Агробизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 23:51, курсовая работа

Описание работы

Агробизнес нарық экономикасының белді бөлігі. Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу және ұйымдастыру мемлекеттік деңгейде маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығындағы бизнесті ұйымдастырушы және әр түрлі аймақтарда соңғы он жыл ішіндегі ауыл шаруашылығы артқан жұмыстардың барысына бақылау көрсетіп келеді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынасқа көшіру...................................4

1.1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.................................7

1.2 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі бағыттары.................................12

1.3 Республика агроөнеркәсіптік өндірісі жұмыс істеуінің табиғи-экономикалық ерекшеліктері.............................................................................15

2 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары.......18

2.1 Тоқырау кезеңінде Қазақстан ауыл шаруашылығының

дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар......................................21

2.2 Қазіргі кездегі республика ауыл шаруашылығының

жағдайы...........................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................28

Работа содержит 1 файл

=агробизнес.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

  Жоғарыдағы  кестеде келтірілген деректерден  елімізде тек астық өндіру ғана емес, сонымен қатар мақта, қант қызылшасы, картоп және көкөніс өндіруде де 1998 жылға дейін едәуір азайып отырғаны көрініс тапқан. Тек 1999 жылдан бастап республиканың егін шаруашылығы саласында оң нәтижелер көрініс бере бастады. Жоғарыдағы кесте көрсеткеніндей, бұл жылы мол астық жиналды. Бидайдың әр гектарынан 13,0 центнерден өнім алынып, республика бойынша 14,2 миллион тонна астық өндіруге қол жетті. Астық өндіру кейінгі жылдары да өсіп отырды. 2001-2003 жылдары астық өндірісінің орташа көлемі алдыңғы үш жылмен (1998-2000) салыстырғанда 4,6 миллион тоннаға өсіп, 14,8 миллион тоннаны құрады. Осыған байланысты астык экспортының жыл сайынғы орташа көлемі 4,5 миллион тоннаға жетті. Қазіргі уакытта Қазақстан астығы әлемнің 40-тан астам елдеріне экспортка шығарылады.

  2006 жылы ауа-райының қолайсыз болуына қарамастан, Республиканың егістік алқаптарынан 12,4 миллион тонна астық жиналды. Әр гектардан орташа өнімдік 9,9 центнерден келді. 102 мың гектар алқаптан астықтық жүгері жиналып, оның жалпы көлемі 475 мың тоннаны құрады. Сондай-ақ республика бойынша 2 миллион тонна картоп, 397 мың тонна қант қызылшасы, 467 мың тонна мақта жиналды. Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты. 2000 жылы республика көлемінде 96 198 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 91 471 шаруа қожалығы, 1 781 өндірістік кооператив, 2 886 шаруашылық серіктестігі және 60 жеке меншік кәсіпорын жұмыс істеді. Сөйтіп, 1999-2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылык жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалық шаралардың нәтижесінде өндірілген өнімдердің 90 пайызы жеке меншік құрылымдардың үлесіне тиді. 2007 жылдың басында мемлекеттік секторда бар болғаны 3 миллион гектар ауыл шаруашылық жері қалды. Республикадағы шаруашылыққа жарамды деген жердің 30 миллион гектарға жуығы шаруа қожалықтарының, 16 миллион гектары ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, 37 миллион гектары шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Салықты тек бір патент түрімен ғана төлеу енгізілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының бұрыңғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5-6 жылға ары қарай создырылды.

  Ауыл  аруашылығы саласындағы реформалар ондағы жалпы өнімнің өсуіне мүмкіндік берді. Мұндағы жалпы өнімнің өсу қаркыны 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда - 28,9 пайызға артты, 2000 жылы өсім - 8,2 пайыз, 2001 жылы - 16,9 пайыз, 2007 жылы - 6,6 пайыз болды.

  Ауыл  шаруашылығы саласының қаржылық жағдайы да едәуір жақсарды.

  2007 жылы ауыл шаруашылығы одан ары дами түсті. Ауылшаруашылық дақылдарының барлық түрлері бойынша жақсы өнім алдынды. Әсіресе, республика бойынша 22,5 млн. тонна астық жинап диқандар озды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

        Қорыта келгенде, әрине, ауыл шаруашылығында аграрлық өнеркәсіптік кешенін дағдарыстан шығару, осы саланы тұрақтандырып, оның тиімділігін жаппай қамтамасыз ету тек қана меншіктік қарым-қатынастарды реттеумен қатынастарды орнату атқарылуға тиісті басқа да қыруар игілікті істердің бастамасы ғана. Былайша айтқанда, мүлікті иеленумен қатар, оған қожалық ете білу керек. Ол үшін сол елде білікті, өзі ұқыпты, әрі іскер талапкер, тәуекелші шаруа қалыптасуы қажет. Тек сонда ғана меншік өз мақсаты мен міндетін толықтай және жоғары дәрежеде атқара алады.

     Ауыл шаруашылығында меншіктік қарым-қатынастарды, аграрлық реформаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар аясында қалыптастырып ұйымдастырудың ауадай қажеттілігі, оның қазіргі қойылып отырған мақсат міндеттерге сәйкестілігінің өзіне тән объективтік әдістері мен себептері бар. Олардың ең негізгілері:

  • сала дамуының жергілікті жағдайын барынша толық ескеру, осыған 
    сәйкес шаруашьшық жүргізу түрлерінің әр алуан болуы;
  • ауыл шаруашылық кәсіпорындар, мекемелер мен тұрғындардың жерді 
    тегін пайдалануы мен иеленуі;
  • жасалынған өзгерістерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету;
  • ауылдық ұжымдарда әлеуметтік өрістің одан ары артта қалушылығы;
  • ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің нарық қатынасындағы 
    ең бастапқы түрі ретінде корпорацияның дамуы;
  • ұжымдық шаруашылықтардың жаппай мемлекеттеніп кетуі;
  • ауыл шаруашылығында бәсекелестік ортаның болмауы;

    - халыққа  әлеуметтік  қызмет   көрсету  деңгейі  бойьшша  ауылдың 
кешеулеп қалуы;

    -меншік  қатынастарын өзгерту мен агроөнеркәсіп  кешеніндегі шаруашылық жүргізудің жалпы экономикалық жағдайын өзгертудің бір мезгілде өзара сәйкес жасалмауы;

    - еңбекке материалдық жағынан ынталандыру жүйесінің қажетті түрде 
және жеткілікті көлемде қалыптаспауы.
 
 
 
 
 

 

    

Қолданылған әдебиетер

  1. М. Т. Оспанова, Р. Р. Аутов, Х. Ертазин  Агробизнес теориясы мен тәжірибесі.-Алматы: Білім.-1997.-320 б.
  2. Мүтәләпқызы Б. Агробизнестің қалыптасуы мен дамуы .-Алматы.-2005.-31 б.
  3. Исаева Г. К. Нарықтар қатынастар жағдайындағы агроқұрылымдарда шаруашылықты жүргізудің экономикалық тетіктерін жетілдіру.-Алматы, 2006.-30 б.
  4. Мусин Ч. Қазақстан тарихы.-Алматы.-Издательство Норма К.-2008.-640 б.

     5. Қожаниязов Т.К., Қожаниязова Ж.Т.     Қазіргі экономика: Оқулық.-

      Тараз: Рысбаева және К, 2007.- 319 б.

     6. Құдайбергенова К. С.     Микроэкономика: оқу құралы / К. С.

     Құдайбергенова, Қазақстан   Республикасы  білім және ғылым

      министрлігі, Абай Мырзахметов атындағы университет.- Көкшетау: Б.ж.,  

      2005.- 223 б.

   7. Мәуленова С.С. ж.б.     Экономикалық теория: Оқу құралы / Мәуленова  

    С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.К.- Алматы: Экономика, 2007.-

     194  б.

   8. Осипова Г.М.     Экономикалық теория негіздері: Жоғарғы оқу  

    орындарының студенттеріне арналған оқу құралы / Орыс тілінен ауд.

    О.Исмаилов.-   Алматы: Курсив, 2006.- 317 б.

     9. Экономика: әлемдік классика [Мәтін]: 10 омдық. Т. 5. Экономикалық өсу

   және бәсеке теориясы / бас. ред. М. Б. Кенжеғозин.- Алматы: Таймас,  

    2006.- 528 б. 

  1. Шеденов Ө. Қ , Сағындықов Е. Н. Жалпы экономикалық теория.-

  Ақтөбе: А-полиграфия.-2004.-455 б.

Информация о работе Агробизнес