Әлеуметтік саясат және оның Қазақстан Республикасындағы орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 20:38, реферат

Описание работы

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Әлеуметтік саясат туралы теориялық талдаулар
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
3. Әлеуметтік саясат жүргізудің әлемдік тәжірбиесі
Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

реферат каламкас.docx

— 41.67 Кб (Скачать)

 Жерорта  теңізі  елдерінің әлеуметтік саясат жүргізудің өзіндік үлгісі бар. Ол мемлекеттерге  Испания, Португалия, Греция, Италия, Ирландия елдері жатады. Бұл елдерде әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі мазмұны мемлекет немесе Үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған әлеуметтік сақтандырумен түсіндіріледі. Жерорта теңізі елдері үлгісінде әлеуметтік салаға көп қаражат бөлінгенімен, ол халықтың басым бөлігін қамти алмайды.

Демек, әр мемлекеттің әлеуметтік саясат жүргізу  ерекшелігі елдің экономикалық потенциалымен  санасады. Осыған сәйкес әлеуметтік мәселелерді  шешуге арналған әдістер жүйесі бар.  Бірнеше елдердің топтамасында немесе жекелей мемлекеттердің өздеріне тән әлеуметтік жүйесін кездестіруге болады. Бір елдің белгілі бір топқа жіктелуін қарастырғанда өзіндік ерекшеліктер мен талаптарды ескерген дұрыс:

  • әлеуметтік саясаттың көздеп отырған түпкі мақсаты: берілген жүйе минималды ауқаттылық пен кепілдендіруді ұсынумен шектелуі, мемлекетте жалпы табыстың қоғам мүшелеріне қайта бөлінуі;
  • әлеуметтік саясаттың экономикалық саясатпен байланыстылығы;
  • әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдылық типі: белсенді, конструктивті.

Жалпы алғанда әр үлгінің мемлекетте әлеуметтік саясат жүргізу мен халықтың әлжуаз бөлігін қорғап отыруда өзіндік  артықшылығы мен кемшіліктері бар. Бірақ әлем мемлекеттер қоғам  түрленіп, дамыған сайын әлеуметтік саясат жүргізу әдістерін жетілдіріп отырады, бір-бірімен тәжірбие алмасу үрдісі тоқтамайды.             
 

 ХХ  ғасыр кез келген мемлекеттің  ішкі саясатының негізгі бағыттарының  бірі әлеуметтік саясат болуы  керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.

Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің  әлеуметтік саясатының ең негізгі басым  бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі  туындады. Әлеуметтік саясат аясында  халықты, оның ішінде көмекке аса  мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар  әлеуметтік қорғалады.   

 Қазақстан  Республикасы  Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен.  Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау –  бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» .      

 Әлеуметтік  саясатты жүргізудің негізгі  мынадай принциптері бар: баға  көтерілгенде компенсацияның түрлі  формаларын енгізіп және  индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру,  оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді.   

 Халықты  әлеуметтік қорғау мәселесін  әр мелекет өзінің  әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің шеңберінде шешеді. Әр аймақтық бөлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің өзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да өз үлгісі бар. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996  жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты.  2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша  халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:

  • базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер.
  • міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында.
  • қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру.
 

     Осының аясында жыл сайын үкімет пен министрлікте ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.   

 Қоғамның  тағы да бір әлжуаз таптарына арналған мемлекет тарапынан жасалынатын қолдаулар жүйесі көрсетілген «Мемлекеттік атаулы көмек туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданды.  Мемлекеттік атаулы көмек көрсету қаржылай төлемдер арқылы атқарылады. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы төлемдерінің 4  түрін қамтиды:

  • тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • кедейлік шегіне дейінгі жандарға қаржылай көмек көрсету;
  • 4  балалы және 7 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін аналарға көмек;
  • үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек-балаларға . 
 

     БҰҰ ның  мәліметінше дүние жүзінде халықтың  он пайызы, яғни алты жүз миллионнан астам адам мүгедек болса, Қазақстандағы бұл көрсеткіш төрт жүз мың адам, яғни халықтың үш пайызын құрап отыр. «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы, 2002 жылдың 11 шілдесіндегі «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагоникалық коррекциялы қолдау туралы» ҚР Заңы, 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді қатарға қосу бағдарламасы және тағы басқа заңнамалық құжаттар мүгедек жандарға қолдаулар көрсетеді. . Осындай заңнамалар бойынша  мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек – балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі .   Әлеуметтік саясаттың негізін салушылардың бірі Питирим Сорокин  «Ғылым деген не деген » кітабында «Әлеуметтік саясат – әлеуметтік медицина» деген екен. Осы тұста мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, қорғауда кейбір өзекті мәселелер бар. Мәселен Заңға сәйкес мүгедектер сауықтыру бағдарламаларына орай протез – ортопедтік көмекпен, қозғалуға байланысты әлеуметтік жабдықтармен, сурдо – тифложабдықтармен және басқа да техникалық құралдармен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырыс бойынша сауықтыру, емдеу шараларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл шаралар толыққанды жасалынуына бақылауды күшейту керек. Сонымен бірге мүгедектіктің алдын алу, еңбекке қабілетті бөлігін жұмыспен қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және ақпараттық ортаға тиісінше қол жеткізу мәселелерін өз шеңберінде жүзеге асыру тым өзекті мәселе болып табылады. Мәселен заң бойынша мүгедек жандарды жұмысқа алуы тиіс болса да, кейбір ұйым, мекеме басшылары  физиологиялық кемшілігіне байланысты мамандықтың кәсіби иесі болған мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдамай жатады.   

 Халықты  әлеуметтік қорғау жүйесінде  әлеуметтік сақтандыру маңызды  элементтерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік, медицналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан сақтандыру сияқты түрлері бар. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы жүзеге асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың жалақысының 7,5 пайзы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Қазақсатнда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды.

Мұнда мемлекетке төленетін әлеуметтік салықтың үш пайызын құрайтын бөлігі ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енген уақыттан бастап 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы  822 542,1  мың теңгені құрады. Бұл қор төмендегідей қызметтер атқарады:

  • еңбек ету қабілетінен айрылу, егер медициналық-әлеуметтік сараптама азаматқа еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
  • асыраушысынан айрылу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
  • жұмысынан айрылу, жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау, жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер азамат үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе, онда ол жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы.
  • жүктілігі және босануына, әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық 
    табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.
  • нәресте күтімі үшін, бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек, ал әлеуметтік төлемнің ең кіші ері бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады .
 

   Зейнеткерлік жасына жеткен ел тұрғындарын лайықты өмір мен жеткілікті зейнетақымен қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың үлкен міндеттерінің бірі. 1998 жылдан бастап зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады: ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен   қамтамасыздандыру); жинақтаушы зейнетақы жүйесі  (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру). Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату. Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге – 63 жас, ал әйелдерге – 58 жас .  

«2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық  бюджет туралы» Заң жобасында  мемлекеттік базалық зейнетақының төменгі мөлшері – 5388 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 9875 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің  шамасы – 13470 теңгені құрап отыр .  Осы тұста Қазақстан бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен зейнетақының ең төменгі мөлшері тіптен төмен болып отыр. Зейнетақы мөлшері халықты әле де толықтай қанағаттандыра алмай келеді. Зейнетақы тағайындау барысында теңестіру саясаты жүзеге асқандықтан, минимум және максимум зейнетақы арасындағы айырмашылық көлемі тым аз.  Болашақта зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы жүйесін қайта жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.     

 Қазақстанда  әлеуметтік саясат аясында көрсетіліп келе жатқан әлеуметтік көмек  көрсетудің бір түрі – әлеуметтік көмек төлемдері. Бұл салаға  бөлінетін қаржы соңғы бес жылда  жылдан жылға артып келеді, яғни, мемлекеттің әлеуметтік салаға жіті көңіл бөліп отырғаны байқалады.Жалпы соңғы жеті жыл ішінде мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары бес еседен астам ұлғайған екен. Сонымен бірге бес миллионнан аса біздің азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш – осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыалады. 
     Бұл бүгінгі талданған жүйелер мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың негізі болған әлеуметтік қорғаудың маңызды бөліктері болып табылады. Қарқындап дамып келе жатқан Қазақстан экономикалық, саяси потенциалымен уақыт өткен сайын әлеуметтік салаға тереңінен көңіл бөлері анық.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Әлеуметтік саясат және оның Қазақстан Республикасындағы орны