Сервис қызметінің мәдениеті және оның ерекшелігі
Реферат, 06 Марта 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қызмет көрсету саласы экономиканың ең перспективтік, жедел қарқынмен дамушы салаларының бірі болып табылады. Ол қызметтің кең ауқымын қамтиды: сауда және көліктен қаржыландыруға, сақтандыруға және әртүрлі тектегі делдалдыққа дейін. Экономикалық жүйенің түпкілікті өзгеру процесі, командалық-әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға өту қызмет көрсету саласына, әлеуметтік салаға аса қатты әсерін тигізді.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, өндірістің күрделенуі мен нарықтың тауарлармен толтырылуынан қызметке сұраныс та өсіп отыр.