Ежелгі Грециядағы тәрбие жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 22:22, контрольная работа

Описание работы

Ежелгі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді – полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпылы зор болады. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, олардың ерекшелігі мынандай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынан, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты. Ежелгі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болады.

Работа содержит 1 файл

Ayagoz.pptx

— 359.88 Кб (Скачать)

Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ежелгі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құлиеленуші мемлекеттің негізгі  шаруашылығы егіншілік еді. Құлдар мұнда мемлекеттің жекееншігіне айналды. Спартандық және афиналық жүйенің  айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуның және мәдениеті  жағдайының кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екеуі де құлиеленушілердің  мемлекеттер болғандықтан, қоғамдық тәрбие жүйесі тек құлиеленушілердің  балаларын  оқыту мен тәрбиелеу  ісіне мән берді. Бұл мемлекеттерде  құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатын. Сондықтан да Спарта мемлекетінде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды.

Афиналық тәрбие жүйесі б.з.д. V-VI ғ. төмендегіше қалыптасты: 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, оларға бекітілген құлдар тәрбие ісін де көрсетті. Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырды (олар негізінен үй шаруашылығына үйретілді). Ер балалар 7 жастан бастап, үйде жекеменшік мектептерге қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады): 7жастан 14жасқа дейін грамматист мектебіне (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту), 14жастан полестрамектебіне (күрес мектебі) қатынасады, онда 2-3 жыл жаттығуларымен айналысады..

Полестра мектебінде жаттығулардан басқа оқушыларымен саяси және адамгершілік тақырыптарына әңгімелер өткізеді: Ауқатты отбасылардан шыққан жастар кейіннен мемлекетте басқару лауазымдарына даярланады, гимназияда білімдерін жалғастырады, онда философия мен саясатты оқып үйретеді. . 18 жастан 20 жасқа дейін олар әскери қызметке даярланады, онда әскери дайындылығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйретеді

Афиналық тәрбие жүйесінде дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен қатар  ерекше рөл атқарады. Сонымен қатар  Спартада да, Афинада да құлиеленушілердің  балалары дене еңбегіне  қатыстырылмады. Қарапайым ата-аналардың балалары өз әкелерінен қандай болмасын қолөнердің түріне үйренді. Спартада да, Афинада  да құлдардың балалары білім алуға  мүмкіншілігі болмады.

НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА  РАХМЕТ

Дайындаған: Милазов  Мансұр

Информация о работе Ежелгі Грециядағы тәрбие жүйесі