Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 13:54, реферат

Описание работы

ар Ресейдің қол астына өткен бойда-ақ өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеу үрдісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектерін жазды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер.docx

— 23.26 Кб (Скачать)

Қазақстан аумағындағы  ғылыми зерттеулер

Қазақтар Ресейдің қол астына өткен бойда-ақ өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеу үрдісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклорыгенеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектерін жазды.

Қазақстанды XVIII ғасырда  кешенді зерттеудің алғашқы әрекеттері М.В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның географиялық картасын жасаудың бастамашысы болды.

17681774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі П.С Паллас (1741 — 1811) басқарды. Ол экспедицияның жұмысына белгілі ғалымдар, саяхатшылар И.П. Фальк және И.Г. Георги қатысты. Экспедиция бағыты Солтүстік-батыс, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның жерлерін басып өтетін болып белгіленді.

Бұл экспедиция жұмысының  нәтижесі ретінде П.С. Палластың «Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалган саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді (СПб., 1773). Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар.

Зерттеуші ғалым И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың, сондай-ақ олардың тұрмыстық әдет-ғұрыптарының, тұрғын үйлерінің, киім-кешектерінің және басқа да назар аударарлық ерекшеліктерінің сипаттамасы» атты жан-жақты да байсалды жазылған жұмысын әзірлеп, жария етті. Ол кітапта қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы аса құнды деректер келтірілген.

[өңдеу]Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының Қазақстан туралы еңбектері

Ресейдің зерттеушілері Қазақстандағы жұмыстарын өлкені отарлаудың мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізді. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов (16891737)«Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазып қалдырды.

Онда автор қазақ пен қарақалпақ жерлерін егжей-тегжейлі сипаттады: табиғат жағдайларын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азияхалықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатуының мүмкіндіктерін және мұның пайдалы екенін дәлелдеп шықты.

В.Н. Татищев (16861750) Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы әрі белгілі географ болды. Ол Орынбор өлкесінде өзінен бұрынғы ізашар ғалымдар бастаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде өлкедегі орыс емес халықтардың, соның ішінде қазақтардың да тарихын, тұрмыс-тіршілігін және мәдениетін сипаттап жазды.

Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.И. Рычков (17121777) кызықты еңбектер жазып қалдырды. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүздің жерлері де карайтын.

Рычков «Орынбордың тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» деген құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде казақтардың Еділ-Жайық өңірінеХақназар ханның билігі кезінде келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы егжей-тегжейлі баяндайтын деректер бар.

Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шекаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнатылғанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жаткан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін. П.И. Рычков Е. Пугачев көтерілісіне байланысты окиғаларды да жан-жақты суреттеді. Ол қазақ халкының тілі мен мәдениетін терең білді, қазақ фольклорының көптеген үлгілерін жинастырды.

1759 жылы белгілі тарихшы және Сібірді зерттеуші Г.Ф. Миллердің (17051783«Сібір патшалығының тарихы» атты еңбегі жарық көрді. Онда ол Сібір мен Қазақстан халықтарының тарихы мен этнографиясының сипаттамасын береді.

XVIII ғасырдың аяқ кезінде және бір орыс офицері И.Г. Андреевтің «Қыргыз-қайсақтардың Орта жүзінің сипаттамасы» (1795) еңбегі жарық көрді. Автор Сібір шекаралық шептерде ұзақ уақыт қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді.

Ол өзінің кітабында Орта жүз қазақтарының тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары жан-жақты суреттеледі, сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.

Өскемен бекінісінде қызмет еткен орыс офицері генерал-майор А.Д. Скалон алғашқылардың бірі болып бірегей орыс-казақ сөздігін жасады. Мұның өзі жергілікті халықты орыс мәдениетіне тартудың алғашқы қадамдары және орыстардың қазақ тілін үйренуге деген талпынысының бірі болды.

Информация о работе Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер