Өндірістік шығындарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Қаламқас ондірістік шыгындар есебі.doc

— 251.50 Кб (Скачать)

      Жекелеген талдамалық шоттарда тұрғын үй пәтерлері мен жатақханалар тұрғындарынан орталықтандырылған жылу, канализация және ассенизация, ыстық сумен жабдықтау, телефонды және ұжымдық антенналарды пайдаланғаны үшін алынатын нысаналы алымдар есебінен жүргізілетін шығыстар есепке алынады. Олар бойынша шығыстар бұл қызметтерді осы кәсіпорынның коммуналдық шаруашылығы көрсетті ме, әлде басқа кәсіпорын көрсетті ме, оған қарамастан "Коммуналдық қызмет" арқылы жүргізіледі. Нысаналы алымдарды (кірістерді) есепке алу жекелеген талдамалық шоттардағы алымдар түрлері бойынша жүргізіледі.

      ТҮКШ  кірістері мынадай баптар бойынша  есепке алынады: пәтерақы, тұрғын үй емес үй-жайға арендалық (жалғалық) ақы  төлеу, үй шаруашылығының пайдалану  шығындарын жабу үшін арендаторлардан (жалға алушылардан) алым жинау, басқа да кірістер.

      Қогамдық  тамақтандыру кәсіпорындарындағы шығындарды есепке алу және өнімиің өзіндік құнын есептеу (2 субшоты). Стационарлық асханаларды ұстау жөніндегі шығындар мынадай баптар бойынша жүргізіледі:

      1. Жалақы   және   жалақыдан   аударылатын   аударымдар   —   асхана қызметкерлерінің негізгі және қосымша жалақы және осы қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша есептелген әлеуметтік салық).

      2. Шикізаттар (өнімдер) — белгіленген  рецептураға сәйкес тамақты (блюдоны) дайындау үшін асханаға босатылған өнімнің (тауардың) құны.

      3. Отын, су — тамақты (блюдоны)  дайындау үшін жұмсалған отын  мен судың құны.

      4.  Ғимаратты күтіп-ұстау — жарық,  жылу, сыпыру, амортизация, жөндеу, транспорт,  ыстық және суық су, тамақты дайындау үшін технологиялық отындар.

      5. Амортизация және басқа да  ұсақ керек-жарақтар бойынша шығыстар. Бұл бапқа қоғамдық тамақтандыру саласындағы негізгі құралдардың амортизациясы, сондай-ақ ұсақ керек-жарақтардың құны (қасық, ыдыс т.б.) жатады.

      6. Басқа да шығындар — бұрынғы  баптарда керсетілмеген шығындар (асхана жамылғыларын жуу және  жөндеу, ыдыстарды шаю және т.б.) кіреді.

      Дайын тағамдардың өзіндік құнын аныктау және тағамның сатылу құнын есептеу олардың калькуляциялық карточкаларыныда жүргізіледі. Оларда рецептуралар бойынша тағамдардың реттік нөмірі, рецепт бойынша тағамдардың құрамына кіретін өнімдердің атаулары, өнімдердің жұмсалу нормалары және олардың сатылу бағалары жазылады. Есептеу үшін 100 тағамдық өлшем бірлігін алады. Есеп айырысу 100 тағамға жүргізіледі. Тағамның сатылу бағасына қосылатын үстеме ақыны асханалар өндірісінің шығындарын жабу қажеттігін негізге ала отырып анықтайды. Тағамның құны шикізат жиынтығы немесе өнімдерге баға өзгергенге дейін сақталады. Сату бағасының дұрыс белгіленгені калькулятордың (бухгалтерияның) қолымен расталып, оны өндіріс меңгерушісі немесе асхана директоры бекітеді. Карточкалар нөмірленіп, арнаулы картотекаларда сақталады.

      Асхана  қоймасына келіп түскен өнімдер (азық-түлік) мен тауарлар материалдарды есепке алу карточкаларында атаулары, сорттары, саны және құны бойынша есепке алынады. Кәсіпорын бухгалтериясында асханадағы өнімдер 1330-шотта есепке алынады.

      Қоймадан  алынған өнімдер асхана меңгерушісінің немесе басқа жауапты қызметкерлердің есебіне жазылады, ол күн сайын накладнойлардың, лимиттік-алу карталарының, кассалық чектердің негізінде ас-үй бұйымдарын сату мен босату есебін жасап, онда тағамдардың санын және олардың сату бағасын көрсетеді. Қолма-қол есеп айырысуға дайын тағамдарды босатқан кезінде кәсіпорын бухгалтериясы кассирдің есеп беруінде көрсетілген сомасын түскен түсіммен салыстырады.

      Асхана  меңгерушісі белгіленген мерзімде бухгалтерияға бұйымдардың сатылуы мен босатылуы туралы есеп тапсырады, оған түскен түсімдердің кассаға тапсырылғаны туралы кассалық ордерлер квитанциясын қоса тіркейді.

      Асханалардағы тағамдардың босатылуын кәсіпорын  күні бұрын өткізген абономенттер (бір жолғы талондар) бойынша жүргізуге болады. Абономенттер қатаң есептегі бланкілер ретінде нақтылы құны (нөмірлері, сериялары, саны және материалдық жауапты адамдар) бойынша    - "Қатаң есептегі бланкілер" деп аталатын баланстан тыс шоттарда есепке алынады. Абономенттер бойынша босатылған тағамдардың құны дастарқан мәзірінде (менюде) көрсетіледі.

      Мектепке  дейінгі балалар мекемелерін ұстау женіндегі шығындарды есепке алу олардың әрқайсысы шығындардың мынадай баптары бойынша жүргізіледі:

      1.  Жалақы және еңбек ақыдан аударылған аударымдар - педагогикалық, медициналық және басқа да қызмет көрсететін адамдардың негізгі және қосымша жалақысы және жалақыдан есептелген аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша есептелген әлеуметтік салық).

      2.  Шаруашылық шығыстары — үй-жайларды  ұстау, жинау, жылыту, жарық беру, жөндеу, сумен жабдықтау, канализация,  жаймаларды жуу, жөндеу және  т.б. шығындар.

      3. Оқытуға байланысты шығыстар  және кітапхана үшін кітаптар  сатып алу — балалармен сабақ өткізу және балалар мерекелерін еткізу үшін қуыршақ, құралдар мен материалдар сатып алу.

      4.  Тамаққа жұмсалған шығындар - белгіленген нормалар бойынша тамақ өнімдерінің құны.

      5.  Шаруашылық мақсаттары үшін жұмсалған шығындар, яғни жабдықтарды және керек-жарақтарды, жиһаздарды сатып алуға.

      6. Жеке керек-жарақтар мен киім-кешек  сатып алу - төсектер; тәрбиешілер,  медициналық және басқа қызметшілер  үшін арнаулы киімдер, ясли жасындағы балалар үшін киімдер мен жаялықтар, басқа да уақ-түйек керек-жарақты сатып алуға жұмсалатын шығындар.

      7.  Басқа да шығындар — іс-сапарларға, қызмет сапарларына жұмсалатын және бұдан бұрынғы баптарда ескерілмеген басқа да шығындар.

      3.2 Үстеме шығыстардың есебі

 

      Үстеме  шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың  жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей  дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға  болмайды.

      Үстеме  шығыстар, әдетте, біршама жалпы  сипатқа ие болады:

      - кешендік сипаты - шығыстар құрамында  барлық экономикалық элементтер  шығындары көрініс табады;

      - екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

      Үстеме  шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына  тәуелді болып келеді. Негізінен  ол шаруашылықтың есеп саясатына  сәйкес көрініс табады:

      - өндіріс жұмысшыларының еңбек  ақысына пара-пар етіп (пропорционалды) таратылады;

      - тікелей материал шығыстарына пapa-пар етіп (пропорционалды) таратылады;

      -  өндірілген өнім санына немесе  өнделген шикізаттың салмағына  пара-пар етіп (пропорционалды) таратылады;

      - цех құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, кара металлургияда)  немесе шикізат құны шегерілген  цехтың өзіндік құнына пара-пар  етіп (пропорционалды) (мысалға, жеңіл  өнеркәсібі) таратылады;

      - алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;

      - басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықгың жұмыс сағатына және т.б.).

      8040 - "Үстеме шығындар" бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:

      8040 - "Үстеме шығындар", онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;

      8041 - "Материалдар" — үстеме шығындардағы материалдардың барлықтүрлерін есепке алу үшін арналған;

      8042 - "Қызметкерлердің еңбегіне еңбек ақы төлеу" — жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;

      8043 - "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" — 8042-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;

      8044  - "Негізгі құралды жөндеу" - өндіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

      8045  - "Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы" — өндіріс қызметінде пайдаланатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;

      8046 - "Тұрғын-үй қызметі" — тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да керсетілуі мүмкін;

      8047 - "Жал ақысы" — өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;

      8048 - "Басқа да" — әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.

      Үстеме  шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі  келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді:

      Мысал. Аяқ киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорны  төрт өнім түрін шығарады делік:

      теріден тігілген ерлер аяқ киімі - 100 мың жұп айына;

      теріден тігілген ерлер туфлиі — 7 мың жұп  айына;

      жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі — 12 мың жұп айына;

      үйде  киетін әйелдер туфлиі - 12 мың жұп  айына.

      Үстеме шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:

      - алдымен құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың жұмыс сағатына кеткен осы шығыстын деңгейі және тиесілі өнім түрін әзірлеген кездегі құрал-жабдықпен жұмыс істеу ұзақтылығы ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдықтың жұмыс істеу машина / сағаты туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалық) мөлшерлеме анықталады;

      — содан соң жалпы үстеме шығыстары  өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.

      Сметалық  нормативтік мөлшерлеме есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Н=СР,

      Мұнда,

      Н - сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;

      С — құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы;

      Р - құрал-жабдықтың жұмыс істеу  барысында жасалған машина/ сағатының  саны.

      Соңғы көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір түрін әзірлеуде пайдаланатын әртүрлі топтағы құрал-жабдықтың машина/сағатын түзету коэффициентіне көбейту арқьшы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойынша біртектес құрал-жабдықтардың топтары бойынша анықталады, мысалға, детальдарды штамповка жасау үшін арналған пресс (тығыздау), токарь станогі, фрезерлік станок т.б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір топтарының қажетті жұмыс сагатының санын технологиялық құжаттарының негізінде анықтайды:

      - цех құрал-жабдықтарының шығындарын олардың күрделілігіне, қуаттылығына және құнына тәуелді етіп таратады, сондай-ақ әрбір құрал-жабдықтың бірлігіне келетін шығыстың мөлшері бойынша да 4 топқа бөлінеді: А, Б, В, Г;

      - құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шығыс жасалған, оның жалпы сомасы 5985 мың теңге құраған;

      - әрбір топ бойынша жұмыс істеу  сағаты, яғни машинаның жұмыс  істеу мерзімі белгіленген, осыдан  барып өндіріс құрал-жабдығының  бір нормативтік сағатының сметалық  мөлшерлемесі анықталады.

      Жоғарыда  келтірілген мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалық мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз.

      Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің  конструкциясы, технологиясы және басқа  параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін  алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олардың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.

Информация о работе Өндірістік шығындарының есебі