Әлемдік (бүкіләлемдік) шаруашылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:42, реферат

Описание работы

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.

Работа содержит 1 файл

Тіл мәдение.docx

— 65.45 Кб (Скачать)

Тіл мәдение

КІРІСПЕ

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап,  туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан    Республикасындағы    тіл    саясатының    тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы  Тіл туралы Заң»  сияқты  стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.

Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.

Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық   әдебиеттерді,   мерзімді   баспасөз   ақпараттарын талдап-зерттей   келе,   бүгінгі   күнгі   оқушылардың   сөз   саптауы   көңіл аударарлық     көпшілігінің    тіл    мәдениеті    төменгі     деңгейде     деген қорытынды жасауға болады.   Олар   өз   ойларын   дұрыс,   түсінікті   етіп   жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша     сөздерді     қосып,     араластыра     сөйлесе,     бірі     жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та,   жазылып   та   жатыр.   Мысалы   педагогика   ғылымының  докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып   табылады»   -    дейді. Бүгінгі таңда қазақ    мектептерінің    өзекті    мәселелерінің    бірі – оқушылардың  тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.

Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ тілі сабағында тіл мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық-практикалық мәнін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:

-    тіл мәдениеті ұғымына ғылыми түсінік беру;

-    оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының

себептерін саралау;

-    тіл мәдениетінің жоғары болуына қойылатын талаптарды

айқындау;

-    тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы

анықталатындығын көрсету;

-    тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын

 анықтау;

-    оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық,

әдістемелік ұстанымдарды негіздеу;

-    мектептің орта буынында тіл мәдениетін оқытуды саралу;

-    жоғары буын оқушыларын тіл мәдениетіне оқытуды

тұжырымдау.     Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан құралған.

1. ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы

Дүние жүзі тарихына үңілсек, көптеген халықтар Академияларындағы ғылым атаулы тілді зерттеуден бастаған.

Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық қызметі арқылы көрінеді.

Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды.

 «Тіл - қоғамдық құбылыс» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе  туған лннгвистикалық  мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді.

Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан[1, 141-142 б.].

Ал, «Мәдениет» деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді, - деп М.И.Калинин атап көрсетеді.

Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, - дейді тілші-ғалым М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті» атты еңбегінде [2, 10 б.].

Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді екен. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Ендігі жерде тіл мәдениеті сөз болмақ.

Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын қальштастыруға тиіс.

Осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. М.Балақаевтың жоғарыдағы мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен жалғастырсақ ол өз ойын былайша көрсетеді: «Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» [2, 17 б.].

«Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде.

Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», - дейді [3,24-25].

 «Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі - сөз,  сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл мәдениеті ғылымын үлкен екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті деп бөлуге болады.

Сондықтан сөйлеу мәдениетіне байланысты өтілетін практикалық сабақтарда ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне көп көңіл бөлініп, қателерді тіл фактілері негізінде талдап, сырын ашып көрсетудің пайдасы зор.

Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі - тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді қоспай, сірестіріп, «таза әдеби» тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді.

Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалды. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», - деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.

Тіл мәдениті жөніндегі теориялық және практикалық пікірлерді дамытушылардың бірі - И.И.Срезневский. Ол тілді оқушының ойлау дағдысымен тікелей байлансытыра отырып, баланы қысқа әңгімелер түріндегі жаттығу жұмыстарына бейімдеу пайдалы дей келіп, «Важен для приучения отличать более важное от менее важного и неважного вникать в те основы слов и выражений которыми изображаются основные мысли ... как безотносительно к форме, в которой та или другая мысль выражается так, и с объяснением самой форм выражении, чтобы заставить детский ум оценить форму»,- деп балалардың жұмыстарында, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде синонимдерді барынша кеңінен қолдану қажеттігін айтты.[1, 144 б.]

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында бұл мәселені көптеген ғалымдар зерттеп-қарастырғаны  белгілі  болды.   Солардың  ішінен педагогикалық  сөздікте берілген   мынадай   анықтама   көңілімізден   шықты:   «Оқушылардың   тіл мәдениеті – оқыту  үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән»[4, 263 б.]. Ал бұл мәселені жан-жақты зерттеген Л.И.Ожегов: «Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл  коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» - деп тұжырымдайды[5, 287 б.].

 Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті -кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшкліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады.»[6, 261б.].

Ал педагогикалық энциклопедияда «Культура речи 1. В теоретическом плане - раздел филологии изучающий речевую жизнь общества в определенную эпоху и устанавливающий на научной основе правила пользования языком, как основным средством общения людей, орудием формирования и выражения мыслей. 2. В плане практическом - под культурой речи понимается прежде всего нормативность речи, ее правильность, соответствие требованиям, предъявляемым к языку в данном языковом коллективе в определенный исторический период.»[7, 58 б.] деп анықтайды.

Оқушылардың тіл мәдениетіне педагогикалық сөздікте төмендегідей анықтама ұсынылады: «Оқушылардың тіл мәдениеті дегеніміз, ғылым негіздеріне оқыту үрдісі мен өзін қоршаған адамдармен тілдік қарым-қатынас негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ол жалпытілдік норманың сақталуымен, тілдің мазмұндылығымен, ойлылығымен, лексикалық байлылығымен, көркемдігімен әрі мәнерлілігімен сипатталады.»

Жалпы анықтамаларды қарастыра келе, тіл мәдениеті дегеніміз сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі, - деген пікірге тоқталдық. Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті, ең ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді.

Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың берген түрлі анықтамаларын саралай отырып, біз өз зерттеуімізде тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту  үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігін айтамыз. Әр полимәдениетті дамыған жеке тұлғаның ерекше маңызды қасиетінің бірі - тіл мәдениетін игеру. Сондықтан бүгінде жас ұрпактың тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесі ерекше орын алып отыр.

 

1.2 Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар

 

 «Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев.[2, 27б.] Көптеген зерттеуші, ғалымдардың еңбектерін, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдай келе, оқушылардың тіл мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама, әңгімелесу, байқауларды негізге ала отырып, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келдік.

Зерделеудің келесі кезеңінде қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себебін іздестірдім. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - десе[8,5 б.], И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

Информация о работе Әлемдік (бүкіләлемдік) шаруашылық