Лекции по "Экономике"
Курс лекций, 09 Декабря 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.
«Қаржы» термині ХІІІ-ХҮ ғасырларында, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме - дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:
Работа содержит 1 файл
Дәрістер .doc
— 621.50 Кб (Скачать)4. Ағымдық активтердің
немесе айналым капиталының
;
Мұның мәні өссе ТМҚ аз жұмсалатынын көрсетеді, ақша қаражаттары босатылады, нәтижесінде жоғары өтімді активтер өседі және төлемқабілеттілік пен қаржылық жағдай жақсарады. Өндіріс пен айналым уақытының қысқаруы нәтижесінде айналым саны артады. Өндіріс уақыты техника мен технологиялық процеске байланысты. Өндіріс процесін қысқарту үшін еңбекті автоматтандыру және технологияны жетілдіру қажет. Айналым уақытының қысқаруы мамандандыруға, құжаттар айналымына, шаруашылық аралық айналымға байланысты. Ағымдық активтердің айналым ұзақтығы келесі формуламен анықталады:
; , , ,
5. Материалдар
айналымының коэффициенті
, S – толық өзіндік құн.
Мәні неғұрлым жоғары болса соғұрлым баяу өтімді активтер үлесі азаяды, ал айналым капиталының құрылымдық өтімділігі артады, нәтижесінде қаржылық жағдай тұрақтанады. Мәні аз болса, онда материалдар мен аяқталмаған өндіріс көлемі өседі және дайын өнімге деген сұраныс төмендейді. Бұл көрсеткіштің деңгейіне ТМҚ өзіндік құнын бағалау әдістері де әсер етеді.
6. Дайын өнімнің
айналым коэффициенті оның
,
7. Берешектер
борышының айналым
,
Берешектер борышының көлемі мен сапасын бағалау үшін қолданылады. Берешектер борышының айналым ұзақтығын да анықтауға болады.
8. Алашақтар
борышының айналым
Алашақтар борышының айналым ұзақтығын анықтауға болады.
9. Ақша қаражатының айналым коэффициенті:
К=ақша қаражатының айналымы/ақша қаражатының орташа қалдығы
Ақша қаражатының айналым ұзақтығын анықтауға болады.
10. Инвестициялық
капиталдың айналым
К=N/ұзақ және қысқа мезімді инвестиция
11. Перманенттік
капитал айналымының
К=N/перманенттік капитал, Мәні ұзақ мерзім бойында қолданылған капитал айналымының жылдамдығын көрсетеді.
12. Іскерлік белсенділік индексі – айналым капиталы басқаруға байланысты негізгі қызметтің тиімділігін сипаттайды. Ол келесі формуламен анықталады:
N/қалыптастырушы
капитал*негізгі қызметтен
Тақырып 15. Ақша қаражаттарын басқару
Дәріс сұрақтары:
1. Ақшалай қаражаттарды басқару
2. Ақшалай ағымдардың түрлері
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
1. Ақшалай қаражаттарды басқару
Ақшалай қаражаттарды басқару – ол ақшалай ағымдарды болжаудан, талдаудан, оптималды ақшалай қаражаттардың айналым жылдамдығын жоғарлатудан тұрады. Ақшалай қаражаттардың қажеттілігі келесілерде болады:
- ағымдағы қызметті атқару үшін, яғни кәсіпорынның күнделікті өтімділігін қамтамасыз ету үшін,
- жоспарланған шығындарды өтеу үшін;
- инвестициялық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін.
Ақшалай қаражаттардың
басқаруы олардың талдауы мен
жоспарлауынан басталады. Ақшалай
қаражаттардың талдауы
1) ақшалай кірістерді ішкі кезең бойынша болжау;
2) ақшалай шығындарды ішкі кезең бойынша болжау;
3) таза ақшалай ағымның сомасын анықтау;
4) қажетті қысқа мерзімді қаржыландыру көлемін анықтау.
2. Ақшалай ағымдардың түрлері
Қаржы менеджментінде
маңызды объект ақша ағымы құн
нысандарын жаңғыртудың және қосылған
құнды қалыптастырудың
Ақшалай ағымдар келесідей белгілер бойынша жіктеледі:
- Қозғалыс бағыты бойынша: ақшалай қаражаттардың түсімдері; ақшалай ағымдардың шығыстары; таза ақшалай ағым (түсімдер-шығындар).
- Атқару қызметтеріне байланысты:
- негізгі немесе операциялық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттар, бұл тауарларды өңдеу мен қызметтерді атқарумен бйланысты қызмет: түсімдер, шығындар, таза ақшалай ағымдар;
- қаржылық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттар, бұл қаржылардың қайнар көздерін тарту бойынша қызмет: түсімдер, шығындар, таза ақшалай ағымдар.
- Мерзімдік тіркеуге байланысты ақшалай ағымдар екі түрге бөлінеді:
- пренумерандо ақшалай ағымдар – бұл мерзімнің басында есепке алынған ақшалай ағымдар көбінде жиналу мақсатымен пайдаланылады, сондай-ақ инвестициялау мақсатымен.
- Постнумеранда ақшалай ағымы – ол кезең соңында есептелінетін ақшалай ағымдар. Көбінде аналитикалық мақсатымен пайдаланылады. Себебі, барлық ақшалай ағымдар есеп жүргізген кезде кезең соңында есептеледі.
Ақшалай ағымның бір түрі ренталық төлемдер болып табылады. Рента дегеніміз – ол көбінде тең сомамен, тең мерзім арасында төленетін немесе алынатын кезеңдік ақшалай ағымдар. Мерзімді есептеуге байланысты ақшалай ағымдар: мерзімдік және мерзімсіз болып бөлінеді. Мерзімдік ағым бойынша алғашқы және соңғы төлемнің уақыты алдын ала белгілі болады, ал мерзімсіз уақыттар алдын-ала қойылмайды.
Рента ақшалай ағым болғандықтан, мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді. (жоғары белгілер бойынша жіктеледі). Рентаның бір түрі бағалы қағаздар бойынша аннуитет – ол мерзім сайын тең сомада жүзеге асырылатын ақшалай ағымдар. Аннуитет табыс алу қызметімен байланысты ақшалай ағым, яғни екінші жағынан ол инвестицияның түрі. Ол жоғарыда аталған белгілер бойынша бөлінеді.
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Статистикалық есеп: ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы есеп орталық статистикалық органдарға беріледі, ал ішкі есеп кәсіпорынның өзіне қатысты қаржылық талдауды жүргізуге пайдаланады. Оперативтік есеп кәсіпорынның қысқа мерзімдік қызметінің негізгі нәтижелерін білдіреді. Қаржылық талдауда маңызды ақпарат қайнар көздері – ол қаржылық есеп. Қаржылық есептеудің негізгі түрлері:
- бухгалтерлік есеп;
- қаржылық шығындардың нәтижелер бойынша есеп немесе табыстар және шығындар туралы есеп;
- ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлігінің және оларды қаржыландыру қайнар көздерінің анықталған күнге жағдайын қарастырады.
Баланс екі бөлімнен тұрады: актив және пассив. Баланстың негізгі формуласы активтер мен пассивтердің тең болуы.
Активтер:
- Ұзақ мерзімді активтер:
1.1. Материалдық емес активтердің алғашқы құны;
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясы;
1.3. Материалдық емес активтердің қалдық құны;
1.4. Негізгі қаражаттардың алғашқы құны;
1.5. Тозу сомасы;
1.6. Негізгі қаражаттардың қалдық құны;
1.7. Ұзақ мерзімді салымдар.
- Ағымдағы активтер:
2.1. Тауарлы-материалдық қорлар;
2.2. Дебиторлық қарыздар;
2.3.
Қысқа мерзімді қаржылық
2.4. Ақшалай қаражаттар.
Пассивтер:
- Меншіктік капитал:
- жарғылық қор;
- резервтік қор;
- бөлінбеген пайда.
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді несиелер).
- Қысқа мерзімді міндеттемелер:
- қысқа мерзімді несиелер;
- ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы құны;
- кредиторлық қарыздар.
Қаржылық шығындардың нәтижелері бойынша есеп:
- Өнімді өткізуден түсетін түсімдер;
- Өнімнің өзіндік құны;
- Жалпы табыс = 1n - 2n;
- Кезең шығындары:
- жалпы әкімшілік шығындар;
- пайызды төлеу бойынша шығындар;
- өнімді өткізу бойынша шығындар.
- Негізгі қызметтен түскен табыс (шығын) =3n - 4n;
- Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (шығын);
- Салық салуға дейінгі табыс =6n + 5n;
- Салық сомасы;
- Салық салымынан кейінгі табыс =7n - 8n;
- Төтенше жағдайлардан түсетін табыс;
- Таза табыс (шығын).
Ақшалай қаражаттың қозғалысы негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша белгіленеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылады:
- табыстылық көрсеткіштері;
- төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері;
- капитал құрылымы немесе қаражаттың тұрақтылық көрсеткіштері;
- айналымдылық немесе қызмет белсенділігінің көрсеткіштері.
Табыстылық көрсеткіштер:
- салыстырмалы;
- абсолютті.
Тақырып 16. Босалқы қорларды басқару
Тауарлы – материалды қорларды басқару – бұл материалдық қорларға оптималды салымдарды жүзеге асыру саясатын әзірлеу. Материалдық қорларды басқару келесілерден тұрады:
1) қорлардың
оптималды көлемін анықтау;
2) тапсырысты таратудан бастап қорларды кәсіпорынға жеткізгенге дейінгі мерзімді қысқарту, яғни тауарлы – материалдық қорлардың айналымдылығын жылдамдату.
3) қорларды қолданғаннан
түсетін табыстарды және
4) тез бұзылатын
тауарлармен байланысты
5) тапсырысты
таратумен байланысты
тапсырыспен
байланысты шығындар – ол тапсырысты
тарату және ( жабдықтарға кететін
келісім шарттар бойынша