Ірі бизнесті дамыту құралдары

Автор: p*********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 02:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстандық ірі бизнес ұлттық экономиканың «локомотиві» іспеттес. Ол еңбек өнімділігі бойынша да, тиімділік бойынша да, өсу қарқындары бойынша да көптеген орта және шағын компаниялардан неғұрлым тиімдірек болып табылады. Өзінің ерекшеліктеріне байланысты реформалар өткізілген жылдарда ірі бизнесте негізгі ақша көлемі шоғырланған. Нәтижесінде қазіргі уақытта ірі бизнестің шеңберінде еңбек ақылары жоғары, біліктілігі жоғары менеджерлер қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................. 3
1. Инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту -
ірі бизнесті дамытудың негізгі құралы .............................................................. 6
2. Ірі бизнесті дамытуда барысында кездесетін
тосқауылдар мен проблемалар …....................................................................... 10
2.1. Ірі кәсіпорындар кеден процедураларын жүзеге асыру
барысында туындайтын қиындықтар ................................................................ 10
2.2. Салық салу .................................................................................................... 12
2.3. Техникалық реттеу ....................................................................................... 15 2.4. Ірі мемлекеттік кәсіпорындарды басқару проблемалары ........................ 17
3. Ірі бизнесті дамыту құралдары ...................................................................... 22 3.1. Ірі бизнесті дамыту мақсатындағы ведомствоаралық
қарым – қатынастарды жүзеге асыру ................................................................ 22
3.2. Сыртқы тәуекелдерді басқару ..................................................................... 25
Қорытынды .......................................................................................................... 28
Қосымшалар …..................................................................................................... 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............

Работа содержит 1 файл

-РАЗВИТИЕ-КРУПНОГО-БИЗНЕСА-НА-КАЗ.doc

— 201.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        Мазмұны  

  Кіріспе  .................................................................................................................  3

1. Инновациялық  инфрақұрылым элементтерін дамыту -

ірі бизнесті дамытудың негізгі құралы ..............................................................  6

2. Ірі бизнесті дамытуда барысында кездесетін

тосқауылдар мен проблемалар …....................................................................... 10

2.1. Ірі кәсіпорындар кеден процедураларын жүзеге асыру

барысында туындайтын қиындықтар ................................................................ 10

2.2. Салық салу .................................................................................................... 12

2.3. Техникалық реттеу ....................................................................................... 15 2.4. Ірі мемлекеттік кәсіпорындарды басқару проблемалары ........................ 17

3. Ірі  бизнесті дамыту құралдары ...................................................................... 22 3.1. Ірі бизнесті дамыту мақсатындағы ведомствоаралық

қарым – қатынастарды жүзеге асыру ................................................................ 22

3.2. Сыртқы тәуекелдерді басқару ..................................................................... 25

Қорытынды .......................................................................................................... 28

Қосымшалар …..................................................................................................... 31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ........................................................................... 34 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

      Қазақстандық  ірі бизнес ұлттық экономиканың «локомотиві» іспеттес. Ол еңбек өнімділігі бойынша  да, тиімділік бойынша да, өсу қарқындары бойынша да көптеген орта және шағын компаниялардан неғұрлым тиімдірек болып табылады. Өзінің ерекшеліктеріне байланысты реформалар өткізілген жылдарда ірі бизнесте негізгі ақша көлемі шоғырланған. Нәтижесінде қазіргі уақытта ірі бизнестің шеңберінде еңбек ақылары жоғары, біліктілігі жоғары менеджерлер қызмет етеді.

     Тәуелсіздіктің 20 жылынында Қазақстан бірнеше ауыр дағдарысты бастан өткерді. Солардың ең біріншісі және ауыры біз үшін Кеңес одағының ыдырауы болды. Сол тұста Қазақстан құлаған империяның бір бөлшегі ретінде тым ауыр экономикалық жағдайлармен бетпе-бет қалды. Сол тұста біз бұрын болмаған өз дербес мемлекеттігімізді қалыптастыру, ішкі және сыртқы саясаттың жаңа жүйесін құру, экономиканы жұмыс істеуге мәжбүр ету, оны жекешелендіру, яғни либералды мемлекетті, либералды экономиканы қалыптастыру үшін өте күрделі бес-алты жылды жұмсадық. Одан енді ес жиямыз деген тұста Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысына тап болдық. Сондықтан біз өз дамуымызды 1999 жылдан бастадық. Соңғы 10-13 жылдың аясында ғана қалыпты даму жағдайына түстік. Осы үшін біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Бұл жылдардың өн бойында шет ел инвесторлары кеңесі менімен бірге болды. Соның арқасында біз 120 миллиард доллардың шетелдік инвестицияларын тартып, 150 миллиард доллардың өзіндік, ішкі инвестицияларын іске қосты .

    Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың  озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.

    Әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны  ұтымды пайдалана білуге талпынған  мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы  басты мәселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып  отыр. Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылым ның болуы.

    Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында  аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті. 

      Зерттеу тақырыбының өзектілігі – Қазақстандағы ірі бизнестің әлеуметтік – экономикалық дамуының стратегиялық басқарудың тиімді нысандары мен әдістерін іздестіру қажеттілігімен белгіленеді.

      Курстық жұмыстың мақсаты  – Қазақстан экономикасында ірі бизнестің ролі мен мағынасын анықтау.

      Курстық жұмыстың мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер белгіленген:

  • ірі бизнестің даму кезеңдері мен оның теоретикалық аспектілерін қарастыру;
  • Қазақстанның ірі кәсіпорындары қызметіне талдау жасау;
  • талдау қорытындылары бойынша қорытындылар әзірлеу.

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Инновациялық  инфрақұрылым элементтерін дамыту - ірі бизнесті дамытудың негізгі  құралы
 

    Қазіргі кезде шетелдік тәжірибеге негізделе отыра Қазақстан экономиканы дамытудың алғышарты - инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту деп белгіленген. Осы салаға ірі бизнестің енгізер үлесі мол. Сонымен қатар, инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту барысында көптеген орта бизнес субъектілері өз айналымдарын, несие қаражаты мен ықзмет ету аясын кеңейтулеріне байланысты біртіндеп ірі бизнес субъектілеріне айналуда. Сондықтан да қазіргі кезде  инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту - ірі бизнесті дамытудың негізгі құралына айналуда. Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқай мыз. Олардың әлемдік нарықтағы үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр.

    Әлемдік экономиканың қарқындап дамуы - адами  және интеллектуа лдық ресурстардың нәтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі. Қазіргі заман талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық экономикаға өту үрдісі байқалады. Сонымен бірге, табиғи ресурстардың молдығын пайдалану маңызды болған дәуір өтіп барады, оның орнына экономиканың технологиялық тұрғыдан дамуын тездету, үдету мақсатында тиімді тетіктерді қолдану мүмкіншілігі үлкен мәнге ие болып отыр. Арзан, сапасы төмен еңбекке негізделген өндіріс кезеңі аяқталуда. Дәл қазіргі қоғам – адамның интеллектуалдық ресурстарына, оның инновация ларды қабылдауы мен жүзеге асыру қабілетіне негізделген қоғам болып қалыптасуда.

    Өнеркәсібі  жан-жақты дамыған елдер индустриялдық  әлеуеті қалыптас қан топқа кіреді. Дәл осы топ құрамына кірудің арнайы ережемен белгілеме ген шарттары да бар. Солардың қатарына, өнеркәсіптік өнімнің жылдан-жылға артуы, тек оның көлемінің ғана емес, сапалық және ассортименттік құрамының да көбейуі, шикізаттық сектордың жалпы экономикадағы үлесінің қысқаруы сияқты және басқа да көрсеткіштер бойынша нәтижелі болу жатады. Мұның барлығы да инновациялық инфрақұрылымды қалыптас тыру мәселесіне жете мән беріп, оны мемлекеттің арнайы стратегиялық мақсаттарының бірі етіп белгілеуді міндеттейді.

    Инновациялық  инфрақұрылым - ғылыми идеяның өндірісте  қолдау тауып, нақты өнім, қызмет, жұмыс  түрінде көрініс табуына дейінгі  барлық кезеңдерді қамтитын іс-шаралардың жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын, қажетті жұмыстар мен қызметтерді  орындайтын ұйымдар жиынтығынан тұрады.

    Инновациялық  инфрақұрылымның негізгі міндеті  инновациялық өнім өндірумен (қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен) айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсету деп топшыласақ, онда инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мемлекеттің техникалық, технологиялық, экономикалық, қаржы, әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге оның әлемдік экономикадағы тұғырын көтеруге де, сыртқы нарықтарға шығып, ондағы өзінің орнын табуға немесе иеленуге де мүмкіндік жасайды деген байламға келуге болады.

    Инновациялық  инфрақұрылымның экономикалық маңызы елдің экономикалық даму стратегиясын айқындаумен, қосылған құны жоғары өнімдер  өндірумен, шағын инновациялық кәсіпкерлікті  жандандырумен және басқалармен  анықталады.

        Бүгінгі таңда Қазақстанда 50-ден астам бизнес-инкубатор қызмет етуде. Алайда, олардың көбі инновациялық сипаты жоқ, тек кәсіпкерлік ортаға икемді шағын кәсіпорындарды дайындаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысуда, яғни еліміздегі технологиялық бизнес-инкубаторлар өзінің мақ сатты жұмыстарымен шұғылдана алмай отыр. ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес, олар - инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі іс-шараны жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады.

    Қазақстандық  бизнес-инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда:

  1. Көптеген бизнес-инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
  2. Жеке бизнестің бизнес-инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;
  3. Жоғары оқу орындары базасындағы инкубаторлардың аз болуы;
  4. Технологиялық бизнес-инкубаторларды қалыптастыратын және дамытатын бірден-бір орта – еліміздегі технопарктердің аздығы;
  5. Бизнес-инкубаторлармен көрсетілетін қызметтердің шектеулі болуы;
  6. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың тиімді дамуына жағдай жасайтын инновациялық кәсіпкерлік ортасының болмауы;
  7. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі және осы аталған мәселелерді шешудің ғылыми негізделген тетіктерінің қалыптаспауы, т.б.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қызметінің басты  мақсаты елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыруға, соның  ішінде жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді дамытуға бағытталған. Әйтсе де, бұл қор Қазақстанның инновациялық әлеуетінің дамуына қажетті деңгейде ықпалы болмай отыр.

    Қазақстанның  ұлттық инновациялық инфрақұрылымының қазіргі жағдайы әрине республиканың  экономикалық дамуының өзіндік ерекшелік теріне байланысты. Олардың қатарына әлемдік нарықтағы көмірсутек шикі затына бағаның күрт өсуі, қара және түсті металл өнімдеріне деген жоғары сұраныс, осыған байланысты қаржылық және коммерциялық кәсіпкерліктің қанат жаюы, еліміздегі табиғи ресурстарды игеруге қатысы бар халықаралық байланыстардың нығайуы сынды факторларды жатқызуға болады. Әйтсе де, бұл ерекшеліктер әлі де болса ұлттық экономиканың біржақты дамып отырғанын көрсетеді. Өйткені тек шикізатқа ғана бағытталған экономиканың белгілі бір кезеңде құлдырау қаупі жоғары болатыны белгілі. Бұның салдарын қазіргі кезде орын алған әлемдік қаржы дағдарысынан да байқау қиын емес.

    Еліміздің индустрияландыру картасына 294 жоба енгізілген. Олардың жалпы құны 55 миллиард долларды құрайды. Бұл жобалар талапқа сәйкес жұмыс істеу үшін оның мониторингі ұйымдастырылатын болады. Үкімет, міне, осы істе бизнес-қауымдастықтықтың бақылаушы болғандығын қалайды. 2010 жыл қорытындысында саудаланған өнім көлемі бойынша бірінші орынға “Теңізшевройл” ЖШС, екінші орынға “ҚазМұнайГаз” АҚ, үшінші орынға ENRC, төртінші орынға “Қазақмыс”, бесінші орынға “ПетроҚазақстан” АҚ, алтыншы орынға “Қазақстан темір жолы” АҚ ие болып отыр. 
 
 
 
 

Информация о работе Ірі бизнесті дамыту құралдары