Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 16:25, реферат

Описание работы

Банк қызметі – бұл банктердің арнайы заңмен белгіленген банк операцияларын және басқадай операцияларды жүзеге асыруы бойынша кәсіпкерлік қызметтің бір түрі. Кәсіпкерлік қызметтің бір түрң бола тұрып, банк қызметі банктердің кәсіптік және жүйелі негізде жүзеге асырылатын және пайда (табыс) табуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Құқықтық реттеу.doc

— 67.50 Кб (Скачать)

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген  түрлерін құқықтық ретеу.

    1. Банк қызметін құқықтық реттеу.

   Банк  қызметі – бұл банктердің арнайы заңмен белгіленген банк операцияларын және басқадай операцияларды жүзеге асыруы бойынша кәсіпкерлік қызметтің бір түрі. Кәсіпкерлік қызметтің бір түрң бола тұрып, банк қызметі банктердің кәсіптік және жүйелі негізде жүзеге асырылатын және пайда (табыс) табуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі болып табылады. Банк қызметі өзіне тән өзгешелігі мынада: банктер қызметін жүзеге асыру барысында әртүрлі банк операцияларын және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттерді (банктік мәмілелер), сондай-ақ негізгі банк қызметін жүзеге асырудың қолайлы және қауіпсіз шарттарын қамтамсыз етуге байланысты бірқатар әрекеттердіорындайды. Соңғы жағдайда банк қызметіне жататын ақпараттандыру, күзет, қауіпсіздік жүйесі және кредит ұйымының әртүрлі бөлімшелері қызметінің соған құсас басқа қосымша түрлері туралы сөз болып отыр. Демек, банк қызметін негізгі екі түрге бөлуге болады:  1) негізгі (яғни банктің банк операцияларын жүзеге асыру және банктік мәмілелер жасау жөніндегі қызметі); 2) қосымша (яғни банктің банк қызметтерінің тиімділігін және қауіпсіздігін көтеруге ықпал ететін көмекші қызметі).

   Банк  қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін банкте және банк қызметі туралы заң, 1995 ж. наурыздың 30-ында шыққан «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» ҚР Заңы, сондай-ақ өкілетті орган – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің (ҚҚА) нормативтік қаулылары (мысалы, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007 ж. сәуідің 30-дағы № 121-ші «Банк ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер жүзеге асыратын банк операцияларына және басқадай операцияларға, бағалы қағаздар нарығындағы қызметке лицензия беру ережелерін бекіту туралы» қаулысы) және ҚР Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілері (мысалы, ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2005 ж. қазанның 29-дағы «ҚР-да жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» № 134-қаулысы; 2003 ж. шілденің 2-дегі «Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметке лицензия беру Ережелерін екіту туралы» № 257-қаулысы және басқалары) анықтайды.

   Банк  қызметі – оның субъектілері, бір жағынан, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге сыратын ұйымдар, ал екінші жағынан, банк клиенттері (жеке және заңды тұлғалар) болып табылатындығымен сипатталады.

   Банк  – бұл қызметін жүзеге асыруға өкілеттігі бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктер негізгі үш міндетті орындайды: 1) кредиттік (ақылық, мерзімдік және өтемдік шарттармен  ақша қаражаттарын беру); 2) есептік (клиенттердің ағымдық шоттарын жүргізу, чектерді төлеу және қаражаттарды клиенттердің шоттарына есепке алу); 3) депозиттік (адамдардың белгілі емес топтарынан депозиттер тарту және алынған қаражатты пайда алу мақсатында басқа клиенттер арасында орналастыру).

   Банктің ресми мәртебесін мойындаудың міндетті шарттары:

  1. Банк ретінде әділет органдарына мемлекеттік тіркелу;
  2. Банк операцияларын өткізуге уәкілетті орган берген лицензиясының болуы («Банктер және банк қызметі туралы» Заңның 1-ші бабы, 2-тармағы) саналады.

   Банктің ресм мәртебесін алмаған барлық қалған тұлғалар «банк» деп атала алмайды  немесе банк қызметімен айналысушы тұлға  деп сипаттай алмайды, сонымен бірге  негізгі және қосымша қызмет ретінде банк операцияларын орындауға құқылы емес.  Жоғарыда айтылғандай, заң шығарушы тек «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйым» деген түсінікті пайдалануға рұқсат етеді, бірақ заңдық шектеуге қарамастан, олар да банк қызметіне қатысушылар деп танылады, себебі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттері бар (мысалы, айырбастау пункті, ломбардтар және т.б.). Мұндай өкілеттер оларға уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық банктің лицензиясымен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға ҚР заң акісіне сай берілген («Банктер және банк қызметі туралы» Заңның 5-ші бабы). Лицезиясыз жүзеге асырылған банк операциялары заңсыз деп танылады. Бұл қызмет өкілетті емес деп танылады және оған тыйым салынады.

   Қазақстанның  банк жүйесі екі деңгейлі болып табылады: бірінші деңгейде Ұлттық банк, ал екінші деңгейде ерекше құқықтық мәртебеге  ие Қазақстанның Даму банкінен басқа  банктер орналасқан.

   Сондай-ақ айрықша құқықтық мәртебе халықаралық шарт негізінде құрылған және жұмыс істейтін Мемлекетаралық банте бар, ал оның құрылтайщылары осы шартқа қол қойған ҚР Үкіметі және мемлекетің үкіметі болып табылады.

   Ұлттық  банк өз құзіреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеу және қадағалау әрекеттерін жүзеге асырады. Атап айтқанда, «Ұлттық банк туралы» Заңның 8-бабында ҚР Ұлттық банкінің банктер ашуға, олардың ерікті түрде қайта құрылуына, таратылуына рұқсат беруі, ҚР аумағында, ал банк-резденттер үшін республика аумағынан тыс жерлерде банктердің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға (оларды қосуға), жеке және заңды тұлғалардың банк және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуына, банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына, банктерге бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия беруге рұқсат ететіні, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беретіні қарастырылған.

   Екінші  деңгейдегі банктер арасынан заң  шығарушы «шетелдіктер қатысатын банкі» ерекше бөліп көрсетеді, өйткені оның акцияларының 1/3 бөлігі: ҚР резиденттері еместердің, заңды тұлғалар – ҚР резиденттерінің иелігінде, меншігінде және (немесе) басқаруында, ал акциялардың 50%-дан астамы ҚР резиденттері еместердің немесе соларға парапар заңды тұлғалар – ҚР резиденттерінің; ҚР резиденті еместердің қаражаттарын иеленуші (сенімді адамдары) болып табылатын ҚР резидентерінің немесе жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың иелігінде, меншігінде және  (немесе) басқаруында жатыр («Банктер және банк қызметі туралы» Заңның 3-баба, 5-тармағы). 

    1. Сақтандыру  қызметін құқықтық реттеу.

   Сақтандыру  қызметі – бұл уәкілетті органның ҚР заңдарының талаптарына сәйкес берілген лицензия негізінде немесе ҚР өзара сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға және орындауға байланысты сақтандыру ұйымының қызметі.

   ҚР-ның  сақтандыру заңының қалыптасуы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан, 1992 ж. шілденің 3-дегі «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» Заңы қолданысқа енген кезден бастау алады, ол сақтандыру қызметтерінің нарығын құруға, сонда-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен азаматтардың сақтандыру қорғанысын кеңейтуге бағытталған. Сақтандыру саласында мемлекеттік монополия билеп келген соншама жылдардан соң (бұрынғы КСРО-да тек мемлекеттік сақтандыру болған), алғаш рет сақтандыру – бұл жеке және заңды тұлғаларды сақтандыру жағдайларының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметінің бір түрі екені заң тұрғысында бекітіді (Сақтандыру туралы Заңның 1-бабы).

   Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы  сақтандыру заңы азаматтық қатынсатырдың  әртүрлі субъектілерінің, оның ішінде кәсіпкерлердің де қатысуы бар сақтандыру қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актылердің  тұтас бір кешенін құрайды.

   Сақтандыру  заңы жүйесіне арнайы актілер де, жалпы  заң актілері де кіреді (мысалы, «Сақтандыру» деген 40-тарауы 43 баптан тұратын ҚР АК-і (ҚР АК-інің 803-845 баптары)).

   Сақтандыру  қызметін реттейтін арнайы нормативтік құқықтық актілерді төмендегідей топтастыруға болады:

  1. Жалпы басталарды және сақтандыру қызметін жүзеге асыру ұстанымдарын белгілейтін актілер (бәрінен бұрын, негізгі арнайы заң – 2000 ж. шілденің 18-гі №126-ІІ «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы;  2006 ж. шілденің 5-гі № 163-ІІІ «Өзара сақтандыру туралы» ҚР Заңы; ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. ақпанның 15-гі № 33-ші «Сақтандыру полисін рәсімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысы; ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 ж. тамыздың 12-гі № 155-ші «Сақтандыру ұйымының инвестициялық қызмет нәтижесінде алған табыстарында сақтандырылушының (айда табушының) қатысуының Ережелерін бекіту туралы» қаулысы;  2007 ж. сәуірдің 30-ғы № 122-ші «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұөсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және бокерінің қызметін жүзеге асыру құқына лицензия беру Ережелерін бекіту туралы» қаулысы және т.б.).
  2. Міндетті сақтандырудың жекелеген түрлрін жүзеге асырудың ерекшеліктерін айқындайтын актілер (Қазақстан Республикасының: 2003 ж. сәуірдің 25-гі № 405-ІІ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы;  2004ж. наурыздың 10-ғы № 533-ІІ «Өсімдік өсіру шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңы;  2005 ж. желтоқсанның 13-гі №93-ІІІ «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы және басқалары);
  3. Жекелеген субъектілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру ерекшеліктерін айқындайтын актілер (Қазақстан Республикасының: 2003 ж. маусымның 11-гі №435-ІІ «Жеке нотариустардың азаматтық-құқытық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы;  2003 ж. маусымның 13-гі № 440-ІІ «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқытық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2003 ж. шілденің 1-гі №444-ІІ «Тасымалдаушының жолаушылар азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы және басқалары).

   Заңдық  тұжырымдамасына сәйкес, сақтандыру салаларға, топтарға және түрлерге бөлінеді. Осылайша жіктеу қажеттігі мемлекетік реттеу және сақтандыру қызметтеріне лицензия берудің мақсаттарына және міндеттеріне байланысты туындайды. Атап айтқанда, сақтандырудың негізгі екі саласы айқындалады: 1) өмірді сақтандыру; 2) жалпы сақтандыру.

   Сақтандыру  ұйымы сақтандыру қызметінен басқа, қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыра  алады:

    1. Инвестициялық қызмет;
    2. Өздерінің сақтанушыларына жинақтаушы сақтандыру шартына сай көзделген сатып алу сомасы шегінде қарыз беру;
    3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамадандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сату;
    4. Сақтандыру және сақтандыру қызметі бойынша ақпаратты берудің қандай түрінде болса да, арнайы әдебиеттерді сату;
    5. Бұрын өз қажеттіліктері үшін сатып алынған мүлікті сату немесе жалға беру немесе сақтандыру шартарын жасасуға байланысты оның билік етуіне  түскен мүлікті сату немесе жалға беру ;
    6. Сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша ақыл-кеңес беру қызметін көрсету;
    7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін көтеру мақсатында оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
    8. Сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалды.ын орындау;
    9. Консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысу;
    10. ҚР заңдарына сәйкес бағалы қағаздар қоржынын басқару (қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін);
    11. Сақтандыру ұйымдары арасындағы немесе сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін басқа заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын ассистанс;
    12. Сақтандыру төлемдерінің кепілдік жүйесіне қатысу аясында ҚР заңдарында көзделген қызмет.

   Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кәсіпкерлік  қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес, ал мұндай тыйымдар коммерциялық мақсатта мәмілелер жасасуға және басқа заңдық маңызы бар әрекеттер жасауға да салынады.

   Сақтандыру  ұйымы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық түрінде құрылған коммерциялық ұйым болып табылады. Тұтыну кооперативі  түріндегі коммерциялық емес ұйым өара сақтандыру қоғамы болып табылады.

    1. Көлік қызметін құқықтық реттеу.

   Көлік – ол ҚР аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, қалалық электр, оның ішінде метрополитен де бар, сондай-ақ ҚР аумағындағы магистральдық құбыр жргізу көлігі (1994 ж. қыркүйектің 21-гі «Көлік туралы» ҚР Заңының 1-бабы).

   Көліктің  негізгі атқаратын міндеті халықаралық  және ішкі тасымалдаулар мен қызметтерде, тасымалдау нарығын құруда және сонымен  байланысты қызметтерде, саондай-ақ кәсіпкерлік  қызметті тиімді дамытуда халықтың қажеттіліктерін  дер кезінде және сапалы қамтамасыз ету болып таылады (1994 ж. қыркүйектің 21-гі «Көлік туралы» ҚР Заңының 1-бабы).

   Жүйе  ретінде көлік төрт элементтерден  тұрады:

    1. Қатынас жолдары;
    2. Тасымалдау құралдары (жылжымалықұрам, кемелер, ұшақтар);
    3. Көлік құралдары;
    4. Терминадар.

   Көпшілік  пайдаланатын көлікке тміржо көлігі, жарияланған тариф бойынша жүретін  желілік теңіз жіне өзен кемесі, тұрақты автомобиль және әуе көлігі жатады.

   Көпшілік  пайдаланбайтын көлік  болып көпшілікке арналған шарт талаптарына сай емес, солар жүзеге асыратын тасымалдаулар, атап айтқанда: тауарларды өнеркәсіптік көлікпен өндірік ішінде тасу; теңіз және өзен флоты трамптық кемелермен тасымалдау; жеке шарттар мен бағалар бойынша тұрақты емес автомобиль және әуе тасымалдары саналады.

   Қазіргі таңда көліктің көптеген түрлері жекешелендірілген, оған төмендегілелі қосқанда, жалпы пайдаланылатын теміржол және автомобиль жолдары кірмейді: солардағы инженерлік құрылыстыр; кеме жүретін су жолдары; маяктар; судағы кемелердің қауәпсіздігін реттейтін және кепілдік беретін құрылғылар және навигациялық белгілер; әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; телекоммуникация желілері; әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты инженерлік желіліер, сондай-ақ заңға сәйкес жекешелендіру нысандары бола алмайтын метрополитен («Көлік туралы» Заңның 3-бабы).

   Сөйтіп, қазіргі таңда ҚР көлік заңын  жетілдірудің  негізгібағыты –  оны жақын және алыс шетел елдерінің  нормаларымен сәйкестендіру, сондай-ақ оны көлік саласындағы халықаралық  стандарттар мен ережелерге сәйкестікке келтіру болып табылады.

    1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін құқықтық реттеу

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу