Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:34, реферат

Описание работы

Елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды.
Ұлттық қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.DOC

— 91.50 Кб (Скачать)

Ұлттық қордың қалыптастыруылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының парламентіне ұсынады.

Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепнамаларды кіріктіруі тиіс:

1)     Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;

2)     Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегші қызметі туралы есеп;

3)     Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзгеде мәліметтер.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметін транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Ұлттық қор қызметі туралы 2003 жылғы есеп бойынша қордың таза активтерінің өсімі 2002 жылғы 57,5 % -ның орнына өткен жылы 76,6% құрды. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионнан 3662.7 миллионға өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді. Мұндай конъюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасып отыр.

Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметін барлық жылдар ішінде 4,23%-ға бағаланады.

2003 жылғы Ұлттық қор активтерінің пайдалылығы 8,69% құрды, өткен жылы 222,8 млн доллар мөлшерінде инвестициялық кіріс алынды. Сонымен бірге тұрақтандырушы портфельдің пайдалылығы 1,87% тең болды, ал қордың негізі бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98% пайдалылық берді.

Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысын толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнгтурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.

Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түстетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп қорды қалыптасытру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атуға болмайды.

Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауырпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.

 

Н.Назарбаев: Ұлттық қордың мақсаты - тұрақтылық кепілі болу

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауының «Стратегический план 2020 - казахстанский путь к лидерству» деп аталатын 3-інші бөлімінің «3.7 Базовые условия реализации Стратегического плана -2020» деген тарауында мынадай сөздер айтылған: «Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін «қауіпсіздік көпшігі» іспетті болды. Ендігі оның мақсаты – тұрақтылық пен гүлденудің кепілі болу». Осы бір «Қазақстан 2020 жыл» стратегиясы деген атаққа ие болған құжатта еліміздегі қаржы жүйесінің барынша тұрақты және мейлінше транспарентті (ашық) түрде қызмет етуіне жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударылған.

Сонымен қатар онда енді Ұлттық қордан бюджетке ешқандай несиелердің, ешқандай қосымша трансферттердің болмауға тиіс екені туралы айтылған. Елбасы осындай шаралардың есебінен Ұлттық қор активтерін 2020 жылға дейін 90 миллиард долларға немесе жалпы ішкі өнім көрсеткішінің 30 пайызынан кем болмайтындай деңгейге жеткізу мақсатын қойды.

Жақында ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында республика Ұлттық қорында (ҰҚ) жинақталған қаржының мөлшері 16,53 пайызға өсіп, 28,397 миллиард долларға жеткен. Тамыз айы барысында оның активтері 5,14 пайызға ұлғайған.

Дағдарыс басталған шақта, яғни 2007 жылғы күздің басында республика Ұлттық қорында жинақталған қаржының мөлшері 27,5 млрд. долларды құрайтын болған. Сонымен, енді оның көлемі осыдан үш жылдай уақыт бұрынғы жағдайға оралған тәрізді.

Мәселен, 2007 жылдың алғашқы тоқсаны барысында ҰҚ қаржысының көлемі 15,539 млрд. долларға жеткен. Бұл 2006 жылғы жалпы ішкі өнім көлемінің ($77,9 млрд.) 20 пайызына тең болатын көрсеткіш болатын.

Сол сияқты аталмыш Ұлттық Қорда қазіргі уақытта есепке алынып отырған 28,397 млрд. доллар Қазақстанның өткен жылғы жалпы ішкі өнім көлемі көрсеткішінің төрттен біріне шамалас екен. Бейресми түсінік бойынша, біздегі Ұлттық қор мұнай-газ қоры ретінде танылған.

Осыған ұқсас құрылымдар табиғи шикізат өнімдеріне бай басқа да бірқатар мемлекеттерде (мәселен, Норвегияда, Әзербайжанда) не тіпті солардың құрамына кіретін жеке административтік-аумақтық аймақтарда (мысалы, АҚШ-тың Аляска штатында) бар. Әр жерде олар әртүрлі аталады. Норвегияда ондай құрылым, айталық, Мұнай қоры деп аталады. Онда жиналған қаржының көлемі туралы да мәліметтер бар.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақының бірнеше көздерінің жиынтығы бар.

Біріншіден, бұл ортақ тілектестік жүйе: 1998-жылдың 1-қаңтарына дейін тым болмаса жарты жыл жұмыс істеген барлық Қазақстан азаматтары ескі жүйе бойынша, яғни мемлекеттік бюджеттен зейнетақы алуға құқылы. Ортақ зейнетақы жұмыс өтіліне байланысты және инфляция деңгейі мен зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес үнемі индексияланады. 

Екіншіден, бюджеттен төленетін зейнетақылар дегеніміз негізгі демогранттар. Қазір ол зейнетақының көлемі 5 981 теңгеге тең. Демогранттар бірдей мөлшерде, барлық зейнеткерлерге бірдей төленеді.

Үшіншіден, Қазақстанға жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізген сәттен бастап, барлық азаматтарға өздерінің әлеуметтік дербес коды беріледі (ӘЖК), олар кез келген жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзінің жеке шотына (яғни, қорды таңдау мүмкіндігіне ие) 10% (немесе айрықша мамандықтар үшін басқа ставкалар) аударып отыруға міндетті. Зейнетақының бұл түрі адамның қызмет ету өтіліндегі белсенділігіне (жалақысы неғұрлым көп болса, одан алынатын 10% да көбірек болады), әрі салымшылардың капиталын өсірумен айналысатын, инвестициялау мамандарының кәсіпқойлығына да тәуелді.  Сол себепті, әрбір салымшы үшін зейнетақы қорын таңдау үлкен маңызға ие.

Төртіншіден, әрбір адам Қазақстанның зейнетақы қорларына қосымша ақша жинай алады, ол кезде оның жарналарын ерікті деп атайды. Адамдар оның міндетті зейнетақы жарналары түсіп жатқан қордан бөлек, өзі қалаған кез келген басқа қордан ерікті зейнетақы жарналары үшін шот ашуына болады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары ол ақшаларды тура міндетті жарналар секілді басқарады.

Бесіншіден, «ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары» деген түсінік бар. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жұмыс берушілер, зиянды өндірісте немесе аса қиын еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылары үшін өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Кәсіптік жарналарды міндетті ету мәселесі МТСЗН өкілдері мен НПС басқа қатысушыларымен бірнеше рет талқыланған.

Осылайша, Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырудың бес көзі бар. Шетелдің тәжірибеде тағы бір маңызды көзі бар. Қартайған шақта әлеуеттік жағдайын нашарлатып алмау үшін, шетелдіктер рантьеге айналады. Яғни, белсенді еңбек еткен шағында олар көбірек ақша табуға тырысады. Сосын сол ақшаларды акцияларға, облигацияларға, жылжымайтын мүлікке және т.б. салып қояды.



Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры