Переводческое дело

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 00:43, реферат

Описание работы

«Аударма теориясы» түсінігінің анықтамасы. Аударма теориясының міндеті. Зерттеу әдістері. «Аударыла алмау теориясының» дәлсіздігі. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма. Берілетін және қабылданатын хабардың коммуникативтік барабарлығы. «Тіл делдалдығының» түсінігі. Тіл делдалдығының түрі ретіндегі аударма. Аударманың коммуникативтік сызбасы. Аудармашы қызметінің объективті-субъективті жағы. Бейімделмелі транскодтаудың түрлері.

Работа содержит 1 файл

Переводческое дело каз.doc

— 154.50 Кб (Скачать)

әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

 

 

 

 

 

 

                                                                       

                                                                      

 

 

                                                                                                                           

 

                                                                                                        

 

 

«6M020700- АУДАРМА ICI»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ  2012

 

 

 

Емтихан тақырыптарының тізімі

 

 «Аударма теориясы мен практикасы » пәні

1. Аударма теориясының  мәні, міндеті және әдістері.

«Аударма теориясы»  түсінігінің анықтамасы. Аударма теориясының міндеті. Зерттеу әдістері. «Аударыла алмау теориясының» дәлсіздігі. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма. Берілетін және қабылданатын хабардың коммуникативтік барабарлығы. «Тіл делдалдығының» түсінігі. Тіл делдалдығының түрі ретіндегі аударма. Аударманың коммуникативтік сызбасы. Аудармашы қызметінің объективті-субъективті жағы. Бейімделмелі транскодтаудың түрлері.

2. Аудармалық  сәйкестіктер.

Аудармалық сәйкестіктердің  түсінігі. Әр деңгейлі БТ бірліктеріне қатысты аударманың сәйкестігі. Сәйкестіктерді сыныптау ұстанымдары. Жеке және көптік сәйкестіктер. Мәнмәтіннің ұғымы мен түрлері. Мәмәтіндегі сөздің мағынасын айқындау. Аудармадағы сәйкестікті таңдау. Тосын сәйкестіктің түсінігі. Баламасыз лексикалық және грамматикалық бірліктер. Фразеологиялық және грамматикалық сәйкестіктерді сипаттаудың қағидаттары.

3. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері.

Аударманың жанрлық-стилистикалық  түршелерін сипаттаудың қағидаттары. Ғылыми-техникалық материалдардың лексикалық ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық материалдардың грамматикалық ерекшеліктері. Орыс тіліндегі ғылыми-техникалық материалдардың лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері.

4. Аударма техникасы.

Аудармалық трансформацияның түсінігі. Транскрипция мен транслитерация. Калькалау. Лексикалық-семантикалық ауыстыру. Синтаксистік үйлесім. Сөйлемдерді бөлшектеу және біріктіру. Грамматикалық ауыстыру. Антонимдік аударма. Экспликация. Компенсация. Эвристикалық үдеріс ретіндегі аударма. Аударма үдерісінің ең кем бірлігінің түсінігі. Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. Аударма барысындағы барынша төмен шығындарды іздеу.

Аударма стратегиясының ұстанымы. Аударманың техникалық амалдары.

5.Ғылыми пән  ретіндегі аударманың теориясы 

Аударманың лингвистикалық теориясының мәні, нысаны және міндеттері. Аударма теориясының басқа да лингвистикалық пәндермен байланысы. Аударма теориясы және мәтіннің лингвистикасы.

6. Аударманың  түрлері.

Семасиологиялық байланыс түрлерінің тұрғысындағы аударма түрлерінің сыныптамасы. Көркем аударма. Ғылыми-техникалық аударма. Қоғами-саяси аударма. Ауызша және жазбаша аударманың түрлері. Аударма үдерісінің мазмұны мен кезеңдері.

7. Қысқарған  сөздерді аудару.

Аббревиатуралар мен қысқарған  сөздерді аударудың ерекшеліктері. Қысқарған сөздердің сыныптауышы. Аббревиатуралар мен қысқарған сөздерді аударудың қиындықтары.

8. Аудармалық сәйкестіктер.

Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі. Сәйкестіктердің сыныптауышы. Әр деңгейлі БТ қатысты аударманың сәйкестігі.

9. Аударманы сипаттау  тәсілдері.

Ахуалды-денотативтік үлгісі. Аударманың трансформациялық үлгісі. Аударманың семантикалық үлгісі. Аударманың интерпретативтік үлгісі. Аударманың инварианты.

10. Аударма техникасы

Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. Аудармашының стратегиясы. Аударманың техникалық амалдары.

11.Синхрондық  аударма.

Қазіргі аударма теориясының  теориясы, оның түрлері мен тәсілдері. Синхрондық аударманың артықшылығы мен қиыншылығы, оның түр-түрі. Көру қабілетіне сүйеніп және оған сүйенбей-ақ синхрондық аудармаға үйрету. Синхрондық аударма барысында ықтималдықпен болжам жасау.

12. Көркем аударма.

Жазбаша аударманың түсінігі мен түр-түрі, оның негізгі сатылары мен арналымы, іске асырылуының ерекшеліктері. Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі және сондағы ақпаратты рәсімдеу құралдары. Поэзияны аударға кезде туындап жататын мәселелер.

13. Аударманың баламалылығы

Аударманың баламалылығын  анықтаудың тәсілдемесі. Аударманың өзіндік ерекшелігі, өзіндік белгілері мен түрлері. В.Н. Комисаровтың баламалылық деңгейлерінің теориясы. Коммуникацияның мақсаты, жағдайды сипаттау, сөз сөйлеу, хабарлау, тілдік таңба деңгейіндегі баламалылық. 

14. Аударманың мәселелері 
Аударманың тілі мен нормасының түсінігі. Аудармашының жоғары сапалы аудармасын қамсыздандыру. Аударманың семантикалық мәселелері. «Классикалық» грамматикалық санаттарды грамматикалаудағы тіларалық қайшылықтар. Тақпақтарды аударған кездегі семантикалық мәселелер.

15. Аударма теориясының заманауи үлгілері 
Қазіргі кездегі кеңінен тараған келесі аударма үлгілерінің мәндік сипаттамасы: ахуалды-денотативтік, трансформациялық, семантикалық, интерпретативтік. Баламалылық деңгейлерінің теориясы мен О. Каденің үшфазалы аударма үлгісі. Аудару тәсілдері мен амалдары.

16. Мәтінді аударар алдында талдау.

Аударма стратегиясын таңдауға, мәтіндегі жанрдың тиетін ықпалын анықтау. Аудармаға дейінгі талдаудың мәні. Аударманың баламалылығы мен оның интерпретациясы. Ұлттық және тарихи колорит. Тілдік реалияларды аудару. Аударма стратегияларының негізгі сатылары.

 

  «Мәдениетаралық коммуникация практикумы » пәні

17. Мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасуы, дамуы.

МК қалыптасуының тарихи факторлары мен жағдайлары. Еуропада, АҚШта МКның даму кезеңдері.

18. Мәдениет және әлемнің мәдени алуантүрлігі

Мәдениет ұғымы және оған анықтама берудің методологиялық жолдары.

Әлеуметтену (социализация), инкультурация түрлері мен формалары.Этноцетризм, мәдени релятивизм. Эмпатия. Мәдениет және тіл. Мәдениет және құндылықтар. Сепфир Уорф гипотезасы.

19.  Мәдени  сәйкестік.

 Мәдени сәйкестік  дегеніміз не. Мәдениеттер алуантүрлілігінің объективті негіздемесі.  «Бөгде» мәдениет проблемасы.  Мәдениеатаралық өзгешеліктер психологиясы.

20. Мәдениет  және коммуникация

«Араласу» және «коммуникация» . Коммуникативті акт және оның құрылымы.Э.Холл, Г.Хофштеде,Э.Хирш теориялары.

Мәдениетаралық коммуникацияның  детерминаттары.

21. Мәдениетті  игеру.

Аккультурация, түрлері  және нәтижесі.Мәдени шок: себебі, факторлары.Мәдени шоктың белгілері және

оны еңсеру мәселесі

 «Бөгде мәдениетті»  игеру механизмі . 

22. Мәдениаралық коммуникацияның түрлері.

Вербалды, вербалды емес, паравербалды коммуникация түрлері. Вербалды коммуникацияның стильдері мен  негізгі бірліктері. «вербалды емес коммуникация» деген түсініктің мәні.

Паравербалды коммуникация ұғымының  мәні мен тәсілдері.

23. Мәдениаралық  коммуникациядағы түсіністік проблемасы.

Қабылдау процессі және негізгі детерминаттары. Мәдениет және қабылдау. МК-дағы қабылдау стереотиптері. МК-дағы тұлғаралық аттракция, оның негізгі  элементтері.Атрибуция және оның МКдағы ролі. Мәдениаралық қақтығыстардың табиғаты,  себебтері және оларды болдырмау тәсілдері.

24. Мәдениет және коммуникация

«Араласу» және «коммуникация» . Коммуникативті акт және оның құрылымы.Э.Холл, Г.Хофштеде,Э.Хирш теориялары.

Мәдениетаралық коммуникацияның  детерминаттары.

25.Мәдениетті игеру.

Аккультурация, түрлері  және нәтижесі.Мәдени шок: себебі, факторлары.Мәдени шоктың белгілері және

оны еңсеру мәселесі

 «Бөгде мәдениетті»  игеру механизмі . 

26. Тіл және  мәдениетаралық коммуникация.

Тіл және таңба жүйесі. Тіл бірліктері. Сөз қоры. Тіл нормасы.

Коммуникацияның ерекше түрі ретіндегі аударма.

27. Адам туралы ғылым жүйесіндегі мәдениетаралық коммуникацияның теориясы.

Мәдениетаралық коммуникация теориясының лингвистикалық, психологиялық, психолингвистикалық, семиотикалық, семио-әлеуметтік-психологиялық құрамы.

28. Коммуникация түрлері.

Ауызша, ауызша емес, жеке тұлға аралық, жекеленген, жаппай, жариялы.

29. Когнитологиядағы мәтіндік қызметті қабылдау және түсіну үдерісі.

 «Фондық білім», «фрейм», «сценарий» ұғымдары. Лакун теориясы, дискурс теориясы.

30. Тілдік тұлғаның құрылымы.

Ауызша-семантикалық, тезаурустық (тезаурус-I, тезаурус- II), уәждемелік деңгейлері. Семиотикалық жүйе ретіндегі тіл  және мәдениет. Мәдениеттің дефинициялары. Мәдениет туралы ғылымдар.

31. Мәдениетті қалыптастыратын үдерістер.

Индивидтің қоғамдық дамуы, коммуникативтік-танымдық, материалды- тәжірибелік қызметі. Коммуникативтік-танымдық және сөйлеу-ойлау қызметінің әмбебап онтологиялық нышандары. Мәдениеттегі рухани объективация.

32. Мәдениеттің құрылымдық нышандары.

Ұлттық мінез, қоршаған әлемді түйсіну, ойлау, тіл, уақыт пен  кеңістік санаттары, құндылық бағдары, түсінік пен нұсқама,

мінез-құлық үлгісі –  әдет-ғұрып, нормалар, рөлдер, әлеуметтік топтар, қарым-қатынас.

 

«Базалық шет (шығыс) тілі» пәні

Араб тілі

33. Негіз, база, түбір.  Түбір типтері.

 Араб сөздерін морфологиялық тұрғыдан талдауда «түбір» терминімен танысуға тура келеді. Бұл термин қандай мазмұн қамтиды. Түбір дыбыстары ұғымы. Екі әріпті түбір. Үш әріпті түбір. Төрт әріпті түбір. Бес әріпті түбір. Дұрыс және бұрыс түбірлер.

34. Етістікті негіздер. Жалаң негіздер.

Сөз және грамматикалық формалар даму тарихы туралы пайымдар айтуда, тілде  бар түрлі негіздер мен базаларды  қарастыру және салғастыру маңызды. Етістікті негізді – перфект формасын сипаттау.

35.  Ішкі өсіммен  кеңейген негіздер.

Ішкі түбір дыбыстың геминациясы. Интенсивті негіз. Екінші және үшінші түбір дыбыстарының редупликациясы.

36. Есімді негіздер.

Қысқа дауысты бір буынды базалар. Қысқа дауысты екі буынды базалар. Бірінші және екінші буында созылыңқы дауыстысы бар екі буынды базалар. Әлсіз дауыссыздың инфиксациясы. Префиксті есім сөздер.

37. Морфологиялық құралдар және сөздер үлгілері.

 Әр сөз формальды құралдар негізінде формула бойынша жасалады, бұл формула бойынша басқа түбірден болған ұқсас сөздер де құрылады. Сөз жасаудағы формальды құралдар.

38. Полярлылық қағидасы. Грамматикалық тек, түр және  есімді топтар.

Семит тілдерінде полярлылық құбылысы әрдәйім таза күйінде болмайды. Белгілі грамматикалық элементтер қарама-қарсы категорияны белгілеуде орын ауыстырады. ة (та-марбутаға)  аяқталса да, аталық текті білдіретін есім сөздер. Белгілілік артиклінің шығу тегі.

39. Етістік баптары  және олардың мәндері. Етістіктің  жіктелуі.

Араб етістігі біртұтас жүйе болып  табылады. Бұл оның морфологиялық категориялар жиынтығында, әсіресе мәндерінде көрінеді. I бап. II бап. III бап.   IV бап.   V бап.   VI бап.   VII бап.   VIII бап.   IX бап.   X бап.  

40. Шақ функциясы.

 Атқарылмаған шақ райлары.  Араб етістігі морфологиялық  тұрғыдан екі шаққа ие. Араб етістігінде жіктеу формаларының екі сериясы бар - префиксті және суффиксті.  Атқарылған және атқарылмаған шақ мәндері. Имперфектегі етістік соңғы дауыстының флексиясына байланысты үш модификацияға ие. Ашық рай. Қалау рай. Шартты рай. Бұйрық рай.

41. Ырықсыз етіс.

 Араб тілінде ырықсыз етіс, ең алдымен морфологиялық категория болып табылады. Бұл етіс негізгі етіс сияқты екі шақта болады – перфект және имперфект, бірақ императив формасы жоқ.

42. Есімшелер және қимыл  есімі.

Араб грамматикасында есімшелер деп етістіктен туындаған есімнің екі категориясын атайды: негізгі етіс есімшесі. Ырықсыз етіс есімшесі. Қимыл есімі араб тілінде қимылдың абстрактылы атауын немесе ахуалын білдіреді. Масдар. Қимыл есімнің қолданысы.

43.Бұрыс етістіктер классификациясы.

 Етістік классификациясы түбір  классификациясына ұқсас. Етістіктер: Қосарланған. Хамзалы. Әлсіз етістіктер. Дұрыс етістіктерге ұқсас етістіктер  Бос етістіктер. Нақыс етістіктер. Екі есе бұрыс етістіктер.

44. Есім сөздер классификациясы. Етістіктен туындаған есім сөздер.

Жалаң түбірден туындаған есім сөздер. Морфологиялық тәсілдер арқылы етістіктерден  туындаған есім сөздер. Араб грамматистерінің классификациясы бойынша: «айқын есім сөз», «ой тасасындағы жобаланған есім сөз», «нақтыланбаған, күңгірт мәндегі есім сөз». Есім сөз (маусуфун). Сын есім (сифатун).  Жалғыздылықты білдіретін есім сөз. Қимыл мәнерін білдіретін есім сөз. Мезгіл және мекен қимылы есім сөзі. Құрал-сайман есім сөзі. Жалқылық есім сөз. Қатыстық есім сөз. Кішірейтпе есім сөз.

45. Сапалық сын есім.

 Сын есімдер етістіктен туындап,  әрекет етуші есім (исм фа”ил), әрекетке түсуші есім(исм маф”ул), өз мәніндегі етістіктен туындаған  есім болып бөлінеді. Қатыстық  сын есім. Сын есімнің шырайлары.  Салыстырмалы шырай. Асырмалы  шырай.

46. Грамматикалық тек.  Түр.

 Аналық текті есім сөздер: мәні жағынан, форма жағынан.  Ортақ текті есімдер. Аналық  тек формаларының жасалуы. Екілік  түр. Көптік түр. Дұрыс және  бұрыс көптік түрлер. Бұрыс көптікте  түрленетін есім сөздер.

Информация о работе Переводческое дело