Тұтынушылар құқығын қорғау – ортақ мүдде

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 04:50, доклад

Описание работы

Елiмiздiң нарықтық экономикаға көшкенiне де жиырма жылдай уақыт болды. Осы жылдар аралығында елімізде сауда–саттық жақсы дамып, нәтижесінде тұтынушы құқығы пайда болды. Мұндағы, тұтынушы – қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші

Работа содержит 1 файл

науч.работа Айдана эконом.doc

— 52.00 Кб (Скачать)

Тұтынушылар құқығын қорғау – ортақ мүдде

 

Аликулова Айдана Жақсығалиқызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

«Есеп және аудит» мамандығының

2 курс студенті

Қазақстан, Ақтөбе

 

Елiмiздiң  нарықтық экономикаға көшкенiне де жиырма жылдай уақыт болды. Осы жылдар аралығында елімізде сауда–саттық жақсы дамып, нәтижесінде тұтынушы құқығы пайда болды. Мұндағы, тұтынушы – қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші [1].

ХХІ ғасыр – нарық заманында  біздер, яғни, тұтынушылар арасында тауарды қайтарып беру немесе ауыстырып алу сынды мәселелер әлі де болса өз өзектілігін жойған жоқ. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңның 19 жылдық тәжірибесіне қарамастан, күні бүгінге дейін сараң сатушылар себепсіз салдарға сүйеніп, тұтынушы ақшасын қайтаруға асықпайды[2].

«Тауар қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды» деген хабарламаларды кез келген сауда нүктелерінде кездестіруге болады. Алайда бұл хабарламалардың  қаншалықты заңды күші бар екенін аңқау тұтынушы біле бермейді. Тауардың қай жерде, мейлі арзан базарда немесе қымбат дүкенде сатылғанына қарамастан, сіздің құқығыңызды қорғайтын арнайы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңның барын естен шығармағаныңыз жөн. «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» демекші, әр сатушы немесе кәсіпорын сатқан тауары, көрсеткен қызметі үшін заң алдында бірдей жауапты. Өкінішке қарай, 1991 жылдың 5 мамырында сонау КСРО заманында шыққан заңымыздың әлсіздігі ме, бүгінгі күні жауапкершілігін сезініп жүрген сатушының саны кемде-кем.

Күнделікті күйбең тіршілікте қарапайым тұтынушының құқығына нұқсан келтіретін жайттар жиі кездесіп жатады. Таңертен сатып алған сүтіңіз кешкісін іріп кетсе, ал сатушы оны ауыстырудан бас тартса, нанның салмағы тиісті мөлшерден кем болса, тіпті, қалалық көліктерде төлеген ақшаңызға билет берілмесе, мұның бәрі – тұтынушы құқығын шектейтін әрекеттер. Алайда бұл тек ұсақ-түйек қана [2].

ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңына сүйенсек, тұтынушы сапалы, қауiпсiз тауарлар сатып алуға, еркiн таңдау жасауға, сатып алатын тауар және сатушы туралы толық ақпарат алуға, тауарды айырбастауға немесе қайтарып беруге, келтiрiлген зиянды өтеуге өтем талап етуге құқылы.

Дегенмен, бүгiнде көп  жағдайда заңды тұрғыдан сатушылар  да, тұтынушылар да өз құқықтары  мен мiндеттерiн толық бiлмейтiнi байқалады. Мәселен, тұтынушы тауарды сатып алу кезiнде сатушыдан төлем жөнiндегi чектi талап етуге құқылы. Бiле бiлсек, бұл бiлместiк тек қана сатушы мен тұтынушыға ғана емес, мемлекеттiң салық заңнамасында көзделген тәртiптi де бұзуда. Жабайы сауданы ауызға алмай-ақ қоялық, басқа сауда нүктелерiнде дәл осы тәртiп толық жөнге салынған ба? Жалпы, Қазақстанда тұтынушылардың заңдық құқығы қай деңгейде қорғалуда? Жауапсыз сатушы жазаланып жатыр ма? Тұтынушы қандай жағдайда құзырлы орындарға шағым түсiре алады?

Мамандардың пiкiрiнше, тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерiн  қорғау тиiстi мемлекеттiк органдар мен сот орындарына өз құзыреттерi шеңберiнде жүзеге асыру жүктелген. Әйтсе де, республикадағы сауда-саттықта құқықтық сауаттылық төмен. Өзiнiң заңдық құқығын бiлмейтiн тұтынушылар мен заңды белден басатын сатушылардың саны көп. Өз құқығын қорғау үшiн құзырлы орындарға шағымдануды ұсақ-түйек санайтын тұтынушылар да жеткiлiктi. Жығылғанға жұдырық, түскен арызға немқұрайлы қарап, созып алатын құқық қорғаушылар да бар.

Жасыратын түгi жоқ, сауда орталықтарында, қара базарда, әсiресе, жабайы сауда нүктелерiнде  күн сайын тұтынушылардың құқығы сан рет бұзылуда. Мәселен, азық-түлiктiң  сапасыздығы, көпшiлiк өнiмнiң халықаралық  стандарттарға сай еместiгi, кейбiрiнде қазақ тiлiнде толық мағлұмат бермейтiнi, тiптi өнiмдердiң құрамы сыртында көрсетiлген жарнамасынан алшақ кететiнi де бар. Заң жүзiнде сатушы мен тұтынушы тең құқылы болғанымен, таразы басы тең болмай тұрғаны өкiнiштi-ақ [3].

 «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыспен, көрсетілетін қызметпен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтайды және тұтынушылар - жеке тұлғалар, яғни жеке тұрмыстық қажеттіліктері үшін тауарларды сатып алатын және пайдаланатын, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беретін не осындай ниеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабы (бұдан әрі - АК) және тауарларды сатушылардың не оларды өндірушілердің, сондай-ақ меншік түрі мен заңды тұлғаның құрылу нысанына қарамастан қызметтер мен жұмыстарды атқарушылардың, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің арасындағы қатынасты реттейді (АК-нің 19-бабы) және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын немесе жасалатын құқықтық қатынастарға қолданылады (АК-нің 4, 383-баптары).

Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және көрсетілетін өзге де қызмет салаларындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді (Заңның 2-бабының 2-тармағы).

Тұтынушылар қатысқан қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері, осы құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау тәртібі, сондай-ақ сатушылардың, дайындаушылардың, жұмыстар мен қызметтерді орындаушылардың құқықтары мен міндеттері Заңнан басқа Азаматтық кодекспен және оған қайшы келмейтін заңдық және нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ заңда көзделген немесе оған қайшы келмейтін шарттар мен басқа да мәмілелермен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарды нормативтік құқықтық актілері Конституция, АК және Заң белгілегендермен салыстырғанда тұтынушылар құқықтарын шектемейді және оларды қорғау кепілдігін төмендете алмайды.

Соттар, орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінде сатушылардың, дайындаушылардың және орындаушылардың басымдылықты (монополиялы) жағдайды пайдаланатын, немесе тұтынушылар құқын қорғау туралы заңға қайшы келетін ереже болса оларды алдырып, зерттеуі тиіс, мұндай актілер олар қабылдаған сәттен жарамсыз екендігін және қолдануға жатпайтындығын ескерулері керек (АК 3-бабының 5-тармағы). Мәслихаттар мен әкімдер шешімдері заң актілеріне қайшы келген жағдайда сот дауды заң актілері негізінде шешуі тиіс.

Жалпы ережеге сәйкес (АІЖК-нің 31-бабы) талаптар жеке тұлғаларға олардың тұрғылықты жері бойынша және заңды тұлғаларға - олардың тұрған жері бойынша қойылады. Сонымен қатар талап қоюшының таңдауы бойынша (АІЖК-нің 32-бабының 9-бөлігі) тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалған немесе орындалған орны бойынша қойылуы мүмкін, сондықтан талап арызды қабылдаған кезде соттар талапкердің істі қарау орнын таңдау құқығын ескеруге тиіс.

Заңның 42-бабымен тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының талаптарын шешудің алдын ала соттан тыс тәртібі белгіленген. Егер аталған ұйымдар істі реттеудің тәртібін сақтамаса және мұндай мүмкіндік болса, судья арызды АІЖК-нің 154-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес кері қайтарады. Заңмен тұтынушы үшін талаптарды шешудің соттан тыс тәртібі көзделмеген.

Жұмысты қорытындылай келе,  сатылған тауар мен көрсетілген  қызмет сапасының төмен болуы, сатушы мен алушының өз құқығын білмеуі – тұтынушы құқығының бұзылуына әкеп соғады. Бұл жағдайды алдын алу үшін мектеп бағдарламасына «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңнан үзінді енгізу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, VIII 8
    1.   Ел газеті
  1.   Жас Алаш №64 (15626) 11 тамыз, бейсенбі 2011
  2. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңы

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тұтынушылар құқығын қорғау – ортақ мүдде