Өндірістік процесс
Доклад, 25 Ноября 2011, автор: d**********@gmail.com
Описание работы
Кез-келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.
Кәсіпорындағы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.
Өндірістік процесс өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай:
жай;
күрделі болып бөлінеді.
Работа содержит 1 файл
Өндірістік процесс.doc
— 36.00 Кб (Скачать) Өндірістік
процесс
Кез-келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.
Кәсіпорындағы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.
Өндірістік процесс өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай:
- жай;
- күрделі болып бөлінеді.
Өндірістік процестердің күрделілігі — кәсіпорынның түрлі бөлімдер мен цехтарының, сондай-ақ өндірістік бөлімшелерінің қызметіне байланысты. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілетті, сапалы, тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын өнім өндіру бүгінгі күннің басты міндетіне айналып отыр. Өндірістік процестер екіге бөлінеді:
- еңбек заттарының нысандары мен сапаларын өзгертетін процестерді технологиялық процесс деп атайды.
- еңбек заттары нысандары өзгермейтін процестерді технологиялық емес процестер деп аталады.
Өндірістік процестің нәтижелігі өнім түрлеріне қарай:
- негізгі;
- көмекші;
- қызмет көрсетуші (оның ішінде: әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени);
- басқару болып бөлінеді.
Негізгі процесс технологиялық процесс болып табылады, яғни бұйымдардың шамасы, өлшемі, физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Технологиялық операция техникалық қуаттардың жетілуіне қарай:
- қолмен атқарылатын операция;
- машина-қолмен;
- машиналық;
- автоматты;
- аппаратты болып бөлінеді.
Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп аталады. Технологиялық операция — бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өндеу тобының дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын өндіріс процесінің бөлігі.
Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланылатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал-жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.)
Қызмет көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім шығармайтын процесс, оған қатыстылар:
- тасымалдау;
- қоймалық операциялар;
- технологиялық бақылау.
Басқару процесі — өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.
Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы — көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуді талап етеді.
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:
- жекелеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандандыруды тереңдету — еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;
- үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді;
- қатар даму — өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген құрылымдарында қосарласа орындалуы. Мақсат — еңбек аясын кеңейту;
- аралас даму принципі - бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни шикізатты өндеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс-әрекеттерді қамтиды;
үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толассыз өндірісті алуға болады;
ырғақтылық — технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы;
автоматтандыру принципі - өндіріс процесін әлемдік деңгейде автоматтандыру.