Холдингтік компаниялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:17, курсовая работа

Описание работы

Аралас холдингтен диверсификацияның жоғары дәрежесі мен және топ компанияларының арасындағы байланыстардың әлсіреуімен сипаталатын өндірістік концерндер немесе конгиомераттар болып табылатын ҚӨТ/ң көбісінің бас компаниялары ретінде тараған. Бірақ соңғы онжылдықтарда қаржылық және қаржылық емес фирмаларды көпұлттық топтың құрлымдарға біріктіретін қаржылық холдинттік компаниялардың артуы байқалып отыр. Мұндай холдингтар қаржылық ұйымдар бола отырып басқа қаржылық институттардан-банктерден, инвестициялық қорлардан функционалды ерекшеліктері бар. Банктерге қарағанда холдинттік компаниялар қаржылық емес кәсіпорындарға яғни өнеркәсіптік, сауда, құрлыс және басқа да фирмаларға тікелей инвестицияларды жүзеге асыруда заңмен шектелмеген.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 . Холдингтік компаниялар
1.1.Компаниялар топтарының құру механизмі
1.2 Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері
1.3 «Самұрық» холдингінің экономикалық құрылымы
1.4 Холдингтік Компания «Топаз»
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

холдинг.doc

— 97.50 Кб (Скачать)

Қазақ – орыс халықаралық университеті

 

 

 

 

 

Пәні: «Инвестициялық жобаны қаржыландыратын инвестициялық институттар»

                           Тақырыбы: «Холдингтік компаниялар»

                                          Қаржы және несие тобы

 

 

 

 

Орындаған: Сундетова А.Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 1 . Холдингтік компаниялар

1.1.Компаниялар топтарының  құру механизмі

1.2 Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері

1.3 «Самұрық» холдингінің экономикалық құрылымы

1.4 Холдингтік Компания «Топаз»

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

Менің курыстық жұмысымның тақырыбы “Холдингтік компания”. Ең алдымен  холдинг түсінігіне тоқталып  өтсем. Жалпы “Холдинг”-шағын кәсіпорындарды топтап бір ортаклықтан басқару дегенді білдіреді. Оның мемлекетке тигізер үлесі өте зор.Менің курыстық жұмысым.

Холдингттік компаниялардың екі негізгі түрі кең тараған: қаржылық (таза) және аралас. Қаржылық холдингттік компания қаржылық бақылауды және басқаруды жүзеге асыру мақсатымен құралады. Аралас холдингттік компания керсінше, белгілі бір кәсіпкерлік қызметтен айналысады: өнеркәсіптік, сауда көлік-логистикалық, несиелік-қаржылық және т.б.

Аралас холдингтен диверсификацияның  жоғары дәрежесі мен және топ компанияларының  арасындағы байланыстардың әлсіреуімен сипаталатын өндірістік концерндер немесе конгиомераттар болып табылатын ҚӨТ/ң көбісінің бас компаниялары ретінде тараған. Бірақ соңғы онжылдықтарда қаржылық және қаржылық емес фирмаларды көпұлттық топтың құрлымдарға біріктіретін қаржылық холдинттік компаниялардың артуы байқалып отыр.

Мұндай холдингтар қаржылық ұйымдар бола отырып басқа қаржылық институттардан-банктерден, инвестициялық  қорлардан функционалды ерекшеліктері  бар. Банктерге қарағанда холдинттік компаниялар қаржылық емес кәсіпорындарға яғни өнеркәсіптік, сауда, құрлыс және басқа да фирмаларға тікелей инвестицияларды жүзеге асыруда заңмен шектелмеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 . Холдингтік компаниялар

                       1.1 Компаниялар топтарының құру механизмі

Компаниялар топтарын ұйымдастыру  процесі “төменнен” немесе “жоғардан” жүруі мүмкін, кейде екі әдісі пайдалынады. Бірінші кезенде, “төменнен” жүргекн ұйымдастыруды заңды тәуелсіз құрылтайшы – компаниялардың бірігіп болашақ топтың ядросын құруымен өтеді. Кейін, бас холдинг компаниясының құрулуынан кейін, КҰК – дың прцесі “жоғардан” жүргізіледі. Сонымен қатар, бірнеше жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

Ең көп таралған түрі, тандалған  елде еншілес компанияны ашып, сол  арқылы сауду - өткізу операцияларын  өркендетіп отырып, жергілікті нарыққа басқа жерде өндірілген КҰК – ның өнімін өткізу, қызмет көрсету немесе жергілікті өндірісті ұйымдастыру әдетте, осындай еншілес – компанияларды 100 % түрде бас компания бақылап отырады. Кейіннен, бұл бақылау азаюы мүмкін. Бұл мысалы, КҰК – ды басқару деңгейінде қосымша капиталды еншілес компанияның кейбір акцияларын сату арқасында иемдену шешімі қабылданған жағдайда көрінеді. Бірақ, КҰК белгілі бір елден инвестицияны шығару жөнінде шешім қабылдап, шетел енщілес компанияларда бас компанияның үстемді акционерлік бақылауы жойылмайды.

Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдерінің көпұлтты компаниялардың көбісі фирманы іскерлік бақылау  және олардың қызметік басқару мақсатымен олардың акцияларының бақылау пакетін  иелену үшін құрылатын қаржылық немесе қаржылық-өнеркәсіптік компаниялардың ерекше түрі болып табылады.ҚӨТ/ң құрлымы мен басқарудың әртүрлі аспектілерін талқылағанда  “холдингттік  компания”  терминімен қатар оған ұқсас ”аналық” немесе “бас” компания терминдерін де жиі қолданылады; холдингтік компанияға деген басқарушы қызметтің бөлінуіне байланысты, сонымен қатар “бас ұйым” деген де термин де қолданады.

 

1.2 Холдингтер  құрастыру қажеттілігі, маңызы  және түрлері

Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші  нысанының бірі болып табылады. Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.  
Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.  
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты корпоративтік басқаруды жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.  
Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.

 
Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.  
Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.  
 
1.Холдингтік компанияның маңызы  
Холдингтік компания (өнеркәсіп, көлік, сауда, банк ісі және т.б) корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады.  
Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.  
Холдинг компаниясының мынадай екі түрі болады:  
1) Тек бақылау-басқарушылық және қаржы функцияларын орындайтын таза холдинг;  
2) Көрсетілген функциялармен қоса белгіленген кәсіпкерлік – өндірістік-сауда, кредит-қаржылық және т.б. қызметпен айналысатын аралас холдинг.  
Холдингтің өз капиталынан бірнеше рет асатын капиталы болуы мүмкін. Холдинг, сол немесе басқа компанияның бақылау акциясын сатып алумен қатар, бақылаудағы компанияның Директорлар кеңесіне және басқа да басқару органына өз өкілдерін тағайындауы мүмкін.  
Холдингтік компанияның мына артықшылықтары болады:  
• Меншік капиталдағы үлес түріндегі айтарлықтай бақылау (10-15%);  
• Тәуекелді жою (элиминациялау). Жүйе ішіндегі жекелеген компаниялар дербес заңды тұлға болып табылады және олардың кез келгенінің міндеттемелері басқа компаниялардың міндеттемелерінен бөлінген тәуекел сол себептен төмендетіледі. Алайда іс жүзінде бас компания тауарларды сатып алушыларды ұстау, сондай-сқ бастапқы инвестициялар бағдарламаларын жүзеге асыру және өзінің еншілес компаниясына кредит беретін банкіге кепілдік беру үшін өз филиалдарына жиі көмек көрсетуге мәжбүр болады.  
Бірігу – екі және одан астам компанияның әлеуетін біріктіру тәсілінің бірі. Осындай бірігу кезінде мәмілеге тартылатын компаниялардың бүкіл активі, сондай-ақ басқарушылық және техникалық тәжірибеде біріктіріледі.  
Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.  
 
2. Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты  
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты корпоративтік басқаруды жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.  
Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.  
Осы мақсатта мемхолдингтердің қызметі Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес мынадай негізгі қағидаттарда құрылуға тиіс:  
• стратегияны жүргізу және қаржы-шаруашылық қызметті басқаруды, оның қаржысын және нәтижелерін тиімді бақылауды жүзеге асыру;  
• қызметтің айқындылық деңгейін арттыру және жұртшылықты мемхолдингтердің даму стратегиялары, олардың меншік құрылымы, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы хабардар ету жолымен олардың қызметін жария түрде бағалауды қамтамасыз ету;  
• айқын конкурстық рәсімдер өткізу негізінде персоналды іріктеуді жүзеге асыру.

 

             1.3 «Самұрық» холдингінің экономикалық құрылымы  
 
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысымен құрылды.  
Мемлекеттік холдинг құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылғы Сингапурға сапарынан кейін ұсынды. Президент сапар барысында «Temasec» Сингапур холдингі қызметімен танысты, ол – индустрияландыру компаниясының шеңберінде 1960-шы жылдары жүзеге асырылған барлық мемлекеттік инвестицияларды басқару үшін Сингапур үкіметі 1974 жылы іргетасын қалаған дүниежүзіндегі мемхолдингтердің неғұрлым танымалдарының бірі. Бүгінгі таңда құны 60 млрд. доллар портфелді басқаратын «Temasec» компаниясы компаниялардың қолданыстағы портфелін оңтайландыруға, халықаралық компанияларды және өсуі ықтимал компанияларды қалыптастыруға тырыса отырып, белсенді рөл атқарады.  
 
Мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру үшін біршама елдер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдады. 2002-2003 жылдары іле-шала бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды.  
 
«Самұрық» мемлекеттік холдингін құру жөніндегі жоспарды әзірлеуге «McKinsey» компаниясы тартылған болаты, ол – тәуелсіз шетелдік консалтинг компаниясы, мемлекеттік активтерді басқарумен айналысатын компанияларды құру жөнінде үкіметтерге арналған 6 жобаны іске асыруда практикалық тәжірибесі бар консалтрейтингтің әлемдік жетекшісі. Қазақстан тарапынан жобаға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ қатысты.  
 
Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.  
 
ТМД кеңістігінде бірінші пайда болған «Самұрық» холдингі» АҚ-ның бірегейлігі - мемлекет экономикасының тұрақтылығын бағдарланған компанияның серпінді бизнесімен үйлестіруінен құралады. Осы мақсатта тәуелсіз директорлар институты құрылды, бухгалтерлік есептілік және аудиттің халықаралық стандарттары енгізілуде, озық тәжірибеге және үздік халықаралық стандарттарға сәйкес корпоративтік басқару үлгісі өзгереді.  
«Белсенді акционер» ретінде әрекет жасай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, компанияның бюджеттерінің ашықтығын арттыру міндеттерін шешеді деп танылған «Самұрық» холдингі» АҚ компанияның жедел қызметіне араласпай, директорлар кеңесі арқылы компанияның қызметін басқарады.  
 
Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.  
Қазіргі кезеңде негізгі мақсаты аясында Холдинг қызметі мынадай бағыттарға көзделген:  
- ұлттық компанияларды корпоративтік басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;  
- Холдинг құрамына кіретін компаниялардың бағалы қағаздарын шығару арқылы ішкі қор нарығын дамыту және одан әрі нығайту жөніндегі шараларды іске асыру.  
Ұлттық компаниялардың директорлар кеңесі арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру аясындағы Холдингтің негізгі функциялары мыналар:  
• әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды ескере отырып, Мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде компанияларға мақсат қою;  
• компаниялардың алдарына қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз етуге бағдарланған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламаларды және жылдық бюджеттерін бекіту;  
• компания тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін қарастыру және анықтау;  
• мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, соның ішінде компанияның қаржылық нәтижелерін барынша ұлғайту;  
• компаниялар өздерінің мақсаттарын орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдау;  
• компания басшыларын таңдау және оларды ынталандыру;  
• компания қызметі нәтижесінің мониторингі;  
• компания аудитін ұйымдық қамтамасыз ету;  
• Қазақстан Республикасы Үкіметіне арнап корпоративтік қаржы мәселелері бойынша ұсынымдар жасау.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі "Самрұқ-Қазына" қорына қаржылай және қаржысыз көмек көрсетуде өзінің маңызды мүддесі бар екендігін  білдірді. Қазақстанның бюджеттік заңнамасында қор капиталына жылдық жарналарды бөлуді қарастыратын қағидалар бар. Мұндай жарналардың жалпы сомасы 2010-2013 жж. 317 млрд теңгені (шамамен 2,5 млрд долл., немесе 2% ЖІП) құрады; бұған қоса 2010-2013 жж. қорға жалпы сомасы 49 млрд теңгені құрайтын тікелей несиелер берілетін болады. "Самрұқ-Қазына" қорының құрамына кіретін көптеген компаниялардың көрсеткішіне мемлекеттік бюджеттен тұрақты тікелей аударымдар жағымды ықпал етуде. Біздің пікірімізше, мемлекеттік тарапынан маңызды ағымдағы қолдау және мұқият қадағалау "Самрұқ-Қазына" қорының мемлекет үшін маңызды рөлін сақтайды.

 

Корпоративтік кредиттік рейтингтерді берудің  критерийлеріне сәйкес

Standard & Poor's "Самрұқ-Қазына" қорының меншікті несиеге қабілеттілігін "b" деңгейінде бағалап отыр. Бұл негізінен "Самрұқ-Қазынаның" барлық қаражаттары мен депозиттері қордан көмек алатын қазақстандық банктерде орналастырылғандығына байланысты. Біздің пікірімізше, бұл қаржы ұйымдардан қаражатты алу қаржылық жағдайдың жақсаруына қарай орта-ұзақмерзімді болуы мүмкін.

 

Холдингтік  компания дейңгейінде "Самрұқ-Қазына" қорының ақшалай

көрсетілімдегі  кірістері инвестициядан түскен пайыздық төлемдер

мен дивидендтерден құралады. Қосымша ақша ағымы орталық  үкімет

және Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорының  бюджетінен аудармаларға байланысты. "Самрұқ-Қазына" қорының қайта қаржылануы тәуекелін, оның аффилиирленген компаниялар мен үкіметке мерізмдік міндеттемелері шамалы екенін ескере отырып, төмен деп бағалаймыз.

 

"Самрұқ-Қазына" қорының рейтингтері Қазақстан  Республикасының кредиттік рейтингілеріне (шетел валютасындағы міндеттемелері бойынша рейтингі: ВВВ/Тұрақты/А-3; ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша: ВВВ+/Тұрақты/А-2; ұлттық шәкіл бойынша рейтинг: kzAAA) теңестірілді, біздің пікірімізше, аталмыш қор стресстік қаржылық жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінен уақытылы және жеткілікті қолдауға ие болады.

"Самрұқ-Қазына" қоры - 100% мемлекетке тиесілі, қазақтандық  мемлекеттік кәсіпорындарының барлығына  дерлік басын біріктірген, холдингтік  компания. 2010 жылдың 30 қарашасындағы  жағдай бойынша "Самрұқ-Қазына" қорына 404 еншілес және тәуелді ұйымдар кірді. Қордың қадағалау қызметі оған әрбір компанияның үкімет атынан алған барлық қарыздарды бақылау және бекіту өкілеттілігін жүктейді. Капитал құю және қаржыландыру туралы холдингтік компанияның қабылдайтын шешімдері мемлекеттік саясатты және Қазақстан

Информация о работе Холдингтік компаниялар