Қарқаралы ұлттық саябағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 13:25, реферат

Описание работы

Еліміздің табиғаты аса көрікті алқаптарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін иеленіп, мемлекет тарапынан ерекше қорғауға алынуы табиғатты қорғау жұмыстарының өзекті мәселесі екендігі де арнайы заң жүзінде(2006) де бекітілген. Осындай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тобына елімізде соңғы жылдары көптеп ұйымдастырылып жатқан мемлекетік ұлттық табиғи саябақтар жатады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1)Қарқаралы саябағының географиялық орны
2 )Саябақтың зерттелуі мен тарихы
3 )Флорасы мен фаунасы
4 )Қарқаралы саябағының Қазақстан туризмін дамытудағы рөлі
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Ережепова Айгерім.doc

— 123.50 Кб (Скачать)

Киелі Қарқаралы жеріне қонақ болып келген еліміздің игі жақсылары іргесі қаланғанына 100 жылдан асқан еңселі ғимаратқа соқпай өтпейді.

 Олар кітапханаға өз қолтаңбаларын қалдырып, аталы, ұлағатты сөздерін жазып кітапхананың тыныс – тіршілігімен танысып кетеді.Аудан кітапханаларына оқырмандардың білім танымдарын жетілдіруге, рухани орталықтың байи түсуіне, ақпараттың орталығы ретінде аудан әкімі Н.Омарханов, аудан әкімшілігі баса назар аударып отырады.Қітапханада көпшілік оқулар, мерейтой кештері өткізіліп тұрады, оған оқушылар, мұғалімдер, жергілікті интеллигенция қатысады. Қарақаралы кітапханасының қоғамдық - ағарту қызметі қоғамда демократиялық идеялардың таралуына, халықтың сауаттылығын ашуға әсер етіп келеді.|3|

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

                                       Флорасы мен фаунасы

 

Қарқаралы сілемінің  орманды бірлестіктерінде 268 өсімдік  түрі кездеседі. Негізгі орман түзуші ағаштар- кәдімгі қарағай, ол тау  етегінде, беткейлерде, тау басында, кейде тіпті баруы қиын жерлерде өседі. Басқа ағаштардан қотыр және үлпек қайыңдар, көктерек, өте сирек қара қандағаш таралған. Қайың мен көктерек көбіне қарағайлы ормандарда бірге кездеседі, кейде таза өздері ғана өседі. Бақтың флора құрамында қалдық орман түрлері үлесі едәуір: қарағай, көктерек, мойыл, таңқурай, қой бүлдірген, қара қарақат, орман қырықбуыны, алмұртшөп, орман қоңырбасы және басқалар, Бұлардың бар болуы- Қарқаралы, Кент және басқа да орман сілемдерінің Батыс Сібір және Орал солтүстік ормандарымен байланысы бар екендігінің куәсі. Эндемик өсімдіктердің түрлері- қарқаралы бөрі қарақаты, қарқаралы сылдыршөбі, үшкір сала сиякөк, қарқара бидайығы, салалы таспашөп, қарқаралы рэгнериясы. Қазақстан Қызыл кітабына 10% өсімдік түрі енгізілген. Олар: қара қандағаш, қарқаралы бөріқарақаты, жапырақсыз орашық, жатаған қызғалдақ, шарырша қызылшөп, Фукс сүйсіні, дала таушымылдығы, жіңішке көкнәр және мүктің бір түрі- тегіс сфагнум. Аймақ үшін сирек кездесетін өсімдіктер- таспажапырақ күймесгүл, кәдімгі еркек қырыққұлақ, шаш тәрізді қалампыршөп. Көптеген өсімдіктер халық шаруашылығы мен тұрмыста дәрілік (қылша, арша, долана, қырықбуын, құндызшөп, шалфей, бақбақ және т.б.), тағамдық (бүлдірген, қойбүлдірген, таңқурай, қарақат, итмұрын, мойыл, жуа, саңырауқұлақтар- майлы сарғылт басты, груздь, арыш, сыроежка және т.б.): сәндік (қызғалдақтар, таушымылдықтар, жанаргүл, итмұрындар және т.б.) өсімдіктер ретінде қолданылады. Құрылыс және отын ретінде қайын, қарағай, көктерек пайдаланылады. Көптеген өсімдіктер үй және жабайы жануарлар үшін азық болып табылады.

   Қарқаралы тауларында  қалдық шымтезекті батпақтар  сақталған олар оқшау және  Қазақстандағы ең қиыр оңтүстіктегі  болып табылады. Ол Батыс Сібір  мен Орал шымтезекті батпақтары  таралған оңтүстік шекарасынан бірнеше жүздеген шақырым қашықтықта оранласқан. Батпақтың көлемі 1га, онда қайың мен қарағай аралас өскен және шымтезек пен жабылған. Оның шөптесінді жабынында бірқатар солтүстік түрлер- дарагүл, алмұртшөп, орман шөптері кездеседі. |4|

Омыртқалы жануарлар фаунасынада 170 түр белгілі, оның ішінде 40 сүтқоректі түрі, құс- 114, бауырымен жорғалаушылар- 6, қосмекенділер- 2 және балық -4 түр. Тұяқты жануарлардан сібір елігі, бұлан, арқар, мекендейді. Өткен ғасырдың соңында доңыз бен марал қайта ойдағыдай жерсіндірілді. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, аққалақ, сасық күзен, сілеусін, сабаншы кездеседі. Кеміргіштерден дала суыры, сұр суыр, қызылұрт саршұнақ, үлкен және секіргіш қосаяқтар, тоқалтіс пен қантесердің оннан астам түрі таралған: өткен ғасырдың 80- жылдарында ақшыл ақтиін табысты жерсіндірілген. Қалқанқұлақ кірпі, су жертесері, кіші ақтісті жертесер, кәдімгі, тундра, кіші жертесерлер салыстырмалы сирек кездеседі.

Қазақстан Қызыл кітабына арқар мен сабаншы енгізілген. Қоян, тиін, ондатр, және жыртқыш пен тұяқты (қызылкітаптық түрден басқалары) жануарлардың барлық түрі әуесқой және кәсіптік аңшылық нысаналары болып табылады. Құстар фаунасы өте алуан түрлі. Жапалақтардан маубас жапалақ, үкі, күндізгі жыртқыштардан бүркіт, бақалтақ қыран, қара кезқұйрық, жамансары, қаршыға, қырғи, саз және шалғын құладындары, ителгі, жағалтай, тұрымтай, кәдімгі және дала күйкентайы кездеседі. Орманда үлкен шұбар тоқылдақ, ақшылқанат сайрауық, орман жадырағы, үлкен көк шымшық, шұбар шымшық, үлкен түркептер, көкек, мысықторғай, тентекқұс, құр әдеттегі күзде сирек ұшып келетін құстар: самырсын құс, абдырақ, қара тоқылдақ, сұр тағанақ пайда болады. Орман шеті мен алаңқайларында жиі сары торғайлар, сандуғаш торғайлар, отқұйрық торғайлар, ала бұлбұлдар, бозторғайлар, көл жағалары мен өзен тасқын суларында- шалшықшылар  мен қазтамақ торғайлар кездеседі. Сирек қара дегелек ұялайды, ол Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген құстар ішіндегі ең көзге түсері. Басқа « қызылкітаптық түрлерден бүркіт, бақалтақ қыран, балықшы тұйғын, ителгі, үкі, қара дегелек мекендейді, сонымен қатар қу тұмсық қаз бен қарабас өгіз шағаланың осы жерден жалғыз- жарым кездескені тіркелген. Аңшылық нысаналары- құр, сұр шіл, бөдене.

   Омыртқалылардың  басқа түрлері аз. Бауырымен жорғалаушылардан көбінесе секіргіш кесіртке мен өрнекті қарашұбар жылан, сирек – көк кесіртке, қалқан тұмсық жылан, дала сұр жыланы, сарыбас жылан кездеседі. Қосмекенділердің екі түрі- жасыл құрбақа мен сүйіртұмсық бақа бұл аймақта кең таралған. Көлдер мен өзендерде балық көп. Мұнда мөңке балық, шортан, алабұға, торта балық мекендейді.

   Омырқасыз жануарлар  фаунасы (насекомдар, өрмекшілер, кенелер,молюскалар, құрттар және т.б.) толық зерттелмеген.

Құстар әлемі бай  әрі алуан түрлі 67 құс түрі ұялайды  және 100- ден астам түрі ұшып өтеді. Ірі көлдер жанындағы су маңы және суда жүзетін құстар ерекше көзге түседі. Бұлар- әр түрлі үйрек, шағала, қарқылдақ, үлкен сұқсыр, әупілдек, көкқұтан, шалшықшылар (қызғыш, шөпілдек, бізтұмсық). Өзінің ашық түсті қауырсынымен от үйрек еріксіз назар аудартады, ол ұясын тауда жартастар қуысына, түлкілер мен суырлар ініне салады. Балапандарын шығарып болғаннан кейін, ұзақ та қауіпті жолды жаяу жүріп, қайта суға келеді. Орман сілемдерінде жыртқыш құстар- жамансары, жағалтай, бөктергі, кезқұйрық; қызылкітаптық түрлер- бүркіт, қарақұс, ителгі; Торғайтектестер отррядының көптеген өкілдері- үлкен көк шымшық, ақ шымшық, орман жадырағы, шұбар шымшық, құралай, бақ сарыторғайы және т.б. кездеседі. Далалы жерлерде дала құладыны және біздің фаунамыздың ең ірі шалшықшысы- үлкен шалшықшы ұялайды.

Қарқаралының басты  байлығы таулар болып таблады. Аралшықты  қарағайлы орманның Қарқаралы тобы бетегелі- қаулы далалар құрғақ аймақ  тармағы далалы аймақтың оңтүстік бөлігінде  орналасқан. Бұл сақталған аралшық  ормандар мұз дәуірі кезінде Оралдан Алтайға дейінгі кең аймақта созылып жатқан үлкен орман сілемі қалдықтары болып табылады. Жылы әрі құрғақ кезең туған кезде, жаңа жағдайға бейімделген орманның көп бөлігі жоғалып кетті. Жекелеген сілемдердің басым көпшілігі тек тау мен шоқылар арасында ғана сақталды.

Орман үшін негізгі жау- өрт (адамның қолынан және найзағай отынан), ағаштарды кесу және малды  шектен тыс жаю, бұл ағаштардың табиғи қалпына келуге кері әсерін тигізеді. Қарқаралы МҰТБ флорасы 198 түрлі жабын тұқымдық өсімдіктерден, 3 жалаңаш тұқымды түрі, 2 папортник тәрізді, 27 мүк түрлері, 14 қына түрлері, сондай-ақ әдебиет көздерінде олардың 800-дей түрі барлығы қазіргі кезде тіркелген. Бұл маңындағы дала зонасына қарағанда үш есе көп. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына осы өсімдіктердің 244 түрінен 5 енгізілген: қарқаралы бөріқарақаты, тегіс сфагнум, қырғыз қайыңы, жіңішке көкнәр, көктемгі жанаргүл, сібір қисық бұтасы, қалампыршөп.

Қарқаралы флорасында және Кент таулы-орман алқабында эндемиялық және бореалдық өсімдіктердің көп екені белгілі. Омыртқасыз жануарлардың фаунасы нашар дамыған, қазіргі кезде оның құрамы бойынша нақты мәлімет жоқ. Ұлттық бақ аумағында ҚР Қызыл кітабына енгізіген жануарлар мыналар: архар,елік, қара ләйлек, бүркіт, үкілер, ергежейлі бүркіт, дала сұржыланы. Қос мекенділер фаунасының негізі: сұр суыр, сұр тышқан, ор қоян, қосаяқ, жоңғар аламаны, сұр суыр, саршұнақ, ондатр, күзен және т.б. тұрады. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі , суыр, борсық, ақкіс сілеусін қатар ұшар (тиін) мен қабан жерсіндірген. 1940 жылға дейін ҚМҰТБ аумағында аюлар да кездескен. Ең ірі сүт қоректілерге қабан, марал, сібір елігі, архар,бұғысы жатады, сондай-ақ ұлттық бақ аумағында ең кіші сүт қоректілерде кең тараған, олар: насеком жейтіндер, жарқанаттар және қоян тәріздестері кездеседі. Көбіне құстардың ұшып кететіндері кездеседі және ұя салатындары да бар.Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи бағында жыл сайын тұрақты зерттеулер жүргізіледі. Ұлттық бақ құрылған сәттен бастап мұнда ғылыми орталық жұмыс жасайды, өздерінің бақылауы және мемлекеттік инспекторлардың қадағалауы қорытындысынан жылдан жылға алынған мәліметтерді жүйелеп отырады. Көптеген жылдар бойы Е.А.Бөкетов атындағы Қар МУ студенттері мен ғалымдары үшін дала базасы болды және бұл жерде биология мен экология бойынша классикалық жұмыстар, сондай-ақ жыл сайын архелогиялық зерттеулерде жүргізілуде.|5|

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

Қарқаралы саябағының Қазақстан  туризмін дамытудағы рөлі

 

Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы экологиялық туризмді дамыту ісіне де ерекше көңіл бөліп отырғандығын да айрықша атап өткен жөн.

... Баланбайтын бар  қымбатқа. алтынға,

Бір кие бар қасиетті халқымда.

Қанша уақыт  өтсе дағы бүгінед,

Қарқаралы сол бояғы  қалпында

(Серік Ақсұнқарұлы)

Жырлағандай Қарқаралы  ұлттық табиғи саябағы еліміздегі туризмді дамытуға қолайлы табиғаты таңғажайып көрікті аймақ. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қарқаралы және Кент таулы- орман сілемі құрғақ дала ортасында нағыз көгалды жер, келушілер назерын ежелден аударып келеді. Мұнда демалыс үйлері, санаторий, саяхат орындары ашылған, жылына көптеген демалушылар келеді. Шайтанкөл, Бассейн, Пашенное, Үлкен көл, табиғи «Тас қақпасы», «Палаика» кең үңгірі, Шаңкөз, Көктөбе, Қарқаралы, Тұрсын, Сынтас жартасты шыңдары, Мәліксай сайындағы алғашқы Адам үңгірлері және басқа табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер келушілер арасында кең танымал. Ұлттық бақ міндетіне табиғи ландшафтын қорғау мен қатар, халықтың демалуын реттеу жұмыстары кіреді. Осыған байланысты бақ территориясы әр түрлі тәртіптегі бірнеше аймаққа бөлінеді. Облыста туристік қызметпен айналысатын 52 туристік  фирма мен 5 жеке кәсіпкер бар. Оның ішінде туроператорлық қызметті -5, турагенттікті -42, экскурсияны -3, басқа туристік қызметті -2  іске асырады.  Орналастыру объектілерінің саны -99, оның ішінде орналастырумен айналысатын   жеке кәсіпкерлер объектілерінің саны – 41.

Туристік қызметпен  айналысатын туристік фирмалармен  жеке кәсіпкерлер қызмет көрсету  көлемдері 2006 жылы 321,3 млн. теңгені құрады, бұл  2005 жылға қарағанда  3,2 есеге  – 99,4 млн. теңгеге көп.

Қарқаралының Мемлекеттік  Ұлттық табиғи паркі;

демалыс үйлері: «Миттал  Стил Теміртау» АҚ «Шахтер», «Тас бұлақ» «Жемчужина» және «Каскад»;

Қарқаралы Мемлекеттік  Ұлттық табиғи паркі  экологиялық  туризм әжептеуір дамыған, онда 6 бекітілген туристік маршруттар бойынша инспектор-проводниктер мен экскусоводтар қызмет көрсетеді.

Қарқаралы Мемлекеттік  Ұлттық табиғи паркі  экологиялық  туризм әжептеуір дамыған, онда 6 бекітілген туристік маршруттар бойынша инспектор-проводниктер мен экскусоводтар қызмет көрсетеді. «Туристік қызметті реттеу» Бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттен 2006 жылы 4,6 млн. теңге бөлінді.  Аймақтың туристік имджін құруға бағыталған бюжеттік бағдарламаның іс-шараларын  іске асыру барысында  Қарағанды  облысы 2006 жылы «Саяхат және туризм» (Мәскеу қаласы)  Халықаралық туристік жәрмеңкеге; «Туризм және саяхат» 6 Қазақстандық халықаралық жәрмеңкеге (Алматы қ.); «Демалыс-2006» 3 Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге (Астана қ.)  қатысты.

Облыста туристік саласының  дамуын талдау 2007 жылға арналған көрсеткіштерді бағалауға ықпал етеді. Туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен туристік фирмалар қызмет көрсеткен жалпы азаматтар саны  18,5 мың адам болады деп күтілуде, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайызға жоғары (17,1 мың адам).

Туристік ұйымдар қызмет көрсеткен азаматтар саны 2007 жылы көшпелі туризм бойынша 26 адамды құрайды, бұл 2006 жылдың деңгейінен (6 адамға) 4,3 есе, көшпелі туризм бойынша – 13,5 мың  адамға (7,9 пайыз), ішкі туризм бойынша  – 4,9 мың адамға (8,1 пайыз) көбейеді.

Кең байтақ елімізде туристтерге  қызмет көрсететін жерлер көп болса  соның бірі- Қарқаралы. Бүгінде жер  жанаты атанған Қарқаралы табиғаты көркін бұзбай сақтауымыз қажет. Шаруашылықпен табиғатты қорғау мүддесін сақтай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру – бүгінгі күннің талабы. Қарқаралы өзінің табиғаты мен шипалы суларының көмегімен әлі де мыңдаған туристтерге жайлы мекен болары анық. Жалпы бұл саябақтың Қазақстан туризімін дамытуда рөлі өте ерекше. |6|

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Қорытынды

 

Тақырыпты қорытындылай келе Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 1998 жылы тау- орман ландшафтысы мен табиғаттың бірегей нысаналарын қорғау, саяхатты дамыту және халық демалысын жақсарту мақсатында құрылған. Қарқаралы ұлттық табиғи саябағының таулы алқабында суы таза, әрі шипалы бұлақтар көптеп кездеседі. Қарқаралы өңірін ерте кездерден бастап, табиғатының қолайлығына байланысты дамдар қоныстанғаны осы өңірден табылған археологиялық қазбалар дәлел бола алады. Қарқаралы алқабының қарағайлы орманы ерте кездерден бастап ақ ерекше бағаланған. Қарқаралының көгалды табиғатына ерекше сұлулық беретін Шайтанкөл, Бассейн, Пашенный және Үлкен Көл сияқты бірнеше көлдер бар. Сол сияқты тауларда жауын суы жиналған шағын-шағын бірнеше суаттар кездеседі.

Қазақстан жері жасыл  өсімдіктер әлемі мен жабайы жануарлар  дүниесі өкілдеріне бай өлке. өздеріңізге  белгілі, олардың арасында туған  өлке топрағына ғана тән хайуанаттар мен өсімдіктердің эндемикалық түрлері мен қатар, сонау мұздану дәуірінен бері бізге жеткен реликт және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлері де аз емес. Айталық, жойылып кету қаупі бар және сиреп кеткендер тізіміне хайуанаттардың 87, өсімдіктердің 306 түрі іліккен екен. Қайткен күнде де, олардың жерімізден ғайып болып кетпеуіне жағдай жасау мол міндеттер жүктейді. Бұл міндеттердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары бар. Солардың ішіндегі ең тиімді жолы – қорықтар мен табиғи парктер, қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен хайуанат парктерін құру.

Информация о работе Қарқаралы ұлттық саябағы