Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің қалыптасуы және даму бағыттары (Алматы қаласындағы франчайзингтік фирмалардың материалдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:45, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады.

Работа содержит 1 файл

манап.doc

— 423.50 Кб (Скачать)

1) Мейрамханалар желісіндегі «Планета Суши» және «Мокка Локка» мейрамханалары ағымдағы нарық конъюнктурасының әсерінен орындарын ауыстырды. Осыған орай бүгінгі таңда олардың неғұрлым табысты болуы үшін «Планета Суши» мейрамханасы қазіргі позициясын сақтап, франчайзердің

 

 

6- сурет 2006 жылғы «РосИнтер» компаниясы мейрамханаларының  БКГ матрицасы

  Ескертпе - автор құрастырған.

 

қолдауымен тұтынушыларды тартуы қажет. Ал «Мокка Локка» мейрамханасының жағдайы оның нарыққа жаңадан келуіне байланысты, сондықтан тұтынушылардың сұранысы мен қызығушылығын арттыру үшін ақпараттық жарнама жүргізілуі керек.

2)  Нарықтағы орны нақтыланған кәсіпорындар ұзақ мерзімде ғана өзгеріске  ұшырауы мүмкін, оған «Ростик’с» мейрамханаларының нарықтағы орнының өзгермегендігі дәлел болады. Бұл мейрамхана қызметінің ауқымы жанұялық сегментте кеңінен таралуда, сол себепті оның балаларға арналған ас мәзіріне қосымша сыйлықтар беру және тұрақты келушілерге жинақтау жүйесі негізіндегі дисконт карталарын ұсыну тиімді болуы мүмкін.

3)  Ал «IL Патио» және «Амбар» мейрамханаларына нақты маркетингтік шаралар қолдану арқылы нарық үлесінің неғұрлым тұрақты бөлігіне қарай ығысуы қажет. Оған франчайзер жүргізетін мерзімдік жарнама шараларын жандандыру арқылы қол жектізуге мүмкіндік бар.

Осыған орай компания «Ростик’с», «IL Патио», «Амбар» мейрамханаларында «Түсімді жинау» стратегиясын қолданады, оның мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарына, маркетингке жұмсалатын шығындарды тұрақты түрде қысқарту есебінен қысқа мерзімде ақшалай түсімдерді ұлғайту. «Мокка Локка» кофеханасының тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті кеңейту стратегиясы қолданылады, ол кәсіпорындардың нарықтағы үлесін ұлғайтып, жұлдыздарға айналдыруды көздейді. Сақтау стратегиясы «Планета суши» мейрамханасының нарықтағы үлесін және даму қарқынын сақтау мақсатында қолданылады.

«РосИнтер Алматы» компаниясының  мейрамханалары желісін ары қарай дамыту мен жетілдіру мақсатында жүргізілген маркетингтік зерттеулер, SWOT-талдау мен оның нарықтағы орнын айқындаушы стратегияларды қолдану нәтижесінде қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік қызметтің тиімділігі дәйектелінді. 

Өнімді немесе қызметті өткізу үрдісінде туындайтын проблемалардан басқа, франчайзингтік кәсіпорындардың көпшілігі қаржы ресурстарының жеткіліксіздігіне тап болады. Осыған байланысты қаражаттарды тарту франчайзингтік кәсіпорындарындағы қаржы саясатының аса маңызды бағыты болып табылады. Пікір сұраудың нәтижелері бойынша франчайзинг механизмін қоғамдық тамақтандыру саласында таратудың келешегі олардың қаржылық жағдайының айқындылығымен, франчайзингтік желіде қаржы ресурстарын ұтымды бөлумен анықталады. Франчайзингтік бизнестің рентабельділігі шығындылықты төмендету, өндірістің көлемін арттыру және капитал салымының қайтымдылығын тездету сияқты факторларға тәуелді болатыны анықталды.

Тамақтандыру кәсіпорындарында франчайзинг үлгілерін ұйымдастыру ерекшеліктері франчайзинг механизмін әзірлеудің қаржылық және басқармашылық аспектілерін жүзеге асыру жағдайларын талдау негізін құрайтын франчайзингтік кәсіпорынды ұйымдастыру мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, олардың сыналатын кезеңдеріне дейін байқалады. Франчайзингтік компанияның қызметіндегі шаруашылықты жүргізу механизмі шеңберінде франчайзинг жүйесін әзірлеу стратегиялық тұрғыдан аса маңызды.

Франчайзер қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін бөлімшелер негізінде бизнес-бірліктер құру қажет, олар негізгі қызметімен қатар тысқары ұйымдарға қызмет көрсетіп, соның нәтижесінде жалпы франчайзинг жүйесінің тиімділігін арттырады. «РосИнтер Алматы» компаниясының маркетинг, логистика бөлімшелері өз қызметтерін нарықта бәсекелік бағамен ұсынады.

Қорыта келгенде, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы франчайзингтік кәсіпорындардың қызметіне маркетингтік талдау барысында олардың іс әрекетіне кедергі болатын факторлар анықталып, оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі айқындалды. Бұл шаралар франчайзингтің Қазақстандағы қалыптасуы мен дамуының келешегін белгілеуге мүмкіндік береді. Франчайзинг жүйесіне қатысты мемлекеттің саясатын ұйымдастырудың маңызды бағыттары ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:

  Қажетті нормативтік-құқықтық базаны құру. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеуші бірқатар заңнамалық актілерге қоса, нарық субъектілерінің іс-әрекетін қорғайтын халықаралық деңгейдегі санаткерлік меншікке, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалық құжаттарды атап өтуімізге болады, олар: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР «Инновациялық қызмет туралы заңы», «ҚР патент туралы заңы», «ҚР Инвестиция туралы заңы», «ҚР Лицензиялау туралы заңы». Бірақ бұл заң актілері әлі де болса франчайзингтің мазмұнын толық ашпайды және бірқатар түзетулерді талап етеді. Сонымен қатар «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заң нақты «Франчайзинг туралы» Заң ретінде қайта қарастырылып, мазмұны жоғарыда аталған заңдармен сәйкестендіріліп, жаңаланып, бір жүйеге келтірілуі қажет. Франчайзинг саласы мен монополияға қарсы заңнамада мемлекеттің шектен тыс реттеуге бағытталған заңдары мен нормативтік актілерін өңдеп, толықтыру керек.

         Франчайзингтік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергілерді төмендету шаралары жоғарыда атап өткен нормативтік-құқықтық базаны жетілдірумен тығыз байланысты, өйткені франчайзингтік қызмет заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар басты қиындық франчайзингтік компаниялардың ешбір әкімшілік органдарда тіркелмеуінен туындайды. Аймақтық және қалалық әкімшіліктердің кәсіпкерлікті қолдау департаменттерінде франчайзингті тіркеу және қолдау бөлімдерін құру тиімді болар еді.

  Франчайзинг субъектілерінің несиелік және қаржылық ресурстарының жетіспеушілігі франчайзинг негізінде бизнесін жүргізуге талпынған кәсіпкерлер үшін ең негізгі кедергі болып табылады. Өйткені қазіргі кезде кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған кәсіпкерлерге банктен несие ресурстарын алу қиындығы, тіпті қаржы институттарының бұл салаға деген қызығушылық танытпауы басты мәселе болып тұр. Бұл мәселені шешудің басты жолы франзайзердің кепілдемесімен франчайзиге несие беру, Шағын бизнесті дамыту қорының франчайзингті несиелеу бағдарламасын жергілікті органдардың көмегімен жүзеге асыру.

  Франчайзиге салық салу жүйесін жеңілдету мәселесін қарастыратын болсақ, отандық франчайзерлердің жұмысын ынталандыру үшін корпоративтік табыс салығын роялтидің мөлшеріне төмендету және жергілікті франчайзилерді жер салығы мен мүлік салығынан босату керек.

   Франчайзинг туралы бірыңғай мәліметтер базасын әзірлеу қажет. Осы мәселеге қатысты франчайзингке қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін франшизалық мәліметтер базасын құру, қызмет етуші және әлеуетті франчайзер мен франчайзилердің қатысуымен форумдар ұйымдастыру. Франчайзингтік бизнестің артықшылықтарын, тәжірибелік франчайзингке қатысты материалдарды баспасөзде жариялау.

   Халықаралық тәжірибеге негізделе отырып франчайзингтік жүйені пайдаланушы отандық кәсіпкерлік қызметті дамыту мен олардың тиімділігін қамтамасыз ететін оңтайлы критерийлерін келесідей қарастырамыз: а) отандық кәсіпкер қызмет ету саласын дұрыс таңдауы керек, ә) франчайзингтік қатынастардың құқықтық аспектілерін, артықшылықтары мен кемшілігін жете білуі міндетті, б) франчайзингтік жүйені басқару үшін дұрыс бизнес стратегияны айқындай білуі, в) отандық франчайзер компания франчайзиының оңтайлы және табысты қызметін қамтамасыз ету әдістеме мен бағдарламаларды әзірлеуі қажет, г) франшиза пакетін, оның өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеудің тиімді саясатын бекіту, ғ) франчайзер жүйені кеңейту мақсатында табысты стратегияны әзірлеп, франчайзиді таңдау мен олардың қызметін дұрыс жүргізуін бақылауы қажет.

Қарастырған ой-пікірлерімізді қорытындылай келе, еліміздегі франчайзингтік негізде қызмет етуші фирмалар, бизнестің басқа үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен салыстырғанда белгілі бір ерекшеліктер мен артықшылықтары бар екені белгілі. Осыған орай, бүгінгі таңдағы бизнестің осы жүйесіне қатысты мәселелер шешімдерінің жылдам табылуы оның шағын және орта кәсіпкерліктің серпінді дамуын арттырып, еліміздің келесідей жағымды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп пайымдаймыз:

–     франчайзингтік келісім-шартты заң жүзінде тіркеу негізінде – жұмыс орындарын арттырады;

–     кластерлік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономиканың басымды секторларындағы франчайзингтік кәсіпорындардың үлесін ұлғайтады;

–     бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы мемлекеттік холдингтердің рөлі мен орнын белгілеу арқылы олардың франчайзинг негізінде даму бағыттын айқындайды;

–     нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделгіш франчайзингтік компаниялар тұтынушылардың сұранысын инновациялық тауарларды ұсыну арқылы қанағаттандырады;

–     Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 Жолдауына сәйкес отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы шегінде жергілікті және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті отандық франчайзерлер санының артуына ықпал етеді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің қалыптасуы мен даму болашағына байланысты теориялық және әдістемелік зерттеулер негізінде келесідей тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға болады:

1.         Франчайзинг бүкіл әлем деңгейінде кеңінен таралған, әсіресе Қытай, АҚШ, Жапония, Канада, Германия, Франция және Бразилия елдерінің компаниялары осы салада көшбасшылар болып табылады. Франчайзингті қолданудың шетелдік тәжірибесін, сонымен қатар франчайзингтік қатынастардың Қазақстандағы даму тенденциялары мен ерекшеліктерін зерттеу негізінде өзіндік бизнесті ұйымдастыруда франчайзингтік технологиялар белсенді пайдаланылатын сала – қызмет көрсету саласы екендігі айқындалды.

Диссертациялық зерттеуде әр түрлі ғылыми тұжырымдамалар мен пікірлерді зерделеу нәтижесінде, «франчайзинг» түсінігіне толық талдау жасалды. Осы талдау негізінде автор зерттеу мәселесіне қатысты өзіндік көзқарасы тұрғысынан франчайзингті – келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны ретінде анықтады.

2.  Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ерекше нысаны франчайзинг жан-жақты және күрделі үрдіс, сондықтан зерттеудің нәтижесінде франчайзингтің түрлері, нысандары, нарық саласы мен ауқымы, әдістері, келісімнің ұзақтығы мен қызмет көрсету көлемі сияқты көптеген белгілері топтастырылып, толық жіктемесі жасалды. Ұсынылған жіктеме бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік моделінің жалпы даму шеңберіндегі қолданыста бар жіктемелік критерилерді толықтыруға және олардың жаңа көрсеткіштерін енгізуге мүмкіндік берді.

3.         Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу үрдісін талдау барысында автор оның дамуының негізгі үш кезеңін бөліп көрсетіп, оларды еліміздегі франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасы, бәсекелестігі және оның іс-әркеті аумағының кеңеюімен, франчайзингтің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осының негізінде қызмет көрсету саласында саяси өзгерістердің тізбектілігі, экономикалық айырбас үрдістерінің дамуы, мәдениеттердің өзара ықпалдасуы және тұтынудың біртұтас мәдениетін қалыптастыру, шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметін дамыту сияқты бұл саланың франчайзинг негізінде қарқынды дамуының алғы шарттары белгіненді.

4.         Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы франчайзингтің қазіргі даму жағдайы, отандық франчайзингтік кәсіпорындардың экономика салаларындағы үлес салмағы анықталды. Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік жүйелердің пайыздық үлесі 2007 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 6,8 есе, ал 2004 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсіп, еліміздегі франчайзингтік бизнестің қалыптасуы мен өсіңкі дамуын айқындады. Осы мәліметтерге сәйкес франчайзингтік бизнестің Қазақстандағы қарқынды даму салалары, сублицензиялық сипаты, шетелдік франчайзерлер санының басым болуы сияқты негізгі ерекшеліктері айқындалып, оларды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерліктің осы нысанының кластерлік бағдарлама тұрғысынан келешектегі даму бағыттары дамытылды.

5.         Алматы қаласы мейрамхана қызметін тұтынушылардың талғамы мен қалауын зерттеу нәтижесінде мейрамхананы таңдаудағы басты факторлар тағамдардың дәмдік қасиеттері мен бағасы және қызмет көрсету сапасының деңгейі екені анықталды. Сонымен қатар франчайзингтік кәсіпорындардың мамандарына жүргізілген зертеулер нәтижелері қоғамдық тамақтандырудағы франчайзингтік кәсіпорындардың мақсаттарын іске асыруына кедергі болатын қаржы қаражаттардың жетіспеушілігі, мекемені жалға алу шарттары, заңның тұрақсыздығы, салықтардың жоғары болуы, несие беру шарттары сияқты факторлар айқындалы. Жүргізілген маркетингтік зерттеулер франчайзингтік компанияларды осы ақпараттармен қамтамасыз етіп, соның нәтижесінде олар нақты басқару-ұйымдастырушылық шешімдер қабылдап, қажетті маркетингтік шаралар әзірледі.

Информация о работе Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің қалыптасуы және даму бағыттары (Алматы қаласындағы франчайзингтік фирмалардың материалдары