Қоғамдық талдау теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:06, доклад

Описание работы

Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.
Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Ляззат баяндама.doc

— 82.00 Кб (Скачать)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Қоғамдық талдау теориясы»

 

 

 

 

 

                                           Орындаған: МжЖБ мамандығының 3 курс студенті   

                                                                  Искакова Л.М:

 

                                           Тексерген: Экономика және басқару құжырасының

                                     оқытушысы Байкин А.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай, 2012 жыл


Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған  іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.

Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін,  адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.

Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты - қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру. 

Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы.

Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді.

Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің зерттеу пәніне қазіргі жүйелердің жалпы теориясының негізгі ережелерін енгізеді. Бұл бүтін жүйе - өзара әрекеті оны құрайтын бөліктерге, компоненттерге тән емес, жаңа интегративті қасиеттердің қалыптасуына міндетті түрде әкелетін объектілердің жиынтығы деген сөз. Жүйелік қасиет қоғамға қатысты оның міндетті түрде біртұтас болуын білдіреді.

Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше жеке, жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің бар болуын жатқызуға болады.

Біртұтастылық – қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр: материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері болып адамдар, сондай-ақ, олардың нормалары, байланыстары және қатынастары табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің негізінде жүйенің өзін өндіруге бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз. Әлеуметтанудың бұл деңгейін «социеталды» (лат. Societas – бұл жағдайда қауымдастық) деп атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, тұлға) «әлеуметтік жүйе» деп атауға болатын, шағын жүйелердің жиынтығы ретінде болады.

Жүйелер не гомогенді, яғни біртекті, белгілі бір қасиеттерге ие, немесе гетерогенді, яғни, олардың субстраттарында адамдармен бірге индивидуалдыдан жоғары элементтер енетін (мысалы, экоәлеуметтік – географиялық аудан, немесе әлеуметтік – техникалық – қала, агломерация, кәсіпорын, т.б.) әртекті, гетерогенді бола алады.

Қоғамды тани отырып, социологтар ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады. Сонымен бірге, олар танудың басқа да маңызды ерекшелігін ескеруі керек: шағын жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану оны «дифференциацияланған таза» түрде қарастыруы керек.

Қоғамның негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету.

Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.

Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды «әлеуметтік институттар» алады. Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.

Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рөльдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады.

Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады.

Авторлар негізінен 5 маңызды институционалды кешенді бөледі:

1) құндылықтар мен қызметтерді өндіру және бөлуге бағытталған экономикалық институттар;

2) олардың пайдалануын реттейтін және билікпен байланысты саяси инстиуттар;

3) позициялар мен ресурстардың бөлінуін қамтамасыз ететін стратификациялық институттар;

4) неке, отбасы мен жастардың әлеуметтенуіне байланысты туыстық институттары;

 

5) діни,  ғылыми және шығармашылық іс-әрекетке байланысты мәдени институттар.

Сонымен, қоғам жүйелі. Социологиялық талдау үшін маңызды қоғамның жүйелілік белгілерін бөледі: біртұтастылық (бұл ішкі қасиет қоғамдық өндіріспен сәйкес келеді); тұрақтылық (әлеуметтік өзара әрекеттердің ритмі мен режимінің салыстырмалы тұрақты өндірісі); динамизм (буындардың ауысуы, қоғамдық субстраттың өзгеруі, сабақтастық, бәсеңдеу, қарқындылық); ашықтық (әлеуметтік жүйе өзін табиғатпен зат алмасудың арқасында сақтайды, ол қоршаған ортамен тепе-теңдік негізінде және сыртқы ортадан заттар мен қуаттың қажетті мөлшерін алу арқылы жүзеге асырылады); өзін-өзі дамыту (оның көзі өз ішінде, бұл - әлеуметтік қауымдастықтар мүддесіне және стимулдарына сүйенетін өндіріс, үлестіру, пайдалану); әлеуметтік болмыстың кеңістіктік-уақыттық формалары мен тәсілдері (адамдардың көпшілігі ортақ іс-әрекетпен, мақсаттармен, қажеттіліктермен, өмір нормаларымен біріктірілген. Бірақ уақыт зымырап өтіп жатыр, буындар ауысуда, және әрбір жаңалылық өмірдің қалыптасқан формасын табады, оларды қайта жаңғыртады және өзгертеді).

Қоғамның ерекше белгісі – оның автономиялылығы және өзін - өзі реттеудің жоғары деңгейінің болуы. Қоғамның автономиялылығы оның көпфункционалдылығы арқасында, яғни индивитдтердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті жағдай туғыза алуы және олардың өзін-өзі бекітуі мен жүзеге асыруына мүмкіншілік туғызу арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамның автономиялығы мен өз-өзіне жеткіліктігі сыртқы ұйымдастыру импульстарының болмауына байланысты. Қоғам өзінің ішінде пайда болатын және қалыптасатын институттар және ұйымдармен, нормалар, яғни принциптер негізінде реттеледі және басқарылады. Өзін-өзі реттеу – оның мөлшеріне қарамастан өзінше жекелілігін іске асыра алатын қоғамның маңызды қасиеті.

Қоғамды қарастыруда ең маңызды аналитикалық тәсілдердің бірі – детерменизм, яғни қоғамның жалпы бейнесін көрсететін оның негізін анықтау.

Қоғам әлеуметтік байланыстардың тәртіпке келтірілуі мен нығаюы арқасында және осы байланыстарды қолдайтын және дамытатын ерекше институттар мен нормалар туғанда пайда болады. Қоғам туралы ғылымның басты мақсаты – өз бетінше, автономды шындық ретіндегі қоғам өмірінің тұрақты қайталанатын, оған тән құбылыстарын қалыптастыру және талдау.

Мысалы, қазіргі әлеуметтік дамудағы ғылым мен техника рөлін фетишизациялау технологиялық детерменизмнің (У. Огборн, Л. Мэмфорд және т.б.) және сциентизмнің теориялық негізі болып табылады. Олардың ойынша, біздің заманымызда әлеуметтік дамудың негізгі детерминантттары болып техника және ғылым табылады, сонымен қатар әлеуметтік даулардың өсуі мен шиеленісуіне әкелетін техника прогресі мен қоғамның қазіргі кездегі моральдық деңгейі арасындағы алшақтыққа мән береді. Қоғамды қарастыруда детерменизмнің басқа да түрлері кездеседі: экономикалық (А.Хайт, О.Дункан), мәдени (М.Вебер, П.Сорокин) және т.б. қоғамды қарастырудағы қатал детерминацияланған тәсілдің кемшілігі болып қоғамды зерттеуде және әлеуметтік қатынастарды талдауда қоғамның бүкіл шағын жүйелерінің қызметінің өзара байланыстылығы салдарынан белгілі бір әлеуметтік процестердің түпнегізін анықтау қиын болатындығы табылады.

Социологиядағы детерменистік тәсіл функционалдымен толықтырылады. Функционализм идеясы негізінен ағылшын-америкалық социологияға тән. Функционализмнің негізгі ережелері ағылшын социологы Г.Спенсермен (1820-1903), оның «Социологияның негіздері» еңбегінде жасалды және ағылшын этнографы А.Редклиф-Браунмен, американдық социологтар Р.Мертонмен, Т.Парсонспен дамытылды.

Г.Спенсер бойынша функционалды тәсілдің негізгі принциптері төмендегідей:

1) жүйелік тәсіл жақтастары сияқты функционалистер де қоғамды көптеген бөлшектерден, мысалы, экономикалық, саяси, әскери, діни, т.б. тұратын бүтін, біртұтас организм ретінде қарастырды;

2) бірақ, сонымен қатар әрбір бөлшек тек нақты, қатаң анықталған функциялар атқаратын бүтіндік шеңберінде ғана өмір сүре алатындығын атап көрсетті;

3) бөлшектердің функциялары белгілі бір қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететіндігін білдіреді. Сонда да олар бірге қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету мен адамзатты өндіруге бағытталған;

4) қоғамның әрбір бөлшегі тек өзіне ғана тән функцияны атқаратындықтан, осы бөлшектің әрекеті бұзылған жағдайда, неғұрлым функциялардың бір-бірінен айырмашылығы көп болса, соғұрлым басқа бөлшектерге бұзылған функцияларды қалыптастыру қиын болады;

Спенсер әлеуметтік бақылауға көп көңіл бөлді. Оның ойынша, әлеуметтік жүйе оның құрамында әлеуметтік бақылау компоненттері болғандықтан ғана тұрақты болады. Мұнда саяси басқару, тәртіп қорғау органдары, діни институттар мен моральдық нормалар кіреді.

Функционализм методологиясының дамуындағы маңызды кезеңі болып Т.Парсонстың құрылымдық функционализмі табылады. Оның ойынша, негізгі 4 функционалды категория болады: бейімделу, мақсатқа жету, интеграция және құрылымды ұдайы өндіру. Әлеуметтік жүйенің осы функциялары, Парсонс бойынша, түрлі шағын жүйелермен қамтамасыз етіледі. Осылайша, әлеуметтік жүйе ішіндегі бейімделу функциясын экономикалық шағын жүйе, мақсатқа жету функциясын саяси шағын жүйе, интеграция функциясын – құқықтық институттар мен дәстүрлер, құрылымды ұдайы өндіруді – сенім шағын жүйесі, мораль мен білім беру жүйесі мен институттарын қоса алғандағы әлеуметтендіру органдары атқарады.

Функционализм эмпирикалық ғылыми зерттеулерде кең қолданылады. Алайда басқа методологиялық ережелерге сүйенетін социологтар функционализмнің 3 негізгі кемшілігін атап көрсетеді:

- қоғамды зерттеудегі тарихтан тыс тәсіл. Қоғам функционализмде статикалық, яғни даму динамикасынан тыс қарастырылады;

- қазіргі кездегі дау-жанжалдардың көптігіне қарамастан, оларға сипаттама және талдау жасай алмау, тұрақтылыққа идеологиялық бағыттылық;

- әлеуметтіктегі индивидуальдылықты қажетті деңгейде бейнелей алмауы.

XX ғасырдың 60 – жылдары танымал болған индустриялы қоғам теориясы 70 – жылдарда «постиндустриялды қоғам» теориясында өз жалғасын табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі кезеңнен өтеді: индустриалдыға дейінгі (аграрлық), индустриалды және постиндустриалды. Бірінші кезеңде экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы - ауыл шараушылығы, екінші кезеңде - өндіріс, үшінші кезеңде – қызмет көрсету орын алады. Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты – билік, индустриялды кезеңде – ақша, постиндустриялдыда - білім. Аталған кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда – шіркеу мен әскер, индустриялдыда - корпорация, постиндустриялдыда - университет.

Әлеуметтік эволюционизм концепциясымен қатар қоғамның революциялық түрлену теориясы дамыды, оның негізін қалаушылар - К.Маркс пен Ф.Энгельс. Марксистік теория тарихты талдаудың формациялық тәсіліне сүйенеді және оған сәйкес адамзат өзінің  дамуында бес кезеңнен өтуі керек: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік. Бір қоғамдық-саяси формациядан екінші формацияға өту әлеуметтік революция негізінде іске асады.

Информация о работе Қоғамдық талдау теориясы