«АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:47, дипломная работа

Описание работы

Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмірге шығарды. Банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.

Содержание

Кіріспе 3

1 Коммерциялық банктегі депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі 5
1.2 Банктегі депозиттік операциялардың экономикалық мәні және
сыныпталуы 9
1.3 Банктің депозиттік емес ресурстары 20
1.4 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері 27

2 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1 «АТФБанк» АҚ-ның Қазақстанның депозиттік нарығында алатын орны 39
2.2 «АТФБанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама 41
2.3 «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау 44

3 Депозиттік операциялардың ерекшеліктері мен депозиттік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері 50
3.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі 56
3.3 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру жолдары 60

Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар 69

Работа содержит 1 файл

Депозитт│к саясат 402гр Мирзалиева Н.doc

— 781.50 Кб (Скачать)

Депозиттік ұйымдардағы депозиттің көлемі 2002 жылы жеке тұлғалардың салымдары 31% -дан 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 21,9%-ға төмендеген.

 

1-кесте – Депозиттік ресурстар құрылымында заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесі, %-бен

 

Салымдар

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Жеке тұлғалардың салымдары

31

42

43

46

34

23,7

24

21,9

Заңды тұлғалардың салымдары

69

58

57

54

66

76,3

76

78,1

Ескерту [22] әдебиет негізінде автормен құрастырылған


 

 Депозиттік ресурстар құрылымында заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесі %-бен сурет түрінде Қосымша А көрсетілген.

Қай мерзімде болмасын заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі жеке тұлғалардың депозиттерінен артық. Бұл өз кезегінде халықтың әлауқатының әлі де болса жеткіліксіз деңгейде қалуын сипаттайды.

Қазіргі уақытта әлемдік қаржы  дағдарысы салдарынан экономикада жалғасып отырған теріс үрдістер жағдайында екінші деңгейлі банктер үшін салымшылардың сенімін сақтап қалып, депозиттер бойынша ұсынылатын пайыздық мөлшерлемелерді арттыру арқылы әлеуетті депозиторларды тарту маңызды міндет болып отыр. Соның ішінде, депозиттер бойынша мөлшерлемелер ақталмаған экономикалық негіздемесі жоқ деңгейге дейін көтерілді, бұл өз кезегінде банктердің заем қаржысының қымбаттауына ықпал етеді.

Екінші деңгейлі банктердің депозиттер бойынша мөлшерлемелерді арттыруы олардың несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты несиелік тәуекелінің артуына алып келуі мүмкін немесе пайыздық маржаның төмендеуіне ықпал етуі ықтимал, бұл жеке капиталға қысымды көбейте түседі.

Банктердің депозиттерінің құрылымын ішінара, оның түрлеріне байланысты талдауда келесі беттегі 2-кесте мәліметтерін пайдаланамыз.

 2-кесте – ЕДБ-дің депозиттік ресурстарының серпіні мен құрылымы

 кезеңнің басына млрд. теңге

Банктің депозиттік ресурстарының  құрылымы

2004ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

Барлық депозиттер, о.і.:

972,0

1 607,8

2523,1

4714,9

6424,0

Заңды тұлғалардың  депозиттері, о.і.:

628,8

1 159,8

1926,2

3680,7

4 976,1

Клиенттердің ағымдағы және карт-шоттары 

406,2

756,7

1319,5

2 334,4

3 307,0

Талап етілетін депозиттер

2,7

5,0

7,3

6,4

19,6

Мерзімді депозиттер

218,7

396,5

597,0

1 336,6

1 643,7

Шартты салымдар

1,2

1,6

2,4

3,3

5,8

Жеке тұлғалардың  салымдары, о.і.;

343,2

448,0

596,9

1 034,2

1 447,8

Клиенттердің ағымдағы және карт-шоттары 

45,3

60,3

83,7

132,6

165,1

Талап етілетін депозиттер

14,5

16,7

19,7

30,6

28

Мерзімді депозиттер

282,9

360,3

492,7

870,0

1253,6

Шартты салымдар

0,5

10,7

0,8

1,0

1,1

Ескерту [12] әдебиет негізінде автормен құрастырылған


 

Соңғы 4 жыл ішінде  банктің депозиттік ресурстарының көздері өскендігін көреміз. Барлық депозиттер 2004 жылдың 1 қаңтарына 972,0 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 6424,0 млрд теңгеге дейін 6,6 есеге көтерілген. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 2004 жылдың 1 қаңтарына 628,8 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 4 976,1 млрд дейін өскен.  Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында ағымдағы және карт-шоттары бойынша қаражат қалдықтары 2004 жылдың 1 қаңтарына 406,2 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 3 307,0 млрд теңге дейін өскен. Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында талап етілетін депозиттер бойынша қаражат қалдықтарының көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 2,7 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 19,6 млрд теңгеге дейін немесе 7,2 есе өскен. Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында мерзімді депозиттер мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 218,7 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1643,7 млрд теңгеге дейін немесе 7,5 есеге артқан. Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында шартты депозиттер мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 1,2 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 5,8 млрд теңгеге дейін ұлғайған [13].

Депозиттік ресурстар  құрылымында жеке тұлғалардың салымдары 2004 жылдың 1 қаңтарына 343,2 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1447,8 млрд дейін немесе 4,2 есеге өскен. 

Жеке тұлғалардың салымдарының құрамында ағымдағы және карт-шоттары бойынша қаражат қалдықтары 2004 жылдың 1 қаңтарына 45,3 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 165,1 млрд теңге дейін өскен. Жеке тұлғалардың салымдарының құрамында талап етілетін салымдары бойынша қаражат қалдықтарының көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 14,5 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 28 млрд теңгеге дейін немесе 2 есе өскен. Жеке тұлғалардың салымдарының құрамында мерзімді салымдар мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 282,9 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1 253,6 млрд теңгеге дейін немесе 5 есеге артқан.  Жеке тұлғалардың салымдарының құрамында шартты салымдар мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 0,5 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1,1 млрд теңгеге дейін ұлғайған.

2008 жылдың 1 қаңтарына банктердің депозиттік ресурстарының құрылымында заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі – 77,5%, ал жеке тұлғалардың салымдарының үлесі – 22,5% құрайды.

Екінші деңгейдегі банктер  міндеттемелерінің жалпы сомасы 2008 жылдың басынан алғанда 2 255,1 млрд теңгеге (28,2%-ға) өсіп, 2009жылдың 1 қаңтарына 10 256,7 млрд теңгені құрады.

Банк міндеттемелерінің  артуына банктердің арнайы бағыттағы  еншілес ұйымдарының салымдарының 971,9 млрд теңгеге немесе 62,4%, жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелері 413,6 млрд. теңгеге немесе 40,0%,  дейін өсуі елеулі ықпал етті [14, 6 б.].

ЕДБ-дің депозиттер мен  активтерінің серпіні, млрд теңгемен суреті Қосымша Ә көрсетілген.

Депозиттік нарықтың жалпы көлемінің  өсуіне біріншіден, халықтың мерзімді салымдар бойынша Қазақстандық салымдарды сақтандыру қорының кепіл беру мөлшерінің талап етілетін салымдарға қарағанда жоғары болуы, екіншіден, заңды және жеке тұлғалар үшін мерзімді депозиттер бойынша банктердің ынталандыру құралдарын пайдалану, оның ішінде пайыз мөлшерлемесінің талап етілетін салымдармен салыстырғанда жоғары белгіленуі жатады.

Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына  әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгенің  АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың салымдарының ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық өсу ықпал етуде.

Сонымен қатар, тұрақты депозиттік нарықтың қалыптасуына Қазақстан Ұлттық банкінің 1999 жылы 5 қарашада  бекіткен “ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру)” ережесі негізінде құрылған “Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) Қазақстан қоры” АҚ-ның қызметі ықпал еткен десе болады. Ендеше осы қорға қысқаша тоқталайық.

Қордың жарғылық капиталы 1 млрд теңге. Қордың құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады. Қордың банктік шоты Ұлттық банкте ашылған. Қордың қаражаты ережеге сәйкес мынадай бағытта орналастырылады:

  • Қор активінің 80%-ын кем емес қаражатын мемлекеттің бағалы қағаздарына;
  • Ұлттық банктегі салымға (депозиттерді).

Бұл Қордың мақсаты - “ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.

Ережеге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қорға  қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың  салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісіне мыналар жатады:

  • жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары сыйақыларымен;
  • жеке тұлғалардың шетел валютасындағы (доллар мен еуродағы) мерзімді салымдары сыйақсыз;
  • жеке тұлғалардың талап етілетін салымдары сыйақысыз.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарына кепіл беру Қорға қатысушы банктерге берген куәлік негізінде жүзеге асады.

Қорға қатысушы банктер үшін олардың  қаржылық жағдайына байланысты жекеше түрде міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі кепілдендірілетін салым (депозит) сомасы мен оған есептелетін сыйақы көлемінен 0,125 %-дан 0,375 %-ға дейін белгіленеді. Міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін есептеу үшін кепілдендірілетін салым (депозит) сомасына көбейту қажет.

Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттерін) және оның сыйақылары қандай валютада салымға салынса сол валютамен қайтарылады.

Қор әрбір салымшыға (депозиторға) мынадай мөлшерде кепілдік береді:

  • теңгедегі мерзімді салымды - 700 мың теңгеден аспайтын сомада және банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын қайтарып алғанға дейінгі уақытқа есептелген сыйақы сомасын, Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің елу пайызы мөлшерінде;
  • АҚШ доллары  және еуродағы салымды - салынған салымның (депозиттің) 90% теңгеге балама сомадан аспайтын мөлшерде сыйақысыз шетел валютасында, яғни Ұлттық банктің салық және кеден төлемдерін есептеу мақсатында белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты бағамы бойынша салым салынған валютада;
  • Теңгедегі талап ету салымын - 50 мың теңгеден аспайтын салынған салым көлемінде сыйақысыз.

 

 

1.3 Банктің депозиттік емес ресурстары

 

 

Банк депозиттік емес ресурстары банктің  қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік  басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие  - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде  ашқан корршотындағы қаражат  қалдықтары.

Депозиттік емес қаражаттардың  бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және овердрафт.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты  бір түнге  берілетін несие.

 Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс. Овернайт заемдары бойынша ҚР Ұлттық банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

“Овернайт” заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды  дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Овердрафт – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие [1, 119 б.].

Овердрафт заемдары бойынша ҚР Ұлттық банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге  бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) - қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның түрін білдіреді.

Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні және алдын  ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды көздейді.

Банктердің мемлекеттің бағалы қағаздарымен жасайтын РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін  ҚР Ұлттық банкі белгілейді.

ҚР Ұлттық банктерде вексельдерді  қайта есепке алу және несие беру – бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты коммерциялық банктердің ҚР Ұлттық банкке өздерінің вексельдерін кепілге бере отырып, ресурстар тарту тәсілі.

ҚР Ұлттық банкі вексельдерді қайта  есепке алуда ресми есептік мөлшерлемені белгілейді [15].

Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден, вексельдер ссуда алу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден, вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі болады. Жалғасқан әлемдік қаржы дағдарысы қазанда қазақстандық компаниялардың акцияларының бағасына әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта вексельдер жеткілікті тартымды болып табылады. Сонымен, қазіргі уақытта вексельдер өз шегіне жете саудалануда және таяу уақытта тұрақталуы мүмкін. Коммерциялық банктер өздерінің меншікті капиталы мен банктік ресурстар көлемін ұлғайту мақсатында облигациялар арқылы қосымша қаражат тартады.

Облигация - шығару кезiнде  айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны  шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Информация о работе «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау