Фискалдық саясат және нұсқалары
Реферат, 22 Февраля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің , нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Содержание
Кіріспе
Қаржы саясаты. Фискалдық саясат.
Негізгі бөлім
1. Фискалдық саясат және оның нұсқалары.
а) Фискалдық саясаттың мақсаты;
ә) Фискалдық саясаттың міндеттері;
б) Фискалдық саясаттың шешу жолдары;
в) Фискалдық саясаттың нәтижелері;
Қорытынды бөлім
Фискалдық саясатты жүзеге асыру
Работа содержит 1 файл
срс каржы №1.docx
— 21.21 Кб (Скачать)Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Э С С Е
Тақырыбы:
ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ НҰСҚАЛАРЫ
группа ҚР(Д)-121, қаржы,
2 жылдық қазақ бөлімі
Алматы 2012ж.
Жоспар
Кіріспе
Қаржы саясаты. Фискалдық саясат.
Негізгі бөлім
- Фискалдық саясат және оның нұсқалары.
а) Фискалдық саясаттың мақсаты;
ә) Фискалдық саясаттың міндеттері;
б) Фискалдық саясаттың шешу жолдары;
в) Фискалдық саясаттың нәтижелері;
Қорытынды бөлім
Фискалдық саясатты жүзеге асыру
Қаржы саясаты. Фискалдық саясат.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің , нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы
механизмі мемлекет белгілеген
қаржы шараларын атаулы, нақты
нәтижелерге – қоғамдық-
Қаржы
механизмінің элементі- бұл қарапайым
шаруашылық нысан, ол арқылы
қоғамдық өндіріске
Әрбір
элемент біріңғай қаржы
Қаржы құқығы қаржы саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады және экономикалық саясаттыққа әсер етеді.
Қаржы механизмдерін қалыптастыра
отырып, мемлекет сол бір кезеңнің
қаржы саясаты талаптарына оның
толығырақ сәйкестігін
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық саясат және экономикалық саясат болып табылады.
Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясат. Бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталады.
Фискалдық саясат және оның нұсқалары.
Фискальдық саясат – мемлекеттің бюджет пен салық салу саласындағы халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен ұлттық экономикадағы циклдық тежеуілден шығуға бағытталған үкімет саясаты. Фискальдық саясаттың жарияланған мақсаты салық пен мемлекет бюджетінің шығындарына әкімшілдік басқару жүргізу арқылы орындалады. Фискальдық ынталандыру шаралары салықтардың төмендеуі және экономиканың рецессиядан тезірек шығару мақсатында мемлекеттік шығындардың артуын қарастырады. Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы жүргізіле бастады.
Фискалдық саясаттың мақсаты:
Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
Фискалдық саясаттың міндеттері:
1. Салық-бюджет жүйесінің
орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық
тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың
қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық
қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге
асыру.
2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға,
салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың
ашықтығын арттыруға
3. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясаттың негізгі міндеттерін шешуге
жұмсалуын қамтамасыз ету.
Фискалдық саясаттың шешу жолдары:
Салық-бюджет жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылығын және орнықтылығын қолдау үшін мыналар көзделеді:
- орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің номиналды қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстары өсімінің номиналды қарқынын қамтамасыз ету;
- бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын бірте-бірте төмендету;
- Ұлттық қордың активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіру;
- мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз бен борышты, мемлекеттің кепілгерліктерін тиімді басқару, оның ішінде сыртқы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу, бюджет тапшылығын қаржыландыру құрылымында сырттан қарыз алу үлесін азайтудың жолымен мемлекеттік борыш құрылымын оңтайландыру.
Салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау мен бағалау және әлемдік тәжірибе негізінде елдегі іскерлік белсенділіктің өсуін ынталандыру мақсатында мыналар көзделеді:
- орта мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне халықтың әлеуметтік осал топтарына жүктеме деңгейін арттырмастан кезең-кезеңімен қайта бөлу бойынша салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
- кедендік және салық әкімшілігін жүргізу;
- салық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату және олардың ашықтығын арттыру;
- 2008 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторында шағын және орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алудың хабарлау жүйесін енгізу.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді:
- стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру;
- бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау;
- бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету;
- бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды күшейту;
- бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын арттыру.
Фискалдық саясаттың нәтижелері:
Салық-бюджет саясаты тетіктерінің, бюджет
шығыстарының тиімділігін арттыру, мемлекеттің
қаржылық міндеттемелерін толық орындау.
Фискалдық саясат ең маңыздысы
мемлекеттік бюджет болып табылатын
орталықтандырылған, мемлекеттік қорларды
толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық
процестерді реттеумен
Қорытынды
Қорыта келгенде, фискальдық
саясаттың мақсаты салық пен
мемлекет бюджетінің шығындарына әкімшілдік
басқару жүргізу арқылы мемлекетімізде
жүзеге асыру болып табылады. Фискальдық
саясатты жүргізу арқылы халықты
жұмыспен қамтамасыз ету, сонымен қатар
мемлекеттік бюджетпен пен