Өнеркәсіптің негізгі қорлары мен қуаттылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:24, практическая работа

Описание работы

Негізгі өндіріс қоры-бұл қор өндіріс үрдісінде тікелей қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістің корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)-өндірістік емес қорлар бар. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмысқа арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, балабақша, мектеп т.б. объектілер кіреді

Работа содержит 1 файл

Өнеркәсіптің негізгі қорлары мен қуаттылығы.docx

— 33.84 Кб (Скачать)

        Өнеркәсіптің негізгі қорлары мен қуаттылығы

 

 

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі өндіріс  қоры-өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

        Негізгі өндіріс қоры-бұл қор өндіріс үрдісінде тікелей қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістің корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)-өндірістік емес қорлар бар. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмысқа арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық  құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, балабақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен, барлық негізгі өндіріс қоры өзінің өндірісіне арнауына қарай төмендегідей бөлінеді:

  1. Өндіріс ғимараттары;
  2. Ірі құрылыстар;
  3. Беріліс қондырғылар;
  4. Күш машиналары мен жабдықтар;
  5. Жұмыс машиналары мен жабдықтар;
  6. Өлшеуіш және реттеуші приборлардың барлық түрлері, лабораториялық жабдықтар;
  7. Шаруашылық және өндіріс инвентарлары;
  8. Инструменттер, аспаптар;
  9. Көлік машиналары;
  10. Басқадай негізгі қорлар түрлері.

Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі құрылымын көрсетеді.

Негізгі өндіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.

Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары  өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін - ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялык  үрдісін дамытуына кемектеседі. Мұндай негізгі өндipic қорының бөлігін - енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әcipece өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруге шешуші роль атқаратын өндіріс қорларын- белсенді бөлігіне жатқызады.

         Өндірісте белсенді бөлігіне  кұны, кәсіпорынның мүмкіндігіне  қарай дамыған сайын, өнім шығаруда дамып, қордың көрсеткіші жоғарлап, кәсіпорынньң техникалық денгейін және қуаттылығы артады.

           Heriзгі өндіріс қорын есепке  алынғанда және жоспарлағанда, сонымен бipre негізгі өндіріс қорының өндіріс қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн (ақшалай) формасындағы көрсеткіштері қолданады. Негізгі қордың құнын есептеп шығару - өндірісте жоспар жасарда, ұлғаймалы ұдайы өндіріс көлемін жocпapлaғaндa белгілі бip тозу және амортизация көлемін есептеуге, өнімнің өзіндік құнын құрастырғанда, сонымен негізгі өндіріс қорын тиімді қолданудағы экономикалық көрсеткіштерінде қолданады. Бұл көрсеткіш жинақтаушы көрсетіш, ол құн есебіндегі көрсеткіш.

           Жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар бухгалтерлік есепте олардың, баланстық құны бойынша көрсетіледі.

       Негізгі өндіріс қорлары төмендегідей бағаланады:

  • бастапқы құны бойынша, яғни қорға ие бoлғaндaғы, оны жеткізу және
  • кұрастырып    орналастыру шығындары кіреді;
  • қалпына келтіру кұны бойынша, яғни негізгі қорларды кайта бағалау нетижесіндегі есеп бойынша бағаланады;
  • қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе калпына келтірілген құнның тозу құнының айырмашылығымен анықталады.

       Heriзri өндіріс қорының қалдық құнын  мына формуламен анықтауға болады:

 

Ққ= НҚ бқ-( НҚ бқ* Ма/100*t ),

 

        Мұнда, Ққ - қалдық құны;

                  НҚ бқ - негізгі өндіріс қорының бастақы құны, теңге;

                  Ма - толық қалпына келтіру амортизациясының мөлшері, %;

                  t - негізгі өндіріс қорының нақты жұмыс істеген уақыты, жыл.

        Негізгі өндіріс қорының ұзақ уақыт жұмысқа қатысу үрдісінде немесе жұмысқа қатыспай тұруынан тозып, өзінің пайдалы қасиетінен айырылып, яғни табиғи және сапалы тозуға душар болады.

        Табиғи тозу  – негізгі өндіріс қорларын өндіріс ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуын және тозуын айтады. Ол тозу пайдаланудың және табиғаттың, әсерінен, болуы мүмкін.

Сапалы  тозу - негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндіріс үрдесінен шығып қалуы. Ғылыми-техникалық прогресстің даму әсерінен, кәсіпорындағы техникалар мен жабдықтар көп жағдайда сапалық тозуға жатады. Сапалық тозу, табиғи тозуға қарағанда тозуы ерте келеді, ондағы техниканы әліде болса өндірісте қолдануға болады, бipaқ, экономикалық жағынан алғанда қолдану тиімсіз.

        Сапалық тозу көбінесе машина, техника және жабдықтарға қатысы көп.

        Сапалык тозудың eкі түpi ажыратылады:

        Сапалык тозудын  6ipiнші түpi – баланстық және қалпына келтіру құндарының ара қатынысы негізінде анықталады:

            Мұнда Toз(C1) - сапалық тозудың бірінші түрі;

               Бқ - баланстык құн, мың тенге;

               Ққ - қалпына келтірілген құн, мың тенге.

 

            Сапалық тозудың екінші түpi – көбінесе ескі және жаңа жабдықтардың өнімділігін салыстыру арқылы анықталады:

 

             Мұнда Тоз(С2) - сапалы тозудың eкінші түрі;

                Өн1-icтen тұрған нeriзri қордың өнімділігі;

             Өн2- жаңа өндірілген нeriзri қордың өнімділігі.

             Амортизация негізгі өндіріс  қорының өндірісте қолдануына сәйкес оның тозуын жыл сайын өнім құнына (циклде) өндірілген өнімге (өзіндік құнына) өзінің ақшалай көшіріп отыратынын айтқанбыз. Негізгі қордың табиғи және сапалық тозу құнын экономикалық орнын толтыру амортизациялык көшірім арқылы шыққан шығынды өндірілген өнімге аударылып отыруымен көрініс алады. Сонымен, амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндіріс қорының құнын біртіндеп көшіруін айтамыз.

            Амортизациялык көшірім – кәсіпорын балансындағы тұрған, нeriзri өндіріс қорлардың топтағы немесе жабдықтар объектісінің баланстық құны бойынша белгіленген мөлшерінде кәсіпорынның көшіріп отыруын айтамыз

        Негізгі өндіріс қорының колдану денгейінің тиімділігін айкындайтын негізгі бip жинақтаушы қөрсеткіш – қор қайтарымдылығы.

        Қор қайтарымдылығы- дегеніміз жалпы өнім кұныньң орта жылдық негізгі өндірістік қордың кұнына катынасы.

        Қор қайтарымдылық(Ққ) көрсеткішін төмендегі формуламен есептейді:

.                          

       Мұнда: Жө- жыл бойғы өндірілген өнімнің табиғи немесе құндай есептелгендегі кұны;

                 Нк - ортажылдық негізгі өндіріс кордың кұны.

          Жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті коэффициенті - негізгі өндіріс қорының белсенді белімін пайдалану деңгейі уақытпен сипаттайтын көрсеткіш, немесе жабдықтардың нақты істеген жұмыс сағат санының, жоспар бойынша оның жұмыс сағат санына қатынасымен анықталады:

Мұнда: Ун - машина және жабдықтардың нақты жұмыс жасаған уақты;

  Ужт - (жұмыс тәртібі) машина және жабдықтардың жұмыс атқару уақытының режім қоры.

         Өндірісте негізгі қорды пайдаланудың, экстенсивті тобында, темендегідей коэффициенттер қолданады:

        • жабдықтарды алмастыру коэффициенті;

        • жабдықтарды жүктеу коэффициенті.

        • жабдықтардың жұмыс тәртібінің алмасуын пайдалану коэффициенті. Өндірісте    алынған қорытындыны екіншітоптағы негізгі қордың пайдалану- интенсивті көрсеткіштер мен есеп толтырылады, яғни оларды пайдалану деңгейі   қуаттылық   (өнімділік)   арқылы   бейнеленіп   көрсетіледі.

        Жабдықтарды пайдалануда интенсивті коэффициентінің маңызы ете зор.

        Жабдықтарды пайдаланудың интенсивті коэффициенті, машинаны және жабдықтарды пайдалану денгейін қуаттылық пен сипаттайтын көрсеткіш.

        Бұл көрсеткішті есептеу үшін төмендепгі формуланы қолданады:

        Мұнда: Өн - машина және жабдықтардың нақты өнімділігі;

                ӨМ - машина және жабдықтардың техникалық  мүмкінділік өнімділігі (жабдықтардың паспорт, мүмкінділігі негізі бойынша анықталады).

        Yшінші топтағы интегралды жабдықты пайдалану коэффициенті машина және жабдықтарды пайдалану денгейін уақытпен және қуаттылықпен сипатталатын кешенді көрсеткіш.

         Оны мына формуламен анықтауға болады:

 

Кинтег = КЭкс + Кинтен

Кәсіпорынның  өндірістік қуаттылығы

Кәсіпорынның  өндіріс қуаттылығы - бұл бегілі бip уакыт бір уақыт бірлігінде өндіріс жабдықтарын, өндіріс алаңын, прогрессивті технологияны қолдана отырып, еңбекті ұйымдастыруды тиімді және өндірісте өнім сапасын жоғары денгейге жеткізуді қамтамасыз етіп өнім көлемін барынша мол өндіру (жұмысты орындау, қызмет көрсету) деп түсінеміз.

       Ереже бойынша, өндіріс қуаттылығы, табиғи өлшем өнім өндірілуі көлемі жоспарланады. Мысалы, машина жасау зауытын өндіріс қуаттылығы жылдық машина өндірісі, жабдықтар, қосалқы бөлшектер өндіру негізінде саналады. Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы жабдықтар бойынша технологиялық және экономикалық негізі қатынастары арқылы белгіленеді.

        Өндірістің қуаттылығын анықтайтын, негізгі элементтерге жататыны:

        - орнатылған машина, механизмдер, агрегатордың т.б. саны;

        - кәсіпорындағы және цехтардағы  өндіріс аландары;

        - кәсіпорынның жұмыс режимі;

        - машинаны, механизмдерді, агрегаттарды т.б. пайдаланудың технико-экономикалык мөлшepi.

       Кәсіпорынның жұмыс режімін, күнтізбе негізінде (Ук), нақты көрсетілген (Ун) жұмысының уақыт қоры негізінде жоспарлайды (тиімділігі) (Уж):

 

Уж =[(УК - Д - M)AtaJJ - Ужж ,

 

        Мұнда Ук - жабдықтың күнтізбе жұмыс уакыт қоры, күндер;

                  Д - жыл бойғы демалыс күндер саны;

                  М - жыл бойғы мейрам күндер саны;

                  А -алмасу саны;

                  t - алмасудын ұзақығ, сағат;

                  Ужж -жоспарлы  жөндеуге, құрастыру, техникалыкқ   қызмет керсетуге кеткен уақыт, сағат.

 

Ун = [(Ук- Д - M)Atan,]

 

       Кәсіпорында үздіксіз жұмыс режимінде:   

 

 

Ук –Ун

 

       Кәсіпорында өндіріс қуаттылығы бip типтес жабдықтармен қаруланған жағдайда                     келесі формуламен анықталуы да мүмкін.

К = NTм  Уж

       Мұнда: N - орнатылған жабдықтар бірлігінің саны;

                 Тм - сол жабдықтың техникалық өнімділік мөлшері.

 

        Өндіріс қуаттылығын келесі түрлері  бойынша ажыратуға болады: жоба тапсырма сының белгіленген, жобадағы қуаттылық кәсіпорынның жетекші өндіріс

бөлімшелерінің қуаттылығы бойынша анықталу; бастапқы жоспарлау мезгілдегі анықталған кірістегі қуаттылық; жоспарлау мезгіл соңындағы белгіленген, қуаттылық; өндіріс бағдарламасын есептеу негізінде ортажылдық, қызметкерлер саны.


Информация о работе Өнеркәсіптің негізгі қорлары мен қуаттылығы