Финляндия Республикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2011 в 17:59, реферат

Описание работы

Финляндия Республикасы – Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысында орналасқан мемелекет. Оңтүстік –батысын Балтық теңізінің Ботния, оңтүстігін Финн шығанақтары шаяды. Жер аумағы 338 мың км2. Халқы 5,2 млн адам (2000). Тұрғындарының 93% - ы финдер, 6%- ы норвегтер, қалғандары цыгандар, саамдар,орыстар. Ресми тілі – финн және швед тілдері.

Работа содержит 1 файл

Финляндия Республикасы.doc

— 33.50 Кб (Скачать)
 
 
 

      Финляндия РеспубликасыСолтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысында орналасқан мемелекет. Оңтүстік –батысын Балтық теңізінің Ботния, оңтүстігін Финн шығанақтары шаяды. Жер аумағы 338 мың км2. Халқы 5,2 млн адам (2000). Тұрғындарының 93% - ы финдер, 6%- ы норвегтер, қалғандары цыгандар, саамдар,орыстар. Ресми тілі – финн және швед тілдері. Діни сенімі бойынша халқының көпшілігі 90% лютерандар, 1% - ы православтар, қалғандары басқа діндерді ұстанады.

Астанасы –  Хельсинки қаласы. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент( эдускунта). Жоғарғы атқарушы органы – мемлекеттік кеңес. Әкімшілік – аумақтық жағынан 12 лянға ( губернияға) бөлінеді. Өзіндік парламенті ( ландстинг) бар. Ақша бірлігі – евро ( 2002 жылға дейін финн маркасы). Ұлттық мейрамы- Тәуелсіздік күні 1917 жылы 6 желтоқсан. Финляндия БҰҰ – ның ( 1955), Солтүстік кеңестің ( 1955), Еуро Одақтың 1995 жылы мүшесі болды.

      Финляндияның жері қоңыржай белдеудің  солтүстік жағында орналасқан. Ел  аумағының ¼ - і полярлық шеңберде болғандықтан, мұнда « ақ түн» 73 күнге , ал қыста

« полярлық түн» 51 күнге созылады.

       Климаты қоңыржай континенттік; оңтүстік шетіне жақындаған сайын теңіздік климат

басымырақ байқалады.Қысы суық, бұлтты,қарлы. Суық айларының орташа температурасы – 15 С ( Аланд аралдарында).  Жазы салқын, тұманды, шілдеде 12 – 16 С;

оңтүстігінде 17 – 18 С.Жылдық жауын – шашынның орташа мөлшері 400 – 500 мм ( солт-нде) және 600- 650 мм (оңт- нде). Жауын- шашынның көпшілігі жазда және күзде түседі.

Ірі өзендері –  Кем – Йоки( ұз. 550км), Кюмин –  Йоки, Кокемяэн – Йоки, Оулун –  Йоки.

Финляндия аумағының 8% -ға жуығын көл айдындары алып жатыр, олардың жалпы саны 60 мыңға жуық. Жерінің көпшілік бөлігінде қылқан жапырақты тайга орманы өседі.

Оңт. және оңт – батысында ғана аралас орман алқабы қалыптасқан. Ормандығы жөнінен( аумағының 78% - ы ) Финляндия Батыс Еуропада 1 – орын алды.Әсіресе елдің шығыс жағы ағаш қорына бай.Орманды өңірі батпақты. Ормандық жануарлардан бұлан, солт. бұғысы, ақ түлкі, борсық, қасқыр, аю, сілеусін, жабайы қаздар, аққулар кездеседі.1100 – ден аса ағаштың, өсімдіктердің түрлері өседі. Су айдындары балыққа бай. Ірі  ұлттық саябақтары – Лемменйоки, Паллас – Оунастунтури, Оуланка, Коли. Кен байлықтарынан титан – магний, мыс, мырыш, темір, никель кентастары белгілі.

     1812 жылы ел астанасы Хельсинки  қаласы болды. 1919 жылы 17 шілдеде Финляндия республика болып жарияланды. Конституцияқабылдап, президенттік басқару енгізілді.

Демократиялық елге айналып, нарықтық экономикаға бағыт алды. 1927 жылы жер реформасы нәтижесінде шаруа қожалықтары құрылды. 1929 – 33ж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Финляндияны да қамтып, шаруашылығына әсер етті.

1963 – 1967 ж.  Финляндия тарапынан Солтүстік  Еуропа елдерінің жерін ядросыз  қарусыз аймақ деп жариялау туралы ұсыныс жасалды.1963ж. 8 тамызда Финляндия үш сферада ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.1969ж.  мамырда Финляндия үкіметі Еуропадағы ынтымақ пен қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес шақыру туралы бастама көтеріп, 1969- 76ж. Кеңес Одағымен экон., ғыл., сауда және мәдениет салаларында келісімдер жасады.1975ж. 30 шілде – 1 тамызда Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ жөніндегі кеңестік қортынды актісіне қол  қойылды.

      Финлиндия -  жоғары дамыған  индустриялы – аграрлы ел. Финляндияның  негізгі салалары елдің орман  қорына негізделе қалыптасқан.Финляндия  – дүние жүзіндегі ағаш өнімдерін  экспортқа шығарушы басты елдердің бірі.Қағаз бен қатты қағазды сыртқа шығару жөнінен Финляндия әлемде 2 – орын ( Канададан кейін), целюлоза мен тілінген

тақтай шығарудан 4 – орын алады.Экономикасының негізгі  салалары: машина жасау, кеме жасау, негізінен мұзжарғыштар ( әлемде 1 – орын), ағаш өңдеу, қара және түсті металлургия,химия, тоқыма, тігін, тамақ, тау – кен,мұнай өңдеу, отын –энергетика , электроника т.б. Машина жасауда швед капиталы, мұнайда америка және ағылшын – голланд капиталының ықпалы басым. Жеңі автомобиль жасауда « СААБ – ВАЛМЕТ» компаниясы , электронды өнеркәсіпте жетекші орынды « Нокия» , « Солора» компаниялары алады. Темір, титан – магний, мыс, мырыш, никель, шойын, болат, хром,

қорғасын, гранит, мәрмәр, кобальт өндіру жақсы дамыған. Электр қуатының жан басына шаққандағы мөлшері бойынша Финляндия дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы бес мемлекеттің қатарына кіреді.Теңізде жүзу мен балық аулау маңызды рөл атқарады.Ауыл шаруашылығында етті – сүтті ірі қара мен қой өсіру басым.Сонымен қатар шошқа, бұғы, құс өсіріледі.Финляндия – ұсақ және орташа фермерлер елі.Егіншілік мал шаруашылығына қосалқы сала ретінде қалыптасқан. Бидай, қара бидай, арпа, сұлы, картоп, мал азық дақылдары , шөп егіледі.Елдің солтүстік бөлігінде бұғы шаруашылығы дамыған.Орман шаруашылығы – экономиканың ежелгі саласы.

      Ірі теңіз порттары – Шельдвиг , Турку, Котка, Пори; мұнай порттары  – Шельдвиг, Нантали. Туризм дамыған. Сыртқа ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі өнімдерін, кеме, целюлоза - қағаз өнеркәсібі жабдықтарын, электр техника бұйымдарын, қара және түсті металдар, машина мен жабдықтар, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері өнімдерін, спорт шаңғыларын шығарады. Импортының негізін сұйық отын, ядролық жанармай, табиғи газ, көмір құрайды.Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 24400 АҚШ долларына тең.Негізгі сауда серіктестері: Еуро Одағы елдері, АҚШ, Жапония,

Норвегия, Ресей.1992ж. Финляндия мен Қазақстан арасында дипломатиялық байланыс орнады. Осы жылы 28 – 30 қыркүйекте  Финляндия президенті М.Койвисто Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар барысында екі ел арасында сауда – экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, осыған сәйкес үкіметаралық қазақстан – финн комиссиясы құрылды. Қазіргі кезде Қазақстанда 13 бірлескен кәсіпорын мен финн компанияларының өкілдері жұмыс істейді.    
 

 

 

Информация о работе Финляндия Республикасы