Жаңа жылды тойлау дұрыс па?

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 21:03, доклад

Описание работы

Қияметтің кіші белгілерінің бірі: Ислам үмбетінде ширктің пайда болуы, харам ішімдіктердің көбеюі және оны халал деп санауы, зинақорлықтың белең алуы, фитнаның кең тарауы, ізгі амалдардың азаюы және уақыттың қысқаруы.
Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатысы бар ма, жаңа жыл мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Работа содержит 1 файл

Жаңа жылды тойлау дұрыс па.doc

— 37.50 Кб (Скачать)

Жаңа жылды тойлау дұрыс па?

Қияметтің кіші белгілерінің бірі: Ислам  үмбетінде ширктің пайда болуы, харам ішімдіктердің көбеюі және оны халал деп санауы, зинақорлықтың белең алуы, фитнаның кең тарауы, ізгі амалдардың азаюы және уақыттың қысқаруы.

Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатысы бар ма, жаңа жыл мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Иса (а.с) Масихті христиан әлемі құдай  деп таниды. Сол сияқты Митраны  да парсы құдайы, Осирис Египет құдайы, Вакх грек, Кришна Индия құдайы, Будда буддизмнің негізін салушы, оны да құдай деп есептейді. Заратустра, Зараостризмнің негізін салушы. Бұл құдайлардың туылған күндері де ұқсас 25 – ші желтоқсанда дүниеге келген екен. Рим империясында көп құдайшыл өздері жартылай құдай, жартылай адам деп санайтын Митраның туған күнін сән – салтанатпен атап өтетін болған. Митра 25-ші желтоқсанда бір үңгірде, жануарлар арасында туылған. Көпқұдайшыл болған римдіктердің сенімі бойынша, егер адам өз үйінде лавр (үнемі жасыл болып өсетін ағаштың бір түрі) ағашын тігіп қойса, онда оның үйінен көктем кетпейді – мыс. Сондықтан да, олар сол ағашты өз үйлеріне әр қыс келгенде тігіп қоятын болған. Герман тайпасы да солай  істеген, бірақ лаврдың орнына олар шырша (елка, ель) ағашын пайдаланған. Яғни, Исаға (а.с) да, жаңа жылға да қатысы жоқ.

IV – ші ғасырда Митраның бас  табынушысы болған, кейіннен христиан  дінін жаңадан қабылдаған Византия  империясының императоры Константин 25-ші желтоқсанды Иисустың (Иса)  туған күні деп жариялаған. Оған  дейін Исаға (а.с) тиісті күнді ешкім жаңа жыл деп есептемеген де, тойламаған. Қазіргі таңда христиандар 25-ші желтоқсан мен 6-шы қаңтар арасы «Рождество Христого», яғни Исаның туылған күні деп ораза ұстайды, құлшылықтарын көбейтіп, бір-бірін кешіріп, көп жақсылық жасауға тырысады. Яғни, рождество мен жаңа жыл негізінде екі  бөлек нәрсе.

Мұсылман  мемлекеттерінде: Египет, Ливан, Сирия  т.б сол жерлердің тұрғылықты христиан арабтары бар. Сол себепті  олар да осы мереке тойланып жатады.

Құранда: «Олар (мейірімді Аллаһтың құлдары) өтірікке айғақ болмайды...» (25/72) Бұл аяттың тәпсірі – басқа діндегілердің діни меркелеріне қатыспау туралы айтылған. Бүгінгі адамдар: «Бұл жай мереке ғой, арақ – шарап ішпейміз, тек қана дастарқан жайып отбасы мен туыстарымызбен отырамыз», - дейді. Алайда Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі», - деген. Басқа бір хадисінде: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өткендердің (яһуди мен христиандардың) ізімен жүресіңдер, тіпті олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер оларға ілесе кетесіңдер», - дейді. 

Қасиетті  құранда: «Ей, адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нәрседен жеңдер!» (2/168). Басқа бір аятта: «...Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап етпеңдер, шындығында Аллаһ Тағала ысырап етушілерді сүймейді» - делінген. (7/31) Ал мына аятта: «Ей, иман келтіргенде! Арақ – шарап, құмар, пұттар мен бал ашу оқтары – күдіксіз шайтанның ісі, лас істерден. Бұлардан ұзақ тұрсаңдар, бақыттылық жолын табасыңдар» – деп ескерткен. (5/90) Хз Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарымыз «Терілерің сылынып сойылсаңдар да, отқа тірідей тасталсаңдар да, дарға асылсаңдар да Аллаға серік қоспаңдар! Намаздарыңды әдейі оқымай қоймаңдар! Өйткені, біле тұра намазды оқымағандар мұсылман қауымынан шығып қалады. Күнә істеуден сақтаныңдар! Өйткені күнә – Алланың қаһарын келтіреді. Арақ ішпеңдер! Себебі, арақ – бүкіл жаманшылықтың көзі», - деді. (Имам Табарани) Біз тойлап жүрген жаңа жылда осы аят, хадистерде анық айтылған күнәлі істерді жасап жүргеніміз жасырын емес. Олай болса жаңа жыл тек басқаларға ұқсау ғана емес, Алланың қаһарын шақыратын істерге себепші болып жатқанымыз тағы бар. Егер Жаратушы иеміздің тыйым салған нәрселерінен тыйылсақ, міндетті түрде одан жақсысын береді.

Алла  Елшісі(с.ғ.с.): «Аллаһ сендер үшін, олардан да абзал болған Рамазан мен Құрбан айт мерекелерімен ауыстырды» - деген. Олай болса, мұсылман үмбетінің қуанышпен қарсы алатын, күнәдан емес сауаптан тұратын, құлшылықпен өткізетін өз мерекелері бар. Біз бен сіздің бақытыңыз үшін Алла Тағала осы мерекелерді сыйға тартқан. Алла Тағалаға және Оның елшісіне иман келтірген адам, осыны қабылдайды да, қалғанын тастайды.

Алла Тағала халқымызға береке, бірлік, екі дүниенің бақытын берсін.


Информация о работе Жаңа жылды тойлау дұрыс па?