Өндірістік тәжірибе өткен уақыт аралығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 09:28, отчет по практике

Описание работы

Мен Б-43 тобының студенті Бердіоңғарова Дидар Мұратқызы өндірістік тәжірибені «АТФБанк» АҚ Қарағанды филиалында өткіздім. Тәжірибе барысында бағдарламадағы өндірістік-тәжірибелік жоспар бойынша барлық берілген тапсырмаларды орындадым.
АТФБанктегі тәжірибемнің ең алғашқы күні мен кабинеттерді аралап көрдім, бөлім қызметкерлерімен таныстым. Ал, екінші күні мен операциялық бөлімде АТФБанктің есеп-айырысу, депозиттік, несиелік операциялардың саясатын оқып, зерттеп білдім.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 АТФБанктің қызметін ұйымдастыру..................................................................5
1.1. Банктің даму тарихы........................................................................................5
1.2. Банктің іскерлік қатынастар этикасы.............................................................2
1.3. Банк мақсаты мен орындайтын операциялары..............................................9
2 АТФБанктің операцияларын ұйымдастыру және оның есебі........................16
2.1 Жеке және заңды тұлғалардың депозиті бойынша операцияларды ұйымдастыру ....................................................................................................16
2.2 Төлем карточкаларын ұйымдастыру және оның мүмкіндіктері.................18
2.3 АТФБанкінің несиелендіру операциясы......................................................27
2.4 Кассалық операцияны жүргізу тәртібі..........................................................55
3 АТФБанк қызметін экономикалық талдау
3.1 Банк секторын талдау
3.2 Банктің капиталдар өсімі
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................34
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

КБК Банк. дело (отчет каз полная версия) АТФ банк.doc

— 136.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.

Қарағанды Банк колледжі. 
 

“Қаржы  және бухгалтерлік есеп”  кафедрасы 
 
 

Өндірістік  тәжірибе бойынша

Есеп  беру

Өндірістік  тәжірибе өткен уақыт аралығы

(15.12.2008-14.02.2009)

Б-43 тоының студенті Бердіоңғарова Дидар Мұратқызы 
 
 

Тәжірибе жетекшісі: Колледж жетекшісі

АҚ «АТФБанк»  Қарағанды  аға оқытушы

филиалының бөлшек орталықтың Бименова А.А.

директоры Бейсенгалиева  М.Т.    
 
 

Қарағанды-2008ж. 

ЖОСПАР

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 АТФБанктің  қызметін ұйымдастыру..................................................................5

1.1. Банктің  даму тарихы........................................................................................5

1.2. Банктің  іскерлік қатынастар этикасы.............................................................2

1.3. Банк  мақсаты мен орындайтын операциялары..............................................9

2 АТФБанктің  операцияларын ұйымдастыру және оның есебі........................16

    1. Жеке және заңды тұлғалардың депозиті бойынша операцияларды ұйымдастыру ....................................................................................................16
    2. Төлем карточкаларын ұйымдастыру және оның мүмкіндіктері.................18
    3.   АТФБанкінің несиелендіру операциясы......................................................27
    4. Кассалық операцияны жүргізу тәртібі..........................................................55
  1. АТФБанк қызметін экономикалық талдау
    1. Банк секторын талдау
    2. Банктің капиталдар өсімі

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................34

ҚОСЫМШАЛАР 
 

 

КІРІСПЕ

     Мен Б-43 тобының студенті Бердіоңғарова  Дидар Мұратқызы өндірістік тәжірибені «АТФБанк» АҚ Қарағанды филиалында өткіздім. Тәжірибе барысында бағдарламадағы өндірістік-тәжірибелік жоспар бойынша барлық берілген тапсырмаларды орындадым.

     АТФБанктегі тәжірибемнің ең алғашқы күні мен  кабинеттерді аралап көрдім, бөлім қызметкерлерімен таныстым. Ал, екінші күні мен операциялық бөлімде АТФБанктің есеп-айырысу, депозиттік,  несиелік операциялардың саясатын оқып, зерттеп білдім.

     Операциялық бөлімде мен шотты ашу және жүргізу тәртібімен, ашу үшін керекті  құжаттар тізімімен, сонымен қатар құжаттарды тексерумен және олардың төлемдерін есеп айырысатын немесе басқа да шотта тіркеумен таныстым.

     Өндірістік  тәжірибені қандай дәрежеде меңгергенімді  осы есеп беру ақпаратынын көруге болады. Есеп беру жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда АТФБанктің қызметін ұйымдастырылуы, дамуы жайында жазылған. Екінші тарауда жеке және заңды тұлғалардың депозиттері, төлем карточкаларының мүмкіндіктері, клиенттерді несиелендіру операциялары қарастырылған. Ал, үшінші таруда АТФБанк қызметін экономикалық талдау, яғни банк секторын талдап кету қарастырылды.

     Өндірістік  тәжірибе есебінің әдістемелік нұсқауларын  мен көбінесе АТФБанктің жылдық есеп кітабінен, журнал-газеттерінен, қосымша  материалдардан көмек ретінде алдым.  
 

 

  1. АТФБанктің  қызметін ұйымдастыру

    1.2 Банктің даму тарихы

     1995 жылы құрылған «АТФ Банк» Акционерлік  қоғамы Қазақстандағы банк жүйесіндегі  алдыңғы қатардағыларының бірі болып тоыр. 1995 жылдың маусымында ҚР Ұлттық Банкімен ЖАҚ «Алматинский торгово-финансовый банк» болып тіркелген «АТФ Банк» ҚР Ұлттық Банкінен теңге және шетел валюталарымен жүргізілетін операцияларға №59 генералды лицензия алды. 2001жылы ААҚ «Алматинский торгово-финансовый банк», ал 2002 жылдың маусымында ААҚ «АТФ Банк» болып тіркелді. 2003 жылдың қазан айынан бастап АҚ «АТФ Банк» болып қайта тіркеуден өтті. Банктің табыстылығына қазақстандық және халықаралық құрылтайшылардың белсенді қызметтері, халықаралық стандарттар және банк қызметкерлерінің жоғарғы біліктілігі кепіл болып отыр. «АТФ Банк» 14 жыл ішінде банктік қызметтің барлық саласында айтарлықтай нәтижәлерге қол жеткізді және құрамында 3250 астам адам қызмет атқаратын, заман талабына сай алып компаниялар тобының біріне айналды.

     Сыйластық, сенім, еркіндік, сабақтастық және тәуелсіздік  кіретін «АТФБанк» құндылықтар жиынтығы – банк қызметі және оның клиенттермен, серіктестермен қарым-қатынасы үшін негізгі тірек болып табылады. АТФБанктің құндылықтары – тұрақтылық пен табыс кепілінің басты шарты. Бизнестің жаңа бағыттарының дамуы, шығын деңгейінің төмендеуі, сонымен қатар үнемі жаңа банктік технологияларды енгізу, бұл – даму деңгейіне қарамастан банк алдында тұрған міндеттер.

     «АТФ  Банк» АҚ әмбебап қаржылық институт бола отырып, Қазақстанның қор және валюта нарығында жетекші орын алады. Банк Қазақстанның қаржылық институттарының ішінде активтерінің саны бойынша ірі үштікке кіреді. Банк қызметінің негізгі көрсеткіштері сенімді өркендеуді байқатады - 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша банк активтері 7 миллиард 830 миллион АҚШ долларын құрайды.

     «АТФ  Банк» Қазақстан аймақтарындағы және көршілес мемлекеттердегі нарықта қатысуын жергілікті үкімет органдарымен және кәсіпкерлермен ынтымақтастықты дамыта отырып жүзеге асыруға тырысады. Банк қызметінің жағрапиясы елдің барлық аумағын қамтиды. АТФБанктің Қазақстанның экономикалық тұғырын бекіткен аймақтарының барлығында орналасқан 17 филиалы бар. АТФБанктің Қырғыз Республикасында – «АТФБанк – Қырғызстан» ЖАҚ, Ресей Федерациясында (Омбы) – «Сибирь» ЖАҚ ОКБ және Тәжікстанда – «Сихибкорбанк» ЖАҚ, «еншілес» банктері бар.

     «АТФБанк» акционерлік қоғамы 12 жыл бойы Қазақстан халқына банктік өнімдер мен қызметтер ұсынып келіп, 2007 жылы әлемге танымал UniCredit Group-тың мүшесі болды. Орталық және Шығыс Еуропада коммерциялық банктік операцияларды жүргізу үшін АТФБанк акцияларының бақылау пакетін UniCredit Group-тың бөлімшесі болып табылатын австриялық банк Bank Austria-ның сатып алуы туралы келісімі 2007 жылдың маусым айында жасалды. 2007 жылы 14 қарашада UniCredit Group тобының бөлімшесі Австрияның Кредитанштальт Банкі Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операциялар үшін, «АТФБанк» АҚ-ның жалпы шығарылған акционерлік капитал көлемінен 91,8% сатып алу процесін аяқтады. Келісімнің бағасы шамамен 2,117 млн АҚШ долларын құрады. Бұл жерде айта кетер жайт, бұл келісім өлшемі жағынан ТМД аумағындағы ең ірі банктік келісім болып табылады. Сонымен қатар, италяндық инвесторлар АТФБанктің ағымдағы даму стратегиясын аса табысты деп санайды және оның ары қарай жүзеге асуын толық қолдайды.

     АТФБанктің  Қарағанды қаласындағы бөлімшесінің ұйымдастырушылық құрылымы:

    1. Сервис-менеджерлердің қызметі
    2. Заңгерлік қызмет
    3. Бух есеп және есептіліктің нәтижесі бөлімі
    4. Операционды бөлім, оның ішіне кіретіндер: заңды тұлғаларға қызмет көрсету, қаржылық бақылау және төлемдер секторы.
    5. Кассалық оперциялар секторы.
    6. Бөлшек бөлімі, оның ішіне кіретіндер: тұтынушылық несиелендіру секторы және бөлшек қызметтердің сатылу секторы
    7. Инфотехнологиялар секторы
    8. Бірлескен несиелендіру
    9. Кіші және орта бизнесті несиелендіру
    10. Несиелік әкімшілік бөлімі
    11. Несиелерді қамтамасыз ету бөлімі.
    12. Қауіпсіздік қызметі
    13. Күзет және инкассация бөлімі 
 
    1. Банктің іскерлік қатынастар этикасы

     АҚ  АТФБанктің 30.04.03жылғы № 110 қаулысына сәйкес, банктің барлық қызметкерлері жалпы түр мен клиенттермен қарым-қатынастың келесідей талаптарына бағынулары тиіс:

     Төмендегі ережелер АТФ Банк (төменде Банк) қызметкерлеріне қойылатын талаптарды анықтайды, яғни талаптар қызметкердің сырт бейнесіне, түр-әлпетіне, клиенттермен, іскер серіктестермен және т.б. тұлғалармен дұрыс тіл табыса білуіне негізделген.

     Берілген ережелер іскер этикасы және клиенттерге қызмет көрсетудің бірыңғай мәдениеті жүйесінде банк қызметкерлерімен орындалуына бағытталған және бұл талаптарды банктің әр қызметкері орындауға міндетті. Әр қызметкер қойылған талаптарды дұрыс қабылдап, төменде көрсетілген ережелерге мүмкіндігінше сай болулары тиіс.

     Қолданылатын  терминдер:

     Келушілер – клиенттер, іскер серіктестер, банк қызмет көрсететін басқа да тұлғалар. 

     Кездесулерді  өткізу және қарым-қатынас ережесі

     Қызметкердің  клиенттермен қарым-қатынас құруы банктің имиджына сәйкес болуы керек, яғни банкті парасатты, жоғарғы деңгейде қызмет ететін қаржылық ұйым ретінде көрсете білуі керек. Банк қызметкерлері өздерінің сөйлеу мәнеріне аса көңіл бөле отырып, «көшелік» сөйлеу айналымдарынан бас тартулары керек. Қызметкерлер келушілерге жағымды әсер қалдырулары керек. Сондықтан, кездесу жоспарланған немесе жоспарланбаған болса да, қызметкерлерге келесідей мәнерлерді ұстанулары қажет:

     Кездесу банк қызметкерімен тағайындалса:

    • Кездесуді холлда тағайындау
    • Қызметкер келушіні алдын-ала бірнеше минут бұрын холлға өзі жеке шығып қарсы алуы керек
    • Кездесу барысында қызметкер келушіге амандасып, оны танымаса өз-өзін таныстыруы керек және бұл рәсім тілектес күлімсіреумен өтуі тиіс.
    • Тиісті қарсы алудан кейін қызметкер келушіні өз жұмыс орнына немесе басқа да кездесуді өткізуге лайықты жерге шақыра алады.

    Кездесу жоспарланбаған жағдайда:

    • Келуші банкке келген кезде қызметкер келушіге толығымен назар аударып, көңіл бөлуі керек, атап айтсақ: орнынан тұрып амандасуы, өзін таныстыруы тиіс. Қызметкердің келушілермен кездесуі кезінде әр уақытта жылы шыраймен, сыпайылықпен өтуі керек.

     Кездесу барысында қызметкер келушіге жанына отыруын ұсынуы керек. Егер келушіні отырғызатындай мүмкіндік болмаса, әңгімені тұрып, жұмыс столынан шығып, келушінің жанында жалғастыру қажет. Егер келушімен жұмыс істеу үшін қызметкерге жұмыс столында болу керек болса, онда жұмыс столының жанында міндетті түрде келушілерге арналған орындық болуы тиіс. Банк қызметкері келушінің барлық сұрақтарына тапқырлықпен, аса жауапкершілікпен қарауы керек. Банктің қызметтері туралы мәлімет бергенде қысқаша ғана фактілерді атап кетуден бас тартып, оның орнына келушіні қанағаттандыратын қызмет түріне толық сипаттама беріп, оның артылықшылықтары мен кемшіліктерін атап кетуі керек.

     Кездесудің  соңында келуші өзіне керекті  сұрақтарға қанағаттанарлық жауап  алғанын, өзіне деген назардың жоғарғы  деңгейде болғанын сезініп кетуі  керек.

    • Банк қызметкері тағайындаған кездесуді аяқтар алдында, қызметкер келушіні есікке дейін шығарып салып, қоштасуы керек. Қоштасу көзделген нәтижеге жеткеніңізге немесе жетпегеніңізге қарамастан келушіні жылы шыраймен, сыпайылықпен шығарып салу керек.
    • Егер кездесу жоспарланбаған болса, қызметкер келушінің бұл банкте басқа жұмыстары бар ма екенін алдын ала анықтап, оны есікке дейін немесе келесі қызметкерге дейін шығарып салуы керек. Егер қызметкер келушіні белгілі бір себептермен шығарып сала алмайтындай болса (сізді күтіп отырған басқа да келушілер, аяқталмаған телефонмен сөйлесу), келушіге жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрап, жұмыс столынан тұрып қоштасу керек. Қоштасу жылы шыраймен, сыпайылықпен аяқталуы керек.

АТФБанк қызметкерлерінің сырт келбеті

     «АТФБанк» АҚ қызметкерлерінің сырт келбеті банк имиджына сай болуы керек. Қызметкерлер жұмыс орнында таза әрі ұқыпты үтіктелген киімде және тазартылған аяқ киімде болулары міндетті. Киім стилі – іскерлі-кертатпалы.

     Ер  адамдар үшін – костюм, көйлек, галстук, туфли. Әйел адамдар үшін – костюм немесе көйлек, шұлықтар (жыл мезгіліне  қарамастан), классикалық туфли. Ашық, жарқын түсті киімдерге рұқсат етілмейді.

     Банктің барлық қызметкерлері, яғни бэк-офистің  және фронт-офистің қызметкерлері  бейдж тағып жүруге міндетті.

    1. Банк мақсаты мен орындайтын операциялары

      АТФБанкінің негізгі мақсаты – Қазақстан  халқының әл-ауқатын өсуі және экономикалық  өркендеуі мақсатында банк кең ауқымда банк өнімдерімен әр клиенттің қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады.

Информация о работе Өндірістік тәжірибе өткен уақыт аралығы