Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:00, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе
1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері
1.1 Ақша айналымы мен ақша қаражатының қалыптасуы, экономикалық мәні
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу түрлері және оның ақша айналысындағы рөлі
1.3 Шетелдерде қолма-қолмыз есеп айырысу нысанын талдау
2 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастырылуын талдау
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру негіздері
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң қолма-қолсыз есеп айырысу нысанын талдау
3 Қолма-қолсыз есеп айырысудың мәселелерін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айрысу жүйесінің бүгінгі жағдайы
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру, тиімді банктік қадағалау жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.docx

— 64.79 Кб (Скачать)

Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары

Жоспар

Кіріспе

1    Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері

    1. Ақша айналымы мен ақша қаражатының қалыптасуы, экономикалық мәні
    2. Қолма-қолсыз есеп айырысу түрлері және оның ақша айналысындағы рөлі
    3. Шетелдерде қолма-қолмыз есеп айырысу нысанын талдау

 

  1. 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастырылуын талдау
    1. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру негіздері
    2. Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері
    3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң қолма-қолсыз есеп айырысу нысанын талдау

 

  1. Қолма-қолсыз есеп айырысудың мәселелерін жетілдіру жолдары 

 

    1.  Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айрысу жүйесінің бүгінгі жағдайы
    2. Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру, тиімді банктік қадағалау    жүргізу

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

                                                          Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары  республика экономикасында орын алған  дағдарыстың себептерін ашу, оны  жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас  жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар  тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер  қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс қолма-қолсыз есеп айырысу саясатын еңгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан, микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.

2006 жылдың 1 наурыздағы Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан  өз дамуындағы жаңа серпіліс  жасау қарсаңында: Қазақстанның  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясы”  атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, қолма-қолсыз есеп айырысу саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметіне деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті” деп баяндады.

Аралас экономика жағдайларында халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру қаржы механизмін қайта құруды талап етеді. Бірінші кезекте ақша айналымы жүйесіндегі қаржылық қатынастарды зерттеу мәселесі тұрады. Бұл мәселе күрделі әрі функционалды құрылымды, қоғамдық азық-түліктің қозғалысын анықтап, таратылымдық қатынастарды белгілейді.

Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі аралас экономикаға көшуінде қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымды қалыптастыруы несиелік қатынастарын жүзеге асырады және оны іске асуын қадағалайды.

Жеке секторлар  бойынша қаржы қозғалысының ерекшеліктері  мен азық-түліктің таратылу кезеңдеріне байланысты шаруашылықтардың қаржылық айналымдарының тұтас кешені шеңберінде өндірістік және өндірістік емес салалардың ақша айналымы, тұтынушылар секторының айналымдары, мемлекеттік қаржы жүйесі мен көрсеткіштер кешенін анықтайтын, банк жүйесінің негізін қалайтын қаржылық-есеп айырысу, эмиссиялық және несиелік қатынастарды анықтайтын несие жүйесінің айналымы бақыланады. Әрбір халық шаруашылықтарының ақша ағымы секторлары барлық қаржы айналымының мазмұнды, негізді бөлігін қарастырады, сонымен қатар оның басқа да бөлімдерімен тығыз байланыста болады. Секторлардың ақша айналымдары баға қозғалысының дәрежесі мен оның калыптасу ерекшеліктеріне байланысты барлық қаржылық айналым қызметінің тиімділігіне түрлі әсер етеді, және тауар мен баға арасындағы тепе-теңдікті демеу мақсатында басқару құрылымы арқылы ажыратылады. Баға формасы көрсетілген азық-түліктің таратылуы мен қайта бөлінуі барлық ақша айналымы қызметінің объективті негізі болып табылады. Бiрақ Республикадағы банктердiң қызметi әр түрлi факторлардың ықпалынан аса күрделi жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының тапшылығы және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берiлген банктiк несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкiншiлiгiнiң төмендеуiнен банктердiң несие қызметi үшiн жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктiң несие портфелi құрылымының төмендеуi, жiктелген активтер бойынша резервтердi қалыптастыруға шығындардың тез өсуi, таза табыстық жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәттi несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкiн тәсiлдер механизмдерiн әзiрлеу көмегiмен несие тәуекелдiгiн басқаруға ұмтылады.

Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасының өсуі – қарыз операцияларын басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде қолма-қолсыз есеп айырысуын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын басқаруды жүзеге асырылған процесі жоқ. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: қолма-қолсыз есеп айырысу саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және ақша механизімін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын   қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
  • банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын

зерттеу;

  • қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы

проблемаларды зерттеу;.

Курстық жұмыстың объектісі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолма-қолсыз есеп айырысуы. Қолма-қолсыз есеп айырысу, банк саясатында үлкен рөл бар екенін дәлелдеу.

Курстық жұмысты пәні – қолма-қолсыз есеп айырысу барысындағы тәуекелділік, қарыз алушылардың түрлері мен ақшалай қатынастардағы қабілеттілігі, қолма-қолсыз есеп айырысуының мерзімділігі, төлемділігі, валюта түрі және экономиканың негізгі құралдары болып табылады.

  1.   Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері

1.1 Ақша айналымы мен  ақша қаражатының қалыптасуы, экономикалық  мәні 

 

Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай  есеп айырысудан тұpaды.

Ақшалай есеп айырысулардың  өзi eкi формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға белiнедi. Айналыстағы ақша алма-кезек бiресе айналыс құралы, бiресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша, қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегiнде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкiн. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бiр-бiрiне тәуелді. Өйткенi ақша, үнемі бiр айналыс аясынан екiншiсiне өтiп, бiрақ,  айналыс аясынан кетпей oғaн одан әрі қызмет жасай береді.

 Ал банктегi шотқа  қаржының аударылуы - қолма-қол  ақшаның берілуінің  кепілі. Сондықтан  қолма-қол ақшасыз төлем айналымы  қолма – қол ақша айналысынан  ажырағысыз құрылым және екеуі  бірігіп  мемлекеттің біріңғай  ақша айналымын құрайды.

Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем, айналымы) - ол банктегi шот иесiнiң  жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы  ақша қалдығының өзгеруi немесе ақшаның  төлем құралы ретіндеге  қызметiн  атқаруы. Ол бүкiл ақша айнaлымының  басым бөлiгiн (90%-кe жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушiлер мен  сатып алушылардың банктегi шотына немесе жазу  түрiнде немесе олардың  өзара талаптарын есептеу жолымен  жүзеге асырылады.

Есеп айырысу операцияларын  жургiзу үшiн әр түрлi шоттар қолданылады. Олардың арасында көп тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және т.б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша  және қаржы мiндеттемелерi бойынша  болып eкi топқа бөлiнедi. Бiрiншi топқа  тауарлар мен қызметтер үшiн қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу, ал екiншiге бюджетке төленетiн төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан алынатын табыс салығы және басқа  мiндеттi төлемдер) және бюджеттен тыс  қорлар, банктiк борышты өтеу, несие  үшін өсімді төлеу, caқтандыру компанияларымен  есептесу жатады.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент – қолма-қол  ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазіргі бұл мәселе біздің елде кәіпорындар  арасындағы өзара есепке қолма-қол  ақшаны тек төменгі жалақының  төрт еселенген мөлшері көлемінде  пайдаланумен және банктегі салым иелерінің  бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.

Экономикасы дамыған мемлекеттерден ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процесі кең  тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерін тек ¼  бөлігі ғана қолма  – қол ақша төлеумен жүргізілген, қалған төлемдер чектермен , несие карточкалармен және с.с. жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз  есептесуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің  тарихи және экономикалық дамуының ерекшелiктерi әcep етедi. Мысалы, ең алғаш 1775 ж. Ұлыбритания  чектi, вексельді, кейін АҚШ чектi қолдана бастаған, ал Германия жирошотты, ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу  шоттарын қолданады. Қазiргi кезде пластикалық  карточкаларды қолдану қолма-қол  ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастырудан бiр прогресивтік құрал eкeнiн әлемдiк  тәжiрибе дәлелдедi.  Олардың көптеген түрлерiнiң iшiнде, негiзiнен, магнитті жолағы бары кeң қолданылады. Өркениеттi мемлекеттерде  жоғары қорғалу дәрежесi бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгiзу үшiн  белсендi жұмыс жүргiзiлуде.

Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана  отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру  нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда бiршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс  шығындарын үнемдеуге болады.

Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының  едәуiр бөлiгiн алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай  шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

Өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;

  • Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
  • банк несиелерiн алу және қайтаруда;
  • бюджетке тиiстi төлемдердi аударуда;
  • халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
  • басқа да банкаралық есеп айырысуларда.

Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердiң торабының ықпалы, сондай-ақ, олардың дaмуынa деген мемлекеттiң  мүддесiнiң ықпалы болады. Өйткенi, банк – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар мен төлемдердің іске асатын орны. Банктегi ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегi ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейдi.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына  байланысты жазбаша түрде жасалатын  ақшалай есеп айырысуларды бiлдiредi.

Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгiлi бiр жүйеге байланысты ұйымдастырылады.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар жүйесi - бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдaстырy қағидаларын, оларды ұйымдастыруға  қойылатын талаптарды, сол сияқты құжaт айналымына байланысты есеп айырысу  әдiстерi мен формаларының жиынтығы.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдaстыpy мынадай талаптарға сәйкес келуi тиіс. Бiрiншiден, өнiмдi сатудың  үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн  бiрқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау; Екiншiден, белгiленген мерзiмде  төлемдi жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі; Үшiншiден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиiстiгi.

Қазiргi қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:

Бipiншi қағидасы - барлық шаруашылық субъектiлердiң ақшалай қаражаттары  банк мекемелерiндегi шоттарда сақталып қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негiзiнде жүзеге асырылуын  көздейдi.

Мұндa, клиенттерге ақшалай  қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшiн шоттар ашылады. Бұл  аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегi бiрiншi қағидадан айырмашылығын, барлық кәсiпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргiзiлуге мiндеттiлiгiнен  байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегi шоттарда сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы  әкiмшiл-әмiршiл әдiстер арқылы басқаруға  ұқcac болып келедi. Нарықтық шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектiлердiң экономикалық дербестiгiн және олардың өздерiнiң ic-әрекеттерi үшiн материалдық жауапкершiлiгiн eскepyi тиіс.

Информация о работе Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары