Қазақстан Республикасының Салық Кодексіндегі жанама салықтардың әрекет ету механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 14:33, курсовая работа

Описание работы

Бұл жұмыстың мақсаты – салық бойынша пәндерді оқудан алған теориалық білімдерді пайдаланып, салық жүйесінде жанама салықтардың ролін талдау және оларды жетілдіру болып табылады.
Жұмыстың құрамы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының салық жүйесі және ондағы жанама салықтардың ролі, экономикалық мәні мен мазмұны қарастырылады.
Екінші бөлімде ЖШС “ Трансмарс” мысалында жанама салықтардың өндіру тәртібі мен ережесі қарастырылады.

Содержание

Кіріспе
1 – тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және салық жүйесіндегі жанама салықтың орны.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның құрамы
Жанама салықтардың экономикалық мәні мен мазмұны
ТМД елдерінің салық жүйесіндегі жанама салықтардың ерекшеліктері
2 – тарау. Жанама салықтар : ЖШС «Трансмарс» мысалында өндіру тәртібі және ережесі.
2.1. Қосымша құн салығы: салық салу тәртібі мен ережесі. Қосымша құн салығы бойынша жалпы ереже. ҚҚС бойынша салық салынатын айналым.
2.2. Акциздер салық салудың тәртібі мен ережелері
2.3. Жанама салықтардың Қазақстан Республикасының бюджетінде алатын орны
3 - тарау. Қазақстан Республикасының Салық Кодексіндегі жанама салықтардың әрекет ету механизмі
ҚҚС бойынша салықтық есеп беруді құру ережесі мен ҚҚС төлеушілердің салық салу ерекшелігін салыстыру
Акциз салығын салу ерекшеліктері мен салықтық есеп құру ережесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

салык.doc

— 266.00 Кб (Скачать)

Қосылған құн салығы - бұл айналым салығының ерекше түрі, бюджеттің құрылуының аса маңызды  көздерінің бірі. Ол тауарлардың өндірісі, айналысы, жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі процесінде қосылған құнның өсуі бөлігінің бюджетке аударымы, сондай – ақ

3 Налоги и налогообложение:4 – изд.Под ред.М.В.  Романовского, О.В.  Врублевкой - Спб.: Питер, 2003.

 

тауарлар импорты кезіндегі  аударым болып табылады.

Салық төлеушілер – республика аумағында бағыныстылығы мен  меншік нысанына қарамастан өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалар . Салық салу обьектісі – кәсіпорын өндіріс саласында да , айналыс саласында да өнімді, тауарларды өндіру мен өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шикізат, материалдар немесе тауарлар құнына қосатын құн.

Соңғы үш жүз жылдықта ҚҚС кең тарады. Бұл салық әр елде әр түрлі аталынды. Мысалы, Канадада және Жаңа Зеландияда – тауарға және қызметке салық, ал Японияда – тұтынушыларға салық деп аталды. Бұл салық түрі 80 шақты елдерде әрекет етті, олардың ішінде көбісі кешенді дамыған елдер. Тек қана дамыған елдердің ішінде бір ғана США да бұндай салық жоқ. ҚҚС 80 жылдардың соңы 90 жылдардың басында Батыс Европада (яғни Балгария, Венгрия,Польша, Чехия және т.б.) және сонымен қатар кейбір СНГ елдерінде (яғни Беларусия және Қазақстан) құрылды.Бірақ ҚҚС әлемдік тәжірибеде кең көлемде кең таралғаны мен оны көбіне европалық салық деп атайды. ҚҚС бюджет базасының негізгі көзі болып табылады. Европалық қоғамда қазіргі кезде әр бір ел европалық қоғамның мүшесі салықтан түскен 1,4 %-ті европалық бюджетке төлеп отыр.

ҚҚС ең алғаш  рет Францияда пайда болды. Оның негізін қалаушы Францияның қаржыгері  Морису Лоре болды. 4 Ол ҚҚС – тің әрекетін көрсетті. Сонғы он жылдықтың ішінде ҚҚС тәжірибе жүзінде қолданыла бастады, яғни Франциядан Африканың Кот ди Вуар мемлекетінде қолданыла бастады. Францияда ҚҚС 1968 жылы 1 – желтоқсанда 5-ші республикалық заңның №66-10 статиясында өз күшіне енді. Жалпы бұл заңның алға қойған мақсаты ҚҚС ты біріктіріп бүкіл әлемдік жаңа салыққа айналдыру болды. Қосымша құн салығын салудың объектісі болып тауардың белгілі бір құны болып табылады. Қосымша құн салығы 42 мемлекеттің , оның ішінде 17 еуропалық мемлекеттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу объектісі қосымша құн жалақы ретінде төленетін сомма сияқты есептелуі мүмкін, салық ставкасының түрлері мен деңгейі әртүрлі: Ұлыбританияда қазіргі ауқытта үш ставка қолданылады, тауар топтарына қарай 0,8%,17,5% ; Италияда бес ставка бар : жеңілдетілген 2% , негізгі 9%, жоғарлатылған 18-38%, және нөлдік; Германияда екі ставка бар жеңілдетілген 7%, стандартты 15%, ; Францияда 2,1%, 4%, 5,5%, 18,6 - 22%. Бюджет кірісндегі табыс бөлігінің үлкен үлесін Франция алады 45 %, Ұлыбритания және Италияда 20%.

4 Налоги и налогообложение:  Учеб. Пособие для  вузов/Под.ред.И.Г.  Русаковой, А.В  .Талкушкин.-М.: ЮНИТИ,2000.

 

Қазақстан Республикасы 1995 жылдың 24 сәуірінде № 2235 қабылданған  «Салық және бюджетке түсетін басқа  да төлемі туралы » Қазақстан Республикасының жарғысына сәйкес тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.

Жанама салық  дегеніміз – бұл баға не тарифке  үстеме ретінде белгіленетін тауар  және қызметке төленетін салық.5 Ол табыс және мүлік құнына байланыссыз. Жанама салық Қосымша құн салығы немесе акциз салығынан тұрады.

Жанама салық  дегеніміз - бұл кәсіпорындардан  белгілітауар және қызметтерден алынатын салық және оны кәсіпкерлік бағаға сәйкес қосу арқылы белгілеу жолымен  сатып алушыға аударылады. 6

Қосымша құн  салығы тұтынушыға салынатын жанама салық болып табылады. Салық сату – сатып алу процедурасы кезінде және де тауар нәтижелі тұтынушыға жеткенше өндіріліп алынады. Нәтижесінде өндірістің барлық сатысында салынады және барлық звенолардың салық төлеу айналымымен сәйкестікке жетеді. Қосымша құн салығын өндіріп алудың техникалық механизмі ыңғайлы және оның бюджетке тез түсуін қамтамасыз етеді.

Тікелей салықтарға қарағанда жанама салық салық  төлеушінің табысына тәуелсіз . Бұл  салық алу тауар тұтыну процесінде жүреді және бағаға қосылады. Қосымша құн салығын енгізгенде алғашқыда барлық қаржылық қатерден шешім деп танылады. Яғни оның көмегімен 1992 жылы мемлекеттік бюджет дефицитын минимумға әкелу көзделді. Қосымша құн салығы бюджеттің кіріс бптарында корпоративті салықты ысырып 1 орынға тұруы көзделді, бірақ бюджетте тепе – теңдік болған жоқ. Қазір 14 жыл өткеннен кейін біз бұл салықтың қаржылық жүйедегі рөлін еркін талдай аламыз. Қосымша құн салығында тұрақты салық салу базасын бар екендігін айтып кету керек және ол материалды шығынға тәуелсіз.

Бюджетке түсім дайын өнім сатылғанша түседі және ол дайын өнімді қайта сатқанда да түсіп отырды. Бұл салықтан жалтарыну өте қиын , себебі бұл салықты барлық банктік және есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Бұл ҚҚС – нан жалтарыну мүмкіншілігін болдырмайды және салық инспекциясына салық төлемін тиімді бақылауға әкеледі. Салық төлеуші ҚҚС – ғын өндіріп алуда салық премиясын өзі жүргізбейді. Себебі, өз шығындарын сатып алушыға аударады. Соңғы тұтынушыдан салықтық аударым түседі. Бұл салықтың жанама салықтың басқа да түрлері сияқты артықшылықтары бар. Осыған байланысты қосымша құн салығын өндіріп

5 Худяков А .И,  Налоговое право  Республики Казахстан.- Алматы: “Жет1 жарғы”, 1998.

6 Ф.С.Сейдахметова. Налоги  в Казахстане: 2002.

алу механизмі  өзгерген .

Шағын бизнесті қолдау мақсатында , біздің мемлекетіміз заңды тұлғалық статусы жоқ кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарды ҚҚС-н төлеуден босатты. Оларға есеп және есеп берудің оңайлатылған нысаны берілген.

Жанама салықтың негізгі түрі - біздің елімізде бұрын  қолданылмаған акциз салығы. Оның рөлін үлкен көлемде айналымнан салық жүзеге асырған. 1997 жылдан бастап акциз салығын тек жеке тұлғалар емес, сонымен қатар заңды тұлғалар да төлей бастады.

Қосымша құн  салығымен бірігіп акциз салығы келесідей тауарларға салынады: шоколад, икра, қызыл балық және тағы басқаларына. 1996 жылдан бастап салық саясатының бағыты акцизді тауарлар тізімінің төмендеуіне әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 ТМД елдерінің  салық жүйесіндегі жанама салықтардың  ерекшеліктері

СССР ыдырағаннан кейін бұрынғы Одақтас Республикалар өз тәуелсіздігін алып, жаңа мемлекет аралық одақ ТМД – ны құрды. Ол ТМД елдерінің арасында сыртқы экономикалық байланысты нығайту, оның құрамына кіретін елдердің экономикалық тоқыраудан шығуына, экономиканың құрылымын өзгертуге жәнеоның тиімділігін жоғарлатуға әкеледі. Ынтымақтастық Одақтың негізгі шарты – бұл өзара тиімді экономикалық сауда қатынасын реттейтін механизм құру болып отыр. ТМД елдерінде салықтық қатынастарды бір жүйеге келтіру келесілей мақсаттарға жетуге әкеледі:

  • ТМД елдерінде ішкі нарықты біріктіру және жаңғырту;
  • салықтық шекараны жеңілдетіп, тауардың еркін айналысына мүмкіндік беретін орта құру;
  • салық жүйесінің құрылымын рационализациялау және салық төлемдерін есептеу және де өндіріп алуды унификациялау.

ТМД елдерінде салық түсімдері бюджет кірісінің 75 – 87 пайызы мөлшерін құрап отыр. ТМД елдерінде өндіріп алынатын салықтар түрі әлемдік тәжірибеде таралған салықтық төлемдерге сәйкес келеді. Оларға пайдаға салынатын салық, қосымша құн салығы, акциз, жеке тұлғалардың табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы жатады. Сонымен қатар әр елде өздерінің ұлттық ерекшеліетеріне байланысты салық жүйесі ерекшеленеді. Жанама салықтар баға қалыптастыру саясатына үлкен әсерін тигізеді және де олар ТМД елдерінде бюджет кірісінің негізгі бөлігін алып отыр. Сондықтан да жанама салықтарға байланысты салық заңдылықтарын үйлесімді ету қарастырылады. Жанама салықтардың ең негізгісі қосымша құн салығы болып табылады. Қосымша құн салығын есептеудің жалпы тәртібі Батыс Еуропа елдерінен алынған, бірақ ТМД елдерінің салық жүйесінде салық төлеушілер, салық базасы, салықтық алымдарды ұсыну тәртібі және де төлем мерзімінде ерекшеліктер көрінеді. ТМД елдерініңшеңберінде қосылған құн салығы ставкасының унификациясына қол жеткізілген. Негізгі салық ставкасы 20 пайызды құрайды. Сонымен қатар 10 пайыздық ставка және нолдік ставка салынатын тауар тізімінде ерекшеліктер бар. Сыртқы сауда операциялаорына Қосылған құн салығын өндіріп алудың екі тәсілі бар:

  1. өндірілген өнім орнында “тауар шыққан ел”
  2. тұтыну орны немесе “бағытталған ел”.

ТМД елдерінің шекарасында  шаруашылық субьектілер саудасында Рессей және Беларусия Одақтас мемлекеттерді  алмағанда Қосылған құн салығы 2001 жылғы шілде айынан бастап “бағытталған ел” принципі негізінде алынады. Бұл экспортталатын тауарларға салық салынбайды, ал салық импортталатын тауарларға салынады. Акциз – жанама салықтың бір түрі. Қарастырылып отырған елдерде акцизделетін тауарлар тізбесі мен ставкаларынан өзгешеліктер көрінеді. Әр ердерде көптеген тауарларға ұлттық валютада арнайы ставкалары қойылған, яғни әр елде салық жүйесі әр түрліше болып келеді. Мысалы Беларусия елінің салық жүйесіне тоқталайық.

Беларусия елінің салық  жүйесінің негізі 1991 жылдың 20 – желтоқсанында  қабылданған №1323 -12 “Беларусия Республикасының  бюджетіне өндіріп алынатын салықтар және алымдар туралы” заңымен реттеледі. Белрусия Республикасының салық жүйесінде 26 салық және басқа да төлемдер бар. Бұл елде салық жүйесінің негізгі салығы қосымша құн салығы болып табылады. Қосымша құн салығының негізгі ставкасы 20 пайыз, және де 10 ,0 ставка қолданылады. 10 пайыздық ставкамен мал өндіріс, өсімдік, балық аулау, балалар тауары, қызметтерде: шаштараз, аяқ киім жөндеу және тағы басқаларына салық салынады. Нөлдік ставка тауар экспортына қолданылады. Акциз салығын төлеушілері мен ставкалары Қазақстан Республикасына ұқсайды. Ерекшелігі тек, бағалы тастардан басқаларының барлығына тауардың бір бірлігіне еурода қатты, спецификалық ставка қойылған. Жанама салық ЖІӨ – ң 1998 жылы 17,7 пайызын, 1999 жылы 20,0 пайызын, 2000 жылы 20,4 пайызын құраған. Оның ішінде Қосылған құн салығы орташа есеппен 9,0 пайызын, акциз салығы 3,5 пайызын құрайды.

Азербайджан елінің салық  жүйесі.

1995 жылы Республикасының  Үкіметі экономикалық реформа  бағдарламасын қабылдады. 2001 жылдың 1 – қаңтарынан бастап Салық Кодексі әрекет ете бастады. Бюджеттің кіріс көзін қалыптастыруда негізгі орынды пайдаға салық, қосылған құн салығы, акциз және жеке тұлғалардан табыс салығы жатады. Салық кірістерінің 100 пайызының 28 пайызын қосымша құн салығы , ал 4,1 пайызын акциз салығы құрап отыр. Қосылған құн салығын төлеушілер болып салық органында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген салық төлеуші болып табылады. Салық салу айналымы ьолып қосылған құн және салық салынатын импорт болып табылады. Қосылған құн салығының алғашқы ставкасы 28 пайызды құрады, 1997 жылы ставка 20 пайызға төмендеді,ал 2001 жылдан бастап 18 пайызды құрады.

Украина елінің салық  жүйесі.

Украинада 17 мемлекеттік  және 16 жергілікті салықтар мен алымдар  өндіріліп алынады. Қосылған құн салығы 1992 жылы енгізілген, ол бюджет кірісінің 60 пайызын құрап отыр. Көптеген елдермен салыстырғанда қосылған құн салығы унифицирленген ставкамен өндіріліп алынады, сондықтан да бұл салық бойынша көптеген жеңілдіктер қарастырылады. Экспорт жағдайында салық салынатын обьект түсірілген тауар құны болып табылады. Төленген салық сомасы шотқа түсім түскеннен кейін қайтарылады.

Ресей елінің салық жүйесі.

1991 жылдың аяғында  қабылданып 1992 жылдан бастап РФ  №2118-1 “РФ салық жүйесінің негізі”  туралы заң қабылданған. 1998 жылы Ресей Федерациясының салық еодексінің бірінші бөлімі қабылданды. Бұл бөлімде Ресейдің салық жүйесінің негізі анықталды. Салық кодексінің екінші бөлімі негізгі нақты салықтарға арналған бөлімдерден тұрады. Ресей елінде Қосылған құн салығының негізгі қызметі – фискалды қызмет болып табылады. Қосылған құн салығы бюджет кірісінің орташа есеппен 40 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында Қосылған құн салығының 20 пайыздық, 10 пайыздық және 0 пайыздық ставкалары қолданылады. Нөлдік ставка кеден арқылы экспортталатын тауарлар мен қызметтерге салынады. Ал 10 пайыздық ставка сүт өнімдеріне, өсімдік майына, қантқа, тұзға, ұнға, балалар киіміне және балалар құралдарына салынады. 20 пайыздық ставка қалған тауарларға , яғни мысалы, косметика өнімдеріне салынады. 7

Акциз салығының ставкалары анықталу тәсілдеріне қарай: спецификалық және арлас болып бөлінеді.

Қорытындылай келе, ТМД  елдеріндегі салық жүйесінде  жанама салықтар негізгі орынды алады, оған қосылған құн салығы, акциз  салығы, кедендік баж, сатудан салықтар кіреді. Олар бюджет кірісінің бөлігінде негізгі орынды алып отыр. Жанама салықтың бұл көлемі бір обьектіге бірнеше рет салық салуды тудыра отырып тауар бағасының үнемі өсіп отыруына әкеледі.

 

 

 

 

7 Иванова Н.Г., Вайс. Е.А., Кацюба И.А., Петухова Р.А. Налоги и налогообложение. Схеми и таблицы. - Спб: Питер, 2001.

 

 

 

2 - тарау.  Жанама салықтар : ЖШС «Трансмарс»  мысалында өндіру тәртібі және  ережесі.

2.1. Қосымша  құн салығы: салық салу тәртібі  мен ережесі. Қосымша құн салығы бойынша жалпы ереже. ҚҚС бойынша салық салынатын айналым.

Қосымша құн  салығын өндіріп алу тізбесін 1954 жылы фрвнцуз экономисті М. Лоре ұсынған. Бұл салық салық ішіеде ең жасы болып келеді. Францияда оны 1958 жылдан бастап қоладана бастаған. Алайда қосымша құн көрсеткіші бұрында да статистикалық мақсатта қолданған . Мысалы, АҚШ-та 1870 жылдан бастап өнеркәсіп өнімдерінің көлемін сипаттауда қолданылған. Біздің елімізде қосыдған құн НЭП кещеңінде талдау көрсеткіші ретінде қолданылды. Қосылған құн салығы тауарлады (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған , оларды өткізу бойынша салық салынатын айналымнан құнының бір бөлігін бюджетке аударуды , сондайә -ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Салық Кодексіндегі жанама салықтардың әрекет ету механизмі