Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің механизмі
Курсовая работа, 24 Января 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
* шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі мен мазмұнын ашу;
* шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын қызметтерін қарастыру;
* Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасын талдау;
* Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау;
* шағын және орта бизнестің даму перспективасы ашып көрсету;
* шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру.
Содержание
КІРІСПЕ .................................................................................................................3
І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнестің экономидағы ролі мен мазмұны ...........5
1.2 Шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын қызметтері...............................................................................................................8
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1 Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасы........................................................................................................11
2.2 Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау......................................................................................................................12
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнестің даму перспективасы..................................15
3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру ................................................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Работа содержит 1 файл
Курсовая - Елемесова.doc
— 235.50 Кб (Скачать)Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заңдар еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, әкімдердің басқарушылық және құқықтық сауаттылығына, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болады.
Қазіргі күрделі жағдайда аймақтарда әртүрлі ұйымдық - құқықтық пошымдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметтерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен 60 мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.
Айта кетейік, қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар.
Аймақтарды дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей қаражат жұмсауды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісімшарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай - ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығыны, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту, үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізатпен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату.
Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін - өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 50 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық - құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белседі қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық - құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай - ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде аймақтарда кәсіпкерліктің
бәрінен көп кездесетін субъектілері
әзірге азаматтардың заңдық тұлға құрмай
- ақ, дербес яки біріккен кәсіпкерлік
болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай
мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік
тіркеуден өтуге, сондай - ақ, тұрғылықты
жеріндегі аумақтық салық органында жеке
кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктермен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың 3 түрін бөліп көрметуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шғын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі корпоративті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
Шағын және орта бизнестің 2010 жылға арналған міндеттері:
- шағын және орта бизнес дамуын сипаттайтын көрсеткіштер деңгейін сақтау;
- өңірдің жалпы өнімінде шағын және орта бизнестің үлесін 20%- ға дейін арттыру;
- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға қатысу;
- Бизнесті дамыту бойынша өңірлік корпорациялардың тиімді жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- Кемінде 400,0 млн.теңге көлемінде ауыл тұрғындарын қаржыландыру бойынша шағын несие ұйымдарының қызметін жандандыру;
- Аудандық және ауылдық деңгейде қолдау инфрақұрылымы элементтерін − шағын бизнес адвокатурасы, орталықтандырылған бухгалтерлік қызметтер, бизнес орталықтарды құру мүмкіндіктерін қарау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Алматы,
- Ақтөбе облыстық қоғамдық саяси-газет 3 ақпан 2010жыл Облыс әкімі Е.Н.Сағындықовтың «Ақтөбе облысының жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері
- Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжомартов Е., Досқалиев С., Жәйшібеков Ж. «Экономикалық теория негіздері» Оқулық – Алматы, «Санат» 1998
- Жесенбай Қ. «Шағын бизнес өркендесе жұмыссыздық азаяды» Ана-тілі 2003 жыл 4 қыркүйек.
- «Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайындағы шағын және орта бизнес» // Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында ТМД елдерінің ұлттық экономикаларының инновациялық дамуының стратегиялық аспектілері: ІУ Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы – Ақтөбе мемлекеттік университетінің редакциялық баспа бөлімі, 2009, 177 бет
- Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. «Экономикалық теория негіздері» Қарағанды – 1997
- «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2006 жылғы 1 наурыз.
- «Қазіргі кезеңде шағын және орта бизнестің даму жағдайы»// «ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігі мен жедел жаңаруының стратегиясы» Халықаралық ІІ ғылыми конференциясының материалдары. – Ақтөбе Орынбор, Қ.Жұбанов атындағы, Ақтөбе мемлекеттік университетінің редакциялық баспа бөлімі, 2005 – 388 бет
- Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері // ҚазЭУ хабаршысы № 2 /2007 ж. 165-169 бет, 0,4 б.т.
- Қ.Р «Қазақстан экономикасы» оқу құралы Алматы «Қазақ университеті» 1999
- ҚР Азаматтық Кодексі. Алматы, 1995. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1998.
- Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» оқулық, А:2000
- Токсанова Н. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход. Алматы, 1999 г.
- Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А, Байжомартов Ү.С, «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе – 2004, «А-Полиграфия»
15. http://www.aikyn.kz
16. http://kaz.gazeta.kz/
1 ҚОСЫМША
Мәлімет
көзі: [14] алынған
2 ҚОСЫМША
Республика бойынша 2000-2006 жылдардағы бизнес түрлерінің саны
| 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
| Республика бойынша барлығы |
76743 |
87995 |
102182 |
116924 |
130779 |
145087 |
157568 |
| Ауыл шаруашылығы |
6743 |
7403 |
7842 |
8439 |
8772 |
10005 |
10147 |
| Балық аулау және балықшаруашылығы |
188 |
236 |
286 |
305 |
312 |
324 |
342 |
| Өнеркәсіп |
9787 |
11724 |
12818 |
14061 |
15174 |
16325 |
17107 |
| Құрылыс
|
7214 |
8786 |
10581 |
12715 |
15174 |
18234 |
21670 |
| Сауда |
31399 |
41143 |
48826 |
56200 |
62519 |
68029 |
72177 |
| Қонақүй және мейрамханалар |
1438 |
1704 |
1901 |
2073 |
2265 |
2343 |
2429 |
| Көлік және байланыс |
3660 |
4490 |
5175 |
5903 |
6607 |
7460 |
8092 |
| Білім беру |
714 |
806 |
908 |
1033 |
1123 |
1221 |
1301 |
| Денсаулық сақтау |
1229 |
1385 |
1603 |
1765 |
1938 |
2083 |
2215 |
| Коммуналдық, әлеуметтік қызмет көрсету |
2425 |
2321 |
2408 |
2624 |
2817 |
2972 |
3108 |
Ескерту – статистикалық корсеткіштер негізінде автормен құрастырылған