Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 19:36, реферат

Описание работы

Қазақстанның тәуелсіздігіне Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар алғашқы негізін жасады. 1985 жылы жарияланған жариялық халықтар арасында өз тарихына, өз дәстүріне сыйластық сезімін оятты. Адамдарда үлкен бір еуразиялық континентте бірге тұрып жатқан халықтар мен ұлыстарды иесіздіктен ажыратуға қарсы наразылық тудырды. 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар Қазақстан тарихында тәуелсіздік мемлекет құрудың басы, халық тағдырының бұрылыс кезеңі болды.

Работа содержит 1 файл

жулдыз реферат.doc

— 182.50 Кб (Скачать)


 

Мемлекет – бұл тек аумақ, азаматтардың бірлігі, билік институттары ғана емес, ол сонымен қатар өз беттерінде келесі ұрпақтардың тәжірибесі мен жақсы болашағының үмітін жұмылдыратын Конституция.

Қазақстанның тәуелсіздігіне Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар алғашқы негізін жасады. 1985 жылы жарияланған жариялық халықтар арасында өз тарихына, өз дәстүріне сыйластық сезімін оятты. Адамдарда үлкен бір еуразиялық континентте бірге тұрып жатқан халықтар мен ұлыстарды иесіздіктен ажыратуға қарсы наразылық тудырды. 1986 жылғы желтоқсандық оқиғалар Қазақстан тарихында тәуелсіздік мемлекет құрудың басы, халық тағдырының бұрылыс кезеңі болды.

Қазақстанның өз мемлекеттік егемендігін нақты жүзеге асыруы Республикалық Жоғары Кеңесімен 1990 жылы 25 қазанда қабылданған тарихи үлкен маңыздылығы бар құжаты - Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясынан басталады.

Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңызы республиканың мемлекеттік егемендігіне нақты мазмұнын бергені, көп ғасырлық тарихы, мәдениеті мен қалыптасқан мемлекеттік-құқықтық дәстүрлері бар Қазақстанның өз мемлекеттігін белгіледі.

мемлекеттік қызметінің сапасын көтеруге, азаматтық қоғаммен мемлекет арасындағы өзара ықпалдастығын нығайту, халықтың әлеуметтік және құқықтық қорғалуына бағытталған Қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалар қоғамдағы ішкі тұрақтылық пен келісімді сақтайды, бұған біздің Конституциямыз толық мүмкіндік туғызады.  

Тәуелсіздіктің шежіресіндегі 1993 жылдың алатын орны да ерекше. Өйткені тәуелсіз ел боламын деп жаһанға жар салғаннан гөрі, тәуелсіз ел ретінде өмір сүре алатыныңды дәлелдеу үшін де осы бастапқы жылдары тынбастан еңбек етіп, жұртқа игі болар әр бір істен аянып қалмау керек болды. Кешегі күні тек орталықтың айтқанымен жүріп, соның дегені ғана болатын заманнан кетіп, тізгінді қолға алған қазақ елі үшін нағыз қиын кезең туып, тұралатқан шақ осы жылдар болатын.

Халық басындағы әлеуметтік қиыншылықтар еселеніп, экономика құлдырады. Инфляция мың есеге дейін шарықтап, ақша құнының шегі білінбеді. Жұрт «жоқшылық заман келді ме» деп үрейленді. Расында да, тәуелсіздігінің ақиқатын жаңа сезіне бастаған Қазақстанның экономикасына аса ауыр болған кез 1993 жыл басталған еді. Бұл туралы естелігінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Егерде Ресейден келетін қолма-қол қаржыны бөлу 1992 жылы рубль аймағына кірген республикалар арасында азды-көпті тепе-тең жағдайда іске асырылса, ал 1993 жылы Ресейдегі экономикалық блокқа жауапты тұлғалар, Қазақстандағы әлеуметтік-саяси жағдайға тікелей немесе жанама түрде ықпал жасай отырып, өз міндеттерін басымдылық жағдайында шешіп, Қазақстанға бөлінетін қолма-қол ақшаны ұстап қалуды шығарды», - деп еске алады. Бұндай астарлы саясаттың діттегені не еді? 1993 жылдың көктеміне қарай Қазақстан Ресейден мүлдем ақша алуды тоқтатты. Ал 1993 жылдың мамырында Ресей Үкіметі ТМД елдеріне техникалық несие беруді бүтіндей тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Осының өзі елдің тәуелсіздігіне үлкен соққы болатыны айқын еді. Бұл 1993 жылғы елдің ішкі ахуалы. Алайда ол заман да артта қалды.

Мемлекет басшылығындағылар елдің ішкі ахуалын бір жағынан демеп, тұралаған экономиканы қалыпқа салуды ойлап жанталасса, екінші жақтан ескі таныстығы бар көрші-қолаңмен ғана емес, Қазақстанды енді танып жатқан әлемдік жұртпен дипломатиялық байланыстарды орнатып, дүниедегі өркениетті елмен өзара ықпалдасуға ұмтылды. Сондай-ақ, дәл осы жылы мемлекеттігіміздің берік іргетасы ретінде қаланған Ата заң тұңғыш рет өмірге келді. Тұңғыш рет елдің басты құжаты қабылданғанда Негізгі заңның Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың басты принциптерін баянды етуі тиістігі назарға алынған болатын. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан қарсыдан соққан жел мен жауған жаңбырға, өзінің шаршап-шалдыққаны мен қорқынышына, айналасындағы әр түрлі қиын жайларға қарамастан, тау асуларымен тайсалмай жүріп келе жатқан жолаушының жағдайын көзге елестететін. Алғашқы қадам - өте күрделі. Жаңа мемлекетімізді құруға кіріскенде, ең алдымен біздің үйіміздің мықты іргетасы, негіздердің негізі - жаңа Конституция керек екенін түсіндік», - деп жазады Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан жолы» атты кітабында.Сонымен тәуелсіздіктің тағы бір шежірелі жылы - 1993 жылғы ел болып атқарған айтулы даталарға келсек.

 Жаһандану үдерісіндегі ұлттық егемендік мәселесі

Ұлттық егемендік принципі мен жаһандану үрдісінің арасындағы қайшылықты талдау үшін ұлттық мемлекет феноменінің табиғатын білген жөн. Жалпы, саясаттану әдебиеттерінде «ұлттық мемлекеттің пайда болған уақыты» деп XVI-XVII ғасырлардың арасы көрсетіледі. Нақты бір датаны белгілеген ғылым жоқ, жобамен алғанда ұлттық мемлекеттің бүгінгі демократиялық формасының қалыптасуы екі-үш ғасырға созылса керек. Қалай десек те, ұлттық мемлекет империялық мемлекеттерден азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас принциптері тұрғысынан алғанда мүлде басқа болды.Мемлекеттік істерді басқаруда халыққа құқық берілген соң әр халық өз мемлекетін құруға кірісті. Сөйтіп, ұлттық мәдени тұтастыққа сүйенген мемлекеттердің дамуы барысында Еуропада адам мемлекеттің құлы емес, мемлекет адамның қызметшісіне айналды. Ұлтшылдық дәуірі адам баласын белгілі бір деңгейде жоғары саяси даму сатысына шығарып, қоғамдық игіліктерді көбейтті. Дегенмен, ұлттық мемлекеттер дәуірінде барлық ұлттар тегіс өз мемлекетін құрып кете қойған жоқ. Тіпті, құрылған ұлттық мемлекеттердің кейбірі демократиялық приципті мойындамады. Бірақ, ұлттық мемлекеттердің күш-жігері халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға жұмсалуы керек болды. Бұл негізгі саяси қағидаға айналды. Ұлттық мемлекетте ең маңыздысы ұлттық мүдделер болды. Ұлттық мүдде жеке адамның құқықтарын қорғау мен көпшіліктің тілектерін қанағаттандыру болып белгіленді. Қарапайым адамдардың саясатқа қатысуының, билікті бақылауының механизмдері нақты демократиялық институттар болып қалыптасты. Осы тәртіп бойынша халықаралық құқық жүйесі жасалды. Халықаралық құқық жүйесі ұлттардың мемлекет құру құқын және ол мемлекеттердің егемендік принципін бекітті.
Бірақ, қазіргі заманда мейлі дамыған мемлекет болсын, жаһандық бәсекеге төтеп беру үшін шеттен капитал, маман, білім тартуы керек. Бүгінгі капитализм – халықаралық кооперация. Енді, дамушы мемлекеттер салықты азайтып, өз заңдарын жаһандану процесіне бейімдеуі, ұлттық егемендіктің бірқатар принциптерінен бас тартуы керек. Мысалға, қазір көп мемлекеттер ұлттық дүниетанымнан демократия талаптарын жоғары қойып, жұмыс күшін ұлттық принциппен құрудан бас тартуда. Нарықтың қатал бәсекесінде адамдарға ұлттық ерекшелігіне қарап қолдау көрсету адам құқын бұзу, нәсілшілдік болып саналады. Ұлттың байырғы территориясында жұмыс істеуге, өмір сүруге келемін деген кез-келген бөгде ұлт өкіліне тыйым салу көптеген халықаралық келісімдерге қайшы келеді. Яғни, егемендік, саяси-экономикалық дербестік дегендердің аясы тарылып, мемлекеттің басқару, жоспарлау, реттеу қызметі қысқара түседі. Осы уақытқа дейін ұлттық мемлекет территориялық билікке, сол территорияның ішінде мәдени тұтастыққа сүйенетін құрылым болып келді. Енді жаһандану барысында пайда болған дүниежүзілік қоғамдастық (адам құқы идеясы, демократия принципі) пен әлемдік нарық ұлттық үкіметтердің құзырын әлемдік нарықтық-әлеуметтік қатынастармен, өзара тәуелді экономикалық байланыстармен, әлемдік коммуникация торабымен тарылтып барады.
Келешекте ұлттық мемлекеттердің трансұлттық мемлекетке айналуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда Шығыс халықтары ұлтты примордиалистік тұрғыда түсінетін менталитеттерінен толық бас тартпаса да, конструктивистік тұжырымдаманың пайдалы екенін мойындаулары қажет. Өйтпеген жағдайда, әсіре ұлтшылдық пен фундаменталистік догмаларға ұрынған халық міндетті түрде жаһанданудың ұлттық егемендікті қысқартуына қарсылық көрсетіп, жабық жүйеге ұмтылуы мүмкін. Сондықтан, Шығыс мемлекеттерінің азаматтары өзінің ішкі ұлттық-діни мәдени мазмұнын өзгертпесе де «бостандық», «теңдік», «махаббат», «бейбітшілік», «адамды сүю» сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды бойларына сіңіруге тиіс. Ұлттың конструктивистік тұжырымдамасына негізделген менталитетті бойына сіңіру бүтін бір халықтар үшін өте күрделі құбылыс. Әсіресе, Ислам елдерінің азаматтарына діни ксенофобиядан құтылу қиын болмақ. Діни фанатизмге ұшырамаған қазақ халқына да өзінің «примордиалистік» менталитетінен арылу оңайға тимейді. Өйткені, қазақтардың ұлттық дүниетанымында примордиалистік тұжырымға сай келетін сенім-нанымдар, әдет-ғұрыптар мол. Топырақтан жұғатын мінезден, батырлық дәстүрден бастап, ата-баба сүйегі мен ана сүті арқылы берілетін тектілік, рулық шежіренің қасиеті, қаншылдық, туысқандық ұғымы қазақ менталитетінің мызғымас салттары іспетті. Оның үстіне қазақ халқының тарихы кісінің көңілін босататын тауқыметке толы.
Жаһанданудың барысында жеке индивидтердің бір елден бір елге көшіп сапырылысуы, ұлттық идентификацияның әлсіреуі күшейе бермек. Бұл ұлттық егемендіктің маңызының төмендеуіне, индивидтердің мемлекетті функционалдық, яғни өмірге қажетті қызметін пайдалану тұрғысынан ғана бағалауына әкелмек. Болашақта ұлттық үкіметтер жаһандану ережелеріне ішкі экономикалық-әлеуметтік процесстерді әлемдік нарық кеңістігінің талаптарына бейімдеп отыратын кезекші ролін ғана атқарады. Жаһанданудың қазіргі сатысында ұлттық егемендікті әлсіретудің бастапқы экономикалық, саяси механизмдері жүріп жатыр. Біз жаһанданудың капитализмнің, индустрияның, ғылыми-техникалық революцияның салдары екенін білеміз. Жаһандануды тудырған индустриялды экономика халықаралық саясаттың көрігін үрлей түсті. Конвейерден мың сан тиражбен шыққан мол тауарды өткізу үшін және үздіксіз өндіріске шикізат кеніштерін табу үшін дамушы мемлекеттердің ішкі рыноктарына кіруге деген бәсеке ХХ ғасырдың өне бойы мен ХХІ ғасырдың басында шиеленісе түсті. Бұған, дамушы елдердің технологиялық дамуға ілесе алмай артта қалған қырсыздығы, ғылымды дамытуға қаржысы мен тәжірибесі жетпейтін қауқарсыздығы, модернизацияға мың салса бір баспайтын діни догмашылдығы қосылды. Қаржы экономикасы мен электроникалық дәуір, күнделікті үздіксіз істеп тұрған конвейерлі өндіріс дамыған елдердің өздерінде де әлеуметтік қайшылық тудырды.
Біріншіден, Еуропада ғылыми-техникалық прогресс көп жұмысты компьютер мен құрастырушы аппараттарға өткізіп берді; бұл бірден жұмыссыздықты көбейтті. Екінші, салық төлеп отырған ірі корпорациялар Еуропа елдерінен жұмыс күші арзан, салығы төмен, шикізаты іргеде жатататын Шығыс елдеріне көше бастады. Сөйтіп, барлық индустриясы, өндіріс орындары өз территориясында орналасқан Батыс Еуропа елдері мен АҚШ, Жапония сияқты мемлекеттер постиндустриалды қоғамдарға, яғни индустриялары дамушы елдерге көшіп, өздері сол индустриалды қоғам мәдениетін сақтаушы, ғылыми-технологиялық ақпараттар мен ноу-хау өндірушілерге айналды.
Постиндустриалды қоғамның бүгінгі әлеуметтік проблемалары трансұлттық корпорациялардың пайда болуымен тығыз байланысты. Осы корпорациялар дүние жүзі индустриясының негізгі салаларын уысында ұстағандықтан әлемдік нарықтың діңгегі болып, шексіз экономикалық ықпалға қолы жетіп отыр. Сондықтан, ұлттық мемлекеттердің ендігі заманда санасатын, ықпал үшін таласатын, экономикасын олардың тәуелді етуінен қорғайтын бірден-бір бақталастары осы трансұлттық корпорациялар, яғни әлемдік нарық пен қаражат кеңістігі болмақ. Бұл аталған жаһандану институттарының қалыптасуына Еуропа халықтарының ұлттың конструктивистік тұжырымына сәйкес қалыптасқан менталитетінің де әсер еткені күмәнсіз.
Еуропа экономикасының интеграциялық мүмкіндігінің де Азия экономикаларының интеграцияға деген бейімінен басым болуы осының арқасы. Ал, Шығыстың дамушы мемлекеттерінің ксенофобиялық немесе «примордиалистік» догмасы бұл елдердің әлемдік нарықпен қоян-қолтық араласуына, Батыстың технологиялық жетістіктері мен білім-ғылымына бет бұруына, олардың қоғамдық жүйесінің тәжірибесін алуына кедергі болғаны сөзсіз. Дегенмен, адамдардың жеке меншікті сүйетін табиғаты да, капитализмге бейім ішкі есебі де осы әлемдік нарық жағында. Оның үстіне ұлттық мемлекеттер өздерінің әлеуметтік-саяси, басқарушы рөлін жоюға жақын қалды. Қазірдің өзінде жабық экономика мен радикалды идеологиялық бағыт ұстанып отырған елдердің халқы өз үкіметтеріне наразылықтарын дүркін-дүркін көрсетіп қалып жатыр.
Әлемдік экономиканың ұлттық мемлекетке тигізетін үш бағыттағы әсерін айтуға болады. Біріншіден, ұлттық валюта кеңістігі мен кеден шекарасы бұзылады. Бұл екі институтқа толық билігін жүргізіп келген ұлттық мемлекеттердің халық байлығын шашыратпай ұстап, шекарадан бәсекелес жібермей бақылап отыруға мүмкіндіктері бар еді. Қазір экономика көбінесе әлемдік нарықтың талаптарына бағынады. Екінші, мемлекеттің несие беруге монополиясы бұзылды. Бүкіл жер шарын қамтитын қаржы рыноктары пайда болды. Бұл рыноктарда құндылықтар (ноу-хау, қаражат, адам ресурсы) еркін айналысқа түседі. Ұлттық мемлекеттің экономикасы осы еркін айналыста жүрген құндылықтардың қай мемлекеттерге шоғырланғанына қарай өз өндірісін реттеп, бейімдеп отырады. Үшінші, әлемде жүріп жатқан қатаң түрдегі еңбек бөлінісімен ұлттық мемлекеттер санасуға мәжбүр. Бұл еңбек бөлінісі жұмыс күшінің шекараға қарамастан қайта бөлінуіне әкеледі. Яғни, бір елдің ұлттық табысын беріп отырған негізгі өндіріс түрі сол елдің еңбекке жарамды барлық азаматтарына жұмыс орнын тауып бере алмауы мүмкін. Бұл жұмыс күшінің ұлтына қарамастан, азаматтығына қарамастан мемлекеттер арасында қайтадан бөліске түсетінін білдіреді. Осы жағдайда жаһанданумен бірге халықтардың ұлы көші жақындап келеді.
Бірақ, бұл көш осы кезге дейін тарихта бірнеше рет болған тұтас халықтардың қопарыла көшуі емес, миллиондаған индивидтердің жеке-жеке қоныс аударуымен сипатталатын болады. Осы миллиондаған индивидтердің қопарыла көшуі жаһанданудың мәдени ықпалын арттыра түседі. Бірақ, осы көш Шығыс елдерінің жанұшырған қарсылығына ұшырауы мүмкін. Қазір бұл қарсылықты біз елшіліктерді, ірі шетел компанияларының офистерін жарып жіберу түрінде байқап жүрміз.
Дегенмен, жаһанданудың Шығысқа тартқан шеруін ондай қарабайыр тәсілдермен тоқтату мүмкін емес. Өйткені, әлемдік капитализм адам саны мол рыноктарды, шикізат кеніштерін назардан тыс қалтырмайды. Капитализм жер бетін толық игеріп үлгерген жоқ. Оның ішкі логикасы – барлық рыноктарды, барлық шикізат көздерін игермей тоқтамау. Осыны ескерсек «ұлттық экономика» деп аталатын құрылым әлемдік нарықтың құрамдас бөлшегіне айналуы заңды құбылыс болып шығады. Мысалға, қазір әлемдік нарықтың жықпылды қойнауында трансұлттық қаражаттың жаңа виртуалды рыногі пайда болды. Яғни, нақты материалды негізі, заттық субстраты жоқ, қаржы айналымының ақпараттық мәліметтеріне қосылып, білінбей кететін «қаріп (цифр) қаражат» көбейді. Бұл «әріп қаражаттың» ұлғаймалы өндірісін ұлттық мемлекеттер бақылай алмайды. Бұл орасан мол «әріп қаражат» кез-келген уақытта әлемдік компьютер торабы арқылы ұлттық экономикаға келіп құйылуы немесе ұлттық экономиканың құрамынан басқа елге аударылуы мүмкін. Яғни, ұлттық мемлекет қаржы қозғалысын бақылауда монополиядан айрылды. Осы бақылауға алынбайтын дербес қаржы айналымы ұлттық экономикалардың өндірісіне нақты әсер етіп отыр. Бұл жерде кез-келген ұлттық экономика капитализацияға, модернизацияға мұқтаж екенін ескеруге тиіспіз.
Бірақ, бұл бақылаусыз қаржы айналымы дамушы елдерге өз мүдделеріне сәйкес келетін талаптарды қатаң түрде қойып келеді. Көмегіне дамушы елдер мұқтаж болып отырған осы әлемдік қаржы айналымын бақылайтын дүниежүзілік бір механизмнің, белгілі бір ұйымның төбесі әзірге көрінбейді. Көбінесе халықаралық қаржы ұйымдары мен инвестиция салатын трансұлттық корпорациялар дамушы елдердің шикізат көзі ғана болып қала бергенін қалайтын сияқты. Оны трансұлттық корпорациялардың ұлттық мемлекеттерден ұлттық кемімелі (регрессивті) салық жүйесін талап етуінен байқауға болады. Дамушы елдер қанша жерден тырысқанымен Батыс Еуропа, АҚШ, Жапонияның технологиялық жетістіктеріне қол жеткізе алмауы мүмкін. Және қаржы ұйымдарының дамушы елдерге қоятын шарттары бұл елдердің қаражат саясатындағы дербестігін мүлде жояды. Мысал келтіретін болсақ: бюджет шығынын, әсіресе әлеуметтік салаға жұмсалатын шығынды қысқарту, жергілікті валютаны еркін бағамға өткізу, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру т.б. Мұндай қатаң талаптар екі түрлі мақсатта қойылады: дамушы елді сыртқы қарыздарын өтеу үшін шикізат экспортын көбейтуге мәжбүрлеу; дамыған елдерден әкелінетін тауар импортын көбейту. Дамушы экономиканың өндірісін дамытып, қаржы қорын жинау үшін бірқатар протекционистік шаралардың қажеттігін қарапайым халық та түсінеді. Ал, менталитеті «примордиалистік» елдер әлемдік нарықтың бұл талаптарына бой ұсыну егемендікті жоғалтумен тең деп біледі және бұл талаптарды олар жекелеген елдердің жаулық ниеттегі қысастықтары деп түсінеді. Шындығында да кооперацияның мұндай түрі дамушы мемлекеттердің дербес һәм тиімді тәсілдерімен тиімді дамуын қиындатады.
 

1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын.

1990 жылы 16 қыр­күйекте «Мемлекеттік егемен­дік туралы Декларацияның» жо­басы алғаш рет БАҚ-та жария­ланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декла­рацияның балама нұсқасын әзір­лепті. Қалай дегенмен де егемен­дікті жария еткен құжатты қабыл­дау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағды­рының жауапкершілігін сезіне оты­рып» деп келетін тұжырым­дарға келіспеушілік танытты. Со­нымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік пар­тия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсы­лық білдіріпті. Тіпті кейбіреу­лер­дің болашақ үшін аса маңызды құ­жатты қабылдауды кейінге қал­дырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құл­дықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді.

Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сес­сияда Декларациядағы 17-бап се­гіз сағат бойы талқыға түсті. Ке­ңестер Одағының тал­қаны таусылмай жатып, одақтас рес­пуб­ликалардың кейбірі тәуел­сіздік туралы заңдарды қабылдап үлгер­ген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қа­раңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйым­дар­дың қызметіне қатысуға мүм­кіндік алды. Еліміз егемендік Декла­ра­циясы арқылы табиғи байлығы­мызды, экономикалық және ғылы­ми-техникалық әлеуетін толық мен­шігіне алды. Қазақстан территория­сындағы барлық әскери құрылым­дар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қа­зақстан территориясында егемен­дік­ке қай­шы келетін КСРО заң­дарының күші жойылды. Декла­рация орталыққа бағынышты күй­ден арылтып, Мәс­кеумен жаңа жағ­­дайда тең әріптес ретінде ын­тымақ­тастыққа қол жеткізді.  Мемлекеттік еге­­мендік Декларациясы – егемен­дік­ті білдіре­тін құр мәлімдеме ам­биция ғана емес, шын мәнінде, заң­дық күш­ке ие маңызды құжат. Сон­­­дық­тан да егемендік туралы Деклара­ция кейін 1991 жылғы 16 жел­тоқ­санда Қазақ­стан Республи­касы­ның Тә­уелсіздігі туралы Дек­ла­ра­циясы­мен терең үндестік тапты. Кейбір саясаткерлер пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп жариялап отыр.

Егемендік - (фр. souverainete - жоғарғы билік) - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды. Бұл ұғым қоғам дамуының әр кезеңінде әр түрлі мәнге ие болды. Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі егемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. Бұл үстемдік мемлекеттік органдарда қоғамдық тәртіп орнатуға және құқық тәртіптерін сақтауға қабілеттілігінен, лауазым иелері мен лауазымы жоқ адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, бірдей міндеттер жүктеуінен көрінеді. Сыртқы саясатта әр мемлекет өзге мемлекеттің егемендігін ескермей тұра алмайды. Сондықтан егемендік пен тәуелсіздікті өзара құрметтеу принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтағы негізгі мәселе болып табылады. Оның басты шарты - тәуелсіз мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жағдайының ерекшеліктеріне, халық саны мен аумағының көлеміне және т.б. жағдайларына қарамастан, бір-бірімен тең дәрежеде қарым-қатынастар жасасып, араласуы. Бұл принциптер БҰҰ жарғысында және бірқатар халықаралық келісімдерде бекітілген. Халықаралық қатынастарда мемлекеттер бір-бірімен ықпалдасу кезінде өздерінің іс-әрекеттерін егемендікті құрметтеу қағидаттарының белгілі бір ережелеріне бағындырады. Мұндай ережелер келісім жасалған сәттен бастап әлгі мемлекеттер үшін міндеттілік сипат алып, халықаралық құқық нормаларына айналады. Сонымен қатар егемендік сол мемлекетті құрап отырған ұлттың саяси билігін қорғауы тиіс. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. "Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы" Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам болды. Онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізіңде 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды. [1]

Біздің мынау «Қарағай басын шортан шалған» заманда азып-тозудың алапат ағынымен бірге кетпей, Елдікті, Егемендікті сақтап қалу, алдымен соны иелену, татулықты, бірлікті тегеурінді тірек ету - Отандық, мемлекеттік биік дәрежеде ұстап тұру - қиынның қиыны екені баршаға мәлім. Өз алдына дербестік, егемендік алдық - деп қуанғанда, шүкіршілік еткенде, ал енді не істеп, не қоятынымыз туралы ұшы-қиыры жоқ мәселелер алдыңнан андап шығары сөзсіз. Ондаған жыл қол-аяғың тұсаулы болып келіп, сол қырсық бүғау шешіле кеткенде, бет алды құла дүзге тұра шаба жөнелмейсің ғой.Енді бүкіл тұрмыс, тіршілік иесі - өзіңсің, сондық- тан кемел ақыл, кемеңгер ой, мөлшерлі әрекет енді өзінде қалды. Енді ешкімге, әлдебір жоғарыға жалтаң. Өзі би, өзі қожалықтың рахаты мен көрер қиыны да көп. Жауапкершілікті енді өзің арқалайтын

күн туады. Біз ең алдымен ойсыздықтан, ақылдың жұмыссыздығынан қүтылдық. Бұл жағдай керемет тарихи оқиға екені даусыз, бірақ енді сол ойды ақылды іздеп табу керек, ол үнемі қалтаңа сақтап жүрген нөрсе емес. Сондықтан «осы ақылды- ау» дегендер бас қосып, ортадан ортақ, дені дұрыс ой, сол ой арқылы өкінішсіз ортақ шешімге келу керек. Бұрын «бәленше- кең айтты-біттімен», әлде кімнің ауру басының аузына түсірген сөзімен, қаншама ел бүлінді, шаруа қирады, «қайта құрдық», «қайта құрдық». Ол өткен белестерді тізіп шығудың өзі - қиямет. Ия, Егемендік дегеннің біз алдымен не екенін түсініп алуымыз керек. Құр жалаң қуаныштан, далақтап шаба беруден тапқан пайдамыз белгілі. Жаппай ел болып ойланатын күн туды. Қаулыдан соң қаулы, жарлықтан соң жарлық жарысын бірыңғай қызығып кетпей, алдымен соның шешілу кезегін анықтап, кезінде шешілген істі елге көрсетіп, дөлелдеп алып, сол игіліктің дәмін татқызып барып, келесісіне көшкен қандай ғанибет! Баяғы «ескі» екпін, еріксіз ағын, дәстүр біздің жаңа ниет-қимылымызға көпке дейін кедергі болары сөзсіз. Ол - әлі ұзақ мысқылдап шығатын дерт.Қазір «егемендік алдық, енді бәрін біржолата шешіп тастаймыз, орнатып тастаймыз» деушілер жеткілікті. «Аналар сөйтіп жатыр, біз неге өйтпейміз?» дегендер де көп-ақ. Бұл - ағашты еге салып, «мынаның жемісі Қандай?» дегенмен бірдей ғой. Қазақстан - өзге республикалардан қазіргі бітім, жаратылысымы өзінің көлемі мен шаруасының көлемін  - мүлдем бәлек кеңістік, бөлек мінезді республика екенін естен шығаруға болмайды. Бұл мұхитта жүзетін алып лайнер секілді республиканың, қазіргі мемлекеттің әрекет-қимылы аса бір асығыстықты көтермесе керек. Қашанда бізді құртып келген асығыс шешім, қате қаулы, үстірт әрекет. Алға жылжитын толып жатқан адымдарымызға кедергі, тұсау. Бір істі ор- натып, қайта бүзу - екі рет, үш рет қайта жөндеу бо- лып келді. Мұның бәрі біздің шаруа жүргізу мәдениетінен, іскерліктен, тәжірибеден мақрұм болғандығы- мызға дәлел. Бұл - қандай дарынды халықтың дарынсыз басшыларынан болған жұмыс.Ал қазіргі Егемендік енді оны көтермейді. Жеңісті де өзгеден, кемісті де өзгеден көретін уақыт келмеске кетті. Егемендік, ең алдымен, елдің талантты, ақылды, жігерлі жастарын, азаматтарын өмір алаңына шақыра- ды, яғни халық қайраткерлерін дербес тәрбиелеп өсіреді деген сөз. Осы өсу, осы тамаша құбылыс арқылы бүкіл ел, оның ұрпағы, адамдары жаңарады. Ол жаңару - халық санасының, рухани тіршілігінің мүлдем жаңаруына әкеп соғады. Сайып келгенде - Егемендік, Еркіндік - жаңа қазақ халқын туғызады. Егемендікті қадірі тек Еркіндікте емес, сол Еркіндіктің арқасында халықтың қайта түлеуінде, қайта жаңғыруында. Біздің Егемендік дегендегі - арманымыз осы.

Қазақ халқы қаншама қырсық, кедергіге қарамастан, өз қанында өсімтал, жаңалықты шапшаң қабылдағыш, сергек те ершіл, өміршең халық. Қалай десең де, соңғы 20-30 жылда оның ұрпағы тез өсіп, көптеген өркениет (цивилизация) үлгілеріне қол жеткізгені анық. Әрине, халық та теңіз тұлғалас, оның төменгі, ортаңғы, үстіңгі иірімдері, толқын, ағыстары бар. Олардың бірі жаман болғанмен, бірі жақсы болуы занды. Біз алдымен жақсылықты көруіміз керек. Яғни сол игілікті көрім, ағыстары жоғарғы қабатқа алып шығуға жәрдем- десу керек. Ал құр: «біз жаманбыз, наданбыз, құрып кете жаздадық» деп, байбалам салумен жұртты көтере алмайсың, біреуді «сен жамансың» деп алып, жақсартқ- анды көрген жоқпыз. Адамға үміт, сенім қымбат, халыққа одан да қымбат.Жоғарыда Егемендік халықты жаңартады дедік. Ол жаңарту - халықтың ой, санасының жаңаруы, рухани жан-дүниесінің жаңаруы. Алдымен ең үлкен апат - халықтың осы рухани еңсесінің төмен түсіп кетуі, яғни рухани аштық апаты. Ал біз осы уақытқа дейін рухани аштыққа ұрынғанымыз жоқ еді. Тұрмыс аштығына, пен күйсіздікке талай ұшырағанымыз да біздің өз кінәміз емес, өз керенау, бейқамдығымыз емес, біздің халықты арамтамақ, жатыпішер, жалқау деп ешкім сөге алмайды. Сонау далада, қиыр, меңіреу алыс түкпірде ертеден қара кешке, дем алыссыз, тынымсыз  малын бағып, шөбін шауып, егінін егіп жүрген де - сол қазақтар. Айт-айт, біз осы ғасырда мемлекет қолымен, әсіресе, соңғы 40-50 жылда кілең төресымақ, ақсаусақ, арамтамақ әкімдердің санын өсіріп жібердік, еңбек етушілерде еңбексіздердің көлемі әлденеше есе асып түсті. Бұлардың тамағы, тұтынар бұйымы, ермегі, қызығы - бәрі де байғұс қойшылардың мойнына асылды. Тұрмыстағы масылдыққа рухани масылдық қосылды. Адамзат мәдениетінде қол жеткізу түгіл, талпыну да жайына қалды. Дала еңбекшілері мәдениет ошақтарынан мүлде аулақта болса, ошақ түбіндегілер сол алыстағы елді «отарлаушылар», өз қызығына азық іздеушілер, айқайшылдық, ұраншылдықпен күн өткізіп, қасындағы мәдениеттен құр алақан қалушылар болып, бүкіл ел мекендеушілер солайша екі топқа бөлінді. Екеуі де мәдениет, рухани өмірден тым аулақта жатты.Мәдениетті, кісілікті, ар-ұятты ішкен тамақ, киген киіммен көрсеткісі келетін адам-мүскін, манекендер сенің көркем әдебиетің, ғылымың, өнерің, сурет, музыка қазынаңа қайтып оралмастай күн кешті. Сөйтіп, біздің сонау көне ғасырлардан келе жатқан, өз халқымыз қырылып-жойылып жүріп өтсе де жоғалтпаған рухани қазынамыз, ауыз әдебиеті мен ән-күйіміз, қол- өнеріміз «алты қырдың астында» қалды. He жаңалығымыз жоқ, не ескіміз жоқ хәлге ұшырадық. Егемендік атты дәуреніміз енді туғанда - біздің ескіден ұстап қалған тұлдырымыз осы еді. Сонда да болса, жоғарыда айтқандай, он жылда аракідік жаңарған сайын көзімізді бір ашып қалып, әлгі рухани жарыққа, мәдениетке ұмтылып отырған жағдайымыз болды. Бұған мысал 60-70 жылдардағы қазақ өдебиетінің өркендеуі - проза, поэзия, драматургия саласындағы шоқтықты шығармалардың жарыққа шығуы, музыкада, театр өнерінде ірі опера, симфониялық шығармалар, тарихи, осы заман туралы пьессалар, қойылымдар, баспалардың ашылып, epic алуы, әсіресе көркем әдебиет шығармаларының тираж санының қауырт өсуі, олардың 50-100 мыңға дейін жетуі, газет-журналдардың көбеюі, ← 1 2 3 4 →

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және құрылымы