Қазақстанның АӨК дамуының бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 11:53, реферат

Описание работы

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.

Содержание

Негізгі бөлім
Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағыттары
Ауылды дамыту - мемлекетті дамыту
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықтық жағдайы

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның АӨК дамуының бағыттары реферат.docx

— 35.94 Кб (Скачать)

   Қазақстан Республикасының   агроөнеркәсіп кешенінің даму  бағыттары

 

Жоспар

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

  1. Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағыттары
  2. Ауылды дамыту - мемлекетті дамыту
  3. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықтық жағдайы

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Республикамыздың агроөнеркәсіп  кешені экономиканың аса маңызды  саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл  атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл  еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз  ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік  малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау  үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын  бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.          Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.     Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі саласы ретінде қоғам өмірінде маңызды орын алады. Ол тұрғындарға тағамдық азықтар мен өнеркәсіптің көптеген салаларына шикізаттың негізгі массасын беруші сала. Ауыл шаруашылығы, ел экономикасында тек азық түлік пен қамтамасыз етуші ғана емес, сонымен қатар барлық еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамсыздандыру сферасы ретінде де өмірлік маңызы бар сала болып табылады. Оның сәтті дамытылуынан көптеген жағдайларда жалпы экономикамыздың көтерілуімен қатар, қарапайым халық жағдайының жақсаруы да тәуелді.          Қазақстан Республикасында нарықтық экономика дамуының басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы мал шаруашылығы болып табылады. Қазақстанның кең байтақ табиғи жайылымдарында қойларды жайып семірту барынша кең тараған тәсіл. Бұл тәсіл малдарды семіртуге өте арзанға түсуімен қатар, өндірілетін экологиялық таза еттің сапасын арттырып, алынатын өнімнің мол болуына оң әсерін тигізеді. Кейінгі жылдары елдегі экономикалық өзгерістерге байланысты қаракөлше өндірісі күрт төмендеді және қаракөл шаруашылығында кәрі саулықтардан алынатын қаракөлше және қой етін өнеркәсіптік жолмен алу тоқтатылды.          Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағыттары

Ауыл  шаруашылығы- Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек. Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.         Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік ондығына кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.      Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдайға жалпы талдау жасасақ, Қазақстанның аграрлық секторы мынадай сипатқа ие:  
• ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы – 222,6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га (10,8%) – егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) – пішендік жерді, 189 млн. га (85%) – жайылым жерді алып жатыр;  
• ауыл тұрғындарының саны – 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47,2%-ын құрайды;  
• топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында - 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда - 5%-ға жуығы жатыр;  
• елдің барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен сипатталады – 150-320 мм.;  
• теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай қиындықтар тудырады;  
• маусымаралық кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс еті, көкөніс пен жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі;  
• солтүстік аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына мамандандырылуы; суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда өсірілетін дақылдардың (астық, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөніс, мақта) көбінше әртараптандырылған.  
• 2007 жылдағы 1 га егістікте ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 47,5 мың теңгені құрайды, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін                 1 қызметкерге ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 453 мың теңгені құрайды;

 

 
• бидай мен ұнның ірі экспорттаушысы (10 әлемдік экспорттаушылардың қатарына енеді) болып табылады, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы экспортында  мақтаның (15%), тері мен жүннің (25%) де маңызды үлесі бар;  • мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дәстүрлі шаруашылық болып табылады, мұнда малдың 90%-ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиесілі;  
• ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орта жасы пайдаланудың нормативтік мерзімі 7-10 жыл жағдайында 13-14 жылды құрайды; ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 70%-ы – 1991 жылға дейінгі өндірілгендер;  
• ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қызмет көрсету ұсыныстарының шектеулігі. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша несие ресурстарына деген қажеттіліктің қанағаттанбағандығы ең керітартпалық бағалар бойынша жылына шамамен АҚШ-тың 1 млрд. долларына бағаланады.    Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстары негізінде бекітілген агроөнеркәсіптік кешен мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауылды дамыту - мемлекетті дамыту

Мемлекетіміздің ауылға баса назар аударып, Қазақстан  Республикасының 20 жылдығын тойлау күнтізбесіне сәйкес 2011 жылдың қазан айын «Ауылды қайта түлету айы» деп атауында үлкен мән жатыр. Қазіргі күні ел халқының жартысына жуығы ауылда тұратынын ескергеніміз жөн.             Ел экономикасының дамуында ауыл шаруашылығының алатын орны ерекше. Осы ай шеңберінде ауылдық жерлерде мемлекеттің тікелей қолдауымен жаңа ауыл шаруашылығы нысандары, атап айтқанда: мал шаруашылығы орталықтары, сүт комбинаттары, жылыжайлар, элеваторлар, көкөніс сақтау қоймалары ашылды. Қазан айында еліміздің түкпір-түкпірінде 14 жаңа нысан іске қосылған болса, жыл соңына дейін 39-ға жуық нысан пайдалануға берілетін болады. 2011 жылдың Қазан айының алғашқы онкүндігінде Павлодар облысы Жаңа ауыл елді мекенінде «Маяк» көкөніс сақтау қоймасы іске қосылса, Ақмола облысы Азат ауылындағы «SC Food» мал басын көбейту орталығына шетелден асыл тұқымды сиырлар әкелінді.            
Ай қорытындысының іс-шарасы ретінде Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің республикалық форумы өткізілді, онда саланың 2011 жылғы ғана емес, барлық Тәуелсіздік жылдарындағы қорытындысы шығарылды. 
Бұдан басқа еліміздің барлық өңірлерінде облыстық әкімдіктердің ұйымдастыруымен «Ас атасы нан» атты нан фестивалі өткізілді. Оған министрліктің облыстардағы аумақтық инспекциялары қатысты. 
Сонымен қатар республика бойынша «Дипломмен ауылға» аудандық жастар форумдары өткізілді. Ал республикалық «Дипломмен ауылға» форумы          9 желтоқсан «Ауыл» күні аясында ұйымдастырылған болатын.  
Еліміздің барлық өңірлерінде министрліктің қатысуымен: 
- ет-сүт, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрмелері; 
- спорттық-мәдени және елдің азық-түлік қауіпсіздігін насихаттауға және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарын дамытуға бағытталған басқа да іс шаралар өткізілді.

 

 

 

 

   

Қазақстан Республикасындағы  ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықтық жағдайы

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика  дамуының басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы мал  шаруашылығы болып табылады. Республиканың  Оңтүстік-Батыс аймағын алып жатқан орасан зор жер көлемінде мал  шаруашылығының барлық салалары дамыған. Оның ішінде қаракөл қойы өсірілетін аймағы еліміздің  40 млн. гектардан аса шөл және шөлейт жайылымдықтарын құрайтын, табиғи ауа райы жағдайларына байланысты тек қана қаракөл мен атырау тұқымды қойларды және түйе малын өсіруге жарамды ауыл шаруашылығы жерлері болып табылады.         
 Шөл және шөлейт аймақтарда ауылшаруашылық өндірісінің тиімді саласының бірі мал шаруашылығының негізі болып саналатын дүние жүзінде теңдесі жоқ, жоғары сапалы түрлі түсті елтірі өнімін, ет және қылшық жүн беретін бірден-бір елтірі қой тұқымы қаракөл қойы.  
Қазіргі кезде қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін талдау қой еті мен қаракөл елтірісін өндіру шаруашылықтар үшін тиімді екенін көрсетіп отыр. 
 Бұрынғы ірілендірілген бордақылау кешендерінде малды етке қарқынды даярлау технологиясы жойылып, әртүрлі қожалықтар өзінше ізденіс жасап жатқан уақытта, қолда бар еркек тоқтыларды онша көп шығынсыз жайылым жағдайында семіртіп, етке өткізу – осы саламен айналысып жүрген қожалықтар үшін өте қажетті де, экономикалық тиімді жұмыс екені даусыз. 
 Қазақстанның кең байтақ табиғи жайылымдарында қойларды жайып семірту барынша кең тараған тәсіл. Бұл тәсіл малдарды семіртуге өте арзанға түсуімен қатар, өндірілетін экологиялық таза еттің сапасын арттырып, алынатын өнімнің мол болуына оң әсерін тигізеді. 
Қазіргі уақытта мамандандырылған мал бордақылау кешендері мен алаңдар жойылып, мал басының көпшілігі жеке шаруа қожалықтарында жинақталуына байланысты еркек тоқтыларды етке дайындаудың қолайлы да тиімді жолын табу – қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. 
 Қаракөл шикізатын молайтудың ең тиімді жолының бірі қаракөлше елтірісін өндіру. Ол өте көрікті және салмағы жеңіл, жібекті, бедеріннің суреті анық, жоғары тауарлы қасиетімен ұтымды. Бағалылығы оның жеңілдігіне, көрнектілігіне және бұйраларының ғажайып суреттілігіне байланысты, сондықтан ішкі және сыртқы сауда орындарында жоғары сұранысқа ие. 
 Кейінгі жылдары елдегі экономикалық өзгерістерге байланысты қаракөлше өндірісі күрт төмендеді және қаракөл шаруашылығында кәрі саулықтардан алынатын қаракөлше және қой етін өнеркәсіптік жолмен алу тоқтатылды.          Оңтүстік Қазақстан облысы АӨК кешенінің негізгі дамыған, республикамыздың экономикалық дамуына ерекше үлесін тигізіп жатқан облыстардың бірі.Мұнда ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамыған. Мысалы,2008 жылы облысты тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 134,1 млрд. теңгені (ағымдағы орташа бағамен) құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 40,9% жоғары, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімдері – 69153,1 млн. теңгеге немесе 16,0%-ға, мал шаруашылығының өнімдері – 64963,1 млн. теңгеге немесе 82,3%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өндіріс салалары бойынша құрылымы зерттеп жатқан 2005-2008 жылдардың аралығында мал шаруашылығының 2005 жылы 37,4%-дан 2008 жылы 48,4%-ға үлес салмағының өскенін, ал өсімдік шаруашылығының, керісінше, бұл жылдарда үлес салмағының 62,6% мен 51,6% төмендегенін байқаймыз.   Оңтүстік Қазақстан облысы негізінде мақта, көкөніс пен бақша, жеміс-жидек пен жүзім өндіруге жалпы осы өнімдерге деген отандық сұраныс көлемін қанағаттандыратын деңгейде облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарын мамандандыру және оларда өндірісті шоғырландыру қажет. 2008 жылы облыста 715,9 мың ipi қapa, яғни 2005 жылмен салыстырғанда 17,8%; 3415,5 мың қой мен ешкi - 14,7%; 144,0 мың жылқы - 19,8%; 15,1 мың түйе - 4,9%; 32,9 мың шошқа - 11,5%; 2125,2 мың құстың барлық түрлерi - 1,5%  артты. Бұл негізінен үй шаруашылықтары мен шаруа (фермер) қожалықтарындағы мал мен құс санының көбеюі есебінен орын алды, ал ауыл шаруашылық кәсіпорындарында соңғы үш жылдың ішінде мал санының шамалы артуы байқалады.         2008 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндiрушiлердiң күшiмен 152,1 мың тонна ет, 2005 жылға қapaғaндa 16,4% артық; 608,3 мың тонна сүт немесе 22,7%, 246,9 млн. дана жұмыртқа немесе 20,8% артық өндiрiлдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі  кезде  республикамыздың агроөнеркәсіптің даму бағыттары жаман емес. Көптеген бағдарламалар жасалып, ауылды дамыту,ауыл шаруашылық салаларын одан әрі қарай дамуына көптеген  шаралар ұсынылып жатыр.

Осы агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бағытталған бағдарламалық шараларды іске асыруда ауыл шаруашылық және өңдеуші кәсіпорындардың, басқа да тауар өндірушілердің ресурс сақтау, қаржылық және материалдық ресурстарды үнемді жұмсау, өндіріс технологиясын дамыту, өнімді жоғалтуды азайту бағытында белсенді араласуы қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында олардың өнім өндіруші және өнімді өңдеуші кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынасты дамыту керек. Қазіргі таңда агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдістерді бейімдеу арқылы және аумақтың табиғи, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеттерін үйлесімді пайдалану факторларын есепке ала отырып, агроөнеркәсіп өндірісін жүргізуге бағытталған.

Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру  тәжірибесі негізінде технологиялық, техникалық құралдар мен қондырғылар, нақты агроклиматтық және өндірістік жағдайларды есепке ала отырып өсімдіктің жаңа немесе жетілдірілген сорты мен нәсілді малдарды шығару қажет. Сол үшін инновациялық үрдістерді дамыту, инновациялық қызметтердің жаңа түрлерін құру, агроөнеркәсіп өндірісінің аймақтық ерекшеліктерін есепке алу, ғылыми техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыруға әдістемелік жанасуларды негіздеу өте өзекті мәселеге айналуда және өз шешімін табуды қажет етеді.

 


Информация о работе Қазақстанның АӨК дамуының бағыттары