Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Несие – банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі.Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 6
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі 6
1.2. Несиенің формалары және олардың жіктелуі 8 1.3. Несие және несие қатынастарының ерекшелігі 11
2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ 15
2.1. «Альянс банк» АҚ даму тарихы мен қызметінің жалпы сипаттамасы 15
2.2. «Альянс банк» АҚ – ның активті және пассивті операцияларының 2006 –
2007 аралығындағы құрылымын талдау
2.3. Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау 24
3. БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 30
3.1. Несиелік механизм мен несиелеу әдістері, несиелеу объектілері мен 30
субъектілері
3.2. Несие ресурстарын қаржылық талдау 32
3.3. Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 35
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ГЛОССАРИЙ 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42
ТІРКЕМЕЛЕР 44

Работа содержит 1 файл

Несиенің қажеттілігі,мәні және формалары.doc

— 319.50 Кб (Скачать)
 

     2006-2007жылдар арлығында «Альянс Банк» акционерлік қоғамы пассивті операцияларының құрылымын талдасақ, баланс валютасы екі жылмен салыстырғанда 240181миллион теңгеге артқанын байқауға болады. Бұл негізінен банк қаражаттарының және клиенттердің қаражаттарынан сол сияқты шығарылған қарыздық бағалы қағаздар есебінен көбейіп отыр.  Пассив баптарына жеке-жеке құрылымдық талдау жасасақ, міндеттемелердің барлығы 2006 жылы 840712 миллион теңгені құрап, үлес алмағы 92% болса, ал 2007 жылы 1001956 миллион теңгені құрап, үлес салмағы 86%-ға кеміген. 

     Банктердің  қаражаты 2006 жылы 321185 миллион теңгені құрап, үлес салмағы 35% болса, ал 2007 жылы 292565миллион теңгені құрап, үлес салмағы 25% болды. Клиенттердің қаражаты 2006 жылы  245261 миллион теңгені құрап, үлес салмағы 27% болса, ал 2007 жылы  241817 миллион теңгені құрап, үлес салмағы 21% болды. Қосымша төленген капитал 2006-2007 жылдары өзгеріссіз қалған.  
 

     2.3. Банктің несиелік портфелінің  құрамына құрылымдық талдау 

     Несиелік операциялар коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін құрайды, өйткені:

      Біріншіден, олардың қолайлы атқарылуы  негізгі табысты алуға әкеліп, банктердің тұрақтылығы мен сенімділігіне әсерін тигізеді, ал несиелендірудегі қолайсыздықтан олардың банкроттыққа ұшырауға әкелуі мүмкін;

     Екіншіден, банктер өзінің және тартылған ресурстарды, еліміздің экономикасының дамуына инвестицияларды несиелендіру үшін жинақтауға арналған;

     Үшіншіден, бұл қызмет оның жағымды атқарылуы жағдайында, өзінің барлық қатысушыларына пайда әкеледі: несиелік ұйымдарға, қаржы алушыларға және жалпы қоғамға,сонымен қатар, қазіргі жағдайда несиелендіру процесі банкроттыққа және ликвидтілікті жоғалтуға әкелетін тәуекелді активті операциялардың бірі болып табылады.

      Несиелік портфель коммерциялық банктің  белгілі бір мерзіміне баланс бойынша несиелік қарыздың қалдығы болып табылады. Банктің несиелік портфеліне жеке және заңды тұлғаларға берілген несиелер немесе клиенттерге берілген несиелік портфелмен банкаралық несиелер кіреді. Банктің несиелік портфелінің қалыптасуына ықпал ететін факторлардың бірі болып банктік қызмет көрсету нарығының ерекшелігі табылады. Бұл жерде әр банк таңдап алған нарықтарының негізгі клиенттерінің қарыздың құралдарға қажеттілігін есептеуі тиіс екені айтылып тұр.

      Несиелік портфелді басқару несие тәуекелділігінің минимизациясына немесе оның алдын - алуға бағытталған банк қызметінің ұйымдастырылуы болып табылады. Несиелік портфельді басқарудағы коммерциялық банктің соңғы мажаттары болып мыналар табылады: ссудалық операциялардан пайда алу; банктің өтімділігін сақтау. Несиелік портфельді басқару элементтері мыналар: несиелік портфельді басқарудың ұйымдастырушы құрылымы; несие саясатының стратегиясы мен тактикасының өңделуі; несие процесін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың болуы; несиелік портфельдің сандық және сапалық мінездемелерінің жақсаруы мақсатында оны талдау.Несиелік портфельді басқарудың ұйымдастырушы құрылымының негізінде, несиені беру бойынша әртүрлі дәрежедегі жетекшілердің жауапкершілігін айқын бөлістіру, несие келісімінің шарттарын несиенің көлеміне, оның тәуекелділік дәрежесіне және басқа да сипаттамаларға байланысты өзгеріп тұратын компетенцияны шектеу принципі жатыр.

     Несие портфелін тиімді басқару үшін жалпы алғанда банк бойынша, сондай-ақ банктің құрылымды бөлімшелері бойынша оның салалық және сандық сипаттамалары жөнінде талдауы қажет.Несиелік операциялар коммерциялық банктің әдеттегі негізгі активті қызметі болып табылады. Несиелерді ұсыну банктің негізгі экономикалық операциясы болып табылады. Ол операциялар негізінен жеке меншіктегі фирмалардың, компаниялардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруға бағытталған. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қазақстандық банктермен берілетін несиелер негізінен қысқа мерзімді болады, яғни 1 жыл көлемі мерзімінде беріледі. Банктің несие портфеліне банктік ссудалардың алуан түрлерін жатқызады.Банктік ссудаларды несиелендірудің мажатына қарызданушылардың типтеріне қызмет ету сферасына байланысты  классификациялауға болады. Банктік ссудалар келесі критерияларға байланысты топтастырылады: қарыз алушылардың типтері; қолдану мерзімі; қамсыздандыру сипаттамасы; қолдану шарттары; өтеу әдісі; пайыз ставкасының сипаттамасы; пайызды төлеу әдісі; несие берушілердің саны, ссудаларды өткізу шарты, несиелендіру обектілері. 

Информация о работе Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары