Қаржы құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:33, реферат

Описание работы

Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады. Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады.

Работа содержит 1 файл

қаржы құқығы..docx

— 29.59 Кб (Скачать)

                                                      Кіріспе

 

                             

Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды.

Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан  Республикасының құқықтық базасының  дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің  экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал  етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының  маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық қатынастар пайда болуымен да артып отыр.

Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты болғандықтан қаржы құқығының негізгі өзекті мәселелері теориялық және тәжірибелік жағынан енгізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қаржы қызметі құқықтық реттеудің объектісі ретінде. Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады.

Мемлекет  бұл реттеу жолымен мысалы салық  төлеушілердің ақшаларын өздерінің  пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және тағы басқалар.

Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады. Олардың түсінігінше қаржылар азаматтар қаржылары, заңды тұлға қаржылары, мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың қаржылары және мемлекеттің қаржылары тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы барлық ақшалай көпшілік. Бірақ «қаржылық құқық» деген категорияның болуы. «Қаржылар» деген түсініктен шыққандықтан оны ақшамен бірдейлеу күмәншілікке әкеліп соғады. Осының күшімен бір жақты мағнада «қаржылар» түсінігі барлық мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақшалай құралдарын қамтиды. Ақшалық қатынастарды қаржылар тобына жатқызу екі критерийді пайдалануға негізделген:

1) ақшалық  операциялардың субъектілері мемлекет  және заңдылы тұлғалар;

2) көріну саласы – үлестіру сатысы заңдылы тұлғалар мемлекеттік те, мемлекеттік емес те болғандықтан, ақшалық қорлар – бұларға сәйкес жеке меншік және мемлекеттік, қаржыларды да жеке меншік және мемлекеттік қылып бөлу қалыптасты.

«Жеке меншік қаржысы» категориясы жеке меншік нысаны бар ақшалармен, ал «мемлекеттік қаржылар»  мемлекеттің меншігіндегі ақшалармен қабысады. Ақырында, арнайы мағнада қаржылар деп ( материалдық мағнада) тұтас қоғамдық өнімді бөлуде ақша құралдарының қорында жинақталған мемлекеттік ақшаларды түсінеміз.

Поль  Мари Годме жорамалдауы бойынша, қаржы құқығының саласына тек  мемлекеттік қаржыларды жатқызады. Ал жеке меншік қаржыларға келсек «бұл мүлік, оған билік жүргізу тек жеке меншік құқығы нормаларын сәйкес жүргізіледі». Ол санымен қатар мынаған көңіл аударады: «... ешқашан мемлекеттік және жеке меншіктік қаржылардың арасындағы түбегейлі айырмашылық бар екен ұмытпау керек. Бұл айырмашылық мына фактілерге себепші болған: жеке меншік қаржы жағдайы және жеке меншік қорлардың қозғалысы нарықтық экономика заңдарына байланысты, ал мемлекеттік қаржының жағдайы мен қозғалысы мемлекеттің шешімдерімен және ашық билік іс-әрекеттерімен анықталады». Оның пікірі бойынша, мемлекеттік және жеке меншік қаржыларының айырмашылығы келесідей:

1) мемлекет  мәжбүрлі тәртіппен салық салу  жүйесінің арқасында өзінің табысын  қамтамасыз ете алады. Сонымен  қатар мемлекеттің өзіне қатысты  мәжбүрлеп орындау жөң. Ал жеке  меншік тұлғаларға келсек, онда жағдай басқаша, ол мәжбүрлеп өздерінің табыстарын қамтамасыз ете алмайды, олар өздерінің міндеттемелерін орындауға жағдайы жетпей қалуы мүмкін;

2 мемлекеттік  қаржылар өздерінің қаржыларын  иелік ететін жеке меншік еркінен  тәуелсіз ақшалай жүйесі мемлекет  пен не көп, не аз дәрежеде басқарылады;

3) жеке меншік  қаржылар пайда алуға бағытталған. Мемлекеттік қаржылар, керісінше – жалпы мүдде деп аталатын құралдарды жүргізуге;

4) мемлекеттік  қаржылардың мөлшері жеке тұлғалар  иелік ететін жекеменшік қаржылардан  гөрі әжәптәуір көп.

Жеке меншік қаржылар  өздеріне: ұйым қаржылары (сауда және сауда емес) сақтандыру ұйымдарының қаржылары; банкілер қаржылары; мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржылары (мысалы: мемлекеттік емес зейнетқорлар қорлары) басты институттарды енгізсе, ал мемлекеттік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді: бюджеттік  жүйе; бюджеттен тыс мақсатты қорлар; мемлекеттік сақтандыру қаржылары. (егер мұндай бұл елде болса); мемлекеттік банкі қаржылары (егер бұндай банкілер болса); мемлекеттік кәсіпорын және мекеме, сол сияқты шаруашылық жүйелерінің орталықтарының (мемлекеттік басқару органдарының) қаржылары.

Қаржыларға бөлгіш және бақылау функциялар тән. Бөлгіш функцияның қаражаты болып қаржы көмегімен қоғамдық жалпы (валды) өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу жүргізу саналады. Нәтижесінде ақшалай құралдар бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысады, бұл процесс ақшалық қордың қалыптасқанын, немесе тұтынуын білдіреді, ал бақылау функциясының мәні мынада: ақшалық құралдардың сақталуын және дұрыс жұмсалуын мемлекет жағынан қадағалауға алуы. Бірақ нарықтың экономика жағдайында мемлекеттік қаржы қадағалауы қысқаруды және мемлекеттік қаржылар шеңберінде жүргізілуі керек. Сонымен, мемлекеттік қаржылардың басты мақсаты мемлекеттің жұмыс істеуіне ақшалай қамтамасыз ету. Ақшалай жүйены ұйымдастыру мемлекеттің қызметін қаржылау тобына жатады. Жоғарыда айтылғаннан шығатыны, мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің ақшалық инфра құрылым жасау бойынша және оның тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша, сол сияқты мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудағы мемлекеттің, тұтасымен шығу немесе өкілетті органдардың қызметі деп айтамыз.

Қаржы жүйесі  - белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы. Ол мына институттарды енгізеді:

1) Бюджеттік система;

2) Бюджеттен  тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты қорлар;

3) Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;

4) Мүлікті және жеке сақтандыру;

5) Несие (мемлекеттік және банктік).

Қахақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен  алғанда бірлік принципіне негізделген  және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақта белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың эелементтері (мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.

Орталықтандырылған  мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік  сипаттағы қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік  биліктің орталық органдарының қарамағындағы  ақшалай құралдарының қорлары болып  табылады, ал орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік  кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай  қорлары) қарамағында болады. Жалпы мемлекеттік қаржыларға келетін болсақ, жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру). Жергілікті қаржылар жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.

Қаржы қызметінің тәсілдері:

1. Мәжбүрлеп  және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу (салықтар);

2. Мәжбүрлеп  және қайтарымды ақша құралдарын  өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);

3. Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);

4. Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);

5. Мемлекеттік  қызмет көрсетулерді іске асыру  негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);

6. Мемлекеттік  мүліктерді пайдаланған және  өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;

7. Эмиссия  (ақшалық құралдарды шығару).

Мемлекеттің қаржылық қызметін жүргізу процессінде заңдылықты қамтамасыз ету әдістері:

- Конституциялық  қадағалау;

- Прокурорлық  қадағалау;

- Қаржылық  құқық қатынастарынан пайда болған  істерді, соттық қарау;

- Қаржылық  бақылау жүргізу;

- Кінәлілерді жауапкершілікке тарту;

- Қаржылық  құқық қатынастарының бір жақты мемлекеттік орган билігінің қатысу жолымен заңдылықты бұзуды түзету;

- Заңсыз  іс-әрекеттерге шағым беру.

Қазақстан Республикасының  қаржы құқығы ұлттық құқық саласы ретінде.  

Мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда  болатын қатынастар қаржы құқығының  пәні бола алады.

Қаржы құқығымен  реттелмейтін қаржы қызметінің процессінде  пайда болған қаржы қатынастары  туралы айтқанда, бір қатар бұндай қатынастарды тек қателікпен қаржылық және мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу барысында пайда болушылық  ретінде жіктейтінін ұмытпаған  дұрыс. Бұл аталған қызметтің шегін негізсіз ұлғайтқанның салдарынан болады. Бұндай қатынастарды санына мемлекеттік ақшалық қорларды пайдалануға байланысты тауар-ақшалы бола тура, не қаржылық, не мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушылық болмайтын қатынастар жатады. Сондықтан, бұл қатынастар бұл қызметке ешқандай қатысы жоқ, ол тек кәдімгі шаруашылық (көбінесе кәсіпкерлік) қызметтің өнімі болып табылады. Мемлекеттің қаржы қызметінің процессінде пайда болушылықты реттеулік және реттелмеулік қаржы құқығымен шектеуге кейде заңгерлік құқықтық реттеу тәсілі түрінде критерий енгізеді. Бұндай қатынастардың санына шарттармен орталанған қатынастар жатады. Яғни «Шартты – демек қаржылық-құқықтық емесе» деген принцип қолданылады. Барлық мемлекеттік қаржылық қатынастар бұл қатынастарды құқықты реттеу тәсіліне байланыссыз түрде қаржылық құқықтың пәні болатынын атап айтқан дұрыс. Сонымен, қаржы құқығының саласы толық мемлекеттің қаржылық қызметінің саласымен сай келеді және керісінше.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде қаржылық қатынастардың екі тобы пайда  болады: материалдық және ұйымдастырушылдық. Материалдық қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларды бөлу немесе қалыптасу процесстерін білдіре отырып, ақшалық құралдардың қозғалысын орталандырады. Материалды қаржылық қатынастар келесілермен сипатталады:

1. ақшалық  болады;

2. тауарлық  түрде құнның қарама-қарсы қозғалысымен қобыспаған біржақты құнның ақшалық түрдегі қозғалысын орталандырады;

3. таратулық  сипат алады;

4. экономикалық  қатынастардың бір түрі болып табылады;

5. мемлекеттің  қаржы қызметінің процессінде  пайда болады;

6. тек құқықтық  түрде болады.

Ұйымдастырушылдық қаржылық қатынастар елдің тұтасымен  ақшалық жүйесін ұйымдастыру  процессінде көбінесе қаржылық мекемелердің жүйесін, олардың қызметін қамтамасыз етуде пайда болады. Олар келесілермен сипатталады:

1. экономикалық  болмайды;

2. ақшалық  құралдардың қозғалысын орталандырмайды;

3. материалдық  қаржылық қатынастардың бір қалыпты жұмыс істеулерін қамтамасыз ету құралы болуға арналған;

4. бұндай  қатынастардың объектісі болып  мемлекеттік қаржылық құрылымдардың  өздік жұмыс істеулері;

5. ылғи құқықтың  түрі бар.

Қаржылық  және кредиттік (несиелік) қатынастардың  ара қатынастары негізгі айырмашылықтары: несие қайтарымды негізде, ал қаржы  қайтарымсыз негізде жұмыс атқарады. Бұлардың арасында, мемлекет өзінің қаржылық қызметінде кеңінен несие пайдаланады және өздерінің табыстарын қалыптастырудың тәсілі ретінде. Мысалы, мемлекеттік қарыздар және өздерінің ақшалық қорлардын жұмсау тәсілі ретінде (мемлекеттік қарыз өтеу, бюджеттік қарыз беру және т.б.). Бұнда қатынастар «мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушы» деген түсінікке дәл келеді. Яғни қаржылық қатынастар болады. Жеке несие сияқты несиелік қатынастар қаржылық болмайды (азаматтар арасындағы қарыз қатынастары(. Басқа жағынан, біржақты және қайтарымсыз ақшалық құралдардың қозғалысы сипатындағы мынандай қаржылық қатынастар несиелік болып табылмайды (салықтық қатынастар, бюджетке міндетті төлемдерді кіргізу бойынша қатынастар, бұлар бюджеттік қаржыландыру процессінде пайда болады). Ақырында, бір уақытта қаржылық та, несиелік те болатын ақщалық қатынастар, олар бір жағынан ақшалық қорларды қаржылық жүйемен орталандыруды қалыптастыру және бөлу процессінде пайда болады, ал басқа жағынан – бұл қорлардың ақшалық құралдардың қайтарымды қозғалысын білдіреді (мемлекеттің қарыз, бюджеттік несиелеу қатынастары және т.б.). сондықтан қаржылық-несиелік қатынастар сияқты ақшалық қатынас түрінің болғаны өте құқылы, несиелік қатынастар өзінің экономикалық мәні бойынша бөлушілік сипатта болады, сондықтан олар қаржылық қызметті жүргізуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Қаржы құқығы