ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 16:34, курсовая работа

Описание работы

Диплом жұмысының көкейтестілігі Малайзиядағы ХҮ-ХІХ ғғ аралығындағы елдің саяси дамуы туралы обьективтік білімдерді біртұтас жинақтауға ынталануын көрсетеді.
Хронологиялық жағынан біз ХҮ –ХІХ ғ аралығын, яғни Малайзияда сұлтанаттардың қалыптасу кезеңінен бастап, капиталистік қатынастарға өту кезеңіне дейінгі уақытты қамтыдық.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………. 3-4

І Тарау: Малаккка сұлтанаты /1400-1511жж/

1.1.Малакка сұлтанатының саяси дамуы.......................................................5-6

1.2.Сыртқы қатынастары және Ислам дінінің енуі...................................7-11.

1.3.Қоғамдық және мемлекеттік құрылымы.............................................12-17


ІІ Тарау: ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя

2.1.Малайяға Европа державаларының енуі............................................18-19

2.2.Джохор –Португал соғысы...................................................................20-24

2.3.Малайяны Ачеліктердің жаулап алуы................................................25-29

Работа содержит 1 файл

Малазия 1.doc

— 145.50 Кб (Скачать)

                            Отарлаушылардың кереғар сауда саясаты, кереғар діни жағдаймен ұштасып жатты. Ортағасырлық фанатизм яғни басқа дінге табынушылықты жек көргені соншалық, жергілікті тұрғындарды айуандықпен өлтірсе де олар жазаланбады. Жергілікті тұрғындарға деген қатігездіктері өте жоғары болды. Малакканы алған д-Албукерки тұсында, ол жаулап алған қаланың мұсылман тұрғындарын бір аптаның ішінде жасына, жынысына қарамай көшеде кездессе жазалуды бұйырған. Отарлаушылардың християндарға деген қысым көрсетушілік саясаты жүріп жатты. Бірақ португалдықтар жергілікті әйелдермен қатынас кұрып халық санын көбейткенімен 20-30 мың халықтың 6,5 мыңын ғана құрады.

 

 

 

 

 

 

                     2.2 Джохор- Португал соғысы                           

Португалдықтардың Малайядағы билігі Малакка және маңындағы бекіністермен шектелді. Солтүстік Малай князьдігі Малакканың құлауынан кейін Сиямға вассалды түрде тәуелділікке түсті. Малакканың оңтүстігінде, шығысында, және солтүстігінде Малай мемлекеттері – Джохор, Паханг, және Перак қоршап жатты.

                            Малакканы басып алғаннан кейін португалдықтар Ява отарлауымен соқтығысты. Албукерки осы колонияның басшысы, бай, көпес Утимутираджуды отбасымен бірге өлтірді. Осыдан кейін Патих Кадиромның басшылығымен явандықтар көтеріліске шықты. Бірақ отарлаушылар бұл көтерілісті басып жаншыды. Отандастарын қорғау, көмектесу мақсатымен явандық мұсылман князьдігі Джапара іске араласты. Бұл князьдік солтүстік Явадағы сауда ісінде басты орын алған еді. 1513 жылы Джапар флоты Патих Унусаның басшылығымен Малаккаға келіп түсті. Қоршауда қалған қалада аштық басталды. Бірақ португалдықтар теңіз шайқасында яван флотын жеңіп, Патих Унустың қоршауын бұзды. Негізінен Солтүстік және Шығыс Ява мұсылман сұлтанаттары португал келімсектеріне деген теріс позицияны ұстанды, және үнемі Малаккадан – молук аралдары сауда жолымен қорқытып отырды.

                            Португалдықтардың ауыр қарсыласы Джахор султанаты болды. Ол XVI-XVIII ғасырлар арасында Малайя князьдарының арасында басқарушы роль атқарды.

                            Малакки құлағаннан кейін сұлтан Пахангқа қашты. Ол жақтан Қытайға елшілік жіберіп, Португалдықтармен күресуге көмектесуді өтінді. Бірақ Мин императоры монғолдармен соғысып жатқанын сылтау етіп, Махмудқа көмектесуден бас тартқаннан кейін, Малаккиді алуда д-Албукеркиге көмектескен Қытай саудагерлері қаламен байланысын жалғастырды. Одан кейін сұлтан және оның сарайы түбектің Оңтүстігіне көшті. Мұнда Джахор Малай елінің жаңа орталығын құрды. 1521 жылы Махмуд Бинтанг (Риау архипиллагы) аралына ауысып жаңа астана тұрғызды. Джахордың бүкіл тарихы бойынша астананың орны әр жерге ауысып отырды: біресе Риау архипелагына, біресе Джохор өзенінің маңына. Бір жағынан Джохор сұлтандары Малаккидің дәстүрін қайта жаңғыртып, өз иеліктерінде шетелдік саудагерлерді қызықтыратын порт салуға ұмтылды. Ал бір жағынан олар португалдықтар мен және ачьилермен үнемі қарсыласа отырып өздерінің қауіпсіздіктерін ойлады, сондықтан астаналарын теңіз жағалауынан алысырақ орналастырды. Осы жағдайға байланысты Джахор астаналарының жиі ауыстырылғаны түсіндіріледі.

                            Махмуд кезінде Джахорды көп хандықтар мойындады. Оған Малайя мен Суматра аралығындағы аралдар және Шығыс Суматра сұлтанаты датады. Джохор алғашқыдан-ақ португалдықтарға қарсы соғысты мықтап жүргізді, және екі бағытты ұстанды. Біріншіден: португалдықтардың түбектегі сауда монополиясына кедергі жасау, екіншіден: сәті түссе Малакканы жаулап алып, Малакка сұлтанатын тұрғызу. Джохордың португалдықтарға қарсы тұрған батыры лаксамана (адмирал) Ханг Надим болды. 1513 жылдың өзінде-ақ Джохордың флоты бұғаздағы португалдықтарға шабуыл жасады. 1521-1524 жылдар аралығында Бинтангты алуды жоспарлаған португалдықтар бірнеше рет жеңіліске ұшырады. Ал 1525 жылы лаксамандықтар Малакканы жаулады. Бірақ 1526 жылы мықты португал флоты Бинтангқа шабуыл жасап, Джахордың астанасын өртеп жіберді. Осыдан кейін Махмуд Суматрадағы Кампарға қашып, 1528 жылы сонда өлді.

              1551 жылы Махмудтың ізбасары Аллауддин Малаккаға шабуыл жасап Джозор, Пирак, және Пахангпен күш біріктірді. Ол үш ай ішінде қаланы қамаудан басатпақшы болвп, дұшпандықпен кеме тоқтайтын жерді және Малаккаға шабуыл жасап басып алмақшы болды. Португалдықтар джохор ачехлықтарға қару – жарақпен көмектесіп көмектесіп қалада қалып қойып отырды.

              Малакканың ахуалына ықпал жасаған маңызды фактор, бұғаз арқылы өтетін сауда жолы үшін Аче сұлтанымен күрес болды. Малакканың жеңілуі Солтүстік Суматралық князьдіктегі Ачедегі сауданы жоғарылатып, қысқа мерзім ішіндегі архипелагтағы басты сауда орталықтарының бірі болды. Ачедегі Пиди, Пасей порттары Суматрада орналасқан. Олар Қытай Гуджаратымен ірі сауда қатынастарын жүргізді. Аче кейін Суматраның Батыс-шығыс жағалауында өз үстемдігін орнату мақсатында, үстемдік жүргізді. Аченің Малакка бұғазы арқылы өтетін жолға бақылау орнатуға ұмтылып, нәтижесінде португалдықтармен және Джохормен қақтығысқа ұшырады.

              1537 жылы Ачейлік флот Малаккаға шабуыл жасап, 10 жылдан кейін 1547 жылы шабуылын қайталады. Үлкен күш жұмсай отырып португалдықтар Малаяның слотүстігіндегі Перлис өзенінің сағасында Ачехтың портын жеңді.

              Аче мен Джохордың өзара араздасуы португалдықтарға қарсы күш біріктіруге қарсылық білдірді – сұлтан Муда тұсында Аче тарихта ең қуатты мемлекет болды.

              1539 жылы Джохор және Аче Шығыс Суматра үшін бір-бірімен күш сынасты. 1564 жылы Ачехлік армия джохордың астанасы – Джохор Ламуды өртеді. Аллаудин II ге у берілді. 1568 жылы Аче Малакканы қоршаған кезде Джохор португалдықтармен көмекке келді. 1575 жылдан кейін жаңа сәтсіздік қоршаудан кейін Малакка Ачкхтық флот Солтүстікке жылжып Перакты жаулады, сұлтанды өлтірді, Отбасын Ачеге жіберді.

              Джохорда португалдық кеңес жалғасын таппады. 1586-1587 жылдары Ачемен қатынасты жақсартып Малакканы қайта жаулап алды. Джохор отарлаушылары жүргізген қатаң сауда саясатына қарсылық білдіруді жалғастырды. Малакка толық жабылып оның сыртқы өмірмен қатынасы іс жүзінде тұйықталды. Бірақ Гаодан келген флот келіп және адмирал Паолу ли Дима Перейра 1587 жылдың шілдесінде экспедицияны Джохор Малаяға қарсы қойды. Джохораның астанасы алынып португалдықтар көп байлыққа кенелді.

              Бүкіл XVI ғасырда португалдықтар Малаккада Малаяның, Суматралық және Явалық мемлекеттердің шабуылдарына тойтарыс беріп, үлкен күш жұмсап сауда және теңіз монополиясын ұстап тұрды.

              XVI ғасырдың аяғында Оңтүстік Шығыс Азиядан Португалия мен Испанияның еуропалық бақталастары пайда болды. Ағылшындар мен голландықтар бұл аудандардағы дәмдеуіштер үшін келді. Олар бақталастармен күрес барысында жергілікті билеушілердің наразылығын пайдаланды.

              1592 жылы Эдуард Ланкастердің басшылығымен ағылшын экспедициясының кемелері Пинанг аралын алып, Шығыс Малаяға орнықты. 1598 жылы Вудумның басшылығымен ағылшын экспедициясы Кедахпен танысты. Малакка шығанағында екі теңіз жүргізушілері де көптеген сауда қарақшылығымен айналысты. 1595 жылы Малакка шығанағы арқылы голландық экспедиция Корнелиус ван Хаутманға өтті.

              Жаңа отарлаушылардың топтасуы Малаккада назары болып, олардың едәуір бөлігі Шығыс және Оңтүстік Малаяға орнығып әрекет жасауға талаптануы маңызды стратегиялық аудан болды. 1602 жылы голландық саудагер Хеемскирк Кедахта болды. Ал басқа голландықтар Якоб Бюзен 1603 жылы Джохорда болып сұлтанды көріп,  Нидерландыға елшілікке жіберді. 1609 жылы Ағылшындық Ост-Индия компаниясы Кедахтан бірінші кезекте қалайыны сатып алды.

              Әсіресе Малаяда голландықтардың белсенді әрекеді голландық Ост-Индия 1602 жылы голландық отарлаушылар ең үлкен түбек Малакканы бағындыру үшін Оңтүстік Шығыс Азиядан португалдықтармен испандықтарды жаншу үшін түбегейлі сол жерден ығыстыру керек болды. 1602-1603 жылдары голландықтар Малакканың флот блокадасын қабылдады. 1606 жылы 17 мамырда адмирал Мателиф сұлтан Аллаудин Риаят-шах III-пен (1597-1613) келісім шарт құрды. Джохор өзінің билігіне голланд монополия саудасына құқық берді, екі елде Малакка үшін күресуге міндетті болды. 1606 жылы Малакканы отарлады. Көптеген қалалар зеңбіректен зардап шекті, көптеген ғимараттар қирады. Осы жылы Мателифтің португал флотынан қатал жеңіліс табуы нәтижесінде Малакка саудасын тоқтатты. Португалия Үнді теңізі мен теңіздік қатынасын өз күшінде сақтап қала алмады. 1610 жылы голландық Ост-Индия компания одағының жойылуы Малакканы құлатып голландық және Джохор одақтарымен күресіп отырды.

              XVI ғасырдың басында Аче сұлтанатының жаулап алу саясатының бағыты малакка шығанағы мен Джохорға қарсыласуының үстемдігі Малакка шығанағына бағытталды. Сұлтан Искандр Муда (1607-1636) тұсында Аче тарихында ең қуатты мемлекет болып Джохор архипелагындағы Аруды Батыстағы Суматраны жаулап алды. 1613-1615 жылдар аралығында джохордың астанасы – Бату-Саварды тонауы сұлтан Алауддин III Ачеден кетіп, өлім жазасына кесілді.

              Жаңа Абдулла шах өз өмірін қуғын сүруге мәжбүр болды. 1616-1626 жылдарда Искандир Муда Паханг, Кедах Перакты өзіне бағындырды. Жаулап алған Малая княздіктерінде Ачех сұлтаны қатаң саясат жүргізді. Түбектен Ачеде қоныстанған мыңдаған адамдар аштықтан қырыла бастады.

              1629 жылы Искандр Муда Ачелықтардың қолынан Малакка шығанағындағы жалғыз жолды бағындырды. Португалдықтардың көмекке Джохор мен Патанияның жасақтары келеді, Ачеліктер қиындықпен шегінді. Искандр Джохорға Малакканың тәуелсіздігін беріп, XVII ғасырдың 40 жылдары Аче өзінің қол астындағы Перактан басқасынан айрылды.

              1637 жылы голландық Ост-Индия компаниясын қайта құру үшін джохор одағымен бірігу мақсатында Малаккадағы португалдықтар билікті таратты. 1640 жылы маусым айында голландық флот Малакканы бомбалауды бастады. Ол маусым айының соңында Джохордан көмек келді.

              1640 жылы август айында Упех қала маңында қоршауға алынған қала теңізбен қоршалған. Голландықтардың үздіксіз атысуынан қорғаушылар қаланың ішіне тығылуға мәжбүр болды. Малаккада аштық басталып, эпидемия таралды. 20000 адам қоршауға алынып соның 3000-ңы аман қалып емделді. Дегенмен голландықтар аурудан мәжбүрленген халықтың 1500-ңы маляр мен дизентериялықтар еді. Ақыры 1641 жылдың 4 қаңтарында одақтардың қалаға соққы жасауы ең төмен деңгейде болды. Содан кейін капитан ди Соуза Коутиньо бекіністі күшейтті. Малакканы алғаннан кейін көптеген бекіністі басып алды. Қаланың айналасындағы аула мен бау-бақшалар сонымен қатар барлық ғимараттар қиратылған. Малакканың күйреуіне және эпидемиядан қала  маңындағы мыңдаған тұрғындар өле бастады.

  Голландықтар Малакканың әскери бекіністері қызықтырып Малакка шығанағымен байланыстырды. Голландық бекіністерін горнизон, форттарын үнемі қалпына келтіріп отырды. Малакканың әкімшілігі Нидерландияның астанасы – үнді Батавияны қалпына келтіріп губернаторлық қылды.

  Малакка губернаторлық кеңесіне кіретіндер саудагерлер, горнизон басқарушылар, жоғары соттар және басқа да Европалық көпестер. Крепостниктік қалада португалдықтар бау бақшамен айналысты. Ал Голландықтар Малакканың жағалауындағы егістіктерде күріш егумен айналысты. Голландықтардың Малакка порты Дүние Жүзіндегі маңызын жоғалтып, голландық Ост-Индия компаниясы Қиыр-Шығыс, Үнді, Батавия архипелагтарымен сауда қатынастарын жақсатты. Малакка шығанағында крепостнойлықтар жартылай аралда сауда орталықтары қызмет етті. Малаккаға азық-түліктер Ява, Сиам, Суматра мен Бенгалдан маталар Индиядан әкелінді, негізгі экспорт көзі – қалайы болды. Ост-Индия компаниясына португалдықтар монополиялау саудасы арқылы Малакка шығанағына кіру үшін үлкен көлемді баж төледі.
              Монополистіктердің қолдауымен Малая сұлтанымен келісіп компанияларға қалайы және бұрышты төмен бағаларда сатып, жақын маңдағы қамалда форттардың ірге тасын голландық судьялар шығанақта күзетті. Малая князьдігімен Үнді көпестері саясатқа қарсыласуынан жартылай аралда Дүние жүзілік сауда орталығы күшейіп отырды.

  Малая сұлтанаты мен голландық колонизаторлардың үлкен қызығушылығын Пирак пен Кедак жарты аралындағы басты экспорт көзі – қалайы болды. XVII ғасырдың 40-50 жылдары Пирак пен Кедакты мәжбүрлеп келісімге отырғызып, осы сұлтандықтағы голландық монополияда саудада – қалайы болды. Голландық одақ бірнеше рет Пирак пен Кедактағы сауда орталықтарында болып осы сұлтандықтардың жағаларында форттар мен факторлары болды.

  Перак пен Кедак голландық сауда орталықтарымен үнемі қарым-қатынаста болды. 1651 жылы голландық себепкер  шарты Перакта жойылды. 1655 жылы себепкер шарты келісімін қайта қолға алынып, тез арада жойылды. 1690 жылы Пангкор аралына жақын Перак жағалауында голландық форттардың жағдайы біртіндеп нашарлады. 1657 жылы Кедак факторына шабуыл жасалды.

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

1.Герасимов А.С. Федерация Малайзии (государственный строй).Киев, 1969.

2.Демьянова И.И. Малайя (Малайзия).-Зарождение идеологии национально-освободительного движения (ХІХ-начало ХХв.).М.,1973

3.Еловацкий И.П. Малайя. М.,1951

4.Ефанов И., Стах Г. Национально-освободительное движение народов Малайи. М., 1989

5.Косураев А.А.  Малайзия М., 1965.

6.Маретин Ю.В. Малайя с начала нашей эры до конца ХІ в.-История стран зарубежной Азии в средние века. М., 1970.

7.Международные отношения в Южной, Юго-Восточной Азии и на Дальнем Востоке. М.,1978.

8.Народы Юго-Восточной Азии. М., 1987.

9.Ревуненкова Е.В. Малайзия.-Этнические процессы в странах Юго-Восточной Азии. М., 1974.

10.Руднев В.С. Очерки новой истории Малайи. М., 1980.

11.Сулицкая Т.И. Англия и Малайзия. М.,1973.

12.Тюрин В.А. Завоевание  Малайи Англией. М., 1972.

13.Хренов Ю.Ф.Колонизация Англией  Северного Калимантана.-Очерки из истории Юго-Восточной Азии. М.,1975.

14.Хренов Ю.Ф. Экономическое развитие Малайзии. М., 1975.

15.Юго-Восточная Азия: проблемы региональной общности. М., 1977.

16.Юго-Восточная Азия  в мировой истории. М., 1977.

 

 

 



Информация о работе ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя