Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:16, курс лекций

Описание работы

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

KET_lections.doc

— 1.28 Мб (Скачать)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ

 

«БАҒАЛАУ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

                                                                                        

 

 

 

МАРХАЕВА Б.А.

 

 

«ҚАРЖЫЛЫҚ  ЕСЕПТІЛІКТІ  ТАЛДАУ»

пәні бойынша

лекцияларының қысқаша конспекті

 

050509 «Қаржы» мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін

 

 

 

 

 

 

«Бағалау, есеп және аудит» кафедрасының

мәжілісінде қарастырылды және мақұлданды

(№ 1 хаттамасы, 26.08.2011 ж.)

 

Кафедра меңгерушісі___________ Ташенова С.Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011

 

 


 

 

«Қаржылық есептілікті талдау»  пәнінің тақырыптық жоспары

(күндізгі оқу формасы, 3 кредит)

 

Тақырыптың аталуы

Сағат

барлығы

Сағаттар

СӨЖ

(СОӨЖ қоса)

соның ішінде

лекция

практ. сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

1

Ұйымның қаржылық есепті-лігін қалыптастырудың кон-цептуалды негізі

9

2

1

3

3

6

2

Қаржылық есептіліктің компоненттері мен жүйелендіру элементтері, оны ұсыну тәртібі

9

2

1

3

3

6

3

Бухгалтерлік баланс активінің баптарын экономикалық түсіндіру

9

2

1

3

3

6

4

Бухгалтерлік баланс пассивінің баптарын экономикалық түсіндіру

9

2

1

3

3

6

5

Бухгалтерлік баланс активтері мен олардың қалыптастыру көздерін талдау

9

2

1

3

3

6

6

Ұйымның өтімділігін талдау

9

2

1

3

3

6

7

Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау

9

2

1

3

3

6

8

Ұйымның несие қабілеттігін талдау

9

2

1

3

3

6

9

Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау

9

2

1

3

3

6

10

Ұйымның банкротқа ұшырау тәуекелділігін талдау

9

2

1

3

3

6

11

Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау

9

2

1

3

3

6

12

Рентабельділік көрсеткіштерін талдау

9

2

1

3

3

6

13

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруді талдау

9

2

1

3

3

6

14

Капиталдағы өзгерістер туралы есеп беруді талдау

9

2

1

3

3

6

15

Ұйымның іскерлік және нарықтық белсенділігін талдау

9

2

1

3

3

6

 

Барлығы

135

30

15

45

45

90

 


1-тақырып. Ұйымның қаржылық есептілігін қалыптастырудың концептуалды негізі

 

 

Қаржылық есептілік - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есептілік - бұл есепке алудың алуан түрлерінің негізінде құрылған сандық сипаттамалар және жазба түсініктемелерінің жүйесін қамтитын анықтаушы құжаттар да болып табылады. Есепке алу мен есеп берудің арасында байланыс тек есепте алынатын нәтижелі мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру нысандарына енген жағдайда ғана орнатылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есептіліктің мақсаты өз пайдаланушыларына қаржылық жағдайы туралы, ұйымның қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайының өзгерістері туралы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есептілік пайдаланушыларының қатарына потенциалдын инвесторлар,  кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.

Қаржылық есептілік басқарушы  органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Қаржылық есептілік мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Ұйымның қаржылық жағдайына өзі бақылайтын экономикалық ресурстар, оның қаржылық құрылымы, өтімділігі (ликвидтілігі), төлемқабілеттілігі және жұмыс істейтін ортаның өзгеруіне сезгіштік қабілеті әсер етеді.

Қаржылық құрылым жөнінде ақпарат зайымды құралдардағы болашақ қажеттіліктерді анықтау үшін, онымен қоса, ұйымда үлесі бар қатысушылар арасында болашақ ақша ағындары мен табыстарын бөлген жағдайда өте пайдалы. Сонымен қатар бұл ақпарат, ұйымның болашақта   қаржыландыру   мүмкіндігін   алу   қабілеттігін   анықтау кезінде де пайдалы.

Ұйым қызметінің нәтижелері, яғни оның табыстылығы жөнінде ақпарат, болашақта бақыланатын экономикалық ресурстардың потенциалды өзгерістерін бағалау үшін қажет. Бұл жағдайда өткен кезеңмен салыстырғанда нәтижелердің өзгеруі туралы ақпарат маңызды болып табылады. Ұйым қызметінің нәтижелері жөнінде ақпарат қолда бар ресурстар есебінен, оның ақша ағындарын құру қабілеттілігін болжамдау үшін пайдалы.

Ұйымның ақша қозғалысы жөнінде ақпарат есеп беру кезеңіндегі инвестициялық, қаржылық және операциондық қызметін бағалау үшін пайдалы. Ол пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражатының және оның эквиваленттерін алу қабілеттігін және де осы ақша ағындарын қолдануда ұйымның қажеттігін бағалау үшін негізін қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп берудің құрамды бөліктері өзара байланысты, себебі олар бірдей операциялармен оқиғалардың түрлі аспектілерін бейнелейді.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған зандарына сәйкес жауап береді.

Есептеу қағидасы (принципі) бойынша өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен залалы орын алынған кезден бастап орын танылады.

Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрініс алады және де олар жатқызылатын кезеңдердің қаржылық есеп беруіне қосылады. Есептеу қағидасы бойынша құрылған қаржылық есеп беру пайдаланушыларды тек ақшаны төлеу және алумен байланысты өткен операциялар жөнінде ғана емес, сонымен қатар болашақта ақшаны төлеу міндеттемелері және де болашақта алынатын ресурстар, яғни ақша туралы ақпараттандырады

Пайдаланушыларға пайдалы ақпаратты алу мақсатында қаржылық есеп беруге сапалы сипаттамалар беріледі, олардың негізгілері болып:

Тусініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Мәнділік. Шешім қабылдайтын пайдаланушылар пайдалылығын қамтамасыз ету үшін ақпарат мәнді болуы тиіс. Пайдаланушылардың өткен, қазіргі және болашақ оқиғаларын бағалау үшін немесе олардың өткен бағалауын түзетуге көмектесетін экономикалық шешімдеріне әсер еткенде ақпарат мәнді болып саналады. Өткен кезеңдердегі қызметтің қаржылық жағдайы және нәтижелері туралы ақпарат болашақ қызметтің қаржылық жағдайы мен нәтижелерін болжамдауда және пайдаланушыларды қызықтыратын басқа аспектілерде де жиі қолданылады.

Қаржылық есеп берудің негізінде алынған пайдаланушылардың экономикалық шешіміне айқынсыздықтар мен қателердің әсер ететін мүмкіндігі болған жағдайда ақпарат маңызды болар еді.

Сенімділік. Ақпараттың пайдалы болу мақсатында ол сенімді болуға тиіс. Егер де маңызды қателер мен айқынсыздықтар болмаса, ақпарат сенімді болып саналады. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін ақпарат операциялар мен басқа да оқиғаларды шын мәнінде көрсетуі тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабыданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Шындық пен алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың аңықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмүндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъектің қаржылық есеп беруін, оның әр түрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

Негізгі сапалы сипаттардың және сәйкесінше бухгалтерлік есеп стандарттарының қолданылуы сенімді және объективті ақпаратты қамтитын қаржылық есеп беруді жасау және алалықсыз ұсынуды қамтамасыз етеді Қаржылық есеп беру операцияның және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Бұл жалпылама категориялар қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады. Бухгалтерлік баланстағы қаржылық жағдайдың бағалануымен тікелей байланысты элементтері болып активтер, міндеттемелер және өз капиталы саналады. Кірістер мен шығыстар элементтері кірістер және шығыстар туралы есеп беруде қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерінің бағалануымен тікелей байланысты.

Ақшаның қозғалысы туралы есеп беру және өз капиталындағы өзгерістер туралы есеп берулерді сипаттаушы элементтер, әдетте кірістер және шығыстар туралы есеп берудегі жеке элементтерді және бухгалтерлік байланыстың элементтерінде болған өзгерістерді бейнелейді. Бухгалтерлік баланста және кірістер және шығыстар туралы есеп берудегі элементтерді ұсыну кластарды құруды талап етеді. Мысалы, активтер мен міндеттемелер ұйым қызметінде олардың сипаты мен функциясына байланысты кластарға жіктелуі мүмкін. Бұл экономикалық шешімдерді қабылдауда ақпаратты пайдаланушыларға неғұрлым ыңғайлы болу үшін жасалынады .

Қаржы есептілігінің мақсаты. Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:

- активтер;

- мiндеттемелер;

- өз капиталы;

- пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;

- өз капиталындағы басқа да өзгерістер;

- ақшалай қаражаттың қозғалысы.

Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседi.

Қаржы есептілігінің компоненттері. Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:

(а)              кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай жөніндегі есептілік;

(b)              кезең ішіндегі толық табыс жөніндегі есептілік;

(с)              кезең ішіндегі үлес өзгерістері жөніндегі есептілік;

(d)              кезең ішіндегі ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөніндегі есептілік;

(e)              есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер; және

(f)              кәсіпорын есеп саясатын ретроспективті түрде қолданатын немесе өз қаржылық есептілігіндегі баптар жөнінде ретроспективті түрде қайта есеп беретін немесе кәсіпорын өз қаржылық есептілігіндегі баптарды қайта жіктейтін ең бастапқы салыстырмалы кезеңнің басындағыдай қаржылық жағдай жөніндегі есептілік.

Кәсіпорын барлық қаржылық есептіліктерді тең түрде қаржылық есептіліктердің толық жиынтығы ретінде ұсынуы тиіс.

Кәсіпорын пайда немесе шығынның компоненттерін толық табыс жөніндегі есептіліктің бөлігі ретінде немесе бөлек табыс есептілігінде ұсына алады. Табыс есептілігі ұсынылғанда, ол қаржылық есептіліктердің толық жиынтығының бөлігі болып табылады және толық табыс жөніндегі есептіліктің дәл алдында көрсетілуі тиіс.

Көптеген ұйымдар, қаржы есептiлiгiнен басқа, ұйым басшылығының қаржылық шолуын ұсынады, онда ұйым қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң, оның қаржы жағдайының негiзгi сипаттамалары және олар кездесiп отыратын негiзгi тұрлаусыздықтар сипатталады және түсiндiрiледi. Мұндай есепте мынадай шолулар болуы мүмкін:

(а)              ұйым iс-әрекет ететiн конъюнктураның өзгеруiн, ұйымның осы өзгерiстерге және олардың ықпалына әсерiн қоса, қаржы нәтижелерiн айқындайтын негiзгi факторлар мен ықпалдарды, сондай-ақ дивидендтер саласындағы оның саясатын қоса, қаржы нәтижелерiн қолдауға және жақсартуға бағытталған ұйымның инвестициялық саясатын;

(b)  ұйымды қаржыландыру көздерiн, және оның міндеттеме мен меншікті   капитал арақатынасының жоспарлы көрсеткіштерін;

Информация о работе Лекции по "Каржылык есептиликти талдау"