Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция

Описание работы

1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.

Работа содержит 1 файл

6. Лекция.doc

— 685.50 Кб (Скачать)

 

Бақылау сұрақтары:

1. Нарықты  талдаудың кезектілігі қандай?

2. Нарық  сыйымдылығы қалай анықталады?

3. Маркетинг  жоспары деген не? Оның негізгі  бөлімдері. 

4. Өнімге  баға белгілеудің қандай әдістері  бар? 

5. Өнімнің  бәсеке қабілеттілігін анықтаудың  әдістері қандай?

 

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4,5; Қосымша: 4,6,7

 

7–Тақырып. Өнім өндіру мен өткізуді талдау

 

            Сабақтың мақсаты – өнім өндіру мен өткізу үдерістерін талдаудың кезектілігін, негізгі әдістері мен тәсілдерін, өнім өндіру мен өткізуді жоғарылату резервтерін анықтауды меңгерту.

Дәріс сұрақтары:

7.1 Өнім өндірісі мен оны өткізудің динамикасын талдау

7.2. Өндіріс  көлемін факторлық талдау

7.3. Өнім ассортименті мен құрылымын талдау.

Негізгі (түйінді) түсініктер – өндіріс динамикасы, өткізу динамикасы, өнім ассортименті, құрылымдық қозғалыстар, жұмыс ырғақтылығы.

Дәріс тезистері.

 

7.1 Өнім өндірісі мен оны өткізудің динамикасын талдау

 

Өнім өндірісі мен  оны өткізу көлемі бір-бірімен байланысты көрсеткіштер. Өнім өндірісі мен оны  өткізу көлемінің динамикасы, өнім  сапасы шығын мен табыс көлеміне, кәсіпорынның рентабельділігіне әсер етеді. Сол себепті ол көрсеткіштерді талдау үлкен мәнге ие. Оның міндеттері:

  • өнім өндіру мен өткізу жоспарының орындалуы мен динамикасын бағалау;
  • бұл көрсеткіштердің өзгерісіне факторлардың әсерін анықтау;
  • өнім өндірісі мен өткізу көлемін арттырудың ішкі шаруашылық резервтерін анықтау;
  • анықталған резервтерді жүзеге асыру шараларын ұсыну.

Өнім өндірісі мен  оны өткізу көлемі натуралды, шартты-натуралды, еңбектік және ақшалай өлшем бірліктерімен  бейнеленеді. Кәсіпорын өндірісінің  көлеміне баға беру үшін ақшалай өлшем бірлігіндегі жалпы өнім құны алынады. Ағымдағы жылғы өндірістің (сату) жалпы көлемін сипаттау үшін өнім өндірісіне жұмсалған шығындардың жиынтығы, ағымдағы бағадағы өнім құны немесе өнім өткізуден түскен түсім қолданылуы мүмкін. Ал өндіріс көлемін динамикада талдау  үшін  тұрақты бағалардағы жалпы өнім құны қолданылады.

Өнім  өндірісі мен  өткізуді талдау оның динамикасын талдаудан  басталады. Ол үшін белгілі бір өнім түрінің физикалық не құндық көлемі алынуы мүмкін (немесе жалпы өнім құны). Егер өндіріс (сату) көлемінің құндық шамасы алынса, онда баға индексі есепке алынуы тиіс. Динамика қатарының көрсеткіштері базисті (ағымдағы жыл базисті жылмен салыстырылады) және тізбекті (ағымдағы жыл алдыңғы жылмен салыстырылады) әдістермен есептелінуі мүмкін.

 

 

            7.2. Өндіріс көлемін факторлық  талдау

 

Жеке өнім түрі бойынша өндіріс (сату) көлемінің өзгерісіне физикалық  өндіріс көлемі мен өнім бірлігінің өзіндік құны (бағасы) әсер етеді. Ол факторлардың өндіріс көлемінің  өзгерісіне әсерін абсолютті айырмашылықтар, тізбекті алмастыру не интегралдық әдіспен есептеуге болады. Оның нәтижесі 1-кестеде келтірілген.

 

1-Кесте.  Өндіріс көлемінің өзгерісіне факторлардың әсері

 

Өнім түрі

Өндіріс көлемі,

мың дана

1 дана бағасы, тг.

Өндіріс көлемі, мың тг.

Өндіріс көлемінің  өзгерісі, +- мың тг

оның ішінде

q0

q1

p0

p1

q0 p0

q1 p1

көлем

әсері

баға 

әсері

Минералды сусын

300

270

35

40

10500

10800

+300

-1050

+1350

Шырынды сусын

140

170

120

127

16800

21590

+4790

+3600

+1190

...

                 

 

1-кесте мәліметтері бойынша шырынды сусын өндірісі базисті жылмен салыстырғанда 4790 мың теңгеге немесе 28,6% ға өсіп отыр. Оның ішінде:

а) өндірістің физикалық  көлемінің 30 мың данаға немесе 21,4% ға жоғарылауынан  өнім құны 3600 мың теңгеге өсті:

 

(q1 - q0 )* p0 = (170-140) *120 = +3600 мың теңге

 

а) 1 дана сусын бағасының 7 теңгеге  жоғарылауынан өнім құны 1190 мың теңгеге өсті:

 

(p1 - p0 )* q1 = (127-120) *170 = +1190 мың теңге

Бұл жерде ең бастысы  нақты кәсіпорын деңгейінде өндірістің (сатудың) физикалық көлемі мен өнім  бағасының өзгеру себептерін анықтау керек. Сату көлеміне әсер етуші факторларды екі топқа бөлуге болады:

Ішкі факторлар: өнімге сұранысты дұрыс анықтамау; кәсіпорынның баға саясатындағы кемшіліктер; сапасыз шикізат; ескі технологияны пайдалану; өнімді өткізу мен жарнамалау үрдісінің тиімсіз ұйымдастырылуы, т.б.

Сыртқы факторлар: сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі; демографиялық, әлеуметтік, саяси-экономикалық факторлар, т.б.

 

7.3 Өнім ассортименті мен құрылымын талдау

 

Шаруашылық қызметінің нәтижесіне  өнім ассортименті мен оның құрылымы үлкен әсер етеді. Өнім ассортименті мен оның құрылымын жоспарлағанда кәсіпорын басшылығы, бір жағынан, осы өнім түрлеріне сұранысты, екінші жағынан, қолда бар ресурстарды (еңбек, шикізат, техника, қаржы) неғұрлым тиімді пайдалануды ескеруі керек. Өнім ассортиментін қалыптастыру жүйесі келесілерді қамтиды:

  • сатып алушылардың ағымдағы және болашақтағы қажеттілігі;
  • шығарылатын өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау;
  • нарықтағы өнімдердің өмірлік циклын зерттеу, нарыққа жаңа өнім шығару мен өндірістік бағдарламалардан тиімсіз өнімдерді алып тастау жөнінде шешімдер қабылдау;
  • өнім ассортиментін өзгертудің экономикалық тиімділігі мен тәуекел деңгейін бағалау.

Өндіріс ассортиментін өзгерту нәтижесінде өндіріс (сату)

құрылымында өзгеріс  пайда болады, яғни бір өнім түрінің  үлесі өсіп, екіншілерінің үлесі  кемиді.

Өнім өндірісі мен  сатудың құрылымында өзгерістің болуы кәсіпорынның барлық экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Егер қымбат өнімнің үлесі өссе, онда құндық өлшемдегі өнім құны өседі және керісінше. Рентабельділігі жоғары өнімнің үлес салмағының өсуі пайда сомасының өзгеруіне оң әсер етеді. Өндіріс құрылымының өзгерісінің жалпы өнім көлеміне әсері  2-кестеде келтірілген.

Егер есепті жылы  да базисті жылғы өндіріс құрылымы сақталғанда, жалпы өнім құны 403200 мың  теңгені құрайтын еді. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы өнім құны кемігенімен,  есепті жылғы өндіріс құрылымындағы  оң өзгерістер  әсерінен (қымбат өнімнің  үлес салмағы өсіп, арзан өнімнің үлесі кеміді) жалпы өнім құны 25600 мың теңгеге өсіп отыр.

 

Кесте 2 - Жалпы өнім құрылымын талдау

 

Өнім (ұн) түрі

1 т ұнның  базисті

көтерме бағасы, тг

Өндіріс көлемі, т

Өндіріс құрылымы, %

Базисті бағадағы өнім құны,  мың тг

Құрылымның

өзгерісі әсерінен өнім құнының өзгерісі,

+, - мың тг

q0

q1

d0

d1

q0p0

*

q1 p0

Жоғарғы сорт

30 000

4500

5600

25

35

135000

120000

168000

+48000

1-сорт

26 000

8100

8800

45

55

210600

187200

228800

+41600

2-сорт

20 000

5400

1600

30

10

108000

96000

32000

-64000

Барлығы

-

18000

16000

100

100

453600

403200

428800

+25600


* базисті құрылымдағы  нақты өнім құны

 

Талдауды тереңірек  жүргізу үшін өндіріс  құрылымын  өзгертудің баға мен пайдаға әсерін анықтау керек, соның негізінде  ғана кәсіпорынның ассортиментік және құрылымдық саясатының тиімділігіне баға беруге болады.

3-кесте негізінде ұнның сорттық құрамын өзгертудің орташа  бағаға қалайша әсер еткендігін анықтауға болады.

 

Кесте 3- Ұнның сорттық құрамының өзгерісінің орташа бағаға әсері

 

Өнім сорты

1 т ұнның бағасы, тг

Өнім құрылымы

Орташа бағаның өзгерісі,

+,- тг

d0

d1

+,-

Жоғарғы сорт

30 000

0,25

0,35

+0,10

+0,10*30000 = + 3000

1-сорт

26 000

0,45

0,55

+0,10

+0,10*26000 = + 2600

2-сорт

20 000

0,30

0,10

-0,20

-0,20*20000 = - 4000

Барлығы

-

1,00

1,00

-

+1600


 

Ұнның сорттық құрамының  жақсаруынан 1 т ұнның орташа бағасы  өткен жылмен салыстырғанда 1600 теңгеге  жоғарылады. Бұл нәтижені келесідей  де анықтауға болады:

1. 1 т ұнның базисті құрылымдағы орташа бағасы:

30 000*0,25 + 26 000*0,45 +20 000*0,30 = 25 200 тг.

 2. 1 т ұнның есепті  құрылымдағы орташа бағасы:

30 000*0,35 + 26 000*0,55 +20 000*0,10 = 26 800 тг.

3. Орташа бағаның өзгерісі: 26800-25200 =+1600 тг.

Осылайша, 1 т ұнның  орташа бағасы 1600 теңгеге өсуінен  түсім сомасы 25 600 мың теңгеге (1600тг. * 16000 т) өседі.

Бірақ, екінші жағынан, сорттық  құрамның өзгеруі орташа өзіндік  құнның өзгерісіне алып келеді. Оның деңгейінің өзгерісі баға өзгерісі секілді анықталады (4-кесте).

 

Кесте 4 - Ұнның сорттық құрамының өзгерісінің орташа өзіндік құнға әсері

 

Өнім сорты

1 т ұнның өзіндік  құны , тг

Өнім құрылымы

Орташа өзіндік құнның өзгерісі,

+,- тг

d0

d1

+,-

Жоғарғы сорт

24 000

0,25

0,35

+0,10

+0,10*24000 = + 2400

1-сорт

21 000

0,45

0,55

+0,10

+0,10*21000 = + 2100

2-сорт

18 000

0,30

0,10

-0,20

-0,20*18000 = - 3600

Барлығы

-

1,00

1,00

-

+900


 

Ұнның сорттық құрамының  өзгерісінен 1 т ұнның орташа өзіндік  құны 900 теңгеге жоғарылайды. Нәтижесінде, сорттық құрамды өзгертуге байланысты 1 т ұн сатудан  орта есеппен қосымша  700 теңге пайда табуға болады (1600-900), ал барлық өнімнен 11200 мың теңге (700 тг. * 16000 т). Осылайша, бұл жағдайда кәсіпорын үшін өнімнің сапалық құрамын өзгерту тиімді.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Өнім өндіру мен өткізуді талдаудың мәні мен міндеттері қандай?

2. Өнім өндіру мен өткізуді талдаудың ақпарат көздері.

3. Өнім өндіру мен өткізуді талдаудың кезектілігі қандай ?

4. Өндіріс құрылымы дегеніміз не? Ол кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне қалай әсер етеді?

5. Өнімнің өткізу нарығындағы жағдайы қалай талданады?

6. Өнім сапасының жалпылаушы, жеке және жанама көрсеткіштері, сапа стандарттары.

7. Өнім сапасының өндіріс көлеміне, түсім мен пайдаға әсері қалай есептеледі?

8. Өнімнің бәсеке қабілеттілігі түсінігі және оны бағалау әдістемесі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 6,7

 

8-Тақырып. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау

  

        Сабақтың мақсаты – кәсіпорынның өндірістік ресурстрмен қамтамасыз етілуін, оларды пайдалану тиімділін талдауды және олардың тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар беруді меңгерту.

Дәріс сұрақтары:

8.1 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.

8.2 Жұмыс уақытын пайдалануды талдау.

8.3 Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.

8.4. Негізгі  құралдардың жағдайы мен қозғалысын  талдау

8.5. Негізгі  құралдарды пайдалану тиімділігін талдау

8.6. Материалдық  ресурстармен қамтамасыз етілуді  талдау

8.7. Материалдық  ресурстарды пайдалану тиімділігін  талдау

         Негізгі (түйінді) түсініктер – еңбек ресурстары, уақыт қоры, календарлық, табельдік, максималды мүмкін уақыт қорлары, еңбек өнімділігі қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, материал қайтарымы, материал сыйымдылығы.

        Дәріс тезистері.

 

8.1 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау

 

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен  қамтамасыз етілуінен өндіріс көлемі мен оның кестеге сәйкес орындалуы, негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі, нәтижесінде – кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттаушы барлық маңызды экономикалық көрсеткіштер тәуелді.

Кәсіпорынның еңбек  ресурстарымен қамтамасыз етілуі нақты  жұмыскерлер санын жоспарлы қажеттілікпен салыстыру арқылы жүзеге асырылады (1-кесте).

Информация о работе Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру