Лекции по "Экономике"
Курс лекций, 16 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.
Работа содержит 11 файлов
7+лекция.ppt
— 267.50 Кб (Скачать)БҚН
инфрақұрылымы
- БҚН инфрақұрылымының даму проблемалары
- Инфрақұрылымның жүйелері және олардың атқаратын функциялары
БҚН
инфрақұрылымының даму
- Бағалы
қағаздар нарығының даму
деңгейі ел экономикасының негізгі көрсеткіші болып табылады. - Бағалы қағаздар нарығы қаржы ресурстарын қайта бөлуде үлкен роль атқарады.
- Қазіргі таңда Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының тиімді дамуы үшін құқықтық, ұйымдық, экономикалық негіз қалыптасып отыр.
БҚН
инфрақұрылымының даму
- Нарық инфрақұрылымын дамыту келесі мәселелерді шешуге септігін тигізеді:
- Бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды қорғау;
- Нарықтағы іс - әрекеттерді реттеудің жүйесін қалыптастыру;
- Бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілелерді жоғары техникалық деңгеймен қамтамасыз ету;
- Нарықтың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету.
БҚН
инфрақұрылымының даму
- Инфрақұрылым дегеніміз - осы нарыққа қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығы.
- Бұл ұйымдар инвесторлар мен эмитенттер арасындағы экономикалық қарым - қатынасты реттеп, оларға қолайлы жағдай жасап отырады.
- Бұл процестер мемлекет тарапынан, өзін - өзі реттеуші ұйымдардың әр түрлі әдістерінің көмегімен реттеледі.
БҚН
инфрақұрылымының даму
- Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына келесі жүйелер кіреді:
- Реттеуші инфрақұрылым;
- Техникалық инфрақұрылым;
- Ақпараттық инфрақұрылым;
- Маман кадрлар инфрақұрылымы.
БҚН
инфрақұрылымының даму
- Бағалы қағаздар нарығындағы негізгі элемент - бұл реттеу.
- Заңдық, құқықтық және нормативтік актілер арқылы бұл нарықты реттеу - маңызды мәселе.
- Реттеуді жүзеге асырушы органдар төмендегілер:
- Қаржы министірлігі;
- ҚР Ұлттық банкі;
- АФН.
БҚН
инфрақұрылымының даму
- Бұл органдардың негізгі функциялары:
- Бағалы қағаздар нарығының даму бағадарламасын шығару және жүзеге асыру;
- Бағалы қағаздар нарығын реттейтін заң жинақтарын шығару және бекіту ;
- Бағалы қағаздар нарығының даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін қаржы, техникалық, ұйымдық ресурстарды шоғырландыру;
- Бағалы қағаздар нарығын бақылауды жүзеге асыру;
- Бағалы қағаздар нарығының қазіргі заманға сай инфрақұрылымын қалыптастыру.
БҚН
инфрақұрылымының даму
- Мемлекеттік реттеу мен өзін - өзі реттеуші ұйымдар тарапынан реттеудің арақатынасы әр елде әр түрлі деңгейде болады.
- Бір мемлекеттерде тек мемлекеттік реттеу орын алса, екіншілерінде өзін - өзі реттеуші ұйымдар реттеуге толық араласады, ал үшіншілерінде осы екі әдістің комбинациясы арқылы бағалы қағаздар нарығы реттеліп отырады.
БҚН
инфрақұрылымының даму
- Қазақстанда мемлекеттік реттеумен қатар өзін - өзі реттеуші ұйымдарға да реттеу құқығы берілген.
- Өзін - өзі реттеуші ұйымдар ҚР екі формада құрылған:
- Кәсіби мамандар ассоциациасы;
- Қор биржасы.
Инфрақұрылымның
жүйелері және олардың
- БҚН инфрақұрылымының тағы бір маңызды элементі - бұл техникалық инфрақұрылым.
- Оның негізгі атқаратын функциялары:
- Бағалы қағаздарды есепке алу;
- Оларды сақтау;
- Олармен мәміле жасаудың техникалық жағын қамтамасыз ету.
Инфрақұрылымның
жүйелері және олардың
- Бұл функцияларды
нарықтық экономикасы дамыған
елдерде орталық
депозитарийлер атқарады. Батыс Европа, Жапония, АҚШ елдерінде бұндай ұйымдар ұзақ уақыт бойы өз қызметін атқарып келеді. - Қазақстанда “Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі” АҚ 1997 жылы құрылды.
- Оның құрылтайшылары ретінде бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары үлестерін қосты.
Инфрақұрылымның
жүйелері және олардың
- Қазақстан
қор биржасы қазіргі таңда
бағалы қағаздармен сауда
жүргізуші жалғыз ұйым болып табылады. - Ол тендерді жеңіп, 1997 жылы өз қызметін бастады.
- Биржада биржалық сауда электрондық жүйе арқылы жүргізіліп отырады.
Инфрақұрылымның
жүйелері және олардың
- Техникалық
инфрақұрымдағы ең мобилді
ұйым бұл кастодиан болып табылады. - ҚР заңға сәйкес кастодиан келесі функцияларды атқарады:
- Номиналды ұстаушы;
- Бағалы қағаздарды сақтаушы;
- Бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілелерді қадағалаушы;
- Клиенттің төлем,
- Ақпараттық агенті.
Инфрақұрылымның
жүйелері және олардың
- Банктер де техникалық инфрақұрылымда маңызды орын алады.
- Банктердің төмендегідей құқықтары бар:
- депозитарий және кастодиандар үшін шот ашуға құқылы;
- Клирингтік палата;
- Сақтандырушы;
- Кредитор;
- Бағалы қағаздармен операциялар бойынша негізгі төлеуші
бола алады.
Инфрақұрылымның
жүйелері және олардың
- Қазіргі
таңда техникалық
инфрақұрылымды дамыту үшін айтарлықтай шаралар жасалуда. - Кастодиан, депозитарий, тіркеушілердің экономикалық қызметтеріне көп көңіл бөлініп отыр.
- Бағалы қағаздар нарығының ақпараттық инфрақұрылымы айтарлықтай дамымаған. Оған келесі факторлар әсерін тигізеді:
- Инвесторлардың қаржы есебін толық бермеуі;
- Бағалы қағаздар туралы толық ақпараттың болмауы;
- Нарыққа берілген ақпараттың шындыққа сәйкес келмеуі т.с.с.
Инфрақұрылымның
жүйелері және олардың
- Бағалы
қағаздар нарығындағы басты
құндылық - білікті мамандардың болуы, яғни осы нарықты қалыптастырушы және оған қызмет көрсетуші мамандар. - Қазақстан нарығында жалпы жоғары білікті мамандар жеткілікті. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығында кәсіби мамандар жетіспеушілігі сияқты проблемалар әлі де орын алуда.
- Жоғары білікті мамандарды дайындау мүмкіндіктері мен формаларын кеңейту қажеттіліктері осы нарықтағы басты мәселе болып табылады.