Сихотэ-Алинь тұрғыны

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 03:46, реферат

Описание работы

Сихотэ-Алинь — Ресейдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақ. Жапон түбегі, Татар бұғазы және Амур, Уссури өзен алабының суайрық жотасы. Ұзындығы 1200 км-дей, ені 200 — 250 км. Орташа биіктігі 800 — 1000 м, ең биік жері 2077 м (Тордоки-Янги тауы). Сихотэ-Алинь өзендердің терең аңғарларымен бөлінген жоталар мен үстірттерден тұрады. Тынық мұхиттық белдеудің мезозой қатпарлық облысының эпиплатформ. таулары

Работа содержит 1 файл

psihologia книга.docx

— 137.21 Кб (Скачать)

Сихотэ-Алинь тұрғыны

Сихотэ-Алинь — Ресейдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақ. Жапон түбегі, Татар бұғазы және Амур, Уссури өзен алабының суайрық жотасы. Ұзындығы 1200 км-дей, ені 200 — 250 км. Орташа биіктігі 800 — 1000 м, ең биік жері 2077 м (Тордоки-Янги тауы). Сихотэ-Алинь өзендердің терең аңғарларымен бөлінген жоталар мен үстірттерден тұрады. Тынық мұхиттық белдеудің мезозой қатпарлық облысының эпиплатформ. таулары. Тектоникалық ойыстарда тас көмір және қоңыр көмір қабаттары орналасқан. Интрузияға байланысты алтын, қалайы, полиметалл кентастары таралған. Климаты қоңыржай муссондық. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы батыс бөлігінде –22 — 26С, шығысында –10 — 12С. Шілде айының орташа темп-расы батыс беткейінде 21С, шығысында 19С. Жылдық жауын-шашын мөлш. орталығында 1000 мм, батысында 600 — 800 мм, С.-А-нен Уссури, Иман, Бикин, Хор, Самарга, т.б. өзендер басталады. Өзендерінің суы мол. Орталық және оңтүстігінің 500 м биіктікке дейінгі бөлігінде қылқанды — жалпақ жапырақты (самырсын, үйеңкі, терек, жөке) ормандар, тік беткейлерінде еменнің шоқ тоғайы өседі. Солт-нде аян шыршасы, ақ қабықты самырсыннан тұратын қылқан жапырақты орман, жоғары белдеуді тау тундрасы алып жатыр. Жануарлардан уссурий жолбарысы, қабан, қоңыр, қара аю, құстардың көптеген түрі мекендейді. Сихотэ-Алинь аум-нда Сихотэ-Алинь қорығы орналасқан.[1]

Тиррен теңізі

Тиррен теңізі (Mare Tіrreno) – Атлант мұхиты алабындағы Жерорта теңізінің бір бөлігі. Апеннин түбегі мен Сицилия, Сардиния және Корсика аралдары аралығында орналасқан. Жерорта теңізімен солтүстігінде Корсика, батысында Бонифачо, оңтүстігінде Сардиния, оңтүстік-шығысында Мессина бұғаздары арқылы жалғасады. Ауданы 214 мың км2. Тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан, ең терең жері 3830 м. Вавилов су асты жотасында Вулькано жанартауы орналасқан. Теңіз табаны жаңа тектоникалық қозғалыс әсеріне ұшыраған эпиплатформа, түпкі шөгінділері қарбонаттардан тұрады. Беткі су температурасы жаз айларында 22 – 24,5°С, қыста 13 – 14°С. Тұзд. 37,25 – 38,25‰. Беткі ағыстары 1 км/сағ. жылдамдықпен сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады. Тиррен теңізінде Липар, Устика, т.б. аралдар бар. Балық аулау (сардина, тунец, жылан балық, семсер балық, т.б.) дамыған. Басты порттары: Неаполь, Палермо, Кальяри (Италия), Бастия (Франция). [1]

Тұлға психологиясының негіздері 

Добавить  свое объявление 
Загрузка...

Вторая часть кода осуществляет загрузку данных в информер. Рекомендуется  размещать ее в конце страницы - перед закрывающимся тегом body. Вторая часть кода информера:

ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ  
Жеке адам - индивид, субъект, тұлға, даралық ұғымдарының бірлігінен тұрады.  
Индивид - адамның белгілі текке қатысы (адам тегі - гомосапенс), сол тектің табиғи, өзіндік қасиеттерін іске асырушы.  
Субъект – белсенді, біртұтас адам.  
Тұлға – табиғи жағынан әлеуметтік, әлеқайда тұрақты, жүре пайда болатын мотивациялық қажеттілік, қатынастар жүйесін құрайтын күрделі психологиялық құрылым, әлеуметтік қасиеттердің жиыны.  
Даралық – қайталанбас, басқа адамдарға ұқсамайтын қырларымен сипатталатын адам.  
Адамның онтогенетикалық уақыты:  
- Жаңа туған нәресте – индивид;  
- Материалды негізде сана қалыптасады, адам субъектке айналады;  
- Сана негізінде өзіндік сана, тұлға өзегі қалыптасады;  
- Даму барысында адам даралықты иеленеді.

Психологияда тұлға ұғымы  көпмәнге ие, себебі тұлға көріністері әр-түрлі, ол қарама-қарсы, не құпия мінез-қылықтар арқылы байқалуы ықтимал.  
И.С.Кон: Тұлға – нақты бір индивидті іс-әрекет субъектісі деп білдіреді, және қандай да бір әлеуметтік қасиеттердің, қарым-қатынастың еңбек арқылы дамыған қасиеті ретінде көрінеді.  
Немов – тұлға кто? (қасиеттер жиыны) ма, әлде что (индивид) ма?  
А.Н.Леонтьев: Тұлға индивидтің қарым-қатынас кезінде иеленген ерекше қасиеттері.  
А.Орлов: Тұлға – субъектінің мотивациялық қатынастарының жүйесі, әрбір адам белгілі бір тұлғалық құрылымдардан біртұтас қасиеттерді жинақтайды.  
Егер тұлға анықтамаларын жинақтап, саралайтын болсақ, онда ол индивидтің ортаға байланысты жетілген барлық қасиетттерінің жиынтығы.  
Тұлға дегеніміз, қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын саналы индивид. Тұлға индивидке қарағанда жас, себебі, адам индивид болып туады, ал тұлға болып қалыптасады.  
Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық қырларының жиына. Алайда, әрбір персонолог тұлға құрылымын түрліше сипаттайды, ал бұл олардың методологиялық бағытын көрсетеді.  
Психология ғылымы жеке адамды зерттеуде, көмек көрсетуде белгілі бір методологияға сүйенеді. Себебі, психология көпмәнді ғылым болғандықтан әр ғалым өзінің ғылыми позициясына байланысты тұлға құрылымына түсінік береді.  
Тұлға құрылымы биологиялық және әлеуметтік қатынастар арқылы қарастылырады, сондықтан психологияда тұлғаның эндопсихологиялық және экзопсихологиялық құрылымдардан жинақталған деген идея пайда болған. Эндопсихологиялық – тұлғаның ішкі механизмі (ойлау, есте сақтау т.б.); Экзопсихологиялық – адамның қатынастар жүйесі, әлеуметтік фактор (мотивация, сезім, білімі, қызығу т.б.).  
Тұлғаның табиғи және әлеуметтік ерекшеліктері бір-біріне қарама-қарсы емес, олар біртұтастықты құрайды.  
Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің 3 қырын көрсетеді:  
1. Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? – Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар.  
2. Тұлға не істей алады? Бұл – қабілеттіліктер, дарындылықтар, таланттар.  
3. Тұлға дегеніміз не? Бұл – мінез.  
Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына енетіні – бағыттылық, мінез, қабілеттілік.  
Мясищев, Мерлин, Ананьев бұл тізімге тұлғаның психофизиологиялық негізі ретінде темпераментті тіркейді.  
Айзенк бойынша тұлға мінез, темперамент, интеллект, адамның дене бітімінен құралған.  
Кеттел тұлғаны факторлы талдауды ұсына отырып, өз тұжырымдамасында тұлға құрылымын – 3 қасиеттер тобымен сипаттайды, ол темпераментті қасиеттер – қабілеттіліктер, өзгермелі қасиеттер, бағыттылық пен қызығушылықтарды біріктірген мотивациялы мінез-құлық.  
Петровский тұлғаның 3 құүрылым көмпонентін көрсетеді:  
1. интроиндивидті компонент – темперамент, мінез, қабілет.  
2. интероиндивид - өзара қатынас, өзара әрекеттестік нәтижесіндегі сапа, қасиеттер.  
3. метоиндивидті – субъектінің басқа индивид бойында жалғасуы (персонализация).  
Божович – бағыт-бағдара арқылы тұлға тұтас.  
А.Г.Ковалев – тұлға дамуы – жеке қасиеттерінің интеграциясы, ол темперамент, қабілет, бағыт-бағдар.  
 
Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979)- кеңес психологы, 20жж Выготский және Луриямен бірлесе отырып, психиканың қалыптасуның тарихи-мадени тұжырымдамасын жасаған. Кейіннен психикалық құбылыстарды іс-әрекет тұрғысынан қарастырған. Сананың пайда болуы мен психиканың дамуы саласындағы зерттеулерде көп үлес қосқан. Іс-әрекет құрылымы ретінде мақсат, мотив, іс-әрекет жағдайын сипаттаған. Өмірінің соңғы жылдары тұлғаны мотивациялы-мағыналық иерархия жүйесінде қарастырған.  
А.Н.Леонтьев іс-әрекет психологиясының негізін қалаушы ретінде әйгілі. Ол жеке адам мен іс-әрекетті ажырамас симбиоз ретінде қарастыруды ұсынған.  
Іс-әрекет иерархиясы (Леонтьев бойынша): қажеттілік, түрткі, эмоция, мағына, мәннен құралады.  
Тек Леонтьев жеке адам блғанда ғана нәтиже болатынын, жеке адам іс-әрекетті, ал іс-әрекет жеке адамды дамытатынын тұжырымдаған.  
{Мотив = мақсат = процесс = нәтиже} = іс-әрекет.


 

Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу


Обсудить (0 мнений)Главная / Б / Білім


бесплатно




 



Оценить: 

  • Очень плохо
  • Плохо
  • Средне
  • Хорошо
  • Отлично

Тип: Курсовая 
Файл: Word (.doc)

Курстық жұмыс

Тақырыбы; Тұлға мәселесін  теориялық тұрғыдан шолу

 

Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ.

Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады [1, 205 б].

Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.

Тұлға -   бұл   қоғамдық-тарихи   дамудың   өнімі.   Адамның   қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл   оның   тұлғасының   қалыптасуын   анықтайтын   жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.

Нәтижесінде адамның кез  келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік   тәжірибе   барысында     жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады.   Оқушылардың      тұлғасының   дамуы   -   механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.

Л.С.   Выготскийдің:   "баланың   психикасы   әлеуметтік табиғатқа...", - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың   тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.

Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар: жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогресс тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.

Әрбір жеке тұлға қасиеттер жиынтығы арқылы әрбір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. “Қасиет ұғымы философияда категория ретінде жалпы ғылымдар аясында түсіндіріледі. Қасиет-зат, қатынас және солар арқылы анықталатын ұғым. Сапа заттың өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе, қасиет соның бір көрінісі,”-деп анықтама беріледі [1, 207 б].

Психология ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің мән-мағынасын “индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың білгілі бір сандық – сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс,”- деп түсіндіреді. Яғни қасиет сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын болғандықтан, тұлғаның даму барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен сипатталаты анық.

Әдетте, адамның мінезі мен  темпераментінің ерекше белгілері  шығармашылық іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Ұжымдағы адамдардың тұлғалық қасиеттеріне төмендегіше сипаттама беруге болады (Сурет 1).

  

Адамның тұлғалық қасиеттері


тұлғаның жеке бастық және рухани қасиеттері

 

әлеуметтік қарым-қатынастық қасиеттері


 

-денсаулық

- адалдық

-қайырымдылық

-кішіпейілділік

-еңбексүйгіштік      т.б

 
 

-белсенділік

 

-жауапкершілік

 

-ұстамдылық

 

-жолдастыққа  

  

- беріктілік

  

-ұжымшылдық


 

Ұжымда тұлғалық қасиеттері дамыған жеке тұлға

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Адамның  тұлғалық қасиеттері

 

Тұлғаның даму құрылымы үш бөліктен тұрады. Біріншіден, тұлғаның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, мәдениетті және адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру.

Рухани құндылықтар    құрамына   тұлғалық (жалпыадамзаттық), қоғамдық (әлеуметтік мәнді) және мемлекеттік (ұлттық) құндылықтар алынады. Балалар мен жастардың рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуы, өмірге өздігінен даяр болуы, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының әлеуметтік-адамгершілік аспектісі  мен ұлттық мәдениеттің жеке тұлға  бойында қалыптасу мәселелері прогресшіл халық ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың еңбектерінен көрініс тапқан.

   

         Құндылықтардың әлеуметтік-адамгершілік маңызы туралы идеялардың дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.Қ.Құнантаева, М.А.Құдайқұлов, А.И.Сембаев, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов., Л.К.Керімов., Г.М.Храпченковтардың тарихи-педагогикалық ой-пікірлерімен тығыз байланысты [1, 210 б].

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін  қалыптастырудың жолдары соңғы жылдары қазақстандық педагог-ғалымдар: С.Қалиев, Ш.Майғаранова, А.А.Бейсенбаева, К.Оразбекова, Р.К. Төлеубекова, К.Оразбекова т.б. жеке тұлға туралы түсініктер мен адамның тұлғалық ерекшеліктерін айқындаудың методологиялық негіздерін қоғамдық тәрбиенің даму заңдылықтарына, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің кірігу заңдылықтарына негіздей отырып, бүкіладамзат баласының қолы жеткен рухани-мәдени байлықтарды еркін   меңгерген   азамат   тәрбиелеудің жолдарын   ашып   көрсете отырып, тұлғаның жеке бастық қасиетін жетілдіруді психологиялық аспектіде қарастырады.

Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.

Кеңес психологиясында адамды тұлға деп - қоғамның субъектісі ретінде  оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.

Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп дәріптеледі. Тұлға сезімдік қасиеттермен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген [2, 53 б].

Сонымен қатар Б.Г.Ананьев  тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін  психофизиологиялық функциялармен  және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтегенезін индивид ретінде, адамның дамуының тұлға ретінде қарастырады.

А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-әрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді.

Сонымен қатар тұлға - белсенділігімен  сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер -қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді [2, 56 б].

Қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің тұлға концепциясы  болып табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен, қасиеттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізді. В.Н. Мясищевтің пікірі бойынша, тұлға — тек адамға тән толық психикалық құрылымның жоғары шартталған қоғамдық-тарихи ретінде және оның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады. Сонымен қатар тұлғаның өзегін - өз-өзіне және сыртқы әлемге байланысты қатынас жүйесі құрайды деп қарастырған.

Тұлға бағдар теориясының  аумағында да зерттелінеді (Д.Н. Узнадзе, 1966, А.С. Прангишвили, 1975 және т.б.). Авторлар түрлі иллюзияларды (елестерді) экперименталды тұрғыда зерттеп, олардың пайда болуындағы маңыздылығын барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиселі екендігін аныктайды. Осы ортақ нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын анықтады. Д.Н. Узнадзенің теориясына сәйкес, ішкі бағдар - адам үшін ерекшеленген "теориялық қажеттіліктің" әсерінен пайда болып, адамның алдына оны қанағаттандыру міндеттерін табыс етеді. Осы ғалымдардың пікірі бойынша. ішкі нұсқау - адамды таңдамалы белсенді іс-әрекетке бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі ұғымы болып тыбылады.

Л.И.Божович балалар тұғасының  психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын  бақылау және қолайлы немесе бөгет  жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді.

Л.И.Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады.

Бірінші кезеңде оқушының оқу іс-әрекетімен тығыз байланысты мотивтері зерттелді. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс-әрекетінен шығатын әлеуметтік мотивтердің және мотивтердің әр түрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады.

Л.И.Божович теориялық  талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбилеу үрдісінде пайда болатын тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыда пайда болуы - тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді [3, 77 б].

Зерттеулердің нәтижесінде, мектепке дейінгі және балалық шақ  аралығындағы бала тұлғасының қалыптасуында  негізгі фактор болып - ересек адамның  қалуы анықталған. Өйткені олардың  қолдауы балалардың қоршаған ортасы мен эмоционалдық сәттіліктерін уайымдауының "берікті" қажеттілік жағдайын құрайды. Бұл жаста ересектердің, әсіресе ата-аналардың, қолдауына талаптануының күшеюі - баланың тікелей қажеттіліктерді сезбейтін мінез-құлқына түрткі болуы да көрсетілген.

Ал Қазақстанда тұлға  мәселесі Ж.И.Намазбаеваның жетекшілігімен және оның шәкіртерінің, яғни Л.О. Сәрсенбаева, Р.Ш. Сабірова, Л.В. Пилипчук, С.Ж. Өмірбекова, Г.Т. Бекмұратова және т.б. ғылыми зерттеу еңбектерінде белсенді түрде дамуда.

Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін  зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы - толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкіндік береді. Адам психикасының аффект және интеллектінің өзара байланысы туралы Л.С.Выготскийдің ой, пікірі негізгі теориялық-әдіснамалықтың бағыты болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет

Зимняя И.А. Педагогикалық  психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет

Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет

Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет

Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет

 

Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.

 

Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.

Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

 

Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.

 

Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.

 

Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

 

Скачать



Тұлға және әлеуметтік ұғымдар жайлы түсінік

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТҰЛҒА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҰҒЫМДАРЫ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІКТЕР........................................5

1.1 Жеке тұлғаны  ғылыми тұрғыдан қарастырылуы..........................................................5

1.2 Әлеуметтену  ұғымының мәні........................................................10

2 ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІГІ...............................13

2.1 Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері.............................13

2.2 Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін әлеуметтену......................16 ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Эвололюциялық дамудың  ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері. Профессор Е. С. Кузыминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның енуі, тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып келеді. Бұл қатынастар іс - әрекеттің мінез – құлықтық, танымдық, эмоционалды және ерік – жігерлік қортындыларды қамтиды. Осындай қатынастар адамның жалпы қоғамға, ақын топтарға және өзіне деген мінез – құлқының стратегиялық, тактикалық және жағдайлық бағдарламасының негізін құрайды. Ғалымдардың пайымдауларына сүйенсек, адамдардың әлеуметтік – психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі құрылымдық компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана; мінез; қабілет, интеллект, темперамент, тәжірибе, өзін - өзі бақылау [2 б. 5]. Зерттеу объектісі: Тұлғаның әлеуметтенуі. Зерттеу пәні: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігінің қалыптасуына әсер ететін жағдайлар мен ахуалдар. Зерттеу мақсаты: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігін қарастыру. Зерттеу міндеттер: 1. Жеке тұлғаның ғылыми тұрғыдан қарастырылуын анықтау; 2. Әлеуметтену ұғымының мәнін қарастыру; 3. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін әлеуметтенуді анықтау; 4. Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері Зерттеу болжамы: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

1 ТҰЛҒА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҰҒЫМДАРЫ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІКТЕР

1.1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ  ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік – тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара адам – «homo sapiens» тектілерінің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері «жеке адам» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді [179 бет, ]. Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осындай жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажетттік - себеп аймағы – жеке адамның бағыт - бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс - әрекетік икемділігіне, оның қабілеті, білімі мен ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып жатады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қлғамдағы өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет. Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады. Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтіктопқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адмның жоғарға деңгейде кемелденгенінің дәлелі. Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару % - ы; персонализация – қадірі барын түсіне білу; сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы. Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлекция» деп аталған бұл «мен» ұғымы өз ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады. Қалай десек те тұлға туралы әркім ә түрлі түсінік берген. Қ. Жарықбаевтың айтуынша, жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін иебола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс [53 бет, ]. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс – йрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері бар болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзтқа жаны қас жауыз тұлға. Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелік түріне жатады. Бай тілімізде «Он үште оттау иесі» (қыз бала үшін), «Он бесте оттау иесі» (ұл бала үшін) дейтін аатлы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез – келгенді кісі деп атай бермей, оның имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін – келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан. Адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды «имнасыз», «көргенсіз» деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ол ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Ар – ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді. Халық түсінігінде мінез – құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегене топтасады. Кісліктің басты белгілері: ар – ұятты қастерлеп сақтау, намстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдақ пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғам мүшесі, қандай топтың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін білуіміз қажет. «Әлеуметсіздік, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939), - қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес. Оңдыәлеуметтілік құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысын, бұрынға болған әлеумет қимылдарын тану керек» [53 бет, ]. Адам өмірі нақты тарихи - әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді [103 бет, ]. Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт – бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани – этикалық, рухани – эстетикалық дүниетанымытуындайды. Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет – себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады [58 бет, ]. 1.2 ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ Жеке К. Маркстің байқауынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи - әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады». И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялы % - дің жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Арнайы әлеуметтік институттарға ең маңызды функцияларының бірі болып әлеуметтік тұлға, оған қатысты мектеп, кәсіби оқу орындары, техникумдар, балалар және жастарға арналған ұйымдар жатада. Жанұя - әлеуметтік тұлғаның ең маңызды ролін атқарады. Осыған байланысты, тәрбие мен әлеуметтенуде қалай ұғыну да болады. Тәрбие шын мәнінде басқарушы және мақсатқа бағыт беруші әлеуметтені үрдісі. Әлеуметтану бірінші, екінші болып бөлінеді. Бірінші әлеуметтану көп нәрсені көрсетеде. Оқуға қарағанада әлеуметтану үрдісі ер жеткенге шейін тоқталмайды. Өзінің даму қарқынымен әлеуметтану ұлғасы анықталмаған соңғы үрдісімен байланысты және де осы үрдіс адамның отногенезінде тоқтатылмайды. Осыдан келіп мынандай шешім қабылдауға болады. Әлеуметтану – ешқашанда тоқтамаумен қатарешқашанда толық болмайды. Мүмкін біреулер бұл жерде писсимизм негізін көріп тұрған болар [32 бет, Геан]. Әлеуметтану - меңгеру және ұдайы өндіру тұрғысынан жеке адамның әлеуметтік тәжірибесін өмірден көрсетеді. Әлеуметтану үрдісінің негізі оның, яғни адамның біртіндеп әлеуметтану тәжірибені меңгеруі және әлеуметке бейімделуі үшін қолданады. Мұндай меңгеру арнайы және дәл сол бағытта, тура, нақты жүргізіледі. [13 бет, ]. Әлеуметтік бейімделу адамды өмір сүруге және басқа адамдармен, нәтижелі қарым – қатынас жасау үшін қолданылады. Ол тікелеу әлеуметтік бақылаумен байланысты, өйткені ол өз құрамына білімнің меңгеруін, нормаларын, қоғамның құндылығын біріктіреді. Әлеуметтік тек екі түрде, яғни оның диалектілік бірігуіне және әлеуметтік тәжірибенің ұдайы өндірілуін ғана қарастырмай, оны арнаый бірлестік және дәл бағытта әсер етуі адамның дамуына қоғамдық қатынастың субъектісі ретінде қарастыру керек. [102 бет, ]. Адам әлеуметтік тәжірибені меңгеру және ұдайы өндіру барысында екі түрге ие болады: объектілі және субъектілі әлеумет. Б. Г. Ананьев өзіне бағытталған әлеуметтік нысан ретінде адамдаы анықтайды. Ол ең алдымен адамды оның ішкі көзқарасы тұрғысынан қарастырмай, яғни қоғамдық қатынастың субъектісі оетінде емес, барлық әлеуметті күштер мен құбылыстардың жиынтығына мінездеме беріп, оған әсер етуші сырт күштеріне сипаттама беру керек деген. [203 бет, ]. Басқаша айтқанда, адамды қоғамның даму объектісіретінде қарастырып, ал оның субъект ретінде қоғамның дамуының тұрғысынан ішкі орнауын түсінуіміз керек. Әр тарихи кезең әлеуметтанудың ерекшеліктерін берілген деңгейде оның факторларына байланысты анықтайды. [93 бет, ]. Қазіргі кездегі әлеуметтанудың ерекшеліктері Қазіргі кездегі әлеуметтанудың өте бір үлкен ерекшелігі, оның басқа кезеңдермен салыстырғандағы ұзақтылығы болып саналады. Балалық кезең алғашқы әлеуметтанудың кезеңдері сияқты белгілі бір мөлшерде, өткен дәуірлермен салыстырғанда ұзарады. Жалпы, балалық шақтың статусы (жағдайы, күйі) өзгереді. Ертеректе оны өмірге дайындық ретінде ғана қарастырса, қазіргі кезеңде қоғамда оған ерекше кезең ретінде қарайды, яғни ересек адамның өмірі мен тең құқылы деп қарастырады. Бұндай көзқарас өткен дәуірлерге қарағанда, қазіргі кезде бала өміріне аялаушылықпен қарауды талап етеді. Сондай – ақ бала өмірі мен құықығын қолдайтын заңдар пайда бола бастады. Ол халықаралық деңгейге енеді. Көптеген балалардың тағдырлары туралы тарих көп біледі, яғни туған анасы өз баласын балар үйіне тастап кету, басқа адамға сату, құлдыққа беру, т.б. жағдайлар. Қоғамда, яғни оның қалыптасу кезеңдерінің бас кезінде балаларды асырай алмау (киім, тамақтың болмау) нәтижесінде өлтіру деген көп болып кеткен. Бала бұл өлкен елдің кішкентай азаматы. Ол белгілі бір мәдениетттің дамуының түрі. Негізгі орында қазіргі кездегі әлеуметтану тұрғысынан білім мен мамандық алады. Адамның әлеуметтану үрдісінің тұрғысынан дамуы әлеуметтану үрдісі кезінде адам қоғамдық қатынас ретінде субъектілі және объектілі болып көрсетіледі. А. В. Петровский адамның дамуының 3 түрін көрсетті: бейімдегіштік, интеграция, индивидуализация.

2 ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1 ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е. С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік «Менін» бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, әлеуметтік – психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор! Тұлғаның қоршаған ортамен қарым – қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа – райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз. [31 бет, ] Жоғарыда келтірілген Маркстің топтауына сүйенсек, тұлға өз тағдырларын өзгертуге өз септігін тигізе алады. Қоршаған ортаның ұсынан моделі үнемі өз тұжырымдауымызға сәйкес келе бермейді. Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие. Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі – бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады. Тұлғаның әлеуметтенуі тек әлеуметтік – бақыланатын және бағыттылық – ұйымдасқан жағдайлар жиынтығынан ғана емес, сонымен қоса, аяқ - асты жағдайларын да тәуелді болып келеді [12 бет 162 ]. Сонда адамдар өміріндегі кездейсоқ жағдайлар, конформды ойлау ерекшеліктері, өмірді көрген қиыншылықтары адамның өзіне тән қоршаған ортасына деген көзқарасын өзгертеді. Әлеуметтік жағдайларға саналы мөлшерде икемделу тұлғаның өзіне, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін жағдайларды сөкпей қолдап отырған жөн. Саналы түрде икемделу адамның, қоршағандардың өмірін жеңілдетеді. [12 б 170] Көріп отырғандай, тұлғаны әлеуметтік – психологиялық тұрғыдан қарастыруда оның өзіне деегн субъективті көзқаарсы адамдардың қоғамдағы орнын белгілеуде маңызды мәнге ие. Индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіне еніп, бұл үрдіс негізінде қалыптасатын интегралды әлеуметтік қасиетін, яғни тұлғаның дамуын әлеметтенуден тыс қарастыру мүмкін емес. Тұлғаның әлеуметтенуін индивидпен қоғамдық тәжірибені жаңғырту және меңгеру үрдісі ретінде анықтауға болады, соның қорытындысы ретінде индивид тұлғаға айналып, өмір үшін қажетті психологиялық қасиеттерді, білімдерді, дағдылардыигереі. Р. С. Немов көрсетуі бойынша, әлеуметтенуі легеніміз бұл адамзатпен жасалған цивилизацияны индивидтің көп қырлытаным үрдісі, әлеуметтік тәжірибесін игеру, табиғи тіршілік иесіне қоғамдыққа ауысуы, индивидпен тұлға ретінде қалыптасуы [13 б. 97]. Әлеуметтену ұғымы кең қолданылғанымен, И. С. Кон пайдалануынша, оның нақты тұжырымдамасы жоқ. [14 б. 274]. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әлеуметтенудің ықпалы зор болғандықтан бұл ұғым алғаш рет ХІХ ғасырдың 40 жылдардың соңы мен 50 жылдарда американдық психологтары мен социологтары (А. Парк, Д. Доллард, Дж. Кольман, В. Уолтер тағы басқалар) суреттелген. Әлеуметтенудің әлеуметтік жүйег тұлғаның толық интеграциялы үрдісі ретіндегі ұғымын американдық социологтары (Г. Парсонс, Р. Мертон) туындаған [15 б. 109]. Т. Ергешевский бойынша қоғамдағы тұлғаның дамуына байланысты жаңа қоғамдастықтар туындайды. Олардың өзара әсерлесуі негізінде «жалпы адамгершілік қоғамдастық» құрылады [16 б. 514]. Кез – келген индивидті, әсіресе тұлға болып дамыған тіршілік иесін әлеуметтенусіз елестету мүмкін емес [17 б. 40].

2.2 ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ӘЛЕУМЕТТЕНУ

Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі әсіресе интенсивті түрде  болашақ және жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін созылады [15. б.111]. Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады. Тейяр бойынша, адамзаттың болашағының тарихының маңыздылығын казіргі қоғам дамуына тәуелді болып табылады [16.б.514]. Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады: 1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді. 2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді. 3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады. 4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады. Негізгі әлеуметтену феноминдеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді [17. б. 376]. Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген іс-әрекет түрлерімен айналысады [18. б.188]. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді. Осындай жаңартулардың кысқаша мәнін іс-әрекет жүйесіндегі дамушы индуктивті көрсетуде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею үрдісі айқындалады. Осы мәселе тұрғысындағы зерттеулерде мақсатты білім алу үрдісім қарастыру негізгі сауалдарды құрайды. Өкінішке орай, оның әлеуметтік-психологиялық аспектісі жағынан зерттеу мәліметтері аз [14. б. 277]. Әлеуметтену контектісінде қарастылатын екінші аумағы қарым-қатынас та оның іс-әрекетпен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтенуді кеңейту, ұлғайту жағынап қарастырады. Қарым-қатынасты кеңейту ретінде адамның басқалармен байланысқа түсуін ұлғайту деп түсіндіріледі, ал осы тереңдету ретінде монологтық қарым-қатынастан диалогтікке көшу, децентрация, яғни қарым-қатынас жасаушыға бағдарлана алуы, оны нақты қабылдай алу мүмкіндігі қарастыралады [14. б.289]. Әрине, тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындағылары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның «Менінің» қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында «Мен-бейнесін» түрліше қабылдайды [14. б.279]. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык тұрғы немесе гуманистік психологияға, интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге сүйенеді. Тұлғаның «Мен - концепциясы адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған. Американ психологы У.Джемс «Психология принциптері» кітабында алғашқы болып «Мен Концепциясы» идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У.Джемс бойынша «Ауқымды Мен» құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық субъективті бағалаушы сана. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: - рухани «Мен» - материалды «Мен» - әлеуметтік «Мен» - денелік «Мен» Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді. 1 Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі. 2 Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - «Мен - Концепциясы» оның маңайында қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады. 3 «Мен Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі болып, және де, әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдар жиынтығы болып табылады. 4 «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез - құлық оған толығымен бағына бастайды. 5 «Мен - Концепциясы» уақытпен және жағдайлық контекспен санасады, бұл оның прогностикалық құндылығы болып табылады. 6 Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалай тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады. 7 Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен «Мен - Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаныс стратегиялары қолданылады. 8 Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзіндік актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен - Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау. «Мен - Концепциясы» ары қарайғы дамуы «Мен - Концепциясын» бейнелеу үшін концептаулды - терминологиялық құрамын унификациялау бағытында жүрді және өлшеулер үшін сенімді эмпирикалық референттерді іздеуге бағытталған, соның негізінде, ол бірлік немесе индивидтің өзіне деген бағдарлар құрылымы ретінде қарала бастаған. Бағдарлар 3 категорияға топтастырылады: - реалды «Мен» (индивидтің дәл осы мезетте өзін-өзі қабылдауы) - әлеуметтік «Мен» (индивидтің ойынша қоршағандары қалай қабылдайтындығы жайлы) - идеалды «Мен» (индивидтің болғысы келетін бейнесі» [20. б.356-364]. Шутц, Нюттен зерттеулерінде эксперименттік түрде адамның әлеуметтік мінез-құлқына «Мен - бейнесінің» «өткені» мен «болашақ» бейнелерінің әсері зор екендігі дәлелденген. Дәстүрлі түрде адамның психикалық саулығының негізгі көрсеткіші болып табылатын барлық психотерапевтикалық практикаларда негізінен колданылатын «Мен үғымының» уақытша ұғым идеялы, әсіресе олардың өзара сәйкес келмеушіліктеріне баса назар аударылады. «Мен - өткен шақ», «Мен- болашақ», «Мен - қазіргі» арасындағы белгілі бір дәрежеге дейін жеткен қайшылықтар әлеуметтік-психологиялық дезадапциясының негізгі фаткоры негізінде (К.Хорни) немесе алғашқы тұлғалық ауытқушылықтары ретінде (К.Роджерс) немесе тұлғаның өзіндік актуализациясының төменгі көрсеткішті дәрежесінің бір ретінде (А.Маслоу) немесе нақты психикалық ауытқушылықтар, яғни депрессия мен мазасыздық бастауы ретінде (Т.Хиггинс) қарастырылады [21. 6.149]. Көптеген зерттеулерде адекватты өзін-өзі бағалаудың тұлғаның өзін қоғам үшін құндылығын және оның алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға ие [25. б.36-43]. Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі факторға анықтайды: 1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-әрекеттегі сәттіліктср мен сәтсіздіктер; 2. Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып, адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін тигізді [26. б.270]. «Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны» көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады [27. б.54]. «Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр - түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді [27. б.231]. Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. Өзіндік актуализацияланатын адам еркін, тағдырдың әр мезетіне қанағаттанып өмір сүреді. Адамзат табиғат күшіне байланысты негізінен активті және өзіндік актуализацияланады. Әр тұлға ақиқатты өз субъективті қабылдауымен байланысты интерпритациялайды және оның ішкі әлемі толығымен тек оның өзіне ғана ашық. Тек субъективті тәжірибені түсіну адам мінез-құлқы түсінуде кілт болып табылады. Сол себепті адамның субъективті сезінулерін зерттеу психологиялық зерттеудің негізгі аспектісі болып табылады. Себебі, нақ осы сезінулер мінез-құлыққа жауапты, сонымсн қоса, мінез-құлыққа адамның болашағын қалай болжайтындығы әсер етеді. Л.Хьелл, Д.Зиглердің оқулығында осы мәселеге байланысты мынадай мысалдар келтіріледі: «Егер де жас әйел өзін ер азаматтармен қарым-қатынасқа түсе алмаймын деп есептесе, онда ол өткен шақ қиыншылығынан емес, болашақта болар сәтсіздіктен корқады. Ол бұл жағдайда өзінің ер адамды қызықтырмаймын деген өз-өзіне қойған болжауына бағынып тұр. Осындай теріс көзқарастан құтылу арқылы ол болашақта сексуалды сәттілікке қол жеткізер еді». Бұдан көретініміз, К.Роджерс тұлғаға байланысты «осы шақ — болашақ» контексіндегі иесяны ұстанады [27. б.546-551]. Тұлға дамуын әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан түсіндіруде оның мотивациялық құрылысы негізге алынады [12. б.175]. Мотивацияның тұлға өміріндегі мәні жайлы сауал көптеген ғалымдарды толғандырған, солардың бірі болып Л.Маслоу есептелінеді. Ол адамның барлық қажеттеліктері туа біткен және олардың іскс асуы доминантты иерархиялық жүйеге сүйенеді деп ұсынған.

Информация о работе Сихотэ-Алинь тұрғыны