Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 08:25, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорындардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………
3

1.
Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері

1.1.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың
қалыптасу көздері……………………………………………………….

5
1.2.
Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі……………………..
8
1.3.
Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың
нарықтық экономикадағы маңызы ……………………………………

11

2.
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау

2.1.
Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау………………………...
13
2.2.
Капитал көздерінің құнын бағалау…………………………………….
15
2.3.
Қапиталдың жалпы құнын бағалау……………………………………
18

3.
Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру

3.1.
Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың
қалыптасу ерекшеліктері …………………….………………………...

21
3.2.
Кәсіпорындардың капиталды қалыптастыру тәсілдерін
жетілдіру жолдары ……………………………………………………..

24

Қорытынды…………………………………………………………………...
26

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….
28

Работа содержит 1 файл

Еркебулан Шуйкебаев! Курстык жумыс.doc

— 258.50 Кб (Скачать)

Кәсіпорын капиталының құрамы оның бірнеше белгілері бойынша жіктелуімен сипатталады (1.2-сурет).

Кәсіпорынға қатынасы бойынша  меншікті және қарыз капиталды бөліп  көрсетуге болады. Меншікті капитал  дегеніміз – бұл кәсіпорынның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды, түрлі қорларды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады.

Қарыз капитал дегеніміз  – бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан  тартылған түрлері болып табылады. Қарыз капиталдың құрамына өндірісті  қаржыландыру үшін қайтарымды негізде  тартылған ақша қаражаттары мен  басқа да құндылықтар

кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады.

Инвестициялау объектілері  бойынша негізгі және айналым  капиталын бөлуге болады. Негізгі  капитал кәсіпорынның негізгі құралдар мен материалдық емес активтеріне салынған қаржы ресурстары болып табылады. Айналым капиталы, сәйкесінше, кәсіпорынның қаржы ресурстарының айналым қаражаттарына салынған бөлігі болып табылады.

Қолдану мақсаттарына қарай  капиталдың келесі түрлері кездеседі: өндірістік, несиелік және спекулятивтік капитал. Өндірістік капитал кәсіпорынның өндірістік активтеріне салынған қаражаттарын сипаттайды. Несиелік капитал кәсіпорынның инвестициялық қызметі барысында қолданылатын қаражаттарын (банктерге депозиттер салу, облигациялар сатып алу және т.с.с.) сипаттайды. Спекулятивтік капитал кәсіпорынның сатып алу – сату операцияларында, яғни баға айырмасына негізделген операцияларында қолданылады.

Өндірістік процеске қатысу нысанына қарай капиталдың жіктелу  механизмі түсінікті түрде 1.3-суретте берілген.

 


Өндірістік процестің  бірінші кезеңінде ақша нысанындағы  капитал кәсіпорынның ұзақ мерзімді және айналым активтеріне инвестицияланады, осылайша ол өндірістік нысанға ауысады. Екінші кезеңде өндірістік капитал  өнім өндіру барысында тауарлық нысанға ауысады. Үшінші кезең - өнімді сатуға байланысты тауар нысанындағы капиталдың ақша нысанындағы капиталға ауысу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар капитал қозғалысының нысандары өзгерген сайын оның құны өзгеріске ұшырап отырады.

 

 

 

 

1.3. Кәсіпорын  капиталының құнын басқарудың 

нарықтық экономикадағы  маңызы

 

Нарықтық жағдайларда  қаржыны басқару принциптері  кәсіпорындар үшін аса маңызды мәселе болып табылады. Стратегиялық даму тұрғысынан кәсіпорын шеңберінде қаржыны  басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның нарықтық құнын арттыру. Кәсіпорынның нарықтық құнының өсуі оның табысты қызметінің нәтижесі және әрі қарай даму үшін қаржы ресурстарын тартудың алғы шарты болып табылады. Қаржыландырудың қандай да бір көзін тарту кәсіпорын үшін шығындармен байланысты: акционерлерге дивидендтер төлеу, банктерге – несие бергені үшін пайыздар, инвесторларға – капитал салымдары үшін пайыздық табыстар және т.с.с. төлемдер мен шығындар. Қандай-да бір қаражат көзін тартуға байланысты жұмсалған шығындардың жалпы сомасы капитал құнын анықтайды.

Капитал құнының концепциясы  қаржы менеджменті теориясының  базалық негізі болып табылады. Бұл  концепция тек қаражаттар тартуға  байланысты шығындарды есептеп қоюмен ғана сипатталмайды. Кәсіпорынның инвестицияланған капиталы кәсіпорынның нарықтық құнын арттыруға қол жеткізетін табыстар алып келуі керек.

«Кәсіпорын капиталының  құны» және «кәсіпорынның нарықтық құны» ұғымдарының арасында өзара  байланыс бар. Кәсіпорын капиталының  құны акционерлердың, кредиторлардың және инвесторлардың алдындағы міндеттемелерді өтеу бойынша шығындарды сипаттайтын қатысты (салыстырмалы) көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорын құны акционерлік және қарыз капиталдардың құндық бағасын абсолюттік көрсеткіш бойынша сипаттайды.

Капитал құнын анықтау қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі.

Біріншіден, бұл көрсеткіш  кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді перспективасы  тұрғысынан сипаттайды. Мәселен, меншікті капиталдың құны потенциалды инвесторлар  үшін инвестициялар салудың тартымдылығын  көрсетеді; қарыз қаражаттардың құны кәсіпорынның ұзақ мерзімді несиелер тартку мүмкіндіктерін анықтап береді.

Екіншіден, капиталдың жалпы (орташа салмақталған) құны капитал  салымдарының бюджетін әзірлеу барысында  шешуші көрсеткіштердің бірі болып  табылады.

Үшіншіден, капитал құны қаржылық инвестициялардың тиімділін қалыптастыруда базалық көрсеткіш ретінде қарастырылады. Инвестициялардың тиімділік өлшемін кәсіпорын өзі белгілейтіндіктен, жекелеген қаржы құралдарының табыстылығын бағалау барысында салыстыру базасы ретінде капитал құнының көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш қаржылық инвестициялардың нақты табыстылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар осы инвестициялардың нақты бағыттары мен түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, кәсіпорын  капиталының құны қаржылық леверидж механизмін қолдану арқылы капитал құрылымын басқару барысында қолданылады. Қаржылық леверидждің деңгейі қарызға тартылған қаражаттардың көлемі мен олардың құнынан тәуелді. Қаржылық леверидж кәсіпорынның қаржылық тәуекелін арттырады, сәйкесінше акциялар бойынша табыстың артуына алып келеді. Сол себепті, акционерлердің игілік жағдайын барынша арттыруды мақсат ете отырып, осы мақсатқа қол жеткізетін капитал құрылымын қалыптастыру керек. Сәйкесінше, капитал құрылымын кәсіпорын құнына әсер етуі тұрғысынан қарастыру қажет. Оңтайлы капитал құрылымы оның құны барынша төмен болған жағдайда қалыптасады.

Кәсіпкерлік қызмет тұрақты  болған сайын, өндіріс барысы кеңейген және контрагенттермен байланыс артқан сайын, нақты бір кәсіпорын және оның бизнесі үшін оңтайлы капитал құрылымы, яғни меншікті және қарыз қаражаттардың оңтайлы қатынасы қалыптасады. Осы оңтайлы құрылымды қолап тұруға жұмсалған шығындардың жалпы сомасын сипаттайтын көрсеткіш кәсіпорын капиталының құнын көрсетеді және қаржы теориясы мен тәжірибесінде «капиталдың орташа салмақталған құны» деген атаумен белгілі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өз қызметіне салынған қаражаттардың қайтарымдылығын, олардың рентабельділігін анықтайды.

Тұрақты қызмет етіп тұрған және өзінің қызметін қаржыландырудың қалыптасқан жүйесі бар кәсіпорындарда капиталдың орташа салмақталған құны қосымша қаражаттар тарту нәтижесінде біршама уақыт бойында өзгеріссіз қалып отырады, алайда белгілі бір шегіне жеткенде оның мөлшері арта бастайды.

Сонымен, кәсіпорын капиталының құнының деңгейі аталған кәсіпорынның нарықтық құнын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Қолданыстағы барлық қаражат көздерінің құнын төмендету кәсіпорындарға өздерінің нарықтық құнын арттыруға алып келеді, сәйкесінше, егер қаржыландыру көздерінің құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның нарықтық құны да соғұрлым өз деңгейін төмендетіп алады. Бұл, бірінші кезекте, ашық үлгідегі акционерлік қоғамдардың қызметіне қатты әсер етеді, өйткені олардың акцияларының бағасының артуы немесе кемуі капитал құнының, сәйкесінше, төмендеуіне немесе өсуіне байланысты болып келеді. демек, капитал құнын басқару кәсіпорынның нарықтық құнын арттырудың өзінше дербес бағыттарының бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.    Кәсіпорын  капиталының құрылымы мен құнын  бағалау

 

 

2.1. Кәсіпорын  капиталының құрылымын талдау

 

Кәсіпорынның капиталының  құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: капиталдың орналасу тұрғысынан (активтер) және оның қалыптасу көздері тұрғысынан (меншікті капитал және міндеттемелер).

Кәсіпорын капиталының  құрылымын талдау барысында активтер олардың өтімділік деңгейіне қарай топтастырылады, ал меншікті капитал мен міндеттемелер олардың төлем мерзімдерінің деңгейіне қарай топастырылады.

Аталған көрсеткіштерді динамикалық тұрғыдан талдау (көлденең, немесе деңгейлес, талдау) кәсіпорын капиталының өсуін немес кемуін және өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға, активтер құнының динамикасы кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы ақпараттар береді.

Кәсіпорын капиталын  құрылымдық талдау (тікелей, немесе сатылас, талдау) да ерекше маңызды. Бұл кәсіпорын қызметінің өндірістік бағыты туралы мәліметтерді түйіндеуге мүмкіндіктер береді.

Кәсіпорынның активтерін динамикалық және құрылымдық талдау арнайы талдау кесетесін құру арқылы орындалады. Мұндай талдаудың мысалы кәсіпорын активтеріне байланысты 2.1-кестеде берілген

 

2.1-кесте

Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымы

 

 мың теңге

Көрсеткіштер

Жылдың басы

Жылдың соңы

Ауыт-қуы (+.–)

Өсу қар-қыны, %

Сомасы

Үлесі

Сомасы

Үлесі

1

2

3

4

5

6

7

Активтер, барлығы 

2265

100,0

2914

100,0

+649

128,7

Негізгі құралдар

1465

64,7

1971

67,7

+506

134,5

Ағымды активтер

800

35,3

943

32,3

+143

117,9

   - материалдық  құндылықтар

600

26,5

653

22,4

+53

108,8

   - дебиторлық қарыз

85

3,7

94

3,2

+9

108,2

   - ақша қаражаттары 

115

5,1

196

6,7

+81

170,4


 

Кестенің мәліметтері  бойынша аталған кәсіпорынның жалпы  салынған капиталы жыл соңында 2914 мың теңгені құрап, жыл ішінде 649 мың теңгеге, немесе 28,7% артқанын байқаймыз.

Кәсіпорын активтерінің артуына, бірінші кезекте, негізгі  құралдар мен ақша қаражаттарының өсуі себеп болып отыр. Негізгі құралдардың көлемі жыл басындағы 1465 мың теңгеден жыл соңында 1971 мың теңгеге дейін, яғни 134,5%-ға өскен. Бұл кәсіпорынның өзінің өндірістік потенциалын арттыруға бағытталған инвестициялық саясатты ұстанып отырғанын көрсетеді.

Ақша қаражаттары талданып отырған кезеңде 81 мың теңгеге  немес 170,4%-ға өскен. Бұл өз кезегінде  кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің өсуіне байланысты баланс өтімділігін  қамтамасыз етуге септігін тигізетіні сөзсіз. Демек, кәсіпорын қосымша қаражаттар тарту барысында кредиторлар үшін сенімді қарыз алушы ретінде қарастырылатыны белгілі.

Өндіріске салынған капиталдың түрлерін басқарудың өз мазмұны мен мақсаттары бар. Бұл өз кезегінде капиталдың меншікті және қарыздық болып бөлінуіне де байланысты. Сол себепті капитал құрылымын талдау барысында зерттеушілер үшін кәсіпорынның активтері қандай қаражат көздерінен қалыптасқаны туралы мәліметтер маңызды болып табылады. Бұл талдаушылар үшін кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, қарыз қаражатардан тәуелділігін, не болмаса қаржылық тәуелсіздігін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорын активтері мен олардың қалыптасу көздерін салыстыра отырып, мүдделі тұлғалар кәсіпорынның өтімділігі, несие қабілеттілігі туралы шешімдер қабылдауына жауаптар табады.

Меншікті және қарыз капиталдың (міндеттемелердің) талдау мысалы 2.2-кестеде  берілген.

 

2.2-кесте 

Кәсіпорынның меншікті капиталы

және міндеттемелері

 

мың теңге

Көрсеткіштер

Жылдың басы

Жылдың соңы

Ауыт-қуы (+.–)

Өсу қар-қыны, %

Сомасы

Үлесі

Сомасы

Үлесі

1

2

3

4

5

6

7

Капитал көздері, барлығы

2265

100,0

2914

100,0

+649

+128,7

Меншікті капитал 

1932

85,3

2468

84,7

+536

+127,7

Қарыз капитал 

333

14,7

446

15,3

+113

+133,9

   - ұзақ мерзімді  несиелер

   - қысқа мерзімді несиелер

81

3,6

169

5,8

+88

+208,6

   - кредиторлық  қарыз 

252

11,1

277

9,5

+25

+109,9


 

2.2-кестенің мәліметтерінен  байқайтынымыз, кәсіпорынның меншікті  капиталы мен қарыздық міндеттемелері (жалпы қаржыландыру көздері)  талданып отырған кезеңде 2265 мың теңгеден 2914 мың теңгеге дейін, яғни 649 мың теңгеге, немесе 128,7%-ға өскен.

Капитал көздерінің динамикасына көз салатын болсақ, онда меншікті капиталдың 536 мың теңгеге, немесе 127,7%-ға артқанын аңғарамыз. Бұл аталған  кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алынатын табысы меншікті капиталды ұлғайтуға жетерлік деңгейде екенін, яғни кәсіпорын қызметінің тиімді екенін білдіреді.

Қарыздық міндеттемелер  жыл басындағы 333 мың теңгеден жыл  соңында 446 мың теңгеге дейін, немесе 133,9%-ға өскен. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді несиелерінің жоқ екенін, өзінің қызметін толық қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыз есебінен қаржыландыратынын байқаймыз.

Сонымен қатар, қаражат көздерінің құрылымына көз жүгіртетін болсақ, онда кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін негізінен меншікті капитал есебінен қаржыландыратынын көреміз. Мәселен, меншікті капиталдың жалпы капиталдағы үлесі жыл басында 85,3%-ды құраса, жыл соңында 84,7%-ды құраған, яғни оның үлесі 0,6%-ға азайып кеткен. Алайда, қарыз капиталдың үлесінің аз екендігін ескерсек (сәйкесінше 14,7% және 15,3%), аталған өзгерістердің кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізе қоймайтыны анық. Керісінше, бұл кәсіпорынның қарыз қаражаттар тарту потенциалының жоғары екендігінің айғағы болып табылады.

 

 

2.2. Капитал  көздерінің құнын бағалау

 

Капитал құны кәсіпорындардың  өзінің активтерінің нарықтық құнын  қалыпты деңгейде сақтап қалу үшін ұсанатын табыс мөлшері болып  табылады. Қаржы менеджерлері капитал  құнын білу келесідей сұрақтар үшін маңызды: капитал салымдары туралы шешімдер қабылдау; капиталдың оңтайлы құылымын қалыптастыру; ұзақ мерзімді қаржылық лизингтік несиелер тарту; ескі облигацияларды жаңа обликацияларға ауыстыру; айналым капиталын басқару.

Кәсіпорын капиталының әрбір қалыптасу көзі өзінің құнына ие болады. Капиталдың құрамдас бөліктерінің құнын келесідей тәртіппен анықтауға болады:

ki – салық салынғанға дейінгі қарыз капиталдың құны;

kd = ki (1- t) – салықтан кейінге қарыз капиталдың құны, мұнда t – салық мөлшерлемесі;

kp – артықшылығы бар акциялардың құны;

ks – бөлінбеген табыстың құны (капиталдың ішкі құны);

ke – қарапайым акциялардың құны (капиталдың сыртқы құны);

ko – кәсіпорын капиталының жалпы немесе орташа салмақталған құны.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру