Банк өтімділігін басқару және талдау тәсілдері
Курсовая работа, 16 Февраля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұрғысында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) 14-15ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының рете кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған. 15-16ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Гамбургте, саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы қағаздардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді.
Содержание
Кіріспе........................................................................................................................
тарау. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы........................................................................................................
1.1. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы..........................................................................................................................
1.2. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру...................................
2- тарау. Банк өтімділігін басқару және бағалау.............................................
2.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар.........................................
2.2. Банк өтімділігін басқару әдістері .....................................................................
3- тарау. «АТФ Банктің» болашаққа жоспары мен стратегиялық бағдарламалары.............................................
3.1. «АТФ Банктің» жетілдіру жолдары мен олардың мақсаттары............................................................................
Қорытынды..............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................
Қосымшалар....................................................................
Работа содержит 1 файл
Банк өтімділігін басқару және бағалау.doc
— 242.50 Кб (Скачать)
2- тарау. Банк
өтімділігін басқару
және бағалау
2.1.
Банк өтімділігі
және оған ықпал
етуші факторлар
Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі. (6: 87- беттер)
Банк өнімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелерін нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, таратылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің баланысында көрсетіледі. Ал, потенциалды немесе баланыстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл – хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу , т.б. арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелері уақтысында орындау үшін қолма – қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса онда, бұл өтімді банк болып табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндет – темелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма – қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланды.
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстарымен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
- депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
- тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
- активтерді зиянсыз сату;
- таратылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындалуы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторлар қатарына
- банк капиталының базасы;
- банк активтерінің сапасы;
- депозиттердің сапасы;
- сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
- мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
- сауатты менеджмент;
- банк жоғары дәрежелі беделі.
Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма – қол ақшаларға айналу қабілеті.
Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.
Активтер тәуекелі критерийі,
олардың ақшалай формаға
Банк активтердің тәуекелі
Активтердің
табыстылығының критерийі
Активтердің диверсификациясы
Банк
өтімділігін анықтайтын фактор
– банктің депозиттік
Банк
өтімділігі оның сыртқы
Банк
активтері мен пассивтерінің
арасында мерзім мен сома
Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:
- банк саясатының болуы және оның мазмұны;
- стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
- банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
- әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;
- білікті мамандардың болуы ;
- қажетті ақпарат базасының болуы;
- банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.
Банктің беделі де банк
Оларға мыналар жатады:
- елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы;
- банкаралық несие нарығының дамуы;
- қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;
- Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі. (21: 111- беттер)
Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құру, операциялардың рентабельдігінің сапалығын жоғары – латуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.
Бағалы
қағаздар нарығының дамуы
Банкаралық
нарықтық дамуы уақытша бос
ақшалай ресурстарды банктер
арасында жылдам қайта бөлуге
көмектеседі. Банк өз
Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.
Орталық
банкінің қадағалау қызметінің
тиімділігі өтімділікті
Банктің
өтімділігі тұрақты өзгерісте
болатын көптеген
2.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділікті басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:
- «Қаражаттардың ортақ қоры» әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл әдісті төмендегідей түрде көрсетуге болады.
Осы әдісте қаражат өтімділігінің адекватты деңгейінің, яғни «табыстылық - өтімділік» арасындағы тепе – тендіктің сақталу шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Екінші ретті резервтер көлемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады, демек, олар неғұрлым көп болса, соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резервтер талап етіледі. Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлес келеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі ұзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.
Қаражаттардың
көздері
Талап ету Қаражат Алғаш резервтер
депозиттері тардың Екінші ретті
Мерзімді ортақ резервтер
депозиттер қоры Ссудалар
Акционерлік
капитал
мен резерв
қорлар
«Қаражаттардың ортақ қоры»