Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 16:19, реферат

Описание работы

Мемлекеттік қаржы ресурстарын кешенді басқару нарықтық экономика жағдайына негізгі проблемалардың бірі болып кіреді. Бұл мәселені қаржы ресурстарын басқарудың негізгі ережелері қарастырылған, мемлекеттік біріктірілген қаржы балансының мәні мен рөлі заңдылық тәртіпте анықталған, «Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы» жаңа Заңы шеше алады. Ол барлық мемлекеттік қаржы ресуртарын қарастыра және көрсете отырып, әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасын жалпы ақшалай көрсетеді. Бюджет бұл бағдарламаны мекендерде, аймақтарда, салалар қиысуында айқындайды.

Работа содержит 1 файл

бюджет.docx

— 49.31 Кб (Скачать)

       Қазынашылық  өз  қызметінде Қазақстан Республикасының   Конституциясын, Қазақстан Республикасының  заңдарын, Қазақстан Республикасы  Президентінің, Үкіметінің актілерін  және де өзге де нормативтік  құқылық актілерді, Ережені басшылыққа  алады.

        Қазынашылық   мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық  – құқықтың нысанындағы заңды  тұлға болып табылады  және  өз атауы мемлекеттік тілде  жазылған мөрлері мен мөртаңбалары  белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде  шоттары болады.

       Қазынашылық  азаматтық-құқылық қатынастарға  өз атынан түседі.

      Егер Қазынашылық  заңдарға сәйкес уәкілеттілк  берілген болса, онда мемлекет  атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың  тарабы болуға құқығы бар.

       Қазынашылық  өз құзіретіндегі мәселелер бойынша  заңдарда белгіленген тәртіппен  бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан  Республикасының бүкіл аумағында  міндетті күші бар.

       Қазынашылықтың  қызметі тек республикалық бюджеттен  қаржыландырылады.

       Қазынашылықтың негізгі міндеттері:

  • республикалық бюджеттің кассалық атқарылыуын ұйымдастыруды және бақылауды жақсарту;
  • мемлекеттік бюджетке есеп айырысу-кассалық, оның ішінде ақалы қызметтерді, депозиттік соммаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік ұйымдар алатын қаражаттар бойынша шоттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жақсарту;
  • бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есептілікті және қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамытуға және жетілдіруге қатысу;
  • өз құзыретінің шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының ұтымды және мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Қазынашылық мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Қазынашылық заңдарда белгіленген тәртіппен мынандай функцияларды жүзеге асырады:

  • мемлекеттік бюджеттің атқарылыуына қызмет көрсету;
  • кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығындарын қаржыландыру;
  • республикалық бюджеттің қолма-қол ақша ағындарын болжайды;
  • мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын, сондай-ақ ақылы қызметтерді, депозиттік соммаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік мекемелер алатын қаражаттар бойынша шоттарды есепке алуды қамтамасыз ету;
  • республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы мемлекеттік салықтар мен төлемдерді бөлуді және оларды әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге есептеуді қамтамасыз етеді;
  • мемлекеттік мекемелерді тапсырмалары бойынша ұлттық және шетел валютасымен ақша аударуды жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелер үсынған төлем құжаттарына бақылау жасайды;
  • мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік сыртқы заемдар мен мемлекеттік емес сыртқы заемдарды өтеген кезде ақша аударуды және оған қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
  • екінші деңшейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекмелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • республикалық бюджеттің атқарылыуы туралы бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізудің және жүзеге асырудың тәртібін әзірлейді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылыуы туралы ақпарат тапсырады;
  • бағдарламалардың республикалық бюджеттік мекемелеріне-әкімшілеріне бағдарламалар, кіші бағдарламалар және ерекшеліктер бойынша бөлінген лимиттер мен жүргізілген кассалық шығыстар туралы ай сайын ақпарат беріп отырады;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетелдік валютадағы Қазанашылықтың тиісті банктік шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық опреацияларын жүргізеді және есепке алады, оларды жүргізген кезде заңдардың сақталуы жөнінде тексерулер ұйымдастырады;
  • Бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есепті және қазынашылық органдарында ішкі аудитті жүргізудің тәртібін әзірлейді және бекітедеі;
  • Халықаралық шарттар, кесісімшарттар және келісімдер жобаларын даярлауға қатысады;
  • Қазынашылықтың құзіретіне қатысты мәселелер бойынша есептеме жасаудың тәртібін белгілейді;
  • Қазынашылықтың шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды банктік салымдарға және бағалы қағаздарға орналалстыру жолымен кіріс алу мақсатында басқарады;
  • Бюджеттік ақша есебінен мемлекеттік мекемелермен жасалған азаматтық-құқықтық мәмәлелерді тіркеуді жүзеге асырады;
  • құнды металдар рыногының жай-күйіне талдау жасайды, құнды металдармен және асыл тастармен ішкі және сыртқы рыноктарда операциялар жасайды;
  • республикалық бюджеттің  және өз құзыретінің шегінде жергілікті бюджеттер қаражаттарының мақсатты пайдалануын алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
  • республикалық және жергілікті бюджеттерді пайдаланудың нәтижелері туралы ақпаратты дайындауға қатысады;
  • республикалық бюджеттің атқарылыуы туралы оперативтік, айлық, тоқсандық және жылдық есептемені даярлайды;
  • қаржы тәртібін сақтауға бағытталған мемелкеттік қаржының тиімді және мақсатты пайдалануына арналған ұсыныстарды даярлайды;
  • аумақтық Қазынашылық органдарының жұмыс тәжритесін талдап, жинақтайды және боны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді, олардың қызметін тексереді, анықталған кемшіліктер мен тәртіп бұзушыларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
  • шетел қазынашылықтары қызметінің ұйымдастыру тәжірибесін зерделейді және боны практикалық пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • Қазынашылық және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысады;
  • өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік бюджеттің барлық шығысы мен кірісін есепке  алынуын және біріктіруіне мүмкіндік беретін, қазынашылық жүйесін толыққанды жүзеге асырған, ТМД елдерінің ішіндегі Қазақстан бірінші мемлекет  болды. Біріңғай ақпараттық кеңістікте сенімді ақпараттық жүйені басқару мен үлкенмасштабты даму және жүйені жетілдіру үшін алғышарт жасалды, Қазынашылықтың құрылуының ең қиын кезеңі артта қалды.

«Қазынашылықты жетілдіру» жобасына 1995 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық ұйымдармен қарыз бөлу мүмкіндіктері туралы кесііссөздер жүргізе бастады. 1996 жылдың тамызында Даму және Қайта құру Халықаралық банкімен қарыз туралы Келісімге қол қойылды, 1996 жылдың қарашасында Парламентте және Қазақстан Республикасының Мәжілісінде бекітіліп, ал 1996 жылдың желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен қарыз күшіне енді.

1999 жылдың 19 мамырында келісілген, Қаржы министрлігімен Hewlett Paskard компаниясы аралығындағы Келісім шартқа сәйкес, Қазынашылық комитеті мен бірқатар шетел компанияларымен (Hewlett Paskard, Orakle,  Alsi) қазынашылықты жетілдіру жобасы іске асырылды.

Қытай Үкіметінің өтініші  бойынша, Қазақстанның Қаржы министрлігімен Қазынашылықтың жаңа жүйесінің прототипті демонстрациясы ұйымдастырылды.  Осындай ұқсас презентация Москва Үкіметі үшін де ұйымдастырылды. Қазақстанның қазынашылық жүйесі ТМД елдеріндегі қазынашылық қызметі арасындағы шетел мамандарының жақсы пікірі мен бағасына ие болды. Осы уақытқа дейін Рессей мен Украинадағы әрекеттен басқа ешбір елде Қазынашылықты жетілдіру жобасы жетістікпен аялталғаны туралы мысал жоқ.

ИИСК жаңа жүйесі осы кезде Астана қаласында, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жетістікпен қызмет жасауда. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржы ресурстарын Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың тиімді басқаруы үшін инструменттер әзірлеу жүйенің негізгі мақсаты болып табылады.

Қазынашылық бюджетті атқарудағы қызметінде « Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Респубдикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысын басшылық етеді. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық Кодексіне, «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі және «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы» Қазақстан Республикасыны 1999 жылғы 2 тамызындағы Заңдарға сәйкес әзірленді.

 

 

 

 

 

ҚР қазынашылық  органдарын жетілдіру

Ақпараттың техникалық және құрылымдық  тапсырмалардың максималдық  шешімдерге жеткізу үшін, Қазынашылықтың алдында, тиімділік функцияларын жетілдіру  және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерді пайдалану жетілдіру мақсатында үлкен тапсырмалар қойылды.

Қазынашылық жүйесінің құрылуымен республикалық бюджетті қаржыландырудың  тапшылық шешімдері шешіле бастады. Бұл жай бойынша қазынашылық  қорлар нарығында өнімді ынтымақтастықта. Сыртқы қарызды өтеу процедурасы  бойынша ҚР банкінен жұмыс жайластырылған.

Қазынашылық жетілдірі жобасы бағдарламасын іске асыруда, ҚР  Үкіметі республикалық және жергілікті бюджеттерді қоса алғанда, барлық деңгейде басқаруымен қоса мемлекеттік қаржы  ресурстарын басқару жүйесіндегі  реформаларды қамтиды.

Қазынашылықтың аумақтық органдарының құрылған мерзімінен бері он жылдан астам уақыт өтті, оның  қызметі мен құрылымына едәуір өзгерістер енгізілді.

Қазынашылық жүйесінің дамуы  бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы  кезеңде , Ұлттық банктің есеп-кассалық орталығы бар, барлық аймақтарда Қазынашылықтың аумақтық органдары құрылды. Қаржы  Министрлігі Қазынашылығы кірісіне беріліп, оның негізінде Республикалық  Бюджеттік банк құрылды.

Бюджеттік банктің ұйымдастырылуымен  қатар Қазақстан Республикасындағы  бюджеттік жүйені дамыту және реформалау іс-шаралары басталды. Бюджеттің кірісі мен шығысына байланысты жаңа бюджеттік  жіктеу енгізілді, сонымен қатар  шығысты қаржыландыру тәртібі өзгертілді. Мемлекеттік бюджеттік кіріс  есебіне де көптеген өзгерістер енгізілді.

Облыстық Қазынашылық  басқармаларында күнделікті жалпы  республикалық бюджеттің кірісі және кассалық шығыстардың соммаларын кіргізу және шығару үшін, біріңғай қазынашылық шот (БҚШ) ашылды. Бұл  республикалық бюджет есебі туралы ақпараттың Үкімет пен Қаржы Министрлігіне  күнделікті айқын жеткізілу мүмкіндігі туды. Тура осындай қаржыландыру мен  есеп кассалық қызметі жергілікті бюджетте де дамыды.

Бюджеттік банк қысқартылып, оның атқаратын құрылымдық бөлімін  қазынашылық органдарына берілуіне  байланысты дамудың алғашқы кезеңі аяқталды.

1999 жылдың қаңтар айынан  Қазынашылық дамуының келесі  кезеңі басталды, яғни басқару  жүйесі мен бухгалтерлік есепті  орындау негізінде біріңғай ақпараттық  кеңістік компьютермен қамтамасыздандырды. Бұл кезеңнің басталуымен күнделікті  бекітілген бюджеттің кірісі  мен шығысы, сондай-ақ әр қазынашылыққа  сәйкес әрбір шығын операциялары  қазынашылық бас кітәбінде есептеліп  отырды. Міндетті бухгалтерлік есеп  жүйесі дамыды.

Президентіміздің халыққа  жолдаған «Қазақстан – 2003» Жолдауында атап көрсеткен мемлекеттік сектордың  бірінші кезектегі міндеті экономиканы  тұрақтандыру болып табылады. Экономикалық реформаны тездету үшін қаржыгерлердің тиімді жұмыс істеуі шарт. Осыған орай мемлекеттік бюджеттің барлық кірісін  және шығысын есепке  алып, топтастыру мүмкіндігімен, қазынашылық жүйесін  толық іске асырған бірінші Мемлекет Қазақстан болды. Біріңғай ақпарат  кеңістігінде берік ақпарат басқару  жүйесінің дамуымен, жетілдіру жүйесі үшін алғы шартты жасауымен  Қазынашылықтың дамуының ең қиын кезеңі өтті. Бекітілген Қаржы Министрінің жоспарына  сәйкес, боны жүзеге асыру үшін «Қазынашылықты Жетілдіру» жобасы бекітілді.

Даму және Қайта жаңару Халықаралық Банкінен алынған қаражат  арқылы Қазынашылық Комитеті қазынашылық  жүйесін жетілдіру жобасын әзірледі.

Мемлекетіміздің Президенті алға қойған мақсатындағы – мемлекеттік  қаражатты тиімді басқару, сонымен  қатар барлық деңгейдегі мемлекеттік  бюджеттің атқарылуындағы қолданысты бақылауды қоса алғандағы – экономикалық шешімдерге, Қазынашылықтың Жетілдіру  жобасы өз ықпалын тигізді.

Қазақстан Республикасының  «Бюджет жүйесі туралы», Қазақстан  Республикасы Үкіметінің Қаулысы «Мемлекеттік бюджет қарауындағы мекемелер үшін есеп үлгілерін жеткізу және бюджеттің  атқарылуы туралы қаржылық рәсім  ережесі» заңдарына сәйкес жаңа жүйенің  қызметі әзірленді.

Қазынашылықтың жаңа жүйесі қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аймақтарында дамыды.

Үкімет пен жергілікті атқару органдарының республикалық  және жергілікті бюджеттердегі қаржы  ресурстарын тиімді басқару құралын  әзірлеі жаңа жүйенің негізгі  мақсаты.

Жаңа жүйелік қызметі, керек кезде тиімді ақпаратты, соңғы  өзгертілген күйде кез-келген уақытта  қамтамасыз ете алады.

Нақты мемлекеттік мекемеге және аудандық деңгейге бағыныстыққа қол жеткізу арқылы олардың қаржылық деректер құралын кез-келген уақытта  көреді және бақылай алады. Сондықтан  да жаңа жүйе әрбір республикалық  бюджет деңгейінің атқарылу операциясының  «нақтылығын» анықтау мүмкіндігіне ие болды.

Бюджет қаражаттары туралы және жергілікті бюджетке түсетін қаржы  көлемі туралы барлық ақпараттарды алып отыруды, Қазынашылық Комитеті қаржы  ағымдарын біріктіру арқылы қол  жеткізді.

Әкімдер мен маслихаттардың шешімдеріне  сәйкес бюджеттердің атқарылуындағы қатаң тәртіп және жергілікті бюджет есебіндегі аудару операцияларының  таза және  нақты болуына жаңа жүйе мүмкіндік береді. Егер алғашқы  базалық деректерді, әзірлеу мен  бекіту сатысы кезінде жергілікті бюджет дәл және негізделіп қалыптастырылған болса, онда осы процесс сапалы және тиімді орындалады.

Үкімет пен жергілікті атқару органдарының белгілеген тәртібі  бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне сәйкес ағымды қаржы жылына байланысты бюджеттік бағдарлама паспорты (бұдан  әрі паспорт) әзірленеді. Жиынтық  жоспарын жасау үшін, бюджеттік бағдарлама әкімшілері өздеріне қарасты ведомствалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген паспортын басшылыққа алу үшін жеткізеді. Тек осы паспорт болған жағдайда ғана бюджеттің орындалуы іске асырылады.

Жаңа жүйедегі мемлекеттік  мекемелердің жиынтық жоспарын бюджеттік  бағдарламаны қаржыландырудың нақты  жоспары деп аталады және мемлекеттік  мекемелердің бюджетті орындаудағы  негізгі құжаты болып табылады.Қаржыландырудың  нақты жоспары екі түрде болуы  міндетті – міндеттемелер үшін және төлемдер үшін.

Бюджеттік бағдарлама паспортында  көрсетілген іс шараларды жүзеге асыру үшін, міндеттемелерді қабылдауға құқығы бар мемлекеттік мекемелер  міндеттемелеріндегі  қаржыландыру нақты қаражат жоспарының көлемін  анықтайды. Мемлекеттік мекемелерге  рұқсат беру үшін, сондай-ақ бюджеттік  бағдарлама әкімшілігі міндеттеме бойынша  бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарын қалыптастыру үшін қаржыландырудың  нақты жоспары міндеттемелер  бойынша қолданылады.

Төлемдерді қаржыландырудың  нақты жоспары, мемлекеттік мекемелер  қабылданған міндеттерін орындау  шегінде, қаржы көлемін анықтайды. Төлемдерді қаржыландырудың нақты жоспарының ай сайынғы бөлінген сомасы, әр бюджет бағдарламасының паспортында қарастырылған іс-шараларын жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі қажет. Міндеттемелер мен қаржыландыру жоспарын бюджеттік бағдарлама әкімшілігі қалыптастырады. Міндеттер мен төлемдердің қаржыландыру жоспары, оған қарасты ведомоствалық мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен төлемдерін қалыптастыру нақты жоспарының сомасы болып табылады. Жүйедегі қалыптасқан әкімшілігінің қаржыландыру жоспары мен әкімшіліктер өздері әзірлеген қаржыландыру жоспар аралығында толық сәйкестік болмайынша, сәйкес бюджетті қаржыландыру мүмкін емес. Жиынтық жоспарын қаржыландырудың (кірістер, шығындар) жүйеде қалыптастырылуы да осындай принципте болады. Жергілікті атқару органдары әзірлеген міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландырудың жиынтық жоспары аралығында толық сәйкестік болмайынша, қалыптасқан жаңа жүйеде, әрі қарай бюджетті қаржыландыру мүмкін емес.

Ақылы қызмет іске асырылуына қарай түсен қаржы, көрсетілген  қызмет түріне байланысты тиісті  мемлекеттік  мекеме есебіне аударылады.

Әр жыл сайын мемлекеттік  мекеме белгіленген үлгіде ақылы  қызметтердің түрлері бойынша кіріс  және шығыс сметасын жасап, бекітілген сметасын бюджеттік бағдарлама әкімшілігі аумақтық қазынашылық бөлімдерге, жаңа жүйеге енгізу үшін тапсырады. Сметаның орындалуы жаңа жүйеде автоматтық бақылау  арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік мекемелері ақылы  қызметті, демеушілік және қайырымдылық көмекті іске асырудан түскен қаражаты, депозиттік қаражат Біріңғай шоттар жоспарының стандарттарына сәйкес тиісті шоттарға есептеледі.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне бюджеттік бағдарлама паспортына және сәйкес бюджетке түсуге тиісті қаржы  көлемін есептегенде әкімшілік  міндеттерін қаржыландыру жоспарына  сәйкес Қаржы Министрлігі немесе қаржы органдары рұқсат береді.

Мемлекеттік мекеменің міндеттері бойынша қаржыландырудың нақты  жоспарына, Қаржы Министрлігі немесе  қаржы органдары берген,  рұқсат шегінде, бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес әкімшіліктер рұқсат етеді.

Информация о работе Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы