Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 21:21, курсовая работа

Описание работы

Потенциал - қандай да болсын міндетті шешу үшін, белгілі мақсатқа жету үшін пайдаланылуы мүмкін қайнар-көздер, мүмкіндіктер, құралдар, қорлар, белгілі бір саладағы жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүмкіндіктері.

Работа содержит 1 файл

Агока баяндама1.doc

— 26.00 Кб (Скачать)


 

 

    Потенциал - қандай да болсын міндетті шешу үшін, белгілі мақсатқа жету үшін пайдаланылуы мүмкін қайнар-көздер, мүмкіндіктер, құралдар, қорлар, белгілі бір саладағы жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүмкіндіктері.

   Өндіргіш күштер — қоғамдық өндіріс үдерісінің материалдық-заттай және адами факторлардың жиынтығы. Өндіргіш күштер табиғат заттары мен күштеріне адамның белсенді қатынасын, табиғат байлықтарын тану, игеру, түрлендіру, дамыту және пайдалану дәрежесін білдіреді және жетекші өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылады. Ең басты өндіргіш күштер – адам, өндіріске қатысушылар. Нақ осы адамның күш-жігерімен табиғат пен қоғам дамуының заңдары игеріледі, еңбек құралдары дамытылып, жетілдіріледі, жаңа машиналар, технология үдерістер, материалдар жасалады, өндірісті ұйымдастырудың неғұрлым дамыған нысандары дүниеге келеді. Материалдық-заттай факторлардың ішінде еңбек құралдарын дамыту өндіргіш күштерді жетілдірудің тарихи үдерісінде жетекші рөл атқарады.

Өндіргіш күштерді орналастыру;

1)    Өндірістің заттай құрам бөліктері мен еңбек ресурстарының географиялық таралуы. Өндіргіш күштерді орналастыру өндірістің басым әдісімен, құрал-жабдықтарға меншіктің түрімен, аумақтық еңбек бөлінісінің ерекшеліктерімен, жеке аудандардың табиғи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларымен, нақты өндіріс пен салалардың орналасу факторларымен анықталады;

2)    Өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы құрылыс кәсіпорындары мен өндірістік инфрақұрылым және еңбек ресурстарының орналасуы жөніндегі процестер мен әрекеттердің жиынтығы. Бұл мәнінде "Өндіргіш күштерді орналастыру" ұғымы қоғамдық өндірісті аумақтық орналастыру ұғымына ұқсас деуге болады.

Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары – пайдаланылу кезінде орналастарылған нысан мен аумақ арасында өзара қатынас байқалатын және ең соңында, таңдалған критерийлер мен қойылған мақсаттарға сай нысанның оңтайлы оқшаулануын анықтайтын әр мәнді ресурстардың жиынтығы. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары ұғымын: өндірісті орналастыру факторлары және халықты қоныстандыру факторлары деп екі туынды ұғымға белуге болады.

Өндіргіш күштердің орналасу түрлері – құрылымдық элементтерінің мөлшерлілігімен, сырт пішінімен, тығыздығымен және өзара байланыста орналасуымен сипатталатын экономикалық-географиялық түзілімдер; бұл сипаттары түзілімнің қызметтік сипаттарымен тығыз байланыста болады.

Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:

1)жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;

2)түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;

3)жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі

Өндіргіш күштерді орналастыру – өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және транспорттың жеке елдердің территориясында және халықаралық көлемде географиялық жағынан бөлінуі. Өндіргіш куштерді орналастыру Елдің табиғи байлықтарын пайдалануға, қоғамдық өндірістің тиімдігіне,қоғамдық ұдайы өндіріс процессіне үлкен ықпалын тигізеді, сонымен қатар оның әскери-стратегиялық маңызы да үлкен. Ірі өнеркәсіп орындарының  белгілі бір өндіріс әдісіне тән объективтік экономик. Заң бойынша жузеге асырылып отырады.Капит. өндіріс әдісі жағдайында Өндіргіш куштерді орналастыру стихиялы түрде жүргізіледі.Пайданы көп алуға жанталаса ұмтылу,бәсеке өндіргіш күштердің капит.елдердің территориясында әркелкі және экономик.қолайсыз орналасуына апарып соғады.Капит.дүниедегі өнеркәсіп өндірісінің басым көпшілігі капитал система елдері халықтарының 15%-і тұратын жерлерге ғана орналасқан.Сонымен қатар халқы капит.система елдері халқының 70%-і болатын бұрынғы отар және тәуелді елдер территорияларында капит. Система шаруашылығындағы өнеркәсіп өндірісінің 5-ақ проценті орналасқан. АҚШ-тағы бүкіл өнеркәсіп өндірісінің ¾ -нен артығы өнеркәсіпті солтүстік аудандарда.Басты капит.елдердің өнеркәсібі шикізаттардың шығар көзінен бірден-бірге алыстай түседі; ал өнеркәсіпке керекті шикізаттарды олар бұрынғы отар және тәуелді елдерден арзан бағамен тасып келтіріп отырады.Өндіргіш күштердің тиімді орналасуы тек соц. өндіріс әдісі жағдайында ғана мүмкін болады. Социализм жағдайында Өндіргіш куштерді орналастыру жөнінде мына принциптер қолданылады:соц. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессіне барлық аудандардың табиғи және еңбек ресурстарын барынша мол тарту үшін өндіргіш күштерді бүкіл елдің территориясына біркелкі орналастыру; өнімдерді алыстан тасып, тасымалдау шығындарын көбейтпеу үшін, өнеркәсіп орындарын шикізаттардың шығар көздеріне және дайын бұйымдарды тұтынатын аудандарға неғұрлым жақын орналастыру; тұтас алғанда соц. Мемлекеттің қуатын нығайту мүддесін әрбір ұлт аудандарының мүддесімен дұрыс ұштастыра отырып, барлық ұлт республикаларының шаруашылығы мен мәдениетінің өрлей өсуін қамтамасыз ету; экономик. Аудандардың арасында жоспарлы шаруашылық еңбек бөлінісін дұрыс жүзеге асыру; экономик, аудандарды шаруашылық түрлеріне мамандандырып, олардың экономикасын комплексті дамыту;елдің бұрынғы орталықтарын барынша өркендетумен қатар жаңадан игерілген аудандарда қуатты экономик.орталықтар жасау арқылы соц. Мемлекеттің экономик.тәуелсіздігін және қорғаныс қуатын нығайту;өнеркәсіп орындарын бүкіл ел көлемінде барған сайын неғұрлым біркелкі орналастыру және өнеркәсіп өндірісі мен а. ш, өндірісін жақындата түсу арқылы қала мен деревня арасындағы елеулі айырмашылық жоюға жағдай туғызу. Бұл принциптерді бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, жүзеге асыру КСРО-да өндіргіш күштерді, дұрыс орналыстыруға, толық мүмкіндік жасайды. Мұның өзі советтік экономиканы үздіксіз өркендеуге және бұрын артта қалған ұлт республикаларының экономикасы мен мәдениетін көтеруде үлкен рөл атқарады.В.И.Лениннің партияның  екінші бағдарламасы деп аталған ГОЭЛРО жоспарында елді электрондыру мен байланысты өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру мәселесі үлкен орын алды. Социалистік жағдайда Өндіргіш куштерді орналастырудың мынандай принциптері қолданылады. Барлық аудандардың табиғи және еңбек ресурсын барынша мол тарту үшін өндіргіш күштерді бүкіл елдің территориясына біркелкі орналастыру. Өнімдерді алыстан тасып тасымалдау шығындарын көбейтпеу үшін өнеркәсіп орындарының шикізаттарының шығар көздеріне және дайын бұйымдарды тұтынатын аудандарға неғұрлым жақын орналастыру болып табылады.Өндіргіш күштерді орналастыру әсіресе соғысқа дейінгі бесжылдықтарда маңызды рөл атқарды. Елдің социалисттік жолмен индустрияландыру, патшалық ресейден мұра болып қалған өндіргіш күштердің тым әркелкі және тиімсыз жолдарын түзеуді талап етті. Ірі өнеркәсіп орындарының жалпы өнімі 1913жылы партияның 24 съезі Өндіргіш күштерді орналастыру халық шаруашылығында территориялық пропорцияны жақсартудың аса маңызды міндеттерін алда қойды: Сібірде, Қазақстанда және Орта Азияда арзан энергетика ресурстарын молдығын есепке ала отырып, электр қуатын көбінесе осы аудандарда орналастыру жолымен еліміздің шығыс аудандарындағы табиғи ресурстарды жедел игеруге бағыт берді.Ірі өнеркәсіп орындарының социалистік принциптері социалист лагерьдің басқа елдерінде де ойдағыдай қолданылды. Социалистік елдердің арасындағы халықаралық еңбек бөлінісі социалист лагердің қуатын күшейтуде үлкен рөл атқарады.

 

 



Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері