Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:54, реферат

Описание работы

Сіздердің қарауларыңызға Елдің 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы енгізіліп отыр, бұл қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарының бірі болып табылады, оның негізінде Бюджет параметрлері болжамдары қалыптастырылады.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық даму және сауда министрі Қ.docx

— 26.83 Кб (Скачать)

Азаматтар қауіпсіздігін  қамтамасыз етудегі мемлекеттің  рөлін ескере отырып, сонымен қатар қорғаныс қабілеттілікті, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті нығайту және төтенше жағдайларды алдын алу мен жою шаралары басым бағыттар болып табылады.

Құрметті  Кәрім Қажымқанұлы!

Жоғарғыдағы мемлекеттік  бюджет пен инвестициялық саясат басымдықтарын есепке ала отырып, 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттік инвестициялар басымдықтары тізбесі қалыптастырылды.

Осылайша, Сіздердің (или Сіздің) назарыңызға (или назарларыңызға) 2012 жылы 1066,1 млрд. теңге, 2013 жылы 866,1 млрд. теңге және 2014 жылы 707,4 млрд. теңге сомасына 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттік инвестициялар басымдықтары жобасы ұсынылып отыр.

Бүгінгі күні 2011,2015 жылдарға арналған 39 мемлекеттік органның Стратегиялық жоспарларының жобаларын  пасықтау жұмыстары аяқталды, оларды 2012-2014 жылдарға арналған республикалық  бюджет туралы Заң жобасында қарастырылған шығыстармен сәйкестендіру мақсатында жасалынды.

Бұдан басқа, Президент  Жарлығының қабылдануына байланысты Экономикалық даму және сауда министрлігі мен  Қаржы министрлігі арасындағы функциялар мен өкілеттіліктерді бөліп тастау және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру рәсімдерін қысқарту бойынша заңнамалық нормаларды бекіту мақсатында біз Бюджет кодексіне және басқа заңдарға түзетулер енгізу бойынша заң жобасын дайындадық.

Осы заң жобаны Парламентке бірыңғай бюджеттік  блокта енгізуді және 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетті бір мезгілде нақтылауды және оны қарастыруды жедел деп мәлімдеуді ұсынамыз.

Құрметті  Кәрім Қажымқанұлы!

Бюджет кодексінің 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңының жобасын осымен бір мезгілде енгізілеміз .

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптасыру  және пайдалану тұжырымдамасына  сәйкес республикалық бюджетке берілетін  кепілдендірілген трансферт абсолютті мәнде 8 млрд. АҚШ доллары деңгейінде тіркелді.

Сонымен бірге, Ұлттық қордың тұжырымдамасында анықталған, кепілдендірілген трансфертті 2012 жылы жіберген жағдайда тиісті қаржы жылының  соңына Жалпы ішкі өнімнің болжамды мәнінің 20%-ы мөлшеріндегі азайтылмайтын қалдығы сақталады және аталған көрсеткіш болжам бойынша 2012 жылы 30,1%-ды құрайды (немесе 8 708,2 млрд. теңге).

Тұтастай алғанда, Заң жобасын қабылдау орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық  жобаларды іске асыруға, сондай-ақ республикалық  бюджеттің басқа да шығыстарын қаржыландыруға мүмкіндік береді және келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қолдауды сұраймын.

Информация о работе Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!