ҚР шағын кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 13:38, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын кәсіпкерлік Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын кәсіпкерлікті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамыту мүмкіндіктері» тақырыбын таңдадым.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын кәсіпкерлік инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
‌I. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................5
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі..................................5
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және маңызы.......................6
1.3. Шағын кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктері............................................8
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ..................................................14
2.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы...................14
2.2 Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты......................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................23
‌‌‌‌ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................24

Работа содержит 1 файл

Шағын бизнес-Курстық жұмыс.doc

— 188.00 Кб (Скачать)

4.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында  кәсіпкерліктің  даму  болашағын   анықтай   отырып  кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыруға бағытталынады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс-әрекеттеріне негізгі көңіл бөлінеді.

5.Шағын және орта кәсіпкерліктің қабылдаған шешімдеріне байланысты барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынуға міндетті болжамдарында экономикалық реттеудің әрекет етеші механизімі өзгертілетін болады. Салалық, аймақтық және халықаралық саясаттарды жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік органдардың негізгі шарты шағын және орта кәсіпкерліктің нақты қажеттілігін ескеру болып табылады.

6.Экономикалық реттеу аясындағы мемлекеттің шешім қабылдау процессіне кәсіпкерлер және олардың қоғамдық ұйымдарында бірігіп шешім қабылдайтын болады. Ол үшін алдымен Қазақстан Республикасының Президентінің және  шағын  және орта кәсіпкерліктің  Комиссиясының, Қазақстан Республикасының өкіметінің алдында кәсіпкерлер Одағының рөлін күшейтуіміз қажет. Әр бір мемлекеттік органдарда кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен байланыстырылған Эксперттік одақтар құрылуы қажет[10].

Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлікке өзінің өнімділігін жасауға және жетілдіруге мүмкіншілігін кеңейтетін құқықтық және экономикалық климат құрылатын болады, ал ұзақ мерзімдік болашақта шағын кәсіпкерлік еліміздің ЖІӨ үлесін дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізуді қамтиды.

Қазақстан Республикасының 20-бабында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларын қарастырсақ:

1.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

2.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік  салалық (секторальдық) және өңірлік басқарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық білім беру қызметі қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді.

3.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

4.Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді.

5.Мемлекет экономикасын дамытудың басым бағыттарына және өңірдің экономикасын дамытудың ерекшелігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірдің экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.

6.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларына:

   нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар,

   шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;

   шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жаніндегі шаралар;

   шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар;

   жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар;

   ірі өнеркәсіп ұйымдарының кәсіпкерліктің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ыңталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар;

   шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау жөніндегі шаралар;

   шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді[11].

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

              Курстық жұмысымды қорыта келгенде, жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқару үшін аймақтық шағын кәсіпкерлікті дамыту орталықтарын құру ұсынылады, олардың міндеттері мыналар: кәсіпкерлікті дамыту қорларын құру, жаңа кәсіпорын құру жөнінде кеңес беру арқылы көмек көрсетулерді ұйымдастыру, кәсіпкерлік-инкубаторларын құру, кәсіпкерлік-семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, пайдаланылмайтын алаңдарды сату бойынша теңдерлер ұйымдастыру және басқалар.

Жаңа кәсіпорын құру процесі — бұл кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.

Болашақ кәсіпорынды бағаландыру үшін жұмыс барысында оның тиімділігі тақырыбына қатысты келесі бағыттар бойынша тиімді кәсіпорынның негізгі критерийлері дайындалды: саланың күйі мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсеке қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критериялар және стратегиялық мінездемелер. Мұндай талдау кәсіпорынды келешектегі оның тиімділігі тұрғысынан бағаландыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жоғары әлеуеті табыстарға қол жеткізуге қолайлы мүмкіндіктер тудырады, ал кәсіпорынның әлеуеті төмен болса, қандай да бір идеядан бас тарту жолымен мүмкін болатын сәтсіздіктерден құтылуға мүмкіндік береді.    Жұмыс барысында шағын кәсіпорынның әртүрлі даму сатылары мен басқарудың ұйымдық қаржы ресурстарына деген қажеттілігін дәлме-дәл есептеуге ғана емес сонымен қатар келешекке болжам жасауға да мүмкіндік береді. Бұдан басқа қаржылық жоспар — несиелеу мен капиталды инвестициялау үшін қажетті алғашқы қаражаттардың бірі болып табылады, ол кәсіпкерліктің тек пайызды төлеуге ғана емес, сондай-ақ қарыздарын қайтару үшін де жеткілікті пайда табу мүмкіндігін көрсетеді.

Қорыта келгенде, шағын кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - халықты жүмыспен қамту, оның әлеуметтік меселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортименттегі тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Қорытынды ретінде, Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі жақсарту мен экономиканы дамыту секілді қиын да игі міндеттерді атқара білетін кәсіпкерлікмендер тобын жетілдіруге алып баратын әрі кәсіпкерлік қызмет саласын шабыттандыратын кәсіпкерлікті басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың  қажеттігін атап өтуді жөн көрдім.

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.   Шеденов Ө.Қ., Жалпы экономикалық теория. - Алматы 2001.

2.   Бажиева, Манабаева. ҚР-да шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы: ҚазҰУ хабаршысы – 2006, №4, 58-63б. 

3.   Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы: Заң – 2006. №5, 4-20б.

4.   Қазақстан Республикасы президентінің 1997 ж. 13-наурыздағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен белсендіруді күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлығы: Казахстанская правда. – 1997ж., 13-наурыз, 2-3б.

5.   Журавлёва М.Р., Малое предпринимательство: Высшая школа Казахстана – 2004. №4, с.314-318.

6.   Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т.  Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері:  Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.

7.   Сәбден О. Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. – Алматы: «Білім», 2002. – 304б.

8.   Мейірбеков Б.Қ.  Шағын кәсіпкерлік пен кәсіпкерлікті қолдау жолдары мен дамыту әдістері (Қазақстан Республикасының мысалында)  Алматы – 2008ж.

9.   Манақбай Т.   Кәсіпкерлік қаржылық қолдаумен дамиды:  Егемен Қазақстан, – 2006-06-02.

10.        Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесін құру туралы: Жарлық. Ресми газет, 2005. - 24 қыркүйек.   

11.        Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына жолдауы.

 

 

 

 

 

 

2

 



Информация о работе ҚР шағын кәсіпкерліктің дамуы