Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономика байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 20:29, курсовая работа

Описание работы

Мен осы тақырАуыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.[1]ыппен танысқым келеді

Работа содержит 1 файл

Мында өту.docx

— 32.08 Кб (Скачать)

    ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.

Соңғы жылдары  экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды  кеңінен пайдалану негізінде  ауыл шаруашылығын қайта түлету XX ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты  мәселелерге — мәдени өсімдіктердің  өнімділігін арттыратын және егістік  жерлерді пайдалану мүмкіндігін  кеңейтетін дақылдардың тез пісетін  сорттарын шығару, суландыру шараларын  ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар  қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.

Сонымен қатар  осы заманғы техниканы, тыңайткыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл революция нәтижесінде  кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті. Сонымен бұл революция дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болатынын тағы да көрсетті.

XX ғасырдың 80-жылдары  басым түрде дамыған елдер  аясында екінші "жасыл революция"  немесе биотехнологиялық революция  (нанотехнология) жүрді. Гендік инженерия  нәтижесінде үсік пен түрлі  ауруларға төзімді томат, картоп, мақта, қытайбұршақ (соя) сияқты  өсімдіктердің жаңа сорттары  будандастырылса, сүтті сиырлардың  етті шошқа мен ірі қараның  жаңа түрлері шығарылды. Мұндай  жетістіктерді өндіріске енгізу  өте қымбатқа түсетіндіктен, қазірше  батыстың жоғары дамыған елдерінде  ғана қолданылуда. Ауыл шаруашылығы  даму бағыттарына қарай интенсивті  және экстенсивті болып бөлінетіні  сендерге таныс.

Қазіргі ауыл шаруашылығына  тән басты белгі — бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері  сұранысқа, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, көлікпен жабдықталуына, әр елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді.

Бүгінгі таңда  ауыл шаруашылығында жоғары маманданған  кәсіпорындар мен ауылшаруашылың аудандары  көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың  кең етек алуы, өндірістің көлік  және жоғары технологиялық жетістіктерімен  қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып  отыр.[1]

[өңдеу] Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны

Қазір Қазақстанда  ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік  ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру  және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс  істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і  өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік  кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен  бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті  қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы  өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне  тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы  дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың  га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың  га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.[2]

[өңдеу] Ауыл шаруашылығы ауданы

  1. өндірістік мамандануының басты саласы ауыл шаруашылығы өндірісі болып табылатын интегралды экономикалық аудан;
  2. ауыл шаруашылығы өнімінің белгілі бір түрін (түрлерін) өндіруге маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үштесуі мен өндірістік өзара байланыстары бар салалық экономикалык аудан.

[өңдеу] Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау

Елдің аумағын  ауыл шаруашылығының сипаты немесе оны  жүргізу жағдайлары бойынша салыстырмалы біртекті бөліктерге (аудандарға) бөлу; экономикалық аудандаудың бір түрі.[3]

[өңдеу] Ауыл шаруашылығы географиясы

    Толық мақаласы: Ауыл шаруашылығы географиясы

Ауыл шаруашылығы  өндірісі орналасуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтау мен талдауды коса ауыл шаруашылығы өндірісінің аумақтық саралануының зандылығы мен ерекшеліктерін зерттейтін географияның бөлімі; ауыл шаруашылығы өндірісін аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің баска салаларымен өзара байланыста қарастырады. Ауыл шаруашылығы географиясының ауыл шаруашьшығы өндірісінің орналасуы мен аумақтық ұйымдастырылуының жалпы теориясын, ауыл шаруашылығының жеке салаларының (егіншілік, мал шаруашылығы және тағы да басқалары) географиясын, әр түрлі аумақтарды аудандауды және типке бөлуді қамтиды.

[өңдеу] Ауыл шаруашылығы жерлері

Ауыл шаруашылығы  өндірісінде пайдаланылатын жер  телімдері; табиғи ерекшеліктері мен  ауыл шаруашылығына пайдаланылуы бойынша  ерекшеленеді. Егістік, жайылымдық және шабындық деп бөледі. Қазақстанда 2005 ж. барлық Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі, шамамен, 215850,9 мың га, оның ішінде егістік жер 23230,4 мың га, пішендік 4816,0 мың га, жайылым 182358,1 мың га болды.

[өңдеу] Ауыл шаруашылығы карталары

Ауыл шаруашылығы  өндірісінің орналасуын, оның даму жағдайлары мен факторларын бейнелейтін  карталар.

Информация о работе Өндірістік кәсіпорынмен нарықтық экономика байланысы