Қызметкердің еңбекақы қорының құрамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 14:15, реферат

Описание работы

Өнім өндірісі мен оны сатумен байланысты шығыстар мынадай түрлерге жіктеледі:
материалдық шығыстар;
еңбек ақы төлеу шығыстары;
аударылған амортизация сомасы;
4)басқа да шығыстар

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМ 2БОЛМ.docx

— 45.74 Кб (Скачать)

 

             

Өнім  өндірісі мен оны сатумен байланысты шығыстар мынадай түрлерге жіктеледі:

    1. материалдық шығыстар;
    2. еңбек ақы төлеу шығыстары;
    3. аударылған амортизация сомасы;

4)басқа да шығыстар

 

Еңбек ақы– бұл ашқалай төлем сомасы, яғни жалдамалы жұмыскерге келісім-шарт бойынша атқарған жұмысына натуралды төлем құны. «Еңбекақы» категориясы екі түрлі сипатта қолданылады: жалданған қызметкерге ол табыс, ал кәсіпорын үшін - өндірс шығынының бір бөлігі.

Еңбек ақы– бұл ашқалай төлем сомасы, яғни жалдамалы жұмыскерге келісім-шарт бойынша атқарған жұмысына натуралды төлем құны. «Еңбекақы» категориясы екі түрлі сипатта қолданылады: жалданған қызметкерге ол табыс, ал кәсіпорын үшін - өндірс шығынының бір бөлігі.

Жұмысшы күші шығындары еңбекақы төлемімен  шектеліп қалмайды. Сондай-ақ, кәсіпорынның жұмысшы күшіне кеткен шығындарына  жұмысшыларды әлеуметтік қорғау, оларды тұрғын үймен және әлеуметтік-тұрмыстық  қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, жұмысшы  күшін пайдаланғаны үшін салық төлеу  жатады. Кәсіпорын жұмысшы күшін  пайдаланғаны үшін еңбекақы төлеу қорынан  әлеуметтік салық төлейді. Кәсіпорын  персоналы үшін еңбекақы оларды ынталандыру  мен мотивациялаудың негізгі  құралы болып табылады.

Еңбекақыны төлеу қоры – бұл жұмыскер мен қызметкердің келісім-шартқа байланысты нақты атқарған жұмысы үшін төленетін натуралды құн, барлық еңбекақы төлемдерінің жиыны. Ол құрылымы бойынша әртүрлі элементтерден тұрады

 

 

 

Қызметкердің  еңбекақы қорының құрамы: 1 – тікелей  еңбекақы қоры:  2 – қосымша еңбекақы қоры.

 

Еңбекақы  төлеу шығынының жоспарлық көлемі немесе еңбекақы төлеу қоры (ЕТҚ) әртүрлі біріктірілген немесе сараланған тәсілдермен анықталады. Біріктірілген жоспарлық еңбекақы төлеу қоры (ЕТҚжос) үш тәсілмен есептеледі.

              1. Өнімнің (жұмыстың) бірлігіне шаққандағы еңбекақы нормативі (Неңб) негізінде: 

 

ЕТҚжос= Неңб.ақы * Qi                  (9.8)

 

мұндағы, Qi– натуралды (құнды) көрсеткіштегі жоспарланған өнім көлемі

  1. Өнім көлемінің өсімінің әрбір пайызына шаққандағы еңбекақы қорының өсімінің нормативі негізінде:

 

ЕТҚжос = ЕТҚбаз + ЕТҚбазеңб * Ө) / 100%           (9.9)

 

мұндағы, Ө - өнім көлемінің өсімі;

Неңб -өнім көлемінің өсімінің әрбір пайызына шаққандағы еңбекақы өсімінің нормативі.

  1. Жұмыскердің саны (Жтізім) және қосымша мен төлемдерді қоса есептегендегі орташа жылдық еңбекақы (ЕТжыл) негізінде:

 

ЕТҚтөл= ЕТжыл * Сое

 

 

 

 

 

Қазіргі кезде кәсіпорынның таза пайдасы  мен еңбекақының бір бөлігі есебінен тұтыну қоры құрылады. Ол кәсіпорын жұмыскерінің негізгі табысы болып табылады және келесілерден тұрады

  • еңбекақы төлеу қоры – барлық жұмыскердің еңбекақысын төлеу үшін есептелген қор;
  • табыс (дивидендтер, пайыздар) – кәсіпорын мүлкі мен еңбек ұжымы мүшелерінің салымы мен акциялары бойынша алуы;
  • ақшалай төлемдер мен марапаттаулар.

Кәсіпорынның  тұтыну қорының құрылымы

 

 

 

 

Калькуляция түсінігі және қағидалары

 

Калькуляциялау – есептесу жүйесінің көмегімен барлық сатылған өнімнің және оның элементтерініңөзіндік құны анықталатын, нақты тауар түрінің өзіндік құны, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатуға кеткен жеке бөлімшесінің шығынының сомасы.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау процесіне  – аяқталған өнім мен аяқталмаған  өндіріс арасындағы өндіріске шығындарды шектеу жатады; ақаулы өнім шығынын  есептеу; өндіріс қалдығы мен  қосымша өнімді бағалау; дайын өнімге қатысты шығыс сомасын анықтау; өнім түрі арасында шығынды бөлу; өнімнің  бір данасының өзіндік құнын  анықтау.

Жоспарлық калькуляцияны есептеу. Өзіндік құнның калькуляциясы    өнімнің бір данасының бағасын анықтау үшін, кәсіпорын шығынын оның өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесімен салыстыру үшін, кәсіпорын жұмысының тиімділік деңгейін анықтау үшін қажет. Шығарылатын өнімнің ерекшелігі мен технологиялық процестің сипатына байланысты калькуляциялау объектісіне мыналар жатады:

  1. технологиялық шек;
  2. бөлшектік операция;
  3. бөлшек;
  4. жинақтаушы бірлік (құрастыру);
  5. жалпы бұйым;
  6. бірнеше бұйымды өндіруге тапсырыс;
  7. транспорттық құралдардың жұмысы 1т∙км, жөндеу күрделілігінің бірлігі, электроэнергия 1 кВт ∙сағ, құю, немесе басылымша 1т.

Тәжірибеде  көбінесе дайын өнімнің, жартылай фабрикаттар  мен көрсетілетін қызметтің өзіндік  құны калькуляцияланады. Калькуляциялық бірлік өндіріс жоспары мен стандартында көрсетілген натуралдық бірліктегі өлшем бірлікке сәйкес келуі қажет.

Өнімнің бір данасының өзіндік құнын  калькуляциялау үшін шығындар олардың  пайда болу орны мен арналу белгісіне  байланысты біріктірілетін шығыстың шығын  баптарына жіктеледі.

Кәсіпорын өндірістік шығын баптарының  келтірілген  номенклатурасына өндірістің техникалық, технологиялық және ұйымдастыру  ерекшеліктеріне байланысты өзгеріс  енгізе алады.  Кәсіпорындағы шығыс  баптарының жіктелуін толық қамтуына байланысты өзіндік қорды мынадай  түрлерге жіктейді:

  1. Сатылған өнімнің өзіндік құны;
  2. Толық және толық емес өндірістік өзіндік құн болып жіктелетін өндірістік өзіндік құн.

Сатылған өнімнің өзіндік құны – өнімді өндіру мен сатуға кеткен, барлық 12 шығыс баптарының жиынтығынан тұратын кәсіпорын шығыны. Өндідірістік өзіндік құн – шығарылған өнім өндірісіне кеткен кәсіпорын шығыны. Толық өндірістік өзіндік құн (фабрикалық-зауыттық) кәсіпорынның өндірісі мен басқарумен байланысты кеткен кәсіпорынның 11 шығыс баптарынан қалыптасады. Өнімнің толық емес өндірістік өзіндік құны (цехтық) кәсіпорын бөлімшелерінің (цехтар, учаскелер) шығынан және шығыстың 8 бабынан қалыптасады. (Кесте 11.2)

Калькуляцияның  жеке баптары бойынша шығындар келесі тәртіппен анықталады:

    1. өнімді өндірудің тікелей шығындарын нормативтік есептеу;
    2. жеке өнімнің өзіндік құнына жанама шығындарды бөлу.

 

 

 

 

Өнімнің өзіндік құны дегеніміз – кәсіпорынның өнімді өндіру мен оны сатуға кеткен ақшалай формадағы ағымдық шығынының жиынтығы. Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде өндіріс шығынын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау кәсіпорынның басқару есебінде, өнімнің өзіндік құнын басқару үшін мамандарға, әкімшілік-басқару персоналына және оның бөлімшелеріне ақпарат беруі үшін айрықша көрсетілген. Мұндай шығындарды жіктеу бірқатар белгілері бойынша жіктеледі

 

 

Амортизация - негізгі қордың тозуын, олардың құнының бір бөлігін өндірілген өнімнің шығынына қосу арқылы ақшалай қайтаруы. Сонымен, амортизация негізгі қордың моральдық және физикалық тозуының ақшалай көрінісі.

Амортизациялық  процесс негізгі қордың қызмет ету  мерзімі ішінде өндірілетін өнімге құнын бөлшектеп тасымалдауы  және тұтынылған негізгі қорды қайтару  үшін осы құнды келешекте пайдалануы. Өнім құрамындағы негізгі қордың тасымалданған құны өндіріс аясын  тастап, айналыс аясына көшеді. Өнімді сатқаннан кейін негізгі қордың тасымалданған құнына сәйкес ақша сомасының  бір бөлігі амортизациялық қорға  енеді, яғни бастапқы құнының көлемі жиналғанға дейін (тозған негізгі қорларды алып тастағандағы) жинақталады. Амортизациялық қор – тозған негізгі қордың орнына жаңасын сатып алу үшін қолданылады.

Амортизацияны есептеу үшін шаруашылық тәжірибеде амортизациялық аударым және амортизациялық нормалар қолданылады.

Амортизациялық аударым – тасымалданған құнның ақшалай көрінісі және олар амортизацияның бекітілген нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына аударылады.

Амортизациялық нормалар – негізгі қордың нақты түрі бойынша уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде баланстық құнға пайызбен бекітілген амортизация мөлшері.

Амортизациялық  нормалар есебін келесі формуламен есептейміз:

 

Нам.=НҚбас.қ. -НҚлик. / Та * НҚбас.қ. * 100     (5.2)

 

мұндағы,  Нам. – амортизацияның жылдық нормасы, %;

НҚбас.қ. – негізгі қордың бастапқы құны, тг;

НҚлик. – негізгі қордың ликвидтік құны, тг;

Та– негізгі қордың қызмет ету нормасы (амортизациялық кезең), жыл.

 

Амортизация нормасының деңгейі негізгі қордың тозған бөлігін қалпына келтіру  үшін қажетті ресурс көлемін анықтайды. Амортизация нормасы негізгі  қордың айнылым жылдамдығын бақылауға  және олардың ұдайы өндіріс процесін қарқындастыруғакөмектеседі.Амортизация нормасы мен негізгі қордың топтары бойынша оларды саралау кәсіпорынның техникалық және өндірістік саясаты арқылы жүзеге асырылады.

Амортизаиялық аударымның жылдық сомасы (Аа) келесі формуламен есептеледі:

Аа = На *  НҚор.ж.                                          (5.3)

 

мұндағы, НҚор.ж. – негізгі қордың орташа жылдық құны, тг.

Амортизациялық  аударымның сомасын төрт әдіспен  анықтаймыз: тепе-теңдік, жеделдетілген, өндірістік және кумулятивтік амортизация.Амортизациялық аударымның біртекті әдісіне мысал  келтірейік.

 

Негізгі қордың түрі

Орташа баланстық құн, млн тг.

Амортизациялық аударымның жылдық нормасы, %

Амортизациялық аударымның жылдық мөлшері, млн тг.

(бағ.2 х бағ.3 х 0,9)

1

2

3

4

Құрал-жабдық

Ғимарат

Транспорт

250

1000

25

12

5

20

6750

45000

112,5

1700,0

Барлығы

     

 

Таблица 5.Планируемый перечень видов и объемы выпускаемой продукции.

Наименование выпускаемой продукции (услуг)

Объем, мощность выпускаемой продукции  в месяц. (тонн)

Стоимость за 1. ед. (средняя)

Итого в тыс. тенге

1.

кунжут

6

500

3000

2.

халва

6

1000

6000

3.

рахат-лукум

6

1000

6000


 

1000тг за 1 кг

Реально  в месяц 2239тыстнг –2т 239


Информация о работе Қызметкердің еңбекақы қорының құрамы