Тұрлыбекова Назерке

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 10:20, реферат

Описание работы

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ

Содержание

1. Саяси жүйе туралы түсінік
2. Саясат пен адамгершілік.
3. Адам саясаттың субъектісі мен объектісі.
4.Саяси жүйедегі адамның құқығы мен бостандығы.
5.Жеке адамның құқықтарының жіктелуі.
6..Қоғамдық саяси жүйенің құрылымы.
9.Қоғамның саяси жүйесінің жіктелуі.
10.Қазақстандағы саяси жүйе.
11. Пайдаланылған әдебиеттер:

Работа содержит 1 файл

Саяси жүйе.doc

— 97.50 Кб (Скачать)

Қоғамдық  саяси жүйенің  құрылымы

    Зерттеушілер  саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподактар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.Солардың ішіндегі ең негізгісі — мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.т.) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар — саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.Коғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық щаруашылығын өркендетудің маңызды міндеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің занды талаптарын қорғайды, еңбек зандарының катаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға, мәдени-тұрмыстық қажетін өтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу, балабақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Қазір оның ықпалы төмендеп кетті.Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олардың рөлі, әсіресе, феодалдық қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігін де өздеріне қаратқысы келді. Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар өздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігін де құрды. Олардың ішіндегі ең озбыры католик шіркеуінің XIII ғасырда өздеріне қарсыларды ерекше қатал қудалаған сот, полиция ұйымы — инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын-сүргінге салып, біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындарының әсері әлдеқайда бәсендеді, бірақ саяси өмірде ықпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде олар қатты қудаланған болатын. Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Қайткен күнде де соңында миллиондаған дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды.

Қоғамның  саяси жүйесінің  жіктелуі.

 

Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің  жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған тгрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.

Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:

    1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

    2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;

    3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

    4) дамып  келе жатқан елдерде қалыптаса  бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;

    5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.

Қазақстандағы саяси жүйе.

    Қазақстандағы саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді. Саясатқа еркін араласудың алғы шарттарының тағы бірі – саяси, құқықтық факторлар. Міне солар демократиялық тәртіпті қоғамда демократиялық саяси мәдениет басымдығын, билік құрылымдарын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуі саяси басқарушылық шешімдерді қабылдап, жүзеге асыру қажет. Саяси салада да қарама-қайшылықтар аз емес. Мысалы, демократиялық даму жолындағы саяси-ұйымдастырушылық шаралар (сайлау жүйесінің өзгеруі т.б.) мен қоғамда басым болып отырған саяси мәдениет деңгейінің төмендегі арасындағы қарама-қайшылық және т.б. Саяси салғырттықтың көбісі халықтың әлеуметтік жағдайларындағы қиыншылықтарға байланысты екені анықталып отыр.  
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Назарбаев Н.Ә. ҚР Сайлау Заңы туралы. Алматы: Жеті жарғы, 2004. 8, 97-бб.

    2. http // www. electіons.ru.

    3. Сәрсенбаев Т. Қоғамның саяси  жүйесі. / Cаясаттануға кіріспе (бірінші  бөлім). Алматы, 1994 жыл.

    4. Хангелдин С. Біз айтсақ, жанашырлықпен  айтамыз. // Түркістан №50 (544) 16 желтоқсан, 2004 ж. 4 б (8 б).

Информация о работе Тұрлыбекова Назерке