Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Дипломная работа, 21 Ноября 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
XXI ғасыр жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Осыған байланысты әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан өз орнын табу үшін барлық қырынан дамыта білу керек. Соның маңызды бағыттарының бірі инновациялық өнімдерді өндіретін және әлемдік бәсекеге қабілетті ұлттық кәсіпорындарды дамыту болып табылады.
Содержание
Кіріспе……………………………………………………………………………4
І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1.Инновация түсінігі және оның түрлері…………………………...………6
1.2. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары………………...8
1.3. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бақылау……………………….11
ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1. «Кентау трансформатор зауытының» әлеуметтік ұйымдастырушылық жағдайы…………………………………………………………………………..14
2.2. «Кентау трансформатор зауытының» өндірістік қуаттылығы және инновациялық өнімдері………………………………………………………….16
ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.2. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау..........23
3.1. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары…………….28
Қорытынды………………………………………………………………...…….29
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Работа содержит 1 файл
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc
— 998.00 Кб (Скачать)Еліміздің шаруашылықты
жүргізу субъектісінің
Өнімнің өзіндік құны (жұмыстар, қызмет көрсетулер) есебінде басты сипатта жүзеге асатын ағымдағы шығындар технологиялық инновацияны енгізіп және әзірлеумен айналысатын қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге жұмсалатын шығындарды, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлуге, сонымен қатар бір жыл ішінде ұйыммен жасалған инновациялық қызметті қамтамсыз ету үшін қажет жабдықтарды, материалдарды, шикізаттарды алуға жұмсалған шығындар сияқты, күрделі шығындарға жатпайтын басқа шығындар.
Күрделі қаржы
жұмсалымы өзімен құруға
Ағымдағы және күрделі қаржы шығындарына технологиялық инновацияларды (зерттеулер мен әзірлемелер, өнертабыстарды патенттеу, өзге де патент-лицензия беру қызметтері, қызметкерлерді дайындау, тәжірибе жүзінде оқыту, конструкторлық жұмыстар, маркетингтік зерттеулер және т.б.) әзірлеу және енгізуге байланысты бөгде ұйымдардың осы ұйым үшін орындаған арнайы жұмыстарына, қызмет көрсетулеріне ақы төлеуге жұмсалған шығындары есептеледі.
Технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар туралы деректер есепті жылы ескеріледі. Онымен қоса инновациялық процестің қай сатыда тұрғандығы маңызды емес.
Технологиялық инновацияларға күрделі және ағымдағы шығындар инновациялық қызмет түрлері бойынша бөлінеді.
Зерттеулер мен әзірлемерлерге жұмсалған шығындар құрамына қосылады:
- өндірістік көрсеткіштер үшін сыйақыларды, ынталандырушы және өтемдік төлемдерді ескере отырып ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаушы құрам қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығындар, белігіленген жасқа дейін бала күту демалысында болатын әйелдерге өтемақы, сондай-ақ негізгі қызметпен айналысатын тізімдік құрамға кірмейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар.
- нақты тақырыпты жобалауды, тасымалдауды және орнатуды қоса оны орындау үшін қажетті арнайы аспаптарды, құралдарды, саймандарды, аппараттарды, механизмдерді, құрылғыларды және басқа арнайы жабдықты сатып алуға және дайындауға жұмсалған шығындар. Мұндай шығындар шарт бойынша орындалатын жұмыстардың өзіндік құны есебінен жүзеге асырылады, ал олар аяқталғаннан соң немесе тоқтатылғаннан соң қалған арнайы жабдық, сондай-ақ тақырып бойынша жұмыс істеу процесі кезінде сатып алынған немесе дайындалған үлгілер, макеттер және басқа бұйымдар тапсырыс берушіге табыс етілуі керек. Егер аталған жабдық және бұйым тапсырыс берушіге қайтарылмаса, онда тақырып аяқталғаннан соң олар түгенделеді және құнына қарай жарғылық қордан негізгі немесе айналым қаражаттары құрамына тегін түскендер ретінде енгізіледі.
- шеттен сатып алынатын шикізат пен материалдардың, жинақтаушы бұйымдардың, жартылай дайын өнімдердің, отынның, табиғи шикізаттың барлық түрлері энергиясының, көлденең кәсіпорындар орындайтын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтердің, келіп түскен материалдық ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты табиғи кему нормалары шегіндегі ысыраптардың құны; өнімді (жұмысты, қызметті) өндіруге жұмсалған материалдық шығындар есепте үстеме бағаны (үстеме ақыны), жабдықтаушы, сыртқы экономикалық ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақыларды, тауарлық биржалар көрсететін қызметтер құнын, кедендік баждарды, көлденең ұйымдардың күшімен жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты шығыстарды қоса оларды сатып алу құны бойынша (қосымша құн салығын ескере отырып) көрсетіледі;
- зерттеулер мен әзірлемелерге, соның ішініде жер учаскелерін сатып алуға, үйлер құрылысына немесе сатып алуға, негізгі қорлар құрамына кіретін жабдықты сатып алуға жұмсалған күрделі шығындар, зерттеулермен және әзірлемелермен байланысты өзге де күрделі шығындар. Ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен байланысты емес, тұрғын үйлердің, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілердің құрылысына және т.с.с. байланысты есеп беруші кәсіпорын жүзеге асыратын күрделі қаржы жұмсалымы ескерілмейді;
- зерттеулер мен әзірлемелердің орындалуымен байланысты және шығындардың жоғарыда аталған түрлерінің біреуінде де ескерілмеген өзге де шығындар.
Машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алудың басқа жағдайлары технологиялық инновациялар сияқты, мысалы белгілі модельдің қосымша станоктары есебінен өндірістік күшті кеңейту немесе станоктарды ескі модификацияның сол моделіне ауыстыру технологиялық инновация болып табылмайды.
Сондай-ақ, технологияларды зерттеу
мен сатып алуға жұмсалған
шығындар көлеміне патентсіз
технологияларды, жаңа
Инновацияларды жүзеге асырумен байланысты бағдарламалық құралдарды сатып алу шығындарына бағдарламалық құралдар, сондай-ақ офистік қосымшаларды, бағдарлау тілдері мен қосымша әзірлеуге арналған құралдар, баспаханалық жүйе мен графикалық редакторларды, бейнелер коллекциясын және т.б. қоса алатын ЭЕМ бағдарламалары жатады.
Өндірістік жобалауға, өндірісті жаңа өнімдерді шығаруға, оларды өндірудің жаңа қызметі мен тәсілдерін енгізуге даярлаумен байланысты басқа жұмыс түрлеріне жұмсалған шығындарға технологиялық жабдықтаумен, өндірісті ұйымдастыру және жаңа өнімді шығарудың бастапқы кезеңімен байланысты өндірістік жобалық-конструкторлық жұмыстар жатады. Өнеркәсіпте олардың мазмұны жаңа өнім өндіруге дайындықпен байланысты өнеркәсіптік объектіні (үлгіні) жобалау, белгілі бір өндірістік үдерістер мен әдістерге бағытталған басқа да жобалық-конструкторлық жұмыстар, технологиялық жаңа өнімдер мен жаңа үдерістерді жүзеге асыруға қажетті техникалық спецификациялар, пайдалану ерекшеліктері (белгілер) түрінде болуы мүмкін.
Инновацияға жұмсалатын шығындар қаржыландыру көзіне байланысты бөлінеді:
1. Кәсіпорындардың меншік қаражаттары;
2.Республикалық бюджет қаражаттары;
3. Жергіліктің бюджеттің қаражаттары;
4. Даму институттарының қаражаттары;
5. Инновациялық гранттардың қаражаттары;
6. ТМД елдерінің қаражаттары;
7. Венчурлық қорлар қаражаты;
8. Кредиттер мен қарыздардан қаражат;
9. Жеңілдік шартымен
кредиттер мен қарыздардан
Инновациялық жобаларды
Бақылаулар қорытындысы бойынша кәсіпорынның инновациялық қызметі жағдайы, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында жаңа өнім түрлерін (тауар, қызмет) игеру әрі жаңа технологияларды құру және пайдалану туралы мәліметтер және т.б. қалыптасатын болады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1. «Кентау трансформатор зауытының» әлеуметтік ұйымдастырушылық жағдайы
«Кентау трансформатор зауыты» отандық электромашина жасау профилі бойынша 50 жылдық тәжірибесі бар жалғыз кәсіпорын.
Энергетикалық қуатты нығайту – мемлекетіміздің экономика саласының стратегиялық мәселелерінің басым бөлігі болып табылады.
Бұл мәселені қарқынды
1959 жылы іргетасы қаланған Кентау трансформатор зауыты Қазақстан Республикасы экономикасының барлық саласы үшін сенімді электр-техникалық жабдықтар жеткізушісі ретінде танылды. Кәсіпорын өзінің жарты ғасырлық тарихында “Alageum Electrіc” брендімен қуаты 25 000 кВ., кернеуі 10-35 кВ. күштік майлы және құрғақ трансформаторлар, әртүрлі типті орындалуда қосалқы стансалар, төмен вольтты және жоғары вольтты ұяшықтар шығаруда.
Мұнда 1997 жылға дейін өндірілген
өнім саны 15-20-дан аспайтын. Ал
кернеуі 6-10, қуаттылығы 630 кВА болатын.
Ал жекешеленгеннен кейін
Қуаты 1000-нан бастап, 25 мың кВА-ға
дейін кернеу класы 35 кВ екі
орамды трансформаторларды
Трансформаторлар – электр- техникалық бұйымдар рыногының ең талап етілетін және бәсекелі бөлігі. Сыртқы және ішкі тұтыну рыногы үшін күрес бізді күнделікті бұйым сапасын арттыруға, игерілген технологияларды жетілдіруге мәжбүр етуде. Көшбасшылар қатарында қалу үшін жаңа бұйым игеру барысында жүйелі инновациялық жұмыстарды жүргізуде. Энергетикалық бұйым сапасының деңгейі әлемде өте жоғары. Шетелдік баламаларынан қалыс қалмайтын бұйым шығару зауытта модернизация бойынша салиқалы ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыруды талап етті. Өндірісті жаһандық техникалық қайта жабдықтау бағдарламасы шеңберінде Еуропа елдерінен өте заманауи, жоғары технологиялық қондыр-ғылар сатып алынды. Кәсіпорын құрастырушылары мен технологтары оларды игеруді шетелдік әріптестерден үйренді. Жоғары кернеулі электр мәшинелерінің сериялық шығарылымы әлемдік электр энергетикасының заманауи сұранымына, дамудың жоғары деңгейіне нақты жауап болды.
Зауыт ұжымы
бұл қолдауды мемлекеттік
Кентау зауытында жасалған
Бүгінде зауытта тек
Бизнесті ғылымның соңғы жетістіктерімен қатар жүргізу арқылы, сапаны бақылаудың тиімді әдістемесін енгізіп, жеткізуші-кәсіпорындармен тығыз байланыс құрған. Кернеуі 35 кВ., қуаты 25 МВА, 110кВ.-дан 16 МВА дейін күштік трансформаторларды өндіруші атанып, енді кернеуі 110 кВ., қуаты 63 МВА дейін күштік трансформатор шығарушы болуды мақсат етіп отыр. Және бұл мәселені жүзеге асыруда Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауға сүйенеді. Онда Н.Ә.Назарбаев тікелей қазақстандық бизнеске атап “Біздің кәсіпкерлер қазірдің өзінде жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына дұрыс баға беріп, жаңа нарықтарға шығу бойынша тиімді стратегиялар түзумен айналысып, бәсекеге артықшылықтарын өрбітулері тиіс. “Бәсеке жоқ жерде жақсы ұйықтайсыз, бірақ нашар өмір сүресіз” деген…
Жаңа өндіріс ашып, тауар және
қызмет сатып алу арқылы
2.2. «Кентау трансформатор зауытының» өндірістік қуаттылығы және инновациялық өнімдері
Еліміз бойынша трансформатор құрылғысын жасайтын «Кентау трансформатор зауыты» ашық акционерлік қоғамының негізі 1959 жылы қаланған болатын. Зауыттан шығатын құрылғылардың басым көпшілігі электрмеханикалық жабдықтар болғандықтан, теміржол автоблокировкасын, жиынтық трансформатор бекеттерін, НТМИ-10 түріндегі өлшеуге арналған және мұнай-газ желісін қорғауға арналған тиристорлы өзгерткіштер, доғалы реакторлар сияқты трансформатордың алуан түрін шығарумен айналысады.
Жарты ғасыр ішінде аталмыш кәсіпорын «Alageum Electrіc» бренді негізінде қуаттылығы 25 000 кВ., кернеулігі 10-35 кВ. Болатын құрғақ және майлы трансформаторлар, сонымен қатар қосалқы стансалар мен төмен-жоғары кернеуге ие ұяшықтарды нарыққа енгізді. Отандық трансформатор ісін қолға алған кәсіпорын елу жыл ішінде біршама белесті бағындырды. Мәселен, күннен-күнге дамып жатқан ғылым мен техниканың арқасында бизнесті ғылымның соңғы жетістіктерімен бірге сабақтастыру нәтижесінде кәсіпорын өзге де жеткізуші өндіріс орындарымен келісім орнатты. Кернеуі 35 кВ., қуаты 25 МВА, 110кВ. пен 16 МВА дейін күштік трансформаторларды өндірген трансформатор зауыты алдағы уақытта кернеуі 110 кВ., қуаты 63 МВА дейін күштік трансформатор шығаруды мақсат етіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында аталмыш жұмыстар жүзеге асуда. Кәсіпорын басшылығы тарапынан инновациялық шешімдерді енгізу бұйымның сапалы параметрлерін жақсартып қана қоймай, құндық көрсеткіштің өсуіне жағымды жағдай тудырды. «Кентау трансформатор зауытының» өнімдері нарықта жоғары сұраныстарға ие болуда. 350-ге жуық әр түрлі атауда өндірілетін күштік майлы және құрғақ трансформаторлар кәсіпорынның жеткен жетістігін дәлелдеп отыр.
Зауыт 2006 жылдан
бастап «БРК-Лизинг» АҚ мемлекеттік
лизингтік компаниясының
Зауыт бүгінгі таңда электротехникалық заттар өндіріп шығаратын ТМД елдерінің өндіріс алпауыттарымен таза бәсекелестік қабілетпен жұмыс жүргізіп отыр. Зауыт 6-10 КВ-тық трансформаторлардың 10 пайызын көрші Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдері тапсырыспен алады. Қазіргі уақытта сұраныс жоғары болғандықтан, құрғақ трансформатор шығаруда.