Әлемдік экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық
экономикадағы алатын орны мен ролі
1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері………………………………………………………...
1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі………………………………….....................
2-тарау. Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің
негізгі нысаны
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау…………………………………………………………...........
2.2. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау………………………………………………………………
3-тарау. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамыту болашағы
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінің қатысу болашағы мен кейбір мәселелері………………………………….....................
3.2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы……………………………................
Қорытынды…………………………………………………………….....
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………..

Работа содержит 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 676.50 Кб (Скачать)

      Қазақстанда ғылыми және техникалық потенциалы, мәдениеті, ғылымы, білім беру жүйесі жақсы  дамыған.

      Экономикалық потенциалы негізінде сыртқы сауда және халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу саясаты құрылған болатын. Республиканың қазіргі кезде не нәрсе маманданғанын, халықаралық еңбек бөлінісіндегі оның рөлі мен орнын анықтау үшін, Қазақстанның экспорттың потенциалын қарастырайық.

      Қазақстанның  экспорттық потенциалы. Көптеген елдер  нарықтық экономиканың негізін құруда негізгі көңілді өнеркәсіп өндірісінің  бәсекелестік қабілеттілігін жоғалатушы факторы екен мерзімі жеткен мәселелерді  шешудің қысқа жолы ретінде экспорттың дамуына бөлді. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының қандай мүмкіндіктері бар?

      Қазақстанның  экономикалық жағдайы оның байлығымен, яғни Қазақстанның басқа да тауар  өндірушілермен бәсекелестікке түсе алатын және әлемдік нарыққа шыға алатын ресурстармен анықталады.

      Ең  алдымен, әлемдік шикізат нарығын  тауар өндірушілер өзара бөліп  алған және де онда бос “тетік”  жоқ, тек қана бәсекелестік күрес  өмір сүруде. Екіншіден, шикізат әлемдік нарыққа төмен бағалармен шығарылады, сонымен қатар қазақстаандық шикізат жабдықтаушыларының имиджі жоқ, және де өнімдерінің сапасы әлемдік сертификатқа сәйкес келмейді. Әлемдік тұтынушы шикізатты тура белгіленген уақытында және сапасы жоғары шикізатты сатып алуға әдеттенген. Сондықтан да, әлемдік нарықта өз “тетігін” табуы үшін, көптеп күш жұмсау керек.

      Социализм тұсында республика мынандай жағдайда болды: соншама тонна тас көмір, мұнай, бидай, түсті металдар және т.б. өндіре отырып, өз тұтынушыларымен қарым-қатынасқа да, дүниежүзілік нарықта бәсекелестікке де түспеген, сонымен қатар дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттемеген. Бірақ, тәуелсіздік алғаннан кейін, республика өз өнімдерін экспорттауда, тұтынушылармен қарым-қатынастар жасауда, дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттеуде алғашқы қадамдар жасай бастады.

      Экспорттық -импорттық операциялар - Өнеркәсіп және сауда министірлігімен және Қазақстанның экономикалық даму сыртқы сауда ұйымдарымен және басқа да маманданған ұйымдармен үкіметаралық келісім негізінде, мемлекеттің қажеттілігі үшін еркін сауда шарттары негізінде өнімдер экспортты мен шикізат, азық-түлік, медикаменттер импортына лицензиялар мен квоталар негізінде, сонымен қатар тіккелей тауар өндірушілер – біріккен, шағын, жеке кәсіпорындар, кооперативтер негізінде жүзеге асырылады.

      1992 жылдан бастап Қазақстан өзінің сыртқы сауда байланыстарын өз бетінше жүзеге асыра бастады.

      1999 жылдың бірінші жарты жылдығында  енгізген кеден декларациясының  берілгені бойынша, республика 89 қиыр шет елдерімен тауар айырбасын  жүргізді, оның ішінде: еуропаның  - 40,8% Азияның - 28, Африканың - 12, Американың - 9, сонымен қатар Австралия және океаниямен.

      Сыртқы  сауда тауар айналымында орында Қытай, Швейцария, Алмания, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Турция, Чехия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Жапония алады, ал Азия елдерінің үлесіне сыртқы сауданың - 28 % тиеді.

      Қазақстанның  сыртқы сауда айналымы 2004 жылы жалпы 29539.5 млн. АҚШ доллар құрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 4406,2 млн. АҚШ доллар. Бұны біз келесі кесте арқылы көре аламыз (1-кесте).

    1-кесте

    Қазақстан Республикасының  сыртқа саудасы 

    (млн.  АҚШ доллар) 

  2002 2003 2004
Тауар айналымы, барлығы               оның ішінде:

-ТМД  елдері

-ТМД  елдерінен тыс

Экспорт, барлығы оның ішінде;

-ТМД  елдері

-ТМД  елдерінен тыс

Импорт, барлығы оның ішінде:

-ТМД  елдері

-ТМД  елдерінен тыс

Сальдо, барлығы оның ішінде:

-ТМД  елдері

-ТМД  елдерінен тыс

 
15085.1 

5954.1

9131

8639.1 

2644.6

5994.5

6446 

3309.5

3136.5

1086,2 

109,9

976,3

 
16254.3 

5237.6

11016.7

9670.3 

2194.4

7475.9

6584.0 

3043.2

3540.8

1911,5 

-105,6

2017,1

 
21335.4 

6912.8

14422.6

129926.7 

2980.5

9946.2

8408.7 

3932.3

4476.4

4087,4 

-336,9

4454,3

 

      Мұнда біз Қазақстанның сыртқы сауда айналымының  жалпы көлемінде экспорттың үлесі  – 64,4 % екендігін және импорттың  үлесі – 35,6 % құрайтындығын көріп  отырмыз. Сонымен қатар біз бұны мына диаграмма арқылы көре аламыз (1 - диаграмма).

      1-диаграмма.  Қазақстанның  сыртқы  сауда айналымының  жалпы  көлеміндегі  экспорттың  және  импорттың  үлесі

 

      2004 жылы жалпы көлемі қыйыр шетелге  48 %, таяу шетелге – 52 % жеткізілген.  Қазақстан ТМД экспорт көлемі  бойынша Ресей (84,7 %) мен Украинадан (5,9 %) кейін үшінші (2,9 %) орында.

      Қазақстан экспортының құрылымында металл бұйымдарының үлес салмағы жоғары: минералды өнімдер және химиялық өнімдер, ал машина мен құралдардың  үлес салмағы төмен.

      Табиғи  күйінде жеткізілетін өнімдер қатарына мыс, қара металдар прокаты, ферроқоспалар, мырыш, мұнай, мазут, отын және тыңайтқыштар жатады. Осы тоғыз шикізат өнімдерінің үлесіне экспорттың 54 % келеді.

      Бұдан біз Қазақстан Республикасының  қазіргі кезде шикізат және материалдар  экспортына бейімделгендігін және табыстарға жетуде басқа елдер алдында артықшылықтарымыздың бар екендігін көре аламыз.

      Қазақстан Республикасының серіктес елдермен және тауарлар топтары бойынша экспорттың құрылымын келесі диаграммалар арқылы анық көре аламыз (2 - диаграмма және 3 - диаграмма). 
 
 
 
 
 
 
 

      2-диаграмма.  Қазақстан Республикасының 2004 жылдың  қаңтар-қараша  айындағы  серіктес  елдермен экспорттың құрылымы. 

      3-диаграмма.  Қазақстан Республикасының 2004 жылдың қаңтар-қараша  айындағы  тауар топтары бойынша экспорттың құрылымы. 
 

 

      Қазақстан табиғи материалдық ресурстар шығаруға маманданған, яғни арзан ресурстарды  жабдықтаушы ретінде, халықаралық  еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын қарастырсақ, онда келесі тенденцияларды көруге болады.

      4-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2004 жылдағы тауардың негізгі топтар бойынша импорттың құрылымы.

        

      Яғни  мұндағы тауар бойынша негізгі  үлесін машиналар мен құрал-жабдықтар құрайтындығын анық көріп отырмыз.

      Импорттық саясат ең алдымен импортты қатаң  түрде бақылауға бағытталуы керек.

      Қазіргі кезде республика территориясына негізінен  ішімдік бағыттағы және төменгі  сапалы тауарлар енгізіледі, сондықтан  бұларға тосқауыл қою керек. Ұлттық өндіріске зиян келтіретін өнімдердің енуін жанама әдістер арқылы шектей отырып, халықаралық тәжірибеге сәйкес импортты тергеу керек және Қазақстан өз бетімен жүзеге асыра алатын импорт алмастырушы өндірісті дамытуы керек. Импорттық тауарларды сатып алуға валюталық кірістердің және импортық несиенің едәуір бөлігі, сонымен қатар мемлекеттік емес құрылымдардың қаражаттары жұмсалады.

      Бұдан біз Қазақстанның импортындағы негізгі  үлес салмақты Ресей Федерациясы  алып отырғандығын көреміз - 49%, Алмания - 7%, АҚШ- 5%, Ұлыбритания - 4%, басқалар - 26%.

      Бұдан біз минералды ресурстар шығаруға маманданған, яғни арзан ресурстарды  жабдықтаушы ретінде халықаралық  еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын қарастырсақ, онда оң және теріс жақтарын көруге болады.

      Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек  бөлінісіне қатысу формалары. 1987 жылдан бастап одақ  республикалары экспорттық-импорттық  операциялар жоспарын өз бетімен  жасады және оларға сыртқы нарыққа  шығаруға ресми түрде рұқсат берілген.

      Осыған  дейін сыртқы экономикалық және республикалық  байланыстар халықшаруашылық кешеннің және бірыңғай мемлекеттік жоспардың  құрамында қалыптасқан. Одақ мемлекеттерінің  кеңесі экспорт бойынша тапсырмаларды  тікелей мемлекеттік бақылаудағы кәсіпорындармен өндірілетін өнімдерге белгіледі. Негізгі экспортер-кәсіпорындар одақ министрлігінің қарауында болды және олардың жоспарында экспортқа өндірілетін өнімдер бойынша тапсырмалар белгіленеді. Осындай қарым-қатынас жүйесі импорттық операциялар кезінде де жүргізілді.

      Тыңшы органдарының шешімімен кәсіпорындардың, салалық, аймақтық, республикалық органдардың  құқықтары мен міндеттері анықталды  және олардың құрылымында сыртқы экономикалық байланыстар жөнінен  арнайы бөлімшелер құрылды.

      1987 жылы “Казахимпорт” республикалық  сыртқы сауда бірлестігін құрылды, 1989 жылы Сыртқы сауда мемлекеттік  комитет құрылып, 1991 жылы Сыртқы  сауда байланыс министрлігі болып  қайта құрылды. 1993 жылдың маусымынан  бастап оны республика Премьер-министрінің  орынбасары басқарды.

      Республиканың өндірістік потенциалы тиімді пайдалану, нарық қажеттілігін қанағаттандыру, республиканың әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуын тездету  мақсатында 1994 жылдың маусымында Сыртқы экономикалық байланыс министрлігін, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп министрлігі мен Сауда министрлігін тарату негізінде Қазақстан  Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрлігі құрылды.

      Министрлер  кабинеті аппаратында, Экономика, Қаржы  министрліктерінде, Ұлттық банкте арнайы бөлімшелер құрылып бекітілді, Кеден комитеті мен Сыртқы экономикалық банк (Алембанк) ұйымдастырылды.

      Шетел мемлекеттерінің несиелерін тарту  жөніндегі жұмыстарын үйлестіру  және қауырт мәселелерді шешу үшін Премьер-министр басшылығымен шетелдік несиелер жөніндегі республикалық комиссия құрылды.

      Қазақстан Республикасы шетелдік несиелерді тарту, пайдалану, қызмет ету және өтеу процестеріне мемлекеттік реттеуді күшейту және отандық өнімдер экспортын ынталандыру  үшін 1994 жылдың шілде айында Қазақстан-Алембанкісінің барлық халықаралық міндеттер жөніндегі құқығын иеленуші болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорттық-импорттық (Эксимбанк) банкісі құрылды. Алембанк-Қазақстан дүние жүзінің 170 ірі банктерімен корреспонденттік байланыстары бар: 13 бас кредиттік желілерге қызмет көрсетеді; бірқатар ірі объектілерді қаржыландырады; валюталық несиенің 85 өндіріс сферасына жұмсайды.

      Қазақстан Республикасының экономика министрлігінде ашық 24 кредиттік желілер шеңберінде шетел несиелерін қолдануға бақылау  жасалады, оның ішінде 19 мемлекет және 5 халықаралық ұйым.

      6260 млн. АҚШ доллар соммасына шетел  капиталының қатысуымен 15 ірі инвестициялық  жоба жүзеге асырылу керек.

      Республика  ішілік және республикадан тыс отандық  бизнес қарым-қатынасында делдал болып  Қазақстанның сауда-өндірістік палатасы табылады. Ол 1959 жылы ұйымдасқан және 1989 жылдан бастап өз алдына дербес болды. Қазіргі кезде оның мүшелік құрамына 400-ден аса ұйым кіреді, және оның қарауында  “КазЭкспо”, “Казнешсервис”, “Казахстанэкспертиза” сияқты маманданған фирмалар құрылды.

      Облыс орталығында республикалық палаталық  уәкілдігімен дербес сауда өндірістік палаталар құрылуда. Шетел мемлекеттерімен  біріккен сауда палаталарын құру жөнінен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Франциямен біріккен сауда палатасы құрылды. 9 елде сауда үйлері құрылды.

Информация о работе Әлемдік экономика