Қазақстан-2030 стратегиясына сараптама

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 04:23, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті 1997 жылы қазанда «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын. «Қазақстан - 2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді.

Работа содержит 1 файл

«Қазақстан¬ ¬- 2030» стратегиясына сараптама.docx

— 22.25 Кб (Скачать)

«Қазақстан - 2030» стратегиясына сараптама.

 

Қазақстан Республикасы Президенті 1997 жылы қазанда «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының  артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға  дейінгі даму стратегиясын ұсынған  болатын. «Қазақстан - 2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді.        

 «Қазақстан-2030»  даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырды:

  • Ұлттық қауіпсіздік.
  • Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
  • Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
  • Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
  • Энергетика ресурстары.
  • Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.
  • Кәсіби мемлекет.

Бұл басымдықтар елдің дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге  арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болса, келесі кезеңі - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары тағайындалған болатын. Осы стратегия бойынша алға қойылған мақсаттарға жету үшін күрес жолында, міне, еліміз 16 жылды артта қалдырды. Берілген жоспар отыз жылға жоспарланса да, аз уақыттың ішінде жеткен жетістіктеріміз аз емес. Күні кеше алға қойылған негізгі бағыттар бойынша жеткен жетістікерімізге жеке тоқталатын болсам:

1. Ұлттық қауіпсіздік бағыты бойынша,  біздің ел еліміздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық.Тұңғыш рет тарихта біздің  мемлекет  халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Біз  адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдылған мемлекет болдық.

2.  Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы бағыты бойынша, 140 этнос пен  17 конфессияның өкілдері тұратын елде ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІК сақталып, нығайтылды.  Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты құрылды. Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі  күллі саяси спектрді көрсететін  партиялар жұмыс істейді.Бізде  көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар. Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы  18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдаржұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ  бар, оның  90%-ы – жеке иелікте. Қазақстан бүгінде  мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды. Сонымен бірге, әлемдік және  дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі  нақ біздің елімізде  өтті.

          3.  ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ІШКІ САЛЫМДАРДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ АШЫҚ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.   Дамудың нақты, орнықты және үдемелі қарқынына қол жеткізу міндеті қойылған болатын.  Осы міндет тарихи тұрғыдан алғанда  аса қысқа мерзімде шешілді.Дәл осы «Қазақстан-2030» Стратегиясында  басты назар экономикалық өсуге аударылған болатын. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі  1997  жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы  28 триллион теңгеге  өсті. Елдің ІЖӨ  16  еседен астам өсті.  1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы  өсуі  7,6%-ды құрап,  алдыңғы қатарлы  елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей  шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті. Сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Үдемелі индустрияландыру  бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд. теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде  жалпы көлемі   101,2 млрд. теңге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды. Біз  бүгін  халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар елміз деуге болады.

4.  ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Адамдардың жағдайын түбегейлі өзгертудің, өмір сүру жағдайын жақсартудың өмірлік маңызы бар. Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша орташа  айлық жалақы 9,3  есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің  орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы ақшалай кірістері  16  есе өсті.

Егер  1999 жылы қаржыландыру 46  млрд. теңгені құраса, 2011  жылы 631 млрд. теңге болды. Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылды. Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды. Еліміздің ең шалғай аудандарын  медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда. Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді. Соңғы 15 жылда халықтың саны   14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды. Қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағыты дәйекті жүргізілуде. «Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді. Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың  94,7%-ын қамтыды. 1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды. Әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісі дамытылуда. Соңғы 12 жылда  жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды. Астанада  халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды.    

5.    ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР. Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Экономиканың заманауи, тиімді мұнай-газ және тау-кен өндіру саласын құруға тиіс болатын. Соның нәтижесінде, бүгін  шикізат секторының табысын болашақ экономиканы  құру үшін пайдаланудамыз. Елдің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы  үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3,7%-дан   2006  жылы  14,7%-ға және 2011 жылы   25,8%-ға өсті.

  6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ, КӨЛІК ПЕН БАЙЛАНЫС. Инфрақұрылымды дамыту міндеті басты міндеттердің бірі ретінде алға қойылған болатын. Нәтижесінде өткен жылдар ішінде  өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы мен тыныс-тіршілік инфрақұрылымының ірі стратегиялық объектілері іске қосылды. Бұл -  автомобиль және темір жол магистральдары, құбыр жолдары, логистикалық орталықтар, терминалдар, әуежайлар, вокзалдар, порттар және т.б. Осының барлығы көптеген қазақстандықтарға жұмыс тауып бергендігін сызып айту керек. Соңғы 11 жылда автомобиль жолдары саласын дамытуға 1 263,1 млрд. теңге жұмсалды. Осы жылдар ішінде  ортақ пайдаланудағы 48 мың шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды. Қазіргі уақытта біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральдық көлік дәлізін салып, Жаңа Жібек жолын жаңғыртудамыз. «Өзен – Түркіменстан шекарасы» темір жол желісі салынды, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол ашылды. «Қорғас-Жетіген» жолы төселіп, Қытайдың және күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп, Шығыс қақпасы айқара аштылды. Біз «Жезқазған-Бейнеу» теміржолын салу да басталған болатын. Осының барлығы мемлекетіміздің қарқынды дамуы үшін атқарылған жұмыстар еді.

         7.  КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ бағыты бойынша әкімшілік-әміршілдік жүйенің басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып, басқарушылардың заманауи әрі тиімді корпусы құрылу тиіс болатын. Мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткізілген болатын. Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде.

         Расымен де еліміздің экономикасы көтерілді, бірақ онымен бірге жемқорлық та өсті деуге бола ма? 16 жылдың ішінде экономикамызды көтерумен қатар жемқорлармен күресті бірге жүргізіп келеміз. Бүгінгі еүнде бірі екіншісіз болмайтыны рас.

         Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта аламыз. Бұл –еліміздің бірлігі, табанды да қажырлы еңбегі нәтижесі, ұмтылыстары мен бен үміттерінің жанды көрінісі.

Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленуіміз керек.


Информация о работе Қазақстан-2030 стратегиясына сараптама