәжірибеде қолдану.
Қаржылық менеджменттің және қаржылық контроллингтің маңызды міндеті – өтімділікті қамтамасыз ету, яғни кәсіпорынның кез келгенуақыт сәтінде ақша қаражаттарының төлемдері аясында өзінің міндеттемелерін өтей алу қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Қаржы жоспарын құру көмегімен қаржылық контроллинг мүмкін болатын «әлсіз жерлерді» анықтайды. Қаржы жоспарын құру жоспарларды келесі секторларға бөлу арқылы жүргізіледі:
- Айналым.
- Кәсіпорынның сыртқы ағымдық төлемдері.
- Инвестициялық төлемдер.
- Қарызға байланысты төлемдер.
- Негізгі емес қызметтен түсетін төлемдер.
- Салықтық төлемдер.
- Басқа да төлемдер.
Қаржылық бақылаулар 3 бағытта жүргізіледі:
- Жоспардың жүзеге асырылуын бағалау;
- Жоспарға түзету енгізу;
- Жоспар сапасын көтеру.